Ғылым | Ғылым пәні | |
Философияға Кіріспе | Логика | Ойлаудың заңдары мен формалары |
Теоретикалық Философия | Бірінші философия – метафизика | Мәңгілік жоғарғы сезімді формалар – бүкіл тіршіліктің бейматериалды бастамалары мен себептерін қарастыру |
Екінші филосфия - физика | Табиғи яғни материалды, өгеретін мәндерді қарастыру | |
Практикалық философия | Этика | Адам тәртібі мен нормалары |
Политика | Саяси-әлеуметтік әрекеттер | |
Экономика | Экономикалық әрекеттер | |
Шығармашылық философия | Эстетика | Өнер |
Риторика | Шешендік өнер |
Тақырып 3. Орта ғасырлық Шығыс және Батыс философиясы
ОРТА ҒАСЫРЛАРДЫҒЫ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ
Араб философиясының қалыптасуының негізгі бағыттары: |
ü Мутакаллимдер мектебі – Исламның діни қағидаларын негіздеу; |
ü Мутазилиттер мектебі – әлемнің, адамның жаратылуы туралы, тағдыр туралы Ислам қағидаларынан бас тарты, Құдай туралы антроморфты бейнелерден бас тартып, адам ақылы мен күшіне сенді; |
ü суфизм – қоршаған дүниеге қайырымды қарым-қатынас адамның жоғарғы міндеті, аскетизм, өзімен-өзі болу. |
ü Шығыс перипатетизмі – Аристотель ілімін Шығыста таратушылар мен жалғастырушылар. |
ШЫҒЫС ПЕРИПАТЕТИЗМІ
Шығыс перипатетика өкілі | Шығармалары | Философиялық тұжырымы |
Абу Юсуф Якуб ибн Исхак әл-Кинди (800-879) | - | - Құдай, ақыл мәселелеріне тоқталып, философия мәнін, ғылымды классификациялауға тырысты. - Адам ақыл иесі, ол Өзіндік ғана емес, қоршаған дүниені, заттар мен құбылыстар себебін, мәнін түсіне алады. ақылды төрт түрін көрсетті: 1-ші – белсенді; 2-ші – енжар; 3-ші - жүре пайда болған; 4-ші – көрер көзге ғана арналған ақыл. - Танымның 3 түрлі деңгейін: 1-ші – логикалық-математикалық; 2-ші – табиғи-ғылыми, 3-ші – метафизикалық (философиялық) деп бөлді. |
Әбу Насыр Мұхамет ибн Мұхамет ибн Ұзлағ ибн Тархан әл-Фараби (870-950) | «Бақытқа бастайтын жол» «Азаматтық саясат», «Мемлекет қайраткерінің көзқарастары», «Қайырымды қала тұрғындары» және т.б. | - философия мен дін болмыстың шекті негіздері мен адам тіршілігінің түпкі мәні мен мақсаттарын танып, білуге ұмтылады. Философия танымының ғылыми әдістерімен және ақыл-парасат қуатымен байланысты болса, ал дін дүниені «қиял мен сенім көмегімен ой жүгіртуге үйретеді деп есептеді. «мақсатты әсемдікті тану болатын өнер – бұл философия (даналық)» деп аталады. - Философия діннің білімге негізделген формасы, ізгі билеушінің, ізгі қала мен оның тұрғындарының негізі ретінде көрінеді. Әл-Фараби ізгі дінді дүниенің шығуы мен қаланың барлық тұрғындары үшін «түпкі бақыт ұғымын», өмір салтын философиялық тұрғыдан түсіндіру мақсатына сәйкестендіреді. - ізгілік, қайырымдылық, жомарттық, игілік көздерін іздеп, адамзаттың бақыты мен игілігінің адам өмірінде негізі екендігін атап көрсетеді. Әл-Фараби адамзат үшін игілік пен мейірімділік мұраттарын насихаттаушы қайырымды қала тұрғындарының ар ілімі және рухани әлемін қалыптастыру мен тәрбиелеуде елеулі орын алады. |
Ибн-Сина (Авиценна) (980-1037) | -ғылымдарды классификациялаған. Философиялық білімді 2-ге бөлді: практикалық және теориялық. Теориялық – ақиқатқа жетуге бағытталған ғылымдар, олар: физика, математика, метафизика. Практикалық – саясат, экономика, этика. Бәрі логиканы пайдаланады, логика – ғылымның құралы, бәріне таным әдістерін ұсынады. | |
Абу Уалид Ибн-Рушд (лат. Аверроэс) (1126-1198) | «Терістеуді терістеу» | - материалды дүние мәңгілік, бірақ кеңістікте шекті, Құдай мәңгілік, табиғат та мәңгілік. - толық ақиқат біреу ғана ол – философиялық ақиқат. Діндегі ақиқат қарапайым адамдарға арналған, ал философтар түсіндірмесіндегі діни түсініктер парасатты адамдарға арналған. - жанның мәңгілігін теріске шығарды. Индивидтің жаны тәнімен бірге өледі, яғни тән өлгенде оның сезімі, есі тарап жоғалады. Адам әрекеті келесі өмірде шартты түрде, адам өзі жақсылықтар жасауы керек. - «Қос ақиқат» теориясы теологиялық және философиялық ақиқаттарды және олардың арасында қайшылықтардың бар екендігі айтылады. |
ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ БАТЫС ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ
ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ (ІІ-ХІҮ ҒҒ.)
ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ БАТЫС ХРИСТИАН ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ |
ПАТРИСТИКА (ІІ-ҮІІ ҒҒ.) – (лат. рater –әке) – христиандық дүниетанымды қалыптастыру, қорғау, христиандық ілімді негіздеу және жүйелеу. |
· Христиандық гностицизм (Карпократ, Василид, Валентин)
· Христиандық апологетика (Марциан, Юстин, Тертуллиан)
· Александрлық мектеп (Пантен, Климент, Ориген)
· Каппадоктік догматика (Григорий Нисский, Григорий Назианзин)
· Догматтық патристика (Ұлы Василий, Аврелий авкустин, Диондық Ареопагит, Иоанн Дамастық)
· Манихейлік (Мани және оның ізбасарлары)
СХОЛОСТИКА(ҮІІ-ХҮ ҒҒ.) – (лат. schola – мектеп) шіркеу догмалары мен діни ілімдерді философия көмегімен түсіндіру. (Философия дін қызметшісіне айналды) |
· Номинализм (Абеляр, Росцелин, Оккам)
· Реализм (Августин, Гильом, Ансельм Кентерберийский, Ұлы Альберт, Фома Аквинский)
· Протореформаторлік (Уклиф, Гус)
· Мистикалық христиандық (Экхарт, Таулер, Сузо)
· Христиандық алхимиялық философия (Альбер, раймонд луллий; Рожер Бэкон, Никола Фламмель, Тревизо)