ОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ
Зертханалық пәндер кафедрасы
«БЕКІТЕМІН» Медициналық білім беру басқармасының басшысы, м.ғ.к.____________У.Б.Татыкаева «___» __________2016 жыл |
Биохимия» пәні бойынша
С И Л Л А Б У С
Пән коды – B 54.105
Мамандық: 5В130200- «Стоматология»
Кредит саны: 2
Практикалық сабақ: 30 сағат.
СӨЖ: 30 сағат.
ОБСӨЖ: 30 сағат
Емтихан: 3 семестр
Курсы: 2
Оқу семестрі: 3
Түркістан -2016
Силлабус «Биологиялық химия» пәнінің типтік оқу бағдарламасы негізінде жасалған. ҚР ДСМ білім, ғылым және кадрлық ресурстар Департаментінің директорымен бекітілген (Астана, 18.06.2007 ж.).
Силлабус медицина факультеті «Зертханалық пәндер»кафедра мәжілісінде талқыланды. Хаттама № ____, «____»_____2016 ж.
Кафедра меңгерушісі _____________ х.ғ.к., доцент А.К.Мамырбекова
Силлабус оқыту және бағалау комитетінде қаралған.
Хаттама №____"____" _____________ 2016 ж.
Комитет төрайымы _____________ К.Б.Бураева
Силлабус білім беру бағдарламалары комитетінде мақұлданған.
Хаттама №____ "____" _____________ 2016 ж.
Комитет төрайымы ______________ М.Б. Жунисова
Жалпы мәліметтер:
Оқытушылар туралы мәлімет:
Дильбарканова Рсай – б.ғ.д., профессор.
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы - « Строение и функции сферосом злаковых и бобовых культур».
Ғылыми және әдістемелік енбектері:
1. «Белоктар, белоктар биосинтезі, молекулалық генетиканың негіздері» (Биохимия пәнінен медицина университеті мен академиялардың студенттеріне арналған оқу құралы) – Алматы Жоғары аттестациялық комиссияның баспа орталығы-2000ж таралымы-200дана. авторлары: С.М.Плешкова., С.А.Абитаева., Р.Д. Асанбаева, Р.Дильбарканова
2. «Ферменттер». Биохимия пәнінен медицина университетері мен академияларының студенттеріне арналған оқу құралы - авторы Р.Дильбарканова. Кентау, ЖШС «Еркін и К-ХХІ» баспаханасы – 2003 ж.
3. Оксидоредуктазалар (номенклатурасы) қазақ тілінде. Оқытушылар мен студенттерге арналған оқу-әдістемелік құрал авторы: Р.Дильбарканова ХҚТУ баспаханасы, Түркістан 2005ж.
4. Мембрана биохимиясы қазақ тілінде, оқу-әдістемелік құрал. Авторы: - Р.Дильбарканова, А.А. Усманов, Ғ.А. Шукенова.
Контактная информация: г.Туркестан., университетский городок, кафедра лабораторных дисциплин (1-этаж, 132).
Шырынбекова Бейсенкул Жумановна – аға оқытушы
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – «Комбинированные влияние цинка и биосластилина на активность антиоксидантной системы и антитоксическую функцию печени при алкогольной интоксикации».
Ғылыми және әдістемелік енбектері:
1. Шырынбекова Б.Ж., Ж.Н. Шалхарова, Б.О. Сахова. «Биологиялық химия пєнінен лабораториялық сабақтарға арналған оқу құрал» Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ, Кентау институты. Қараша, 2005 ж. 67 бет.
2. Шырынбекова Б.Ж., Ө.Мырзағлиұлы «Биохимиядағы формулалар мен схемалар». Биохимия пәнінен оқу құралы. Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ, Кентау институты. Қараша, 2005 ж. 68 бет.
3. Шырынбекова Б.Ж. «Көмірсулардың биохимиясы» (оқу-әдістемелік құрал медицина факультетінің студенттеріне арналған) Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ, Кентау институты. Маусым, 2006 ж. 34 бет.
4. Шырынбекова Б.Ж., Ө. Мырзағалиұлы «Формулы и схемы биохимии» (учебное пособие для студентов ІІ курса медицинского факультета) Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ, Кентау институты. Маусым, 2006 ж. 70 бет.
5. Шырынбекова Б.Ж., Ж.Н. Шалхарова «Лабораторные работы по биохимии» оқу-әдістемелік құрал Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ, ЖМИ, Мамыр, 2007 ж. 140 бет.
6. Шырынбекова Б.Ж., Ж.Н. Шалхарова Биологиялық химия пәнінен лекциялар жинағы (оқу-әдістемелік құрал медицина факультетінің студенттеріне арналған) Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ, ЖМИ 2008 ж. 90 бет.
Байланыс ақпараты: Түркістан қ., университет қалашығы, лабораторных пәндер кафедрасы (2-қабат, 264).
Пәннің саясаты: Ахмет Ясауи атындағыХҚТУ-і медицина кластерінің 2016-2017 оқу жылындағы «Медициналық білім беру саласындағы педагогикалық стратегия» талаптарына сәйкес студенттің білімін бағалау формативті (электронды журналға енгізілмейтін) және суммативті (қорытынды сабақ, аралық бақылау, емтихан) түрде жүргізіледі.
Университеттің оқу үдерісін ұйымдастыру және емтихан регламентінің 7 бабына сәйкес студенттердің сабаққа қатысуы міндетті. Студенттің сабаққа келмеген күндері, әрбір семестр бойынша жеке есептегенде жалпы оқу бағдарламасындағы сағат мөлшерінің 20% аспауы тиіс. Денсаулығы бойынша сабаққа келмеген күндері осы пайыздық шектеу ішіне кірмейді. Денсаулығы туралы анықтамасы университет клиникасына немесе АИ–да үш күнде тіркеліп, сабаққа деканаттан өтеуге рұқсат қағазымен келуі тиіс. Себепті жіберген сабақтарын блокқа дейін өтеуі қажет. Студент сабаққа қатыспаған кезде өтілген тақырыптарды және пән оқытушысы тарапынан берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет. Сабаққа келмеген студенттер үшін өтілген сабақ қайталанбайды.
Студент семестр соңындағы немесе оқу жылы соңындағы емтиханға кіруі үшін, денсаулығына байланысты сабақтан қалған күндерін есептемегенде, пән бойынша аудиториялық сабақтардың ең кемі 80%-на қатысуы қажет. Сабақтарға қатыспауына немесе өтпелі балл жинай алмауына байланысты емтиханға жіберілмейтіні туралы, сессия басталмас бұрын пән оқытушысы тарапынан студентке хабарланады. Сессия басталмас бұрын кафедра меңгерушісінің ұсынысы негізінде ол студент деканат тарапынан емтиханға жіберілмейді.
Кәсіби көрінісі:
- топ құрамында белсенділік таныту;
- өзін еркін ұстау, қате айтқанда оны түзеу;
- формативті және суммативті бағаға дұрыс қарау;
- топ құрамында белсенділік таныту;
- өзін еркін ұстау, қате айтқанда оны түзеу;
- формативті және суммативті бағаға дұрыс қарау
Кіріспе
Қазіргі уақыттағы биологиялық химия – тірі организмдердің қызмет етуіндегі химиялық процестерді молекулалық деңгейде зерттейтін сонымен қатар, адам ағзалары мен ұлпаларындағы метаболизм ерекшеліктерімен және оны реттеу жолдарын зерттейтін фундаменталды ғылым.
Бағдарламада статикалық, динамикалық және функционалды биохимияның негізгі тараулары және «Стоматология» мамандығында оқитын студенттерге қажет сұрақтар қарастырылған. Биологиялық химияны оқу барысында алынған білім, келешек дәрігерлерге аурудың алдын-алуға және оны тиімді емдеу үшін биохимиялық әдістерді сауатты да, тиімді қолдана білуіне көмектеседі. Биохимия пәнінің бағдарламасында клетканың құрылымдық ұйымдасуының молекулалық негіздері, зат алмасу мен энергия өзгерістерінің механизмдері, генетикалық ақпараттың ұрпақтан ұрпаққа жеткізілуі және сақталуы, ақуыз биосинтезі және метаболизммен физиологиялық қызметтердің реттелуі сияқты сұрақтар қарастырылған.
Курс ХҚТУ медициналық білім беру аясындағы төмендегі құзіреттіліктерін дамытуға бағытталады:
Білім алу деңгейі | Рөлдермен берілген құзіреттіліктер | Салыстырмалы үлестірілімі (бағалау әдісі) |
Б1.1. | Ғалым, Зерттеуші (1) БІЛІМІН ҚОЛДАНУ: медициналық емес, биомедициналық, клиникалық, әлеуметтік ғылымдарды тәжірибелік жүзінде қолданады. | 0,6 |
Б1.2 | Ғалым, Зерттеуші (1) АҚПАРАТТЫ БАСҚАРУ: зерттеу сұрағын дұрыс құра алады, дереккөздерді іздей алады, әдеби дереккөздерге сын көзімен баға береді, әсерлі презентация жасай алады, компьютер технологияларын қолдана біледі. | 0,2 |
Б3.4. | Кәсіби тұлға (3) ӨЗІН-ӨЗІ ҰЙЫМДАСТЫРУ: өз уақытын, жұмыс жағдайларын, сондай-ақ оны жағымсыз факторлардан қорғауды тиімді ұйымдастыра алады. | 0,2 |
2.2. Пәннің мақсаты:
Студенттерде негізгі метаболиттік процестердің адам организміндегі және ұлпадағы ерекшеліктері мен олардың реттелуі, молекулалық механизмдері, ауруға диагноз қою үшін және оны тиімді емдеуде биохимиялық көрсеткіштерді қолдану туралы түсінік қалыптастыру.
2.3. Оқыту мақсаттары:
- Дәрігерлерді дайындауда биологиялық химияның маңызы туралы ұғым қалыптастыру;
- Тірі организмде ақуыздардың, көмірсулардың, липидтердің және басқа да биологиялық белсенді қосылыстардың, биологиялық қызметін, қасиеттері және химиялық құрамын, қасиеттерін және оқып үйрету;
- Зат алмасу, энергия алмасу және метаболиттік процестердің реттелуінің биохимиялық заңдылықтары туралы түсініктерді қалыптастыру;
- Органдар мен ткандердегі ең маңызды молекулярлы құрылымдылығы мен метаболизмдерін оқып үйрету;
- Ауруға диагноз қоюға және метаболизм ауытқуларына түзетулер енгізуде қазіргі заманғы биохимиялық әдістер туралы түсінік қалыптастыру.
2. 4. Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі:
Оқу курсы бағдарламасындағы оқытудың соңғы нәтижелерінің жалпы көлемі:
Білім алу деңгейі | Рөлдермен берілген құзіреттіліктер | Оқытудың соңғы нәтижелері (бағалау әдісі) |
Б1.1. | ҒАЛЫМ,ЗЕРТТЕУШІ (1) БІЛІМІН ҚОЛДАНУ: | Білім (когнитивті) домені: Есте сақтайды: адам организміндегі биологиялық сұйықтықтағы негізгі биологиялық константтардың қалыпты мөлшерін және патологиялық көрсеткіштерін есте сақтайды; Түсінеді:о рганикалық қосылыстардың және зат алмасу процестерінің реттелуін, физиологиялық функцияларын, процестердің бұзылу себептерін түсінеді; Қолданады: биологиялық материалдармен жұмыс жасаған кезде (қан, несеп, белоктар мен ферменттерді анықтау) техникалық қауіпсіздік шараларын қолданады; Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: тақырыпқа сәйкес білімін пысықтап, әдеби деректерді дұрыс пайдаланып және жаңалықтарды ғылыми тұрғыда дәлдікпен тұжырымдай алады. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үлестіреді: биохимиялық мәліметтерді іс-әрекетінде ғылыми жаңалықтарды құндылықты үлестіреді. |
Б1.2 | ҒАЛЫМ,ЗЕРТТЕУШІ (1) АҚПАРАТТАРДЫ БАСҚАРУ: | Білім (когнитивті) домені: Қолданады: а қпарат табу үшін интернет жүйесінде керекті материалдарды қолданады; Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: ә деби деректерді дұрыс пайдаланып, компьютер технологияларын қолданып, презентация, график, схема, диаграмма жасауды дәлдікпен ұйымдастырады. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үлестіреді: Биохимиялық мәліметтерді іс-әрекетінде ғылыми жаңалықтарды құндылықты үлестіреді. |
Б3.4. | КӘСІБИ ТҰЛҒА(1) ӨЗІН-ӨЗІ ҰЙЫМДАСТЫРУ: | Білім (когнитивті) домені: Қолданады: б иологиялық материалдарменен жұмыс жасау қауіптілігін қолданады; Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: қ ауіпсіздік техникалық ережелерін дәлдікпен сақтайды; Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үлестіреді: тақырыпқа байланысты білімдерін дұрыс қабылдап, құндылығын үлестіре алады. |
Студент білуі тиіс:
- биоорганикалық қосылыстардың негізгі кластарының өкілдері: көмірсулар, липидтер, жай және күрделі ақуыздар, витаминдердің құрылысы, қызметін және қасиеттерін;
- метаболиттік процестердің реттелуі және жүру механизмін, клетканың құрамдық және қызметтік ұйымдасуының молекулалық негізін;
- генетикалық ақпараттың молекулалық механизімінің жеткізілуін;
- энергия алмасуының бұзылуы мен энергия айналымының механизімін;
- организм, ұлпа және мүшелердің қызметтерінің молекулалық механизмдерінің ерекшеліктерін;
- алмасу процестерінің және физиологиялық функциялардың реттелу механизмдерін, бұзылу нәтежиесінде мүмкін болатын салдары;
- негізгі қоректі заттардың (ақуыздар, липидтер және көмірсулардың), минералды заттардың және судың метаболизмдегі ролін;
Студент істей алуы тиіс:
- Негізгі биохимиялық зерттеулердің нәтижелерін қолдана білу керек;;
- Метаболизм карталарын арнайы анықтама материалдарын қолдана білу, халықаралық стандартқа сай сауаттылықпен қолдана білу қажет;
- Биологиялық процестердің бұзылу ерекшеліктерін алдын-ала болжау және биологиялық белсенді заттар жетіспеушілігі кезіндегі олардың реттеуі;
Дағдыларды меңгеруі тиіс:
- Адам организміндегі биологиялық сұйықтықтардағы көмірсулар, липидтер мен азотты заттар алмасуының аралық заттар жетіспеушілігі кезіндегі олардың реттелуі;
- Адам организміндегі биологиялық сұйықтықтағы ферменттердің активтілігін анықтау әдістерін;