Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Леуметтанудың басқа қоғамдық ғылымдар жүйесінде алатын орны және олармен өзара байланысы




Әлеуметтану ғылымы өзінің қалыптасуы мен дамуы барысында басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста болды.

Қоғамда орын алатын әлеуметтік құбылыстардың, процестердің мәнін ашуда әлеуметтану басқа ғылымдардың заңдылықтарын, тұжырымдамаларын, ұғымдары мен категорияларын пайдаланады. Сол сияқты басқа қоғамдық ғылымдардың әлеуметтану ғылымынан алатын жақтары да мол. Осылайша қоғамдық ғылымдар үйлесімді түрде, бір-бірімен байланыста дамиды.

Әлеуметтану және философия ғылымы. Әлеуметтану ғылымы философияның әлеуметтік философия деп аталатын саласы шеңберінде дамып, пісіп жетілді. Әлеуметтік философия – қоғамға тән сапалық ерекшеліктерді және оның табиғаттан өзгешеліктерін зерттеуге бағытталған философияның саласы. Ол қоғам өмірінің мәні мен мақсатын, оның дамуының тенденциялары мен алдағы болашағын, қозаушы күштерін талдайды.

Әлеуметтану мен әлеуметтік философияның зерттеу обьектілерінің ұқсас жақтары көп. Бұл екі ғылым да қоғамды жеке элементтерден құралатын тұтас жүйе ретінде қарастырады.

Әлеуметтану философия ғылымына сүйене отырып, адамзатты тұтастық ретінде және оған жалпы адамға тән құндылықтар, мүдделер мен қажеттіліктер ортақ екендігіне баса назар аударады.

Әлеуметтану ғылымы өзінің басты категорияларының мәнін, мазмұнын ашуда философияның заңдарына, категорияларына сүйенеді. Мәселен, қоғам өмірінің заңды құбылысы болып табылатын әлеуметтік қақтығыстардың мәнін, себептерін ашуда әлеуметтану ғылымы философияның «қарама-қарсылық», «қайшылық» деген категорияларын пайдаланады. Соның нәтижесінде әлеуметтік қақтығыстарды мүдделері, мақсаттары, көзқарастары қарама-қарсы адамдардың, топтардың арасында болатын іс-әрекет, құбылыс ретінде түсіндіруге, талдауға мүмкіндік алады.

Яғни, философия әлеуметтану ғылымы үшін жалпытеориялық және әдістемелік негіз болып табылады.

Әлеуметтану ғылымы қоғам өмірінің түрлі құбылыстарын зерттеуде эмпирикалық жағынан тексеруге, дәлелдеуге болатын фактілерді жинап, оны талдауға, соның негізінде ғылыми қорытындылар жасауға сүйенеді.

Әлеуметтану және тарих Тарих әлеуметтануға қарағанда еретерек қалыптасқан ежелгі қоғамдық ғылым. Бұл ғылым қоғам өмірінде болып өткен оқиғаларды хронологиялық жүйемен зерттейді. Тарих ғылымы әрбір оқиғаны белгілі бір уақыт пен кеңістікте орын алған, қайталанбас, өзіндік ерекшелігі бар, нақты құбылыс ретінде қарастырады. Осылайша тарих ғылымы жекеленген әлеуметтік оқиғалар мен қоғамның әр дәуірдегі даму барысы туралы нақты деректер жинайды.

Ал әлеуметтану болса, қоғам өміріндегі әр кездердегі және қазіргі замандағы әлеуметтік тәжірибенің жалпылама сипатын, әлеуметтік құбылыстардың, оқиғалар мен процестердің ортақ заңдылықтарын, тұрпаттарын бөліп қарайды. Былайша айтқанда, әлеуметтану тарих ғылымына қарағанда неғұрлым жоғары абстракциялық деңгейдегі ғылым. Әлеуметтану тарих ғылымының жинақтаған, зерттеген деректерін, фактілерін пайдалана отырып, әлеуметтік құбылыстардың жеке түрлеріне тән ортақ сипатты белгілерін, тұрпаттық бейнесін қарастырады.

Егер тарих көбінесе қоғам өмірінде болып өткен оқиғалар мен құбылыстарды зерттесе, әлеуметтану өз ізденістерін қазіргі заман мәселелеріне бағыттап, болашақты болжауға күш салып отыратын ғылым.

Әлеуметтік философия мен әлеуметтану ғылымы тарих үшін жалпытеориялық және әдістемелік негіз болып табылады.

Сол сияқты әлеуметтану және тарих ғылымдары тарихи тәжірибе мен сабақтастықты, қоғам өміріндегі құбылыстардың өткен замандағы дамуымен субьективтік және обьективтік байланысын бірлесе отырып зерделеуі қажет.

Әлеуметтану және экономика ғылымдары Қоғам өмірінің негізгі және маңызды саласы – материалдық игіліктер өндірісі мен адамдардың экономикалық қызметі екендігі баршамызға мәлім. Экономика саласындағы ілгерілеп дамуды, сапалы өзгерістер мен тиімділікке қол жеткізуді адам факторынсыз жүзеге асыру мүмкін емес екендігін тарихи тәжірибе дәлелдеп отыр.

Міне, сол себептен қазіргі таңда өндіріс процесінде адам факторын, атап айтқанда адамның мінез-құлық ерекшеліктерін, талғамын, қажеттіліктерін т.б. ескеріп, еңбек адамына дұрыс, жағымды көзқарасты қалыптастырудың қажеттілгі менеджмент саласында әлеуметтік-психологиялық факторларды ескеріп отырудың маңыздылығын көрсетсе, маркетингтің дамуында тұтынушының талап-тілегін, талғамын қанағаттандыру басты міндет болып табылады.

Ал, кәсіпорындар мен фирмалар үшін қоғам тарапынан жағымды пікірдің қалыптасуы, қоғаммен тұрақты байланыс орнатудың маңызы күн сайын артуда.

Міне, осы айтылған жәйіттер экономикалық қатынастардың әлеуметтік аспектілерін, яғни дұрыс, тиімді экономиканы қалыптастырып, дамыту үшін әлеуметтік-психологиялық факторды ескеру қажет деген сөз. Мұның өзі ХХ ғасырдың екінші жартысында әлеуметтану және экономика ғылымдарының түйіскен жерінде пәнаралық ғылым саласы «Экономика әлеуметтануының» пайда болуына әкелді және бұл ғылым саласы қазіргі таңда жоғары қарқынмен дамып келеді.

Әлеуметтану және саясаттану Қоғам өмірінің маңызды саласының бірі – саяси билікке байланысты сала болып табылады. Сол себепті, бұл аталған ғылымдар арасында өте тығыз байланыс бар. Оның себебі біріншіден, жеке индивидтер, әлеуметтік қауымдастықтар, әлеуметтік ұйымдар мен институттар саяси өмірге белсене араласып, саясаттың маңызды субъектілері және объектілеріне жатады;

Екіншіден, саясат көп қырлы, ауқымды құбылыс ретінде қоғам өмірінің бар саласынан көрініс табады, тұтас қоғамның даму стратегиясын айқындайды, қоғамды топтастырады, біріктіреді.

Саясаттану ғылымы саяси билік, саяси қатынастар, қоғамдағы түрлі саяси процестер мен құбылыстарды зерттеп, олардың мән-мағынасын, заңдылықтарын ашуда әлеуметтану ғылымының жалпы теориялық қорытындыларын, әдістемесін негізге алады.

Әлеуметтік процестерге саясаттың тигізетін ықпалын, керісінше саяси процестердің әлеуметтік астарын ғылыми тұрғыдан зерттеудің қажеттілігінен «саяси әлеуметтану» немесе «саясат әлеуметтануы» деген арнайы ғылым саласы дүниеге келді.

Әлеуметтану және психология. Психология ғылымымен арадағы байланыстың әлеуметтану үшін маңызы зор.

Әлеуметтану жалпы қоғамның қалыптасуы мен дамуындағы заңдылықтарды, әлеуметтік құрылымды зерттеуде жеке тұлғаны өз пәні ретінде кеңінен зерделейді. Тұлғаның ішкі жан дүниесін, мінез-құлық ерекшеліктерін психология ғылымы зерттейді.

Әлеуметтану ғылымы қоғамда орын алатын әлеуметтік құбылыстардың табиғатын, себептерін, индивидтердің психо-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты түсіндіруде психология ғылымының заңдылықтарына назар аударады.

Жекеленген индивидтердің іс-әрекетіне, мінез-құлқына, сезімдеріне, көңіл-күйлеріне олар өмір сүретін әлеуметтік ортаның да ықпалы зор. Осы мәселелерді түсіндіретін пәнаралық ғылым саласы «әлеуметтік психология» деп аталады. Ал оның зерттеу пәні ретінде белгілі бір топ ішіндегі индивид алынады және басты ұғымы ретінде сол топта, қоғамда әлеуметтенген жеке тұлғаны сипаттайтын «Мен» деген категория болып табылады.

Әлеуметтану ғылымының қоғамдық ғылымдардың басқаларымен де, атап айтқанда, демография, құқық, мәдениеттану т.б. байланысы бар.

Қазіргі таңда әлеуметтану тек әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдармен ғана байланыста болып қоймай, басқа да ғылымдардың, атап айтқанда статистика, математика және информатиканың қызметін кең түрде қолдануда. Мәселен, нақты социологиялық зерттеулерді жүргізу кезінде алған мәліметтерді математика мен статистиканың әдістерінсіз өңдеу мүмкін емес.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-02; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1839 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если вы думаете, что на что-то способны, вы правы; если думаете, что у вас ничего не получится - вы тоже правы. © Генри Форд
==> читать все изречения...

2260 - | 2183 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.