Лекции.Орг


Поиск:




Сурдопедагогика пәнінің объектісі және субъектісі




Сурдопедагогика – бұл есту қабілеті зақымдалған үлкен адамдардың, балалардың білім алуын және тәрбиеленуін зерттейтін ғылыми пән. Бұл пәннің аталуы латынның «surdus» керең және гректің «paidagogike» деген сөзінен шыққан. Қазақшаға аударғанда естімейтін балаларды тәрбиелеу туралы ғылым. Қазіргі сурдопедагогика есту қабілеті зақымдалған балалардың екі негізгі тобының естімейтін және нашар еститіндердің білім алуының теориясын және практикасын қосады. Ғылыми білім алу жүйесінде дефектология құрамына кіретін арнайы педагогиканың бір саласы болып табылады.

Сурдопедагогиканың дамуы арнайы педагогиканың басқа салаларымен және аралас ғылымдары материалдарын интеграциясын қатыстыруға бағытталған. Сурдопедагогиканың есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған оқу-коррекциялық жұмыс құралдарымен түп нұсқалы әдістері бар. Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың дифференциялдық білім алуының жан-жақты зерттеуін қамтамасыз етеді. Естімейтін балалардың теориялық және практикалық білім алуының мазмұнының ерекшелігі, дефектологиялық білімнің құрылымында сурдопедагогика саласы жеке ғылым болып табылады.

Кез келген ғылымның негізінде, оның білім жүйесіндегі орнын, ғылыми пәннің ерекшелігін анықтайтын пәні, объектісі және субъектісі бар. Ғылымның объектісі шындықтың таным бөлігін, шынайы бар екенін, ал субъектісі объектінің қайта құрылуының және тура бағытталған танымды орындайтынын түсіну керек. Сурдопедагогика ғылымында объектінің барлық қасиеттері және қарым-қатынастары толығымен зерттелмейді, ал кейбір оның жақтары субъект болып бөлінеді немесе пән, пәні болып аталады.

Сурдопедагогиканың пәні, объектісі және субъектісі туралы сұрақтар өз бетімен немесе абстрактілі түрде шешілмеуі мүмкін. Бұл принципті сұрақтың екі мағыналығын және келіспейтіндігін болдырмау үшін, оның теориясының және практикасының айырмашылығын есепке алып, сурдопедагогиканың методологиялық негіздерінің талдауын өткізу керек. Сурдопедагогиканың субъектісін және объектісін жалпыланған түрде көрсетуге болмайды, бұл ғылымда немесе басқа педагогикалық ғылымдарға тең объект-субъект қанынастардың өзінің эмпирикалық және теоретикалық ерекшеліктері бар.

Сурдопедагогиканың эмпирикалық деңгейі есту қабілеті зақымдалған тұлғалардың білім алу практикасын және олардың зерттеу тәжірибесін қамтиды. Естімейтін балаларға білім беру практикасы эмпирикалық шаралар жүйесіне сүйенеді, олардың арасында диагностика, коррекция, компенсация, адаптация, индивиуадизация және т.б. Эмпирикалық түрдегі сурдопедагогикалық зерттеулер жеке білім берудің практикалық жағын және нақты ұғымдар формасының дамуы туралы эмпирикалық заңдар сипаттама береді.

Сурдопедагогиканың теориялық деңгейі естіп қабылдауы қиын тұлғаларға жалпы және толық білім беру көмегі негізінде қалыптасады. Теоретикалық түрдегі сурдопедагогикалық зерттеулер естімейтін және нашар еститін балалардың білім алу эволюциясын болжау және түсіндіру үшін жүреді

Сурдопедагогиканың эмпирикалық деңгейінде екі субъектінің іс - әрекеті орындалады: естіп қабылдауы зақымдалған бала және мұғалім. Бұл іс-әрекеттің өзгешелігі, бала бұл жерде бір уақытта объект және субъект бола алады.

Б.Г.Ананьев баланы тәрбиенің объектісі және субъектісі ретінде дамуын талдай отырып белгіледі: «Бала немесе жасөспірім тәрбие әрекетінің объектісі болып қана қоймай, барлық тәрбие процесінің қатысушысы болады. Тәрбие процесінде балалардың рөлінің ақырындап жоғарлауы, басқа сөзбен айтқанда қайта байланыс мөлшерінің өсуі, анықталған іс-әрекет түрлерінің субъект ретіндегі эволюция көрсеткіштері болып табылады.

Сурдопедагогикада объект және субъект арасындағы қатынас динамикасы күрделі қарама-қайшы сипатта болады. Басты орынды Ф.В.Й. Шеллингтің сөзімен айтқанда, «объект және субъект арасындағы қарсы тұру», ал одан кейін осы қарсы тұрудың негізінде бұл субстанциялардың талдануы, объектінің және субъектінің бірлігі пайда болады. Педагог субъект ретінде есту қабілеті зақымдалған балаларды оқыта бастағанда, бала көп жағдайда объект болады және субъекті белсенділігінің аз немесе кері сипаттамасы бар және оқу әрекетінде қарсы көрінуі мүмкін. Оқудың және коррекцияның арқасында бұл табиғи жоспарланбаған белсенділік тура бағытталған қабілетті позитивті субъектілі іс-әрекетке айналады. Естімейтін бала өзінің проблемаларын жақсы түсіне бастайды, есту қалдығын дұрыс қолдана бастайды, өзінің сөйлеуін бақылай алады. И.Канттың, «ойлайтын субъект сол бір уақытта өзіне меншікті обьект» деген идеясын ескерсек, онда арнайы оқу барысында есту қабілеті зақымдалған бала ақырындап өзін-өзі дамыту субъектісін және өзін-өзі коррекциялау сапасын иемденеді, өзін-өзі объект ретінде таниды және өзгертеді. Қортындысында объект және субъект бірлігі жетіледі. Осыдан қорыта келе, білім беру процесінде жаңа іс-әрекет түрлерін, оқу жұмыстарының тәсілдерін, қатынас түрлерін, мұғалімдермен және сыныптастарымен өзара іс-әрекет тәсілдерін меңгерудің арқасында бала ақырындап субъект бола бастайды.

 

2. Сурдопедагогиканың мақсаты және міндеттері

Есту қабілеті зақымдалған балалардың арнайы білім алуға тура бағытталған процесс болып табылады. Сондықтан сурдопедагогиканың теориясы және практикасында басты орын мақсатын және міндеттерін анықтау болып табылады. Бұл проблеманы қарастырмастан бұрын, арнайы білім берудің мақсаты және жалпы білім берудің мақсаты өзара қалай байланысатынын, олардың бір-бірімен сәйкестілігі немесе бір-бірінен айырмашылығы бар ма анықтап алу керек. Дефектология проблемаларын зерттеу, Л.С.Выготскийдің «жалпы және арнайы мектептердің әлеуметті мақсат және міндеттерінің ортақтылығы» туралы ережесіне негіздеген.

Сурдопедагогиканың мақсатын коррекциялық-педагогикалық жұмыстың, оның жалпы бағытталуын шарттайтын және орындайтын қорытындысы ретінде түсінуге болады.

Есту қабілеті зақымдалған балалардың білім алуының мақсаты - нақты, соңғы және бірдей болып келеді. Сурдопедагогиканың мақсаттарының нақтылығы оқу-тәрбие процесіне, анықталған деңгейіне, пәніне, тақырыптық элементіне жатады. Білімнің кез келген деңгейінде оның мақсаттары объективті және субъективті түрде алға шығады. Ф.Г.Кумбс «Қоғамның және білім беру жүйесінің алдында күрделі қиыншылықтардың бірі болып, нақты, анық және оның негізгі мақсатын, бірінші кезектілік міндеттерін анықтау керек» деп белгілейді.

Педагогикалық жұмыстардың келесі мақсаттары бар: ғылым және өнердің нақты саласында білімді алу, практикалық икемділіктердің, дағдылардың қалыптасуы және жетілдіруі, өз бетімен білім алуы, өз бетімен даму технологияларына оқыту, баланың жеке тұлғасының дамуына, жеке қабілеттерін ашып көрсетуге ең кең түрде шаралар құрау, адамның жан-жақты дамуы.

Педагогикада ең маңызды орын ойлаудың дамуына беріледі. П.П.Блонский былай деп мәлімдейді: «Бала дамитын тұлға, тәрбие де бұл даму. Даму - мақсаты бар, анықталған процесс. Тәрбиенің мақсаты –баланың ойын дамыту». Ч.Куписевичтің көзқарасы бойынша, жалпы білім берудің негізгі мақсаты «барлық оқушыларды олардың қабілеттіліктерін есепке ала отырып, интеллектуалды дамуының оптимальдығын қамтамасыз ету», бірақ «бұл мақсат өзімен-өзі шықпайды, тәрбие мақсаттарының бірлігімен шығады», тек жеке аспектілерін қалыптастыруға ғана емес, сонымен қатар баланың жеке тұлғасын толығымен қалыптастыруға бағытталған» болып табылады.

Сурдопедагогиканың мақсатын анықтау алдында, есту қабілеті зақымдалған баланың дамуы өз алдына индивидтің биологиялық, әлеуметті және психикалық жетілуіне бағытталған. Тек арнайы толық ұйымдастырылған білім беру, есту қабілеті зақымдалған балалардың сақталған анализаторларын, снесорикалық жетіспеушіліктерінің белсендіруін қамтамасыз етуі мүмкін.

Есту қабілеті зақымдалған оқушыларды өз бетімен өмір сүруге дайындау негізінде, олардың өзін дамыту мүмкіншіліктеріне сүйенген дұрыс. И.П.Павлов: «адам жалғыз өзін-өзі реттеуші жүйе» деп көрсеткен. В.И.Бельтюковтың зерттеулерінде «есту қабілеті перифериялық түрде зақымдалған балаларда, басқа мүшелері зақымдалған балалар сияқты, ішкі реттеуші механизмдері сақталған» деп көрсетілген. Басқа сөзбен айтқанда, есту қабілеті зақымдалған балалардың дамуының негізінде тек сыртқы факторлар, коррекциялық әрекеттер ғана емес, сонымен қатар ішкі заңдылықтар, талпыныстар жатыр. Естімейтін және нашар еститін балалардың өз бетімен даму және өз бетінше ұйымдастыру қабілеттіліктері рельефті түрде көрінеді, білім алу процессінде олар таным, қарым-қатынас және іс-әрекет субъектісі бола алады.

Сол себептен, сурдопедагогиканың жалпы мақсаты - есту қабілеті зақымдалған адамның таным, қарым-қатынас субъекті іс-әрекеті ретінде, психикалық және әлеуметті, позитивті физикалық толық дамуымен бекітіледі

Сурдопедагогикада практикалық және теоретикалық міндеттер шешіледі. Сурдопедагогиканың практикалық міндеттері білімділік, тәрбиелік және арнайы болып бөлінеді.

1. Білімділік міндеттері, жалпы дидактикалық оқу іс-әрекеттерінің мазмұнын, процессін реттейтін міндеттер деп атауға болады. Оларға қалыпты дамудағы және есту қабілеті зақымдалған балаларды оқытудың жалпы тәсілдері жатады.

Сурдопедагогиканың практикасында оның басты мақсатымен сәйкес келесі білімділік мақсаттар қойылады:

· есту қабілеті зақымдалған балаларда білім алуға қызығушылығын, өз бетімен даму және өз бетімен білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жаңа шараларды құру;

· естімейтін және нашар еститін балалардың ойының оптимальді түрде дамуы, жаңа міндеттерді және проблемаларды шығармашылық түрде шешу икемділіктерімен қамтамасыздандыру;

· оқу іс-әрекетінің икемділіктерін және дағдыларын қалыптастыру, ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің дамуы, бір мақсатпен бағытталған білім беру жағдайларында когнитивті процестерін белсендендіру;

· кәсіби іс-әрекетке, елестерін, икемділік және дағдыларын дамытуға арналған, қазіргі әлеуметтік–экономикалық жағдайларға дайындау;

· есту қабілеті зақымдалған балаларды ғылыми дүниемен таныстыру кезінде жалпы қөзқарасын кеңейтуін қалыптастыру;

2. Тәрбиелік міндеттері, сурдопедагогиканың тәрбиелік міндеттері, есту қабілеті зақымдалған балалардың жалпы және жеке қабілеттіліктерін дамытуға бағытталған.

Сурдопедагогиканың негізгі тәрбиелік міндеттерінің ішінен келесі міндеттерді атап көрсетуге болады:

· есту қабілеті зақымдалған балалардың тұлғасының жан-жақты дамуы;

· есту қабілеті зақымдалған балалардың әлеуметтенуіне жағдай жасау, еститін адамдармен қарым-қатынас және бірге іс-әрекет жасауына дайындау, мәдени өмірге белсене қатысу;

· этикалық ұғымдармен және принциптермен таныстыру процесінде адамгершілік сананы тәрбиелеу, жауапкершілікті нығайтуға тәрбиелеу;

· есту қабілеті шектелген оқушылардың дене дамуына, жеке гигиена дағдыларын бекітуге, салауатты өмір сүруге, еңбексүйгіштікке, өзіндікке мінез-құлқын, өзін-өзі бақылау қабілеттіліктеріне тәрбиелеу;

· естімейтін баланың гармониялық дамуы, басқа адамдарменен қарым-қатынас жасау дағдыларына үйрету.

Сурдопедагогиканың практикалық міндеттер санына тек, білім беру және тәрбие беру міндеттері ғана кіріп қоймай, сонымен қатар коррекциялық-дамытушылық деп аталатын арнайы міндеттері бар. Арнайы міндеттері сурдопедагогиканың ерекше тәсілдерімен байланысты. Арнайы міндеттер, есту қабілетін жоғалту салдарын болдырмауға көмектеседі, естімейтін балалардың білім алуында жалпы бағытталу міндеттерінің орындалуын жеңілдетеді.

Сурдопедагогикалық жұмыстарда келесі арнайы міндеттер орындалады:

· естуінің зақымдалуының құрылымын, сөйлеу тілінің даму деңгейі бойынша, естімейтін балалардың дифференцияциясы, есту қабілетін жоғалтудың уақытына және деңгейіне, естіп қабылдау қиыншылықтары бар әр бала үшін, білім берудің оптималді түрлерін анықтау, сурдопедагогикалық көмек берудің жекеленуі;

· есту қабілеті жетіспейтін индивидтің өмір іс-әрекетін қалыптастыру, оның психикалық және әлеуметтік дамуының ауытқушылықтарын жеңу, ауызша сөйлеу тілін қабылдау және түсіну дағдыларын жетілдіру;

· есту қабілеті төмендеген балалардың компенсаторлық мүмкіншіліктерін, оларға арнайы білім беру мекемелерін құру, оқу және практикалық іс-әрекет процесінде организмнің сақталған функцияларының мобилизациясын белсендендіру;

· әлеуметтік қоршаған ортада естімейтін адамның зақымдалған байланыстарын қайта құру, еңбек қабілеттіліктерінің және жеке ерекшеліктерін есепке алып, еңбек реабилитациясының орындалуы, барлық есту қабілеті зақымдалған барлық жас тобындағы тұлғаларға барлығына бірдей ашық білім беру ортасын ұйымдастыру;

· естімейтін және нашар еститін балалармен сауықтыру жұмыстарын өткізу, оларда дамудың екіншілік зақымдануының пайда болуын алдына алу, арнайы оқу мекемелерінде психологиялық климат құру, естімейтін оқушыларды өзін-өзі коррекциялауға бағытталған, тұрақты жұмысқа үйрету.

Сурдопедагогикалық практиканың талдауын қарастыратын, есту қабілеті зақымдалған оқушыларды оқыту және тәрбиелеу материалдарын жалпылауды қарастыратын негізгі топты теоретикалық міндеттер құрайды.

Сурдопедагогикада келесі теоретикалық міндеттердің түрлері анықталады:

· естімейтін және нашар еститін балалардың ерекшеліктерін және заңдылықтарын зерттеу, естімейтін әр түрлі жастағы балалардың сөйлеу тілі және басқа психикалық функцияларды, ойлауының даму ерекшеліктерін көрсету, есту қабілетінің зақымдану салдарын ашып көрсету, осы бұзылыстардың дифференциалды диагностика ықпалдарын анықтау, есту қабілеті зақымдалған оқушылардың классификациясының құрылуы және анықталуын зерттеу;

· есту қабілеті зақымдалған оқушылардың білім алуының мазмұнын және принциптерін, концепциясын құру, олардың білім алуын және тәрбиеленуінің ұйымдастырылу формасын жетілдіру, сурдопедагогикалық жұмыстың адекватты білім беру технологиясын құру, соның ішінде арнайы әдістер мен тәсілдер;

· жалпы және арнайы педагогиканың түсінікті-категориялық аппаратының құрамының өзгеруін есепке ала отырып, сурдопедагогикалық терминологияларды жаңарту, гумманитарлық және жаратылыс ғылымдарымен пән аралық байланысты кеңейту негізінде, дефектологияның аралас салаларымен байланысын нығайту;

· есту қабілеті зақымдалған тұлғаларға білім берудің тарихи талдануы, есту қабілеті зақымдалған балаларға әр түрлі білім беру жүйесінің компаративті зерттеулерді өткізу, сурдопедагогиканың даму тарихының тенденцияларын көрсету, есту қабілеті зақымдалған адамдарға коррекциялық-педагогикалық жүйенің көмегін білім берудің дәстүрлі және альтернативті ықпалдарын есепке алып жетілдіру;

· есту қабілеті зақымдалған балалардың білім алу сапасын бақылауын жетілдіру, оның нәтижелі түрде жоғарлату жолдарын анықтау, сурдопедагог кадрларын дайындау белсендіру, сурдопедагогикалық іс-әрекеттің гумманизацияландыруын қамтамасыз ету, есту қабілеті зақымдалған балалардың және адамдардың қазіргі әлеуметтік-мәдени шараларға сәйкес білім бағдарламаларын құру;

· Білім беру мақсаты педагогикалық тәсілдерменен тығыз байланысты. Оқу процесінде мақсат және тәсілдердің өзара байланысын көрсете, М.Н.Скаткин «сабақтың педагогикалық мақсаттарының және міндеттерінің жан-жақтылығы көп түрлі тәсілдерді қолдануды талап етеді». Сурдопедагогиканың мақсат және міндеттері коррекциялық-педагогикалық жұмыстың әр түрлі әдіс және түрлерімен, әр түрлі тәсілдердің көмегімен орындалуы мүмкін.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-10-27; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 3448 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студенческая общага - это место, где меня научили готовить 20 блюд из макарон и 40 из доширака. А майонез - это вообще десерт. © Неизвестно
==> читать все изречения...

960 - | 912 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.