Лекции.Орг


Поиск:




Оқудағы жетістіктерді бағалаудың балдық-рейтингілік жүйесі




Балы Ауызша сұрау.
100 бал Интерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойыны) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдық материалдарды толық меңгергендігін көрсетті. Жауап толық, әрі дұрыс. Студент негізгі және қосымша әдебиеттерді терең меңгергендігін көрсетіп, өзінің көзқарасын жеңіл, ұғынықты жеткізе біледі. Спецификалық терминологияның негізгі терминдерін тірекке ала отырып, өз ойын сауатты, еркін жеткізе алады. Пререквизит және постреквизит материалдарының арасындағы логикалық байланысты көрсете білуге қабілетті. Практикалық машықтарды қатесіз орындайды, зерттеу нәтижелерін түсіндіріп, дәлелдеп тұжырымдай біледі. Жағдаяттық тапсырмаларды шешудезерттеудіңнегізгі және қосымша әдістерін кеңінен сипаттап, дифференциялық диагностикаға нақты сипаттама жасайды; аурудың этиологиясы мен патогенезіне сүйене отырып диагноз қойды; аурудың этиологиясы мен патогенезін дұрыс түсінудің нәтижесінде ауруды емдеудің тиімді жоспарын жасап, болжай білді. Клиникалық ойлау қабілеті анық, әрі айқын. Емдеудің классикалық түрлерін жүргізуге мүмкіндік болмаған жағдайда өзіндік көзқарасын білдіріп, емдеудің өзге де тәсілдерін ұсына алады.
90 бал Интерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойыны) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдық материалдарды толық меңгергендігін көрсетті. Айқын және жан-жақты жауап береді. Деректерді бағалай біледі, өздігінен ақылға салады, қорытындыны негіздеуге қабілеттілігімен ерекшеленеді және оларды логикалық бірізділікпен түсіндіреді, бірақ жалпы мінездемелерде кейбір қателер жібереді, орташа біліммен бұрынғы оқытылған пәндердің материалдарын меңгеруде өзін жоғары деңгейде көрсетті. Студент негізгі және қосымша әдебиеттерді (монографиялар, мақалалар) терең меңгергендігін көрсетіп, өзінің көзқарасын жеңіл, ұғынықты жеткізе біледі. Пререквизит және постреквизит материалдарының арасындағы логикалық байланысты көрсете білуге қабілетті. Практикалық машықтарды қатесіз орындайды, зерттеу нәтижелерін түсіндіріп, дәлелдеп тұжырымдай біледі. Жағдаяттық тапсырмаларды шешудезерттеудіңнегізгі және қосымша әдістерін кеңінен сипаттап, дифференциялық диагностикаға нақты сипаттама жасайды. Аурудың этиологиясы мен патогенезіне сүйене отырып диагноз қойды. Аурудың этиологиясы мен патогенезін дұрыс түсінудің нәтижесінде ауруды емдеудің тиімді жоспарын жасап, болжай білді. Клиникалық ойлау қабілеті анық, әрі айқын.
85 бал Интерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойыны) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдық материалдарды толық меңгергендігін көрсетті. Айқын және жан-жақты жауап береді, бірақ кейде теориялық қорытындыларды негіздей алмайды және логикалық негіздемелерді бере алмайды, орташа біліммен бұрынғы оқытылған пәндердің материалдарын меңгеруде жақсы деңгейді көрсетті, негізгі және қосымша материалдарды (басқа оқулық) пайдаланады. Студент сұраққа сенімсіз жауап береді. Кейде қателер жібереді және өзі түзетеді. Практикалық машықтарды орындау техникасын меңгерген, қорытындысында түсіндіре отырып, талдай алады. Жағдаяттық тапсырмаларды шешудезерттеудіңнегізгі және қосымша әдістерін кеңінен сипаттап, дифференциялық диагностикаға нақты сипаттама жасайды; аурудың этиологиясы мен патогенезіне сүйене отырып диагноз қойды. Аурудың этиологиясы мен патогенезін дұрыс түсінудің нәтижесінде ауруды емдеудің тиімді жоспарын жасап, болжай білді. Логикалық, клиникалық ойлау қабілеті анық, әрі айқын.
80 бал Интерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойыны) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдық материалдарды жақсы меңгергендігін көрсетті. Бұрынғы оқыған пәндерінің материалдарын орташа деңгейдегі біліммен жақсы меңгергендігін көрсетеді, негізгі әдебиетті және қосымша әдебиеттерді (басқа оқулық) пайдаланады, өзінің көзқарасын жеткізе алады. Студент қателер жібереді және оқытушының жаңа сұрақтар қоюы арқылы түзетеді. Практикалық машықтарды орындау техникасын меңгерген, қорытындысында түсіндіре отырып, талдай алады. Жағдаяттық тапсырмаларды шешудезерттеудіңнегізгі және қосымша әдістерін кеңінен сипаттап, дифференциялық диагностикаға нақты сипаттама жасайды. Аурудың этиологиясы мен патогенезіне сүйене отырып диагноз қойды. Аурудың этиологиясы мен патогенезін дұрыс түсінудің нәтижесінде ауруды емдеудің тиімді жоспарын жасап, болжай білді. Клиникалық ойлау қабілеті анық, әрі айқын.
бал Интерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдағы материалдарды толық баяндай алмады, талқыланатын сұрақтар туралы түсінігі жоқ, пайымдауда қателер жібереді, осыған қатысты бұрынғы оқыған пәндерінің материалдарын орташа деңгейдегі білім деңгейінің жақсы екендігін көрсетті, негізгі әдебиетті және қосымша әдебиеттерді (басқа оқулық) пайдаланады. Студент маңызы жоқ қателер жібереді және оқытушының көмегімен түзетеді. Практикалық машықтарды орындау техникасын меңгерген, қорытындысында түсіндіре отырып, талдай алады. Жағдаяттық тапсырмаларды шешудезерттеудіңнегізгі және қосымша әдістерін нақты сипаттап, дифференциялық диагностикаға нақты сипаттама жасайды. Тек қана оқытушының көмегімен аурудың этиологиясы мен патогенезіне сүйене отырып диагноз қойды. Аурудың этиологиясы мен патогенезін дұрыс түсінудің нәтижесінде ауруды емдеудің тиімді жоспарын жасап, болжай білді. Клиникалық ойлау қабілеті айқын.
70 бал Интерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдағы материалдарды толық баяндай алмады, бұрынғы оқытылған материалдарды меңгеруде орташа білім деңгейін көрсетті, тек қана негізгі әдебиетті пайдаланады. Жауабы толық емес, оқытушының белсенді қатысуы арқылы түзетуге болатын маңызы жоқ қателер жібереді. Студенттің меңгерген материалдары алдағы оқуына жеткілікті, студент негізгі әдебиет бойынша білімін көрсетті. Нақты мысалдар келтіргенде білімін еркін қолдану оған қиынға соғады. Практикалық машықтарды орындаудың техникасы мен әдістерін біледі. Тақырып бойынша сұрақтарды талқылауда белсенді емес. Жағдаяттық тапсырмаларды шешудезерттеудіңнегізгі және қосымша әдістерін бөлшектеп сипаттап, дифференциялық диагностикаға бөлшектеп сипаттама жасайды, аурудың этиологиясы мен патогенезіне нақты емес дәлелдермен диагноз қойды, болжай білді. Клиникалық ойлау қабілеті анық емес.
   
60 бал Интерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдағы материалдарды терең түсінбейді, логикалық ойларын негіздей алмайды, бұрынғы оқытылған материалдарды меңгеруде білім деңгейінің төмен екендігін көрсетті, тек қана негізгі әдебиетті толық емес деңгейде пайдаланады. Жауабы толық емес, оқытушының көмегімен кейбір бөлігін ғана түзете алатын маңызды қателер жібереді, практикалық машықтарды орындаудың техникасын толық білмейді (кейбір кезеңдерді білмейді). Практикалық машықтарды қорытындылауды білмейді және тұжырымдай алмайды. Жағдаяттық тапсырмаларды шешудезерттеудіңнегізгі және қосымша тексеру әдістерін толық сипаттай алмады, тексерудің қосымша әдістерін баяндай алмады. Дифференциялық диагностикаға бөлшектеп сипаттама жасайды, аурудың этиологиясы мен патогенезіне нақты емес дәлелдермен диагноз қойды. Емдеудің жоспарын тек қана оқытушымен бірге жасай алады, аурудың этиологиясы, патогенезі жөніндегі мәліметтерді толық қолдана алмады, болжаммен анықтады. Клиникалық ойлауды меңгермеген.
50 бал Интерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдағы материалдарды талдауда белсенділік танытпады, сондықтан бұрынғы оқыған пәндердің материалдарын нашар меңгеріп, білім деңгейінің төмен екендігін көрсетті, негізгі әдебиетті толық көлемде пайдалана алмайды. Жауабы толық емес, қателері көп, оқытушының жаңа сұрақтарынан кейін де кейбір қателерді түзете алмайды. Практикалық машықтарды орындаудың техникасын толық білмейді. Қорытынды жасай алмайды, сонымен бірге зерттеудің нәтижесін де сипаттай алмайды. Жағдаяттық тапсырмаларды шешудезерттеудіңнегізгі және қосымша әдістерін, қосымша тексеру әдістерін толық сипаттай алмады және дифференциялық диагностикаға нақты сипаттама жасай алмады. Диагноз қоюды бөлшектеп сипаттады. Емдеудің жоспарын тек қана оқытушымен бірге ғана жасай алады, түрлі аурулардың этиологиясы, патогенезі туралы мәліметтерді толық қолдана алмады, болжай білді. Клиникалық ойлау қабілеті жоқ.
0 бал Студент сұраққа жауап бергенде тақырып бойынша білімінің жоқтығын көрсетті. Практикалық машықтарды білмейді. Жауап бере алмайды.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-10-27; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 504 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Победа - это еще не все, все - это постоянное желание побеждать. © Винс Ломбарди
==> читать все изречения...

778 - | 751 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.