Протекционизм | Фритредерство | |
Мағынасы: | Шетел өнімдерін ішкі нарыққа кіргізуді ұлттық өндірісті қорғау үшін шектеу. | Ешбір кедергілерсіз мемлекеттер арасында тауарлар мен қызмет-тердің еркін жүруі. |
Артықшылықтары: | Төлем балансын теңдес-тіреді, демпингтен қор-ғайды. Жаңа салаларды қорғайды, өндіріс көле-мінің өсуін ынталан-дырады. | Бәсекені ынталандырады, монополияны шектейді, өндіріс тиімділігі өседі, бағалар төмендейді. Тауарларды таңдау мүмкіндігі еді, мемлекет арасында жақындасу, бірігу процесі өседі. |
Кемшіліктері: | Өндіріс тиімділігі төмендейді, бағалар өседі, тауарды таңдау мүмкіндігі болмайды, экспорт мүмкіншілігі азаяды. | Ұлттық экономиканы шетелдің теріс әсерінен қорғау мүмкіндігі болмайды (демпинг, сапасыз тауарлар және т.б.). |
Мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын сипаттауға төлем балансықолданылады. Төлем балансы дегеніміз белгілі бір кезендік статистикалық есеп беру және келесі құбылыстарды көрсетеді:
- белгілі бір елдің басқа елдер арасындағы тауарлық, қызметтік, табыстық операциялар;
- меншіктегі өзгерістер және сол елдің қаржылық талаптар мен міндеттемелеріндегі өзгерістер;
- бір жақты аудармалар.
Төлем балансына сыртқы саудадан, тасымал құралдары төлемінен, шетелге капитал шығарудан, шетел туризмінен және валюталық несиелік операциялардан және т.б. түскен табыстар кіргізіледі. Дәл осындай баптар төлем балансының шығын бөлімінде көрсетіледі. Төлем балансының көрсеткіштері сол елдің белгілі бір кездегі экономикалық жағдайы туралы мәлімет береді. Егер төлем балансында теріс сальдо болса, онда сол ел дүниежүзілік нарықта сенімсіздікке ұшырайды, мұның өзі ұлттық валютаның басқа елдердің ұлттық валютасымен салыстырғанда, төмендеуіне әкеліп соғады.
Халықаралық несие – бұл қайтарымдылық, жеделдік, процент төлеу шарты бойынша валюталық және тауар ресурстарының берілуі, яғни мемлекеттердің бір - біріне ақша немесе тауар ресурстарын қарызға беруі. Бұл жағдайда қарыз беруші мен қарыз алушы рөлінде жеке фирмалар, компаниялар, мемлекеттің үкіметі, аймақ, облыс, қала әкімшіліктері мен халықаралық мекемелер болады. Халықаралық несие әр түрлі формада болады:
1. Өзінің мақсатты пайдаланылуына байланысты халықаралық несие байланысқан және қаржылық деп бөлінеді.
- байланысқан несие несиелік келісімде бекітілген қатаң түрдегі мақсатты сипаты болады (коммерциялық, инвестициялық несиелер);
- қаржылық несиелер қарыз алушының кез келген мақсатына сәйкес беріледі.
2. Ұсынылу формасы бойынша тауарлық және валюталық деп бөлінеді.
3. Берілу мерземі бойынша қысқамерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді, онкольдік деп бөлуге болады.
4. Несие берушінің кім екендігіне байланысты жекеше, үкіметтік, халықаралық ұйымдар несиелерді ажыратады.
5. Валюталық несиелер берілу валюта бойынша бөлінеді.
Әлемдік басты несие–қаржылық орталықтарға жататындар: Халықаралық валюталық қор (ХВҚ)
- ол Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мекемесі болып саналады;
- халықаралық ірі қаржы несие мекемесіне Дүниежүзілік банк жатады. Оған бір-бірімен байланысқан 4 халықаралық қаржы институттары енеді. Олар: Халықаралық даму және реконструкциялау банкі (ХДРБ), Халық аралық даму ассоциялары, халықаралық қаржы корпорациясы;
- Қарыз беруші елдердің «Париж клубы»
- Қарыз беруші банктердің «Лондон клубы» және т.б.
Халықаралық жұмысшы күші нарығы жұмыс күшінің сырттан келуімен (эмиграция) және кетуімен (иммиграция) қалыптасады, яғни ұлттық шаруашылықтар арасындағы жалдамалы еңбектің ауысуы (миграция) Оның пайда болуы өмір сүру деңгейінің төмендегі мен даму қарқыны төмен елдерде тұрғындардың салыстырмалы елдердің дәрежесінің жоғары болуымен түсіндіріледі. Сол себептен қосымша жұмыс күшін қажет ететін интенсивті дамыған елдерге ауысып отырады.
Дүниежүзілік шаруашылықтың интернациалануының тереңдеуі жағдайында капитал экспортының мәні өсуде. Капиталдың миграциясы – бұл белгілі бір ұлттың айналымында жүрген капитал бөлігін басқа елдің экономикасына тауар немесе ақша формасында енгізу процесі. Оның басты себебі: бір елде капитал мөлшерінің салыстырмалы түрде көр болуы, яғни оның шектен тыс көп жинақталуы. Капитал миграциясының түрлері көп:
1. жеке меншік және мемлекеттік капитал миграциясы;
2. ақша және тауар капитал миграциясы;
3. қысқа және ұзақ мерзімдегі миграциясы;
4. қарыз және кәсіпкерлік капитал миграциясы.
Қарыз капиталы сақтаудағы ақшадан, несиеден түсетін процент көлемінде табыс әкеледі. Кәсіпкерлік капиталды шетке шығару – басқа елдердің территориясында өзінің өндірісін салу үшін қаржы жұмсау. Кәсіпкерлік капитал екі түрге бөлінеді:
- Тікелей инвестиция - өнеркәсіп, сауда т.б. салаларға бағытталған.
- Портфельдік инвестиция – шетелдік облигация, акция мен басқа да құнды қағаздарға бағытталған.
Трансұлттық корпорациялар (ТҰҚ) қазіргі кездегі дүниежүзілік байланыстардың негізгі субъектілері, яғни елдердің компаниялары, акционерлік қоғамдардың бірігуі.
Әлемдік экономикада елдер арасындағы төлем мен есеп айырысу операциялары валюталық қатынастар арқылы жүргізіледі. Осындай валюталық қатынастар халықаралық валюта жүйесін құрайды. Валюта жүйесіне бірлескен валюта қорлары, халықаралық есеп айырысуда жүретін активтер, валюталық поритет пен оларды өзара келістіру жағдайлары, валюта мен алтынның әлемдік нарығы т.б. кіреді.
Ақша сыртқы экономикалық байланыстарға қатысқанда валюта түрінде қолданылады.
Валютаның түрлері: ұлттық, шетелдік валюталық бірлік (теңге, доллар, евро). Валюта айналымына байланысты:
- конверсияланатын, яғни еркін айналатын валюталар;
- жартылай конверсияланатын, яғни валюталық шектеулері бар елдердің валюталары;
- конверсияланбайтын, яғни елдер арасындағы айырбасқа тыйым салынатын валюталар болып бөлінеді.
Валюталық курс – бір елдің ақша бірлігінің басқа елдердің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы. Валюта қатынастары тарихында үш валюта жүйесі белгілі.
1. Алтын стандарты негізінде 1879-1934 жылға дейін: ақша бірлігінде алтын үлесінің болуы, алтын қоры мен ішкі ақша ұсынысының тең болуы, осының нәтижесінде мемлекет валюталық курсты қатал шектеуде ұстап отырады.
2. Бреттон Вуд жүйесі 1944-1971 ж. ақша айналымына алтын девиза енгізілді, яғни мұндай өлшеуіш алтынның орнына алтыны аз елдердің кейбір ұлттық немесе бірлескен валюталардың жүруіне жол берілді. (алтын-доллор стандарты)
3. 1971 жылдан бастап дүниежүзілік ақша міндетін алтын емес, ұлттық валюта мен біріккен валюта атқара бастады да бұл жүйе - еркін өзгеріп отыратын валюталық курс жүйесі деп аталды, яғни валюталық курс мемлекет әсерін тигізіп отыратын сұраныс пен ұсынысқа қарай өзгеріп отырады.
Валюталық курсты реттеу үшін 4 негізгі тәсіл қолданылады:
1. Валюталық интервенция валюталық нарыққа мемлекеттің араласуы. Валюталық сұраныспен ұсынысты қажетті бағытқа өзгерту үшін мемлекет осы валютаның қажетті санын сатады немесе сатып алады.
2. Валюталық бақылау жүргізу, яғни егер елде шетелдік валютаның көлемі кемісе, оған сұраныс өссе, оның өсуін баяулату үшін валютаның легін ішкі нарықта қайта бөлуге кіріседі.
3. Сыртқы сауданы бақылау арқылы валюталық сұраныс пен ұсынысқа жанама түрде мемлекет ықпалын жүргізеді.
4. Ішкі макроэкономикалық реттеудің әртүрлі шаралары бойынша валютаның айырбас пропорциясына мемлекет әсерін тигізеді.