Орыс тілінде:
Негізгі:
1. Харкевич Д.А. Фармакология: Оқулық Москва. Изд.дом «ГЭОТАР-МЕД». 2006.- 734 б.
2. Харкевич Д.А. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии., М.:Медицина, 2004-452б.
Қосымша:
1. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Оқулық. Москва. Изд.дом «ГЭОТАР-
МЕД». 2004.-516 б.
2. Бертрам Г.Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.)- Санкт-Петербург, 1998.- 1043 б.
3. Машковский М.Д. Лекарственные средства. М., 2010.- 1216с.
Қазақ тілінде:
Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Қазақшаға аударма. 2004.- 451 с.
Агылшын тілінде
Katzung B. G. Basic and Clinical Pharmacology-New-Jork, 2003, 1215р
Үйрету және оқыту әдістері
· Дәрістер - мәселелік, тақырыптық, шолу
· Тәжірибелік сабақтар: ауызшы сұрау, тәжірибелік сабаққа хаттама құрастыру, рецепттер жазу және топтық қатынастарын анықтау, ақуалды есептерді шығару, тестілік тапсырмаларды орындау.
· 0қытушының басқаруымен студенттердің өзіндік жұмысы – барлық түсініксіз сұрақтарға кеңес беру, өз бетінше тақырыпты меңгеру, ақуалды есептерді шешу, тестік тапсырмаларды орындау, кестелермен жұмыс істеу, кіші топтарда жұмыс істеу, шекаралық бақылау.
· Студенттердің өзіндік жұмысы - қосымша әдебиеттермен, оқулықтармен және компьютерлік оқытатын бағдарламалармен өзіндік жұмыс істеу, тақырыпты рефераттарды дайындау және қорғау, презентация, тестік түрдегі тапсырмаларды орындау, кестелер, сөзжұмбақтар дайындау.
Білімдерін бағалау ережесі мен критерилері:
Ағымды бақылау: тестілеу,тәжірибелік сабаққа хаттама құрастыру, рецепт жазу мен топтық қатынасын анықтау, ақуалды есептерді шешу, шекаралық бақылау.
1. Ауызша сұрау мен ақуалды есептерді шешуді бағалау критериилері:
1. 95-100% -ға «өте жақсы» - студенттің қосымша материалдарды және жаңа дәрілер туралы замануй ақпараттарды қолдануы, препараттарға олардың әсер ету механизміне сипаттама беру, тәжірибелік сабаққа хаттама құрастыру, рецепт жазу және топтық қатынасын анықтау. Ақуалды есептерді шешу және талқылау кезінде студенттің белсенді қатысуы.
2. 90-94 %- «өте жақсы» - студент тақырыпты, материалды меңгерген, препараттарға олардың әсер ету механизміне сипаттама беру, тәжірибелік сабаққа хаттама құрастырған, рецепт жазылған және топтық қатынас анықталған. Қосымша сұрақтар мен ақуалды есептерге жауап беруде қиналады.
3. 80-89 «жақсы» – студент тақырып материалын игерген, препараттарға олардың әсер ету механизміне толық сипаттама беруі, тәжірибелік сабаққа хаттама құрастырылған, Қосымша сұрақтар мен ақуалды есептерді шешуде жауабы толық емес.
4. 75-79 «жақсы» – студент тақырып материалын меңгерген, препараттарға олардың әсер ету механизміне жауабы терең емес, тәжірибелік сабаққа хаттама құрастырылған, рецепт жазылған және топтық қатынас анықталған. Қосымша сұрақтарға, ақуалды есептерді шешуде жауабы толық емес және талқылауға белсенді қатыспайды.
5. 70-74 «қанағаттанарлық» – студент препараттардың сипаттамасын толық ашпайды, тәжірибелік сабақтың хаттамасы құрастырылған, рецепт жазылған және таоптық қатынасы анықталынған, ақуалды есептерді шешуде қиналады, қосымша сұрақтарға жауабы жоқ және талқылауларда қатысуы басым.
6. 60-69 «қанағаттанарлық» – студент тақырып материалын жартылай меңгерген, кейбір топтың препараттарына беткейлік сипаттама беру, тәжірибелік сабаққа хаттама құрастырылған, рецепт жазылған және топтық қатынастары анықталған, қосымша сұрақтарға және ақуалды есептерге жауабы жоқ, талқылауларға қатыспайды.
7. 50-59 «қанағаттанарлық» – студенттің білімі беткейлік, кейбір препараттардың сипаттамасы жоқ, тәжірибелік сабақтың хаттамасы толық емес, рецепт пен топтық қатынас қатемен жазылған, қосымша сұрақтар мен ақуалды есептерге жауабы жоқ және талқылауларға қатыспайды.
8. 0-49 «қанағаттанарлық емес» – студент тақырып материалдарын игермеген, тәжірибелік сабақтың хаттамасы жоқ, рецепт пен топтық қатынас жазылмаған.
Шекаралық бақылау: тест, рецептті түзету және ақуалды есептерді шешу.
2. Шекаралық бақылаудың нәтижелерін бағалау критерилері:
«өте жақсы» - дұрыс жауап 95-100%сұраққа
«жақсы» - дұрыс жауап 75-94%сұраққа
«қанағаттанарлық» - дұрыс жауап 50-74%сұраққа
«қанағаттанарлық емес» - 50%сұрақтан төмен дұрыс жауап
ЖРБ=Рпр*Х+Ррб*Z+Рсөж*у
Х+У+Z =1,0
(Х=0,3; У=0,2; Z=0,5)