Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


ОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Жаңажол газ өңдеу зауыты - "Ақтөбемұнайгаз" акционерлік қоғамы құрамындағы Жаңажол мұнай-газ конденсат кен орнының газын өңдейтін арнайы кәсіпорын. Зауытта жалпылама біржылдық өнімділігі 5 млн. т мұнай, 2,2 млрд. м3 газ дайындайтын үш технологиялық желі бар. Зауыт 127-93 ГОСТ-қа сәйкес келетін кесек күкіртшығарады. Мұнай газын күкіртсутек пен көмір қышқылынан тазарту процесінде алынатын "қышқыл газдар" күкірт алатын шикізат болып табылады.

Өлшеу жұмыстарын жүргізуді, өлшеніп алынған нәтижелерді математикалық жолмен есептеуді тиісті ережелер мен тәсілдерді басшылыққа ала отырып орындау қажет. Дегенмен, ешқандай өлшеуді абсолют дәлдікпен орындай алмаймыз. Өлшем нәтижелерінде әрқашан да белгілі бір қате болады. Эталонмен салыстырылған өте дәл құралдармен өлшегеннің өзінде өлшем нәтижелерінде азды-көпті қате кетеді. Берілген шаманы өлшеуіш аспаптың дәлдігінен де жоғары дәлдікпен өлшеу мүмкін емес. Мысалы, қатесі 0,1 % болатын сызғышпен (яғни, 1 м сызғыштың дәлдігі мм) ұзындықты 0,001 % дәлдікпен өлшей алмаймыз. Сөйтіп кез келген физикалық шаманы өлшегенде ылғи да белгілі бір қателікпен өлшейміз. Өлшеу процесінде шаманың сандық мәнін табумен қатар өлшеу кезінде жіберілетін қатені анықтау қажет болады.

«Метрология» деген сөз гректің «метрон» - өлшем, «логос» - ілім дейтін екі сөзінен құралған. Метрологияның сөзбе–сөз мағынасы - өлшеу туралы ілім. Қазіргі кездегі анықтама бойынша, метрология - өлшеу туралы, өлшеу бірегейлігін және дәлдігін қамтамасыз етудің жолдары мен тәсілдері туралы ғылым.

Метрологияның шешетін басты мәселелері:

- өлшеудің жалпы теориясы;

- физикалық шамалардың бірліктері мен жүйелер;

- өлшеудің тәсілдері мен құралдары;

- өлшеу дәлдігін анықтау тәсілдері;

-өлшеудің біркелкілігі мен өлшеу құралдарының біртектілігін

қамтамасыз ету;

- өлшеудің үлгі құралдары мен эталондары;

Осыдан, метрологияның басты мақсаты өлшемнің бірегейлігі мен дәлдігін қамтамасыз ету екенін көреміз.

Метрология – физикалық мөлшерлердің өлшеу, олардың бірліктерін қамтамасыз ететін құрал және әдістер, қажетті дәлдікке жету әдістері туралы ғылым.

Метрологияның мақсаты – физикалық мөлшерлердің жүйесін анықтау, олардың өлшеу құралдарын және әдістерін дамыту, өлшеу дәлдіктерінің бағалау әдістерін, өлшеу бірлігін қамсыздандыру, өлшеу құралдар, үлгілермен жабдықтау.

Өлшеу құралы–қолданушы қабылдауына оңай немесе өлшеу нәтижелерін өңдейтін техникалық құралдар түрінде өлшеу ақпаратты бейнелеу және өлшеу құралы.Өлшеу әдістері - өлшелінетін физикалық мөлшердің мағынасын алу мақсатымен өлшеу құралдарын және принциптерін пайдалану әдістері.

Өлшеу құралдарының автоматты жүйесінің негізгі сипаттамасы – дәлділік. Дәлділік берілген ауытқу негізінде анықталады- абсолютті ауытқудың осы құралдың соңғы көрсеткіштерінің айырымына қатынасы.

Өлшеуді абсолютті және қатынасты ауытқуға бөледі. Өлшеудің абсолютті ауытқу деп өлшеу нәтижесімен осы мөлшердің шын мағынасымен айырымын түсінеді. Өлшеудің қатынасты ауытқуын абсолютті ауытқудың өлшеу мөлшердің шын мығынасына қатынасын түрінде анықтайды. Өлшеу құралдарының сипаттамасы өлшеу әдістер қолдануға байланысты автоматты бақылау жүйесінде келесі әдістер жиі қолданылады: нөлдік, мөлшермен салыстыру, тікелей бағалау, қарама-қарсылық, түйсіну,т.б.

 

ЖАЛПЫ БӨЛІМ

Табиғи газдың тасымалдау Қазақстанның сегiз облысының аумағымен өтетін магистралды газ құбырларының жүйесi бойынша жүзеге асырылады. Қазақстан аумағындағы әкетушi және әкелушi газ құбырларын есептегенде магистралды газ құбырларының жалпы ұзындығы 14 мың шақырымды құрайды. Қазақстанның магистралды газ құбырлар жүйесi бұрын жалпы одақтық газ тасымалдау жүйесiнiң бөлiгi ретiнде құрылды және сондықтан, оның қызметi табиғи газды Орта Азиядан Ресейдiң солтүстiк облыстарына, Украина және Закавказье Республикаларына жеткiзуге бағытталған. Газ құбырлары қала өнеркәсiбi мен халықтың сұранысын тек транзит газ құбырларының трассаларына жапсарлас қалалар мен елдi мекендердi қамтамасыз ететіндей етiп жоспарланған.

Түркiменстан және Солтүстiк Кавказға қосымша тармақталған - газ құбырларымен Өзбекстан шекарасынан Ресей Федерациясының шекарасына "Александров Гай" КС-не дейiнгi газ құбырының төрт, бес тармағынан тұратын базалық "Орта Азия - Орталық" газ магистралы. Осы газ магистралы бойынша бастапқы жобалық қуаттылығы 60 млрд. текше м. болған кезде жылына 35-40 млрд. текше м. дейiн газ тасымалданады. Соңғы жылдары нақтылы транзитi 26-29 млрд. текше.м. көлемiнде болған жылына 42 млрд. текше м. газ транзиттелiнген техникалық параметрлерi бар Батыс Қазақстан облысы аумағы бойынша Орынбор ГӨЗ- ден "Александров Гай" КС-не дейiн өтетiн екi КС бар - "Союз" және "Орынбор - Жаңа Псков" газ құбыры. Бұрын Өзбекстан және Түркiменстаннан Ресейдiң өнеркәсiп аудандарына газ тасымалдауға арналған, ал қазiр көбiне Ақтөбе облысына газ жеткiзу үшiн пайдаланылатын қос тармақты "Бұқара - Орал" газ құбыры.

«Жаңажол КС-113» магистралды газ құбырымен Жаңажол мұнай-кен орнында өндірілетін қосалқы газ ішкі тұтынуға және экспортқа тасымалданса, «Интергаз-Орталық Азия» АҚ Шалқар желілік-өндірістік басқармасының негізгі бағыты болып "Бұқара - Орал" газ құбыры арқылы табиғи газ тасымалдау табылады. Магистралды газ құбырлары Қазақстанның екі облысының аумағымен өтеді. Олар Қостанай және Ақтөбе.

Бұл магистралды газ құбырының бірі Ақтөбе облысы Шалқар ауданының аумағында орналасқан КС (компресор станциясы)-12. Шалқар желілік-өндірісітк басқармасы Ақтөбе облысы Шалқар аудананың оңтүстігінің 383 шақырымында орналасқан. Ең жақын орналасқан елді мекендердің бірі Шалқар қаласынан 47 шақырымдағы Қайдауыл бекетінен 1,5 шақырымдағы Қауылжыр ауылы.

Шалқар желілік-өндірісітк басқармасының құрамында 100-ге тарта маман қызмет атқарады. Олардың барлығы өндіріс аумағынан 2,5 шақырым жерде орналасқан Қауылжыр селосында тұрады. Жұмыс уақыты 8сағатты құраса, диспечерлік және операторлық құрам күндіз-түнгі режимде жұмыс атқарады.

Өндірістік аймақтың аумағы барлығы (КС-12-55034) шаршы метрді құрайды. Осы аумақта басты басқару щиті (ГЩУ), отын-газ жіберу блогы (БПТПГ), газ айдау агрегаттары ГПА-Ц 6,3, трансформаторлық подстанция, жылу қазандықтары орналасқан. Батысқа қарай 2,3 шақырым жерде Шалқар желілік-өндірісітк басқармасы бар.

КС-12 (көне) 738000 м2 ауданды құрайды. Станцияның аумағында жылу қазандықтары, электростанциялар, автокөліктер тұрағы, материалды қойма, АЗС, металды қойма, тракторлы гараж, АБК ғимараты бар. Кс-12 жылыту орталықтандырылған жүйемен, өзінің жылу қазандықтары арқылы жүргізіледі. Автоматты телефон станциясы бар. Барлық қалаларға шыға алатын телефон желісі диспечерлік қызмет АТС «Қазақтелеком» басқармасы бар.

Магистралды газ құбырлары басқармаларының объектілерінің арасындағы байланыс спутниктік байланыс каналдары арқылы орнатылған. Ал, елді-мекендермен байланыс және де басқа да бірінші жедел хабарламалар орталығы яғни, полиция бекеті, от қауіпсіздігі қызметі тағы да басқа қызметтер арасындағы байланыс МТС «Қазақтелеком» арқылы жүзеге асады.

1) Әкімшілік тұрмыстық кешен- мұнда, әкімшілік жұмысшыларға жұмыс кестелерін қою және ұйымдастыру қызметін көрсетеді, жұмыс басталар алдында ауысым және күндізгі қызметкерлеге техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, күндізгі жұмыс жасау жоспары жасалады, жұмыс жүру тәртібін, санитариялық тазалықты, басқарма жұмысын атқарады, қызметкерлерге тапсырма береді. Онда КС бастығы мен оның көмекшісі отырады.

2) Бас басқару щиті- өндірістегі 7 агрегаттың параметрлерінің, ондағы вибрация, двигатель подшипниктерінің температурасын, электроқозғалтқыш жұмысын, тарту күші (нагнетания), сигнализациялар және апаттық крандар жағдайы туралы және тағыда басқа шамаларды көрсетіп бақылайды. Ауа райының температурасына және агрегаттардың істен шығуы кезінде осы бас басқару щиті арқылы агрегаттарды іске қосып немесе ажырата алады. Онда ауысым бойына КС инженері отырады.

3) Қазандық цехі- онда өндірісті жылытумен сумен қамтамасыз етеді. Қазандық қондырғы Р-100 маркалы қазандық, автоматтандырылған қондырғы. Мұнда жауапты адам КС машинисті және жөндеу бойынша слесарь КС жауапты.

4) Циклонды шаңқаққыштар- станцияға келетін газдың құрамындағы қоспаларды айырып алады да, оны ары қарай айдауға жібереді. Циклонды шаңқаққыш конус тәрізді формада болады, газ жоғары қабырғасынан бөлгішке келіп, циклон көмегімен газға ортадан тепкіш күшпен жібереді де одан шыққан май су және т.б қоспаларды айырып құбырлар арқылы немесе аппарат түбінде тұнып қалады. Газдан бөлініп алынған майлар сепараторлардан өтіп, құрамы бойынша ажыратылып бөшкелерге жіберіледі.

5) Салқындатқыштар (АВО)- оларды газ тасымалдау кезінде төменгі температурадағы газдарды құбырлар арқылы жіберу тиімсіз, біріншіден олар құбырларың созылуына, тесілуіне әкелсе, екіншіден төменгі температурада газдар аз көлемде тасымалданады сондықтан жаздың күндері кірістегі тазартылған газды салқындату үшін қолданылады.

6) Жағуға жіберетін газды дайындау блогы (БПТПГ)- магистралдан өтіп жатқан газдан жағуға және жіберуге дайындайтын блок. Мұнда негізгі 3 блок бар, оның екеуі резервте тұр қалған біреуі жұмыс істеп тұрған блок. Мұнда екі түрлі газ айырып алынады олар: жіберуші газ (пускавой) және жағу үшін (топлинный) газ. Жағуға арналған газ осы өндірісті газбен қамтамасыз етсе, жіберуші газ ол ауылды газбен қамтамасыз етеді.

7) IІ деңгейді сораптар- олар КС-10 келген резервуардағы суды ауылды ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр. Мұнда 4 сорап бар оның екеуі ауылға су айдаушы сорап болса, қалған екеуі өрт қауіпсіздігінің сораптары болып келеді. 2 су айдау сорабының біреуі ғана жұмысшы сорап ал екіншісі резервте тұрады.

8) КС агрегаттары- газы магистралды газқұбырларына жеткізу үшін сонымен қатар, оны сығылған компрессорлық станцияларға орнату үшін арналған. Агрегаттар ГПА-Ц-6,3 маркалы, өзімен бірге ол толық тегеурінді блокты автоматты айдағыш құрылғысы және жетекті авиациялық НК-12СТ электроқозғалтқышы болады. Негізгі агрегаттың жетеуі болады оның біреуі ғана магистралді айдауға қосылады. Агрегат двигателінен шығатын подшипниктің майының температурасына агрегат жұмысы тәуелді болып келеді. Агрегат жұмысы бас басқару щитінде көрсетіліп отырады, күндізгі жұмыс уақытында ондағы аппараттардың жұмысын слесарь прибористтер жанында бақылап жүреді, ал тунгі уақытта ауысым инженері щит арқылы бақылап отырады, егер өзгеріс болған жағдайда КС бастығына және басқарушы инженерге хабарланады. Сонымен бірге щиттегі агрегат параметрлерінің шамасы журналдарға түсіріліп отырады.

9) Жөндеу шеберханасы- істен шыққан бақылау өлшеу аспаптарын және бірінші реттік, екіші реттік аспаптарды жөндеу және жұмыс істеп тұрған приборларды тексеру жұмыстары жүреді. Мұнда слесарь мен приборист отырады.

Автоматика жабдығы бойынша техник- баптаушы міндеттеріне- техногроф 160, ЗГТ-130, КСП-2, майдағы температурасын, диаграмма бумаларын, сиясын қадағалайды, газ шығынын есептейтін приборларды, резервтегі агрегаттарды дайындау жұмыстарын жасайды. Техник- механик прибористке, слесарларға тапсырма беріп оларды қадағалайды.

Өндірістік аймақтың аумағы барлығы (КС-12-55034) шаршы метрді құрайды. Осы аумақта басты басқару щиті (ГЩУ), отын-газ жіберу блогы (БПТПГ), газ айдау агрегаттары ГПА-Ц 6,3, трансформаторлық подстанция, жылу қазандықтары орналасқан. КС құрамында 1 КИП жұмыс жасайды ол агрегат автоматикасы, прибор жарамдылығы туралы сұрақтарды қарастырады Автоматика жабдықтарын күту құжаттарын берілген паспорттар, кесте бойынша уақытылы тексеріліп ауыстырылып отырады. Нормотивтік құжаттар мемлекеттік және де ведомосттық түрде жүргізіледі. Тексеріліп болғаннан кейінгі нәтиже паспортқа жазылады. Сонымен қатар тексерілген бақылау өлшеу аспаптарын тексеру нұсқама толтырады. Онда нұсқама аты мен индексі, редакция номері, бекітілген күні жазылады. Кез- келген автоматика құрылғыларының принципиалды электрлік схемалары болады. КИП қызметкерлерінің жұмысы басқарушы инженер басты ЛПУ инженер КИП-ке бағынады. Ал, басқарушы инженерге- инженер, приборист, слесарь бағынады.Жыл басында жабдықтардың сынақтан өткізілу кестесі жасалады. Инженерлер қосалқы құрал жабдықтар, қазандықтар, сораптар автоматикасына эксплуатация жасайды.

Электроконтактілі манометр

Электроконтактілі манометр тек қана газдағы қысымды өлшеп қоймай сыртқы құрылғыға сигнал береді. Ол технологиялық процесті блокировкаға, қорғанысқа түсіру үшін қолданылады. Манометрдің екі жарғысы болады: төменгі жне жоғарғы. Жалпы процесте өзімізге белгілі апаттық жағдай, қалыпты жұмыс жағдайы болады. Егер де манометрдің шкаласы жоғарылап немесе төмендесе, мысалы, агрегат жұмысын тоқтатады.

Апаттық сигнал жарық беруші немесе дыбыстық болуы мүмкін. Манометрді келесі жағдайда қолданбаймыз:

- егер бет әйнегі сынған болса;

- тілшесі орнықты емес, 0 шамасына қайтып келмей тұрса;

-аспап қателігі қалыпты жағдайдан асып кетсе;

-аспап жұмыс жасамай тұрса;

Деңгей өлшегіштер

Деңгей өлшеуіш-резервуалардағы жабық ыдыстардағы сұйық заттардың тоғандардағы ұңғымакұдықтардағы судың деңгейін өлшеуге арналған аспап.Оның бірнеше түрлері бар: рейкалы, қалтқылы, гидростатикалық, электрлік, фотоэлектрлік,радиозотортық.

Биметалды термометрлер

Биметалды термометрдің жұмыс жасау принципі оның екі түрлі сызықтық үлкею, температуралық коэффициентке ие екі металл сезімтал элементтен тұрады. Метал пластиналар көбіне пісіру жолдарымен қосылатын пружина түзеді. Бұл пружина өз кезегінде жоғары температурада көлемі үлкейіп, аспаптың тілшесін қозғалтады.

Қазіргі уақытта термометрлер агрессивті ортада жұмыс жасауы үшін өртке төзімді, коррозияға төзімді болып шығарылады. Оның аспап қателігі өлшеу диапазоны, термометр типіне байланысты болады. Төмен температураларда (700 С -100 0 С) аспап қателігі 1 0 С, ал жоғарғы температурада (6000 С дейін) 100 С болады.

Газ аналитикалық аспаптар

Газ аналитикалық аспаптар өлшенетін компоненттің концентрациясы мәнін немесе талдалынатын газды қоспадағы олардың қосындысы туралы ақпаратты алуға арналған өлшеу құрылғысын айтады. газ құрамының датчик және екіншілік аспаптың жиынтығын газ анализатор (талдауыш) деп атайды. Газ аналитикалық аспаптар отындық газдың анализі үшін, көптеген технологиялық процестер барысында газдық ортаның құрамын бақылау үшін, қызмет көрсетуші жұмыскерлер денсаулығына зиянды газдар жиналуы мүмкін өрт- және жарылыс қауіпті өндірістер мен ғимараттарда, сонымен қатар қоршаған атмосфера құрамының шекті мәнің бақылау үшін өндірістің барлық салаларында және ғылыми зерттеулерде іс жүзінде кеңінен қолданылады. Газ аналитикалық аспаптардың номенклатурасы талдалынатын газды қоспалар көптүрлігі мен сезімталдыққа, дәлдігі мен өлшеудің қайта көрсетуін таңдауға қойылатын түрлі талаптарынан айтарлықтай үлкен.
Термотүрлендіргіш

Термотүрлендіргіш (орыс. термопреобразователь) - жұмыс істеу принципі термоэлектрлік құбылыстарға негізделген. Ол айнымалы токты тұрақты токқа түрлендіретін құрылғы. Негізінде термоэлектрлік өлшеуіш аспаптарда пайдаланылады. Айнымалы токтың электрлік жылытқышынан және термоэлементтен (термопарадан) түрады. Термотүрлендіргіш түйіспелі түрі болады. Онда термоэлемент жылытқышқа тікелей қосылады. Түйіспесіз түрі де болады. Онда термоэлементтің жұмыс қосылығы жылытқыштан бөлек орналасқан. Термотүрлендіргіштің крест тәріздісі де болады. Жылу шығынын азайту және сезімділігін жоғарылату мақсатпен термотүрлендіргіштер көпэлементті етіп жасалады да вакуум ішіне орналастырылады.

Платина кедергі термотүрлендіргіші үшін ең жақсы материал болып табылады, өйткені ол таза түрінде жеңіл алынады, өнімділігі жақсы, жоғары температуралы қышқылдану ортасында химиялық түрде инертті, 3,94×10-30С-1-ге теңжеткілікті үлкен температуралық кедергі коэффициенті және 0,1×10-6Ом×м. жоғары салмақты кедергісі бар. Платиналы кедергі термотүрлендіргіште-рін –260-тан +11000С температураны өлшеу үшін қолданады, осыдан –260-тан +11000С температура диапазоны үшін диаметрі 0,05-0,1 мм-ге тең платиналы өткізгіштер қолданылады, ал +11000С-ға дейінгі температураны өлшеу үшін осы температурада-ғы платиналарды рассыпления*** күшінде өткізгіштің диаметрі шамамен 0,5 мм болады. Қолданылатын платиналы өткізгіштер үшін R100/R0қатынасының мәні 1,3850-1,3910 болады.

Платинаның кемшілігі Rt= f(t) функциясының сызықты еместігі және, одан бөлек платина - өте қымбат металл болып табылатыны.

Мыс – онша қымбат емес, таза түрінде жеңіл алынатын металдардың бірі. Мысты кедергі термотүрлендіргіштері диапазоны –50-ден +2000С-ға дейінгі температураны өлшеу үшін арналған. Өте жоғары температурада мыс жылдам тотықтанады және сондықтан да оны пайдаланбайды.

Аталған түрлендіргіштің бірінші ретті аспабында термопара датчигі болады. Термопара екі пісірілген металдан тұрады. Нәтижесінде жоғары дәрежеде ЭҚК шығады. КС-12 агрегатында осы датчик орнатылған, датчикке тіркескен қағаз болады, сиясымен. Онда алынған нәтиже жазылып отырады. КС-12 агрегаттын шекті температурасы 600 0 С дейін.

Еңбек қорғау - өмір қауіпсіздік және жұмыскердің жұмыс уақытындағы денсаулығын қамыту жүйесі және оған кіреді құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-сақтандырылатын, ақтау және басқа шаралар мен әдістер.

Еңбекті қорғауға ішіне кіреді:

- өндірістегі қауіпсіздік және еңбекті қорғау;

- қауіпсіздік техникасы;

- өндірістік санитария және еңбек гигиенасы;

- өрт қауіпсіздігі.

Еңбек жағдайын қауіпсіз өнімді көтеру үшін ұйымдастырушылық, техникалық және санитарлы-гигиеналық шаралар еңбек қорғау туралы заңының құқықтық негізі болып табылады.

Жаңадан шыққан ҚР «Еңбек кодексі» қауіпсіздік, өмірді сақтау және жұмыскердің жұмыс уақытындағы денсаулығын қамтамасыз етуге арналған, еңбек қорғау және қауіпсіздік облысында мемлекеттік политикасының негізгі принципін іске асыру, ҚР еңбекті қорғау облысында қоғамдық қатынасты жөндейді.

Қауіпсіздік техникасы - жабдықтар және ұйымдастыру мен техникалық шаралардың жүйесі, кейбір жағдайда улы және зиянды заттардың адамның денсаулығына зиян келтіруі және жұмысшыларға әсер етуін жою.

Өндірісте зиянсыз және қауіпсіз жағдайлар жасау үшін жүргізілетін нақтылық шаралар арнайы ережелер және нормалармен белгіленеді. Олар әрекет өрісіне қарай біріңғай, сала аралық және салалық болып бөлінеді.

Біріңғай ережелер мен нормалар халық шаруашылығының барлық саласына әсерін тигізеді. Олар өнеркәсіптердің қандай болмасын біркелкі қауіпсіздік талаптарды қояды.

Сала аралық ережелер мен нормалар өнеркәсіптің бірнеше салаларында ғана қолданады немесе қай салада болмасын тек кейбір өндірістерге, жұмыстарға ғана қатысты болады, мысалы, электр қондырғыларын жасау ережелері, газ шаруашылығындағы қауіпсіздік ережелері.

Салалық ережелер мен нормалар тек қана өндірістің бір ғана саласына таралады және олардың талаптары сол саланың өзгешелігін ескерді, мысалы, автомобиль транспортында еңбекті қорғау ережелері.

Ережелер мер нормалардың ішінде еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесінің (ЕҚСЖ) маңызы зор. ЕҚСЖ дегеніміз еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған өзара байланысқан стандартардың комплексі (жинағы).

Еңбек туралы заңдарда қызыметкерлер үшін еңбек қорғау ережелерін бұзғаны жөнінде қатал жауапкершілік белгіленген. Кәсіпорындарын басшылары мен инженер-техникалық қызметкерлері – директордан бастап мастерлерге дейін – жауапқа тартылады, егер:

1. Өзіне жүктелген еңбекті қорғау ережелерін орындамаса;

2. Өзінін ісімен еңбекті қорғау ережелерін бұзса немесе бұл мәселеде әрекетсіздік көрсетсе;

3. Еңбекті қорғау ережелерінің талаптарын қамтамасыз етпегендіктен адамдарға сәтсіз оқиғалар туғызса.

Жауапкершіліктін мынандай түрлері болады: тәртіптік, әкімшілік, материалдық және қылмыстық жауапкершіліктер. Олардың қандай түрі қолданылатыны теріс қылықтын айырмашылығы, кінәсінің шамасы және бүзу салдарының ауырлығы арқылы анықталады.

Техника қауіпсіздігімен электр құралдарын қолдану нормаларын элеткр әсерлерімен өнеркәсіптер мен тұтынушыларға тарату жүйесі электр қауіптілігі көзқарасынан жақсы қарастырылған: электрмен, электр әсерімен денсаулыққа зиян келтіру мүмкіндігін жоққа шығарады.

Егер бұл қауіпті жағдайға әкеп соғады.Қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін электр құрылғыларын жоспарлау кезінде қауіпсіздік ережелері бойынша мынадай жағдайлар ескеріледі, тоқ тасымалдау құралдары мен бөліктерінен нормада көрсетілген биіктен төмен тұрған жерлерді қоршау, айырғыштармен дұрыс емес операцияларды тоқтату, қоршауға кіруге болмайтын техникалар білу және т.б.

Техника қауіпсіздігінде орналасу орындарының ерекшелігіне байланысты қосымша шаралар қарастырылған.Бірақ бұл шаралар негізгі ережелерге қайшы келмеуі тиіс және жергілікті еңбекті қорғау орындарымен келісімде болу керек.

Электроқұрылғыларда жұмыс істеу үшін 18 жасқа толған, денсаулығы осы бөлімдегі адамдардың денсаулығына қойылатын талаптарға сай келетін қызымет бойынша комиссияға емтиханды жақсы тапсырған адамдар қабылданады.

Шитта болатын нәрселер, өрт сөндіргіш құрал, күрек, шелек. Барлық шиттардың қасында жәшікте құм болу керек. Өрт сөндіру құралдарынан басқа істерге қолдануға болмайды.

 

Егер өрт бола қалған жағдайда, ыстық құралдарды немесе құрылғыны тез уақытта өшірілуі керек, одан кейін өрт сөндіруге кірісу керек.

Өрт сөндіру үшін суды, көбікті, үгінділерді және инертті газдарды пайдаланады.
Суды өрт сөндіретін жеңдер, зеңбіл арқылы қолданады.
Төмендегі аталған нәрселер өрт кезінде судың көзі болып табылады:
- өрт сөндіру гидрантарымен жабдықталған өрт сөндіру су құбырлары;
- арнайы крандармен, зеңбілдермен, жеңдермен жабдықталған ішкі су құбыры;
- арнайы жабдықталған бүкіл су құбырлар жүйесі.
Көлдердің, өзендердің суларын пайдалануға болады. Объектілердің ауласында арнайы бөшкелерде су қорын сақтауға болады.
Кейбір жағдайларда суды өрт сөндіруге қолдануға болмайды. Мысалы, калий, натрий, кальций карбидін, алюминий үгіндісін т.б. заттарды су арқылы сөндіруге болмайды.
Электр қондырғыларды да сөндіруге су қолдануға болмайды.
Ағашқы өрт сөндіру құралдарына қол және жылжымалы өрт сөндіргіштер, құм салынған жәшіктер, су құйылған бөшкелер, шелектер т.б. жатады.
Өрт сөндіргіштердің түрі – көбікті, көмірқышқылды, үгінді түрде болады.Өрт сөндіру жабдықтарына спринклерді және дречерлі қондырғылар жатады.Барлық мекемелерде алғашқы өрт сөндіру құралдары нұсқаулыққа сәйкес, толығымен және іске жарамды түрде тұруы қажет.
Бұл шара үшін арнайы бекітілген өрт сөндіру қызметшісі немесе арнайы нұсқаулықтан өткен адам жеке басымен жауап береді.
Өрт сөндіргіштер мен өрт сөндіру крандары нөмірленіп арнайы журналда тіркеліп тұруы керек. Журналда өрт сөндіргіштердің соңғы рет толтырылғаны мерзімі, кранның соңғы тексерілген мерзімі көрсетілуі керек. кеткен көмірқышқыл газды өрт сөндіргіштерді дереу ауыстырады. Баллонның жоғары жағында мерзімі жазылады. Бірінші сан- айы, екінші – жылы, соңғы- келесі толтыру жылы деп есептеледі.

ОРЫТЫНДЫ

Мен Әбдіғалиев Жамбыл 407 АС студенті технологиялық тәжірибемді «Жаңажол газ өңдеу зауытында» өттім. Компания Қазақстан Республикасында магистральды газ құбырларымен газ тасымалдауды жүзеге асырады. Тәжірибе барысында колледжден алған білімімді тәжірибе жүзінде ұштастырып қосымша көптеген мәліметтерді алдым. Мамандармен кездесу, кәсіпорында технологиялық тәжірибеден өту орнымен, бағдарламамен және кәсіпорынның құрылымымен өндірістік процестегі әрбір цехтың, бөлімнің міндеттерімен, жұмыс орнымен, олардың арасындағы өзара байланысы, кәсіпорынның материалдық техникалық қамтылуымен және қойма шаруашылықтарымен, зауыт ішіндегі транспорттармен таныстым. Кәсіпорынды ішкі электрмен қамтамасыздандыру схемасын, жеке цехтар мен объектілердің электрмен қамтамасыз етуді білу, автоматика жүйесін (резервтің автоматты қосылу және қайта косылу автоматикасы), реактивті қуатты компенсациялау қондырғысын, электр энергияның пайдаланған есептеу жүйесін, электр энергиясын үнемдеу шараларымен таныстым. Электр жабдықтарын күту құжаттары, жеке механизмдерді басқарудың электр схемалары, электрмен камту және цехтарды электрмен жабдықтау құжаттарымен танысу, оларды сақтау ретімен және өндірістік тапсырмаларды орындайтын жұмысшылардың қамтылу тәртібін меңгердім. Тәжірибе кезінде керекті мәліметтер алып, өндіріс орнының атқаратын қызметімен таныстым.

ОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Кабашев Р. А Жылу энергетикасы

2. А.А.Шарков.,Г.М.Притько.,Б.В.Палюх. Автоматическое регулирование и регуляторы

3. Монтаж систем автоматизации технологических процессов, А.С.Клюев

4. Проектирование систем автоматизации технологических процессов, А.С.Клюев, 1990 ж

5. Клюев А.С. Автоматическое регулирование

6.Е.Ф.Шкатов.,В.В.Шувалов. Основы автоматизации технологических

процессов химических производств

7 Голубятников В.А.,Шувалов В.В. Автоматизация процессов в химической промышленности.

8. Исакович Р.Я Автоматизация производственных процессов нефтяной и газовой промышленности

 

 

ОСЫМША

 

Қосымша 1. Газ қондырғысы

 

Қосымша 2. Бас басқару щиті

 

Қосымша 3. IІ деңгейді сораптар

 

Қосымша 4. Жағуға жіберетін газды дайындау блогы (БПТПГ)



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
История четвертая. О том, как сотрудники помогли Semco пережить трудные времена | Социальная модель в рамках Европейского Союза
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-10-27; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 450 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Большинство людей упускают появившуюся возможность, потому что она бывает одета в комбинезон и с виду напоминает работу © Томас Эдисон
==> читать все изречения...

4594 - | 4240 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.013 с.