Атынас» білім беру саласы
Азақ тілі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы
Күні:
Тақырыбы-Тема: Сәлемдесу. Қоштасу.
Мақсаты-Цель: 1. Балаларға танысу, сәлемдесу, қоштасу сөздерін үйрету.
Сөйлеу барысына қолдана білуге үйрету.
2. Балалардың сөйлеу тілдері мен сөздік қорларын молайту.
Есте сақтау қабілеттерін арттыру.Тіл мәдениетін жетілдіру.
3. Бақшаны өз үйіндей мәпелеуге үйрету.
Биллингвалды компонент: қуыршақ, ұл бала, қыз бала, Сәлеметсіз бе? Сәлем!
Сау болыңыз!
Әрекеттердің кезеңдері | Қазақ тілі мұғалімінің әрекеті | Балалардың әрекеті |
Ұйымдасты-рушылық – оятушылық | Балаларды ұйымдастырамын, шеңберге шақырамын. Армысың алтын күн, Армысың ашық аспан! Армысың балабақшам, Армысың досым! Армысыз мұғалім! Д/о: «Сұрақ- жауап» | Балалар шеңберге тұрады. Таңғы шеңберге арналған тақпақты қимыл –қозғалыспен орындайды. Қойылған сұрақтарға қазақ тілінде дұрыс, нақты жауап береді. |
Ұйымдасты-рушылық – ізденушілік | Балалар, бүгін бізге сабаққа Сәуле атты қуыршақ келіп отыр. Қуыршақпен амандасайық: -Сәлеметсіз бе, қуыршақ? -Сәлеметсіңдер ме,балалар, менің атым Сәуле. Қалдарың қалай? -Жақсы. Балалар Сәуле- қуыршақ. Қуыршақ -Кукла Ол қыз. Қыз-Девочка А у нас есть мальчики. Мальчик -Ұл -Ребята что мы делаем когда заходим утром в дет.сад? -Здороваемся-амандасамыз! СӘЛЕМЕТСІЗ БЕ! (Хором) А когда уходим говорим –Сау болыңыз! (Хором) Жаңа сөздерді қайталайық: (хормен, жеке) қуыршақ, ұл бала, қыз бала, Сәлеметсіз бе? Сәлем! Сау болыңыз! | Балалар қуыршақтың келгеніне қуанады. -Сәлеметсіз бе, қуыршақ? Балалар жаңа сөздерді қайталайды. 1) жеке-жеке 2) ұжыммен 3) жұппен 4) Ақырын -Сәлеметсіз бе! - Сау болыңыз! |
Рефлекстік- түзету | Сергіту сәті: Добым менің домалақ, Қайда кеттің домалап, Добым менің, добым менің, Өзің неткен көңілді едің. Балалар біз қуыршаққа арнап тақпақ жаттайық: Қуыршақ Қуыршаққа күнде Май беремін. Қуыршаққа күнде Шай беремін. Ішіп-жеуді білмейді ол Жай беремін. Санамақ ойын «Оң қолым, сол қолым!» | Сергіту сәтін қимыл-қозғалыспен жасап айтады. Тақпақты қайталап, менің көмегіммен жаттайды. Санамақты қимыл-қозғалыспен жасап айтамыз. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Сәлемдесу және қоштасу сөздерін білу керек. Тақпақты жатқа айту
керек.
Біледі: Этика жайлы түсінікті біледі. Санамақ ойынды біледі.
Үйрету керек: Қазақ тіліне тән дыбыстарды айтуға, сұрақтарға жауап бере
алуға үйрету керек.
Атынас» білім беру саласы
Азақ тілі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы
Күні:
Тақырыбы-Тема: Балабақша.Біздің топ
Мақсаты-Цель: 1. Балаларға топ бөлмесіндегі заттарды дұрыс тауып айтуға
үйрету. Сөйлеу барысына қолдана білуге үйрету.
2. Балалардың сөйлеу тілдері мен сөздік қорларын молайту.
Есте сақтау қабілеттерін арттыру.Тіл мәдениетін жетілдіру.
3. Бақшаны өз үйіндей мәпелеуге үйрету.
Биллингвалды компонент: Терезе, есік, кілем, орындық, балабақша
Әрекеттердің кезеңдері | Қазақ тілі мұғалімінің әрекеті | Балалардың әрекеті |
Ұйымдасты-рушылық – оятушылық | Ұйымдастырушылық кезең«Алақай!» атты шеңбер ұйымдастыру. Қуан, шаттан, алақай! Қуанатын күн келді. Күліп шықты күн бүгін, Қайырлы таң, қайырлы күн! Балалар сендер таңертең тұрып қайда келесіңдер? -Балабақшаға -Дұрыс айтасыңдар. Балабақша сендердің екінші үйлерің. Д/о: «Сұрақ- жауап» 1. Сенің атың кім? 2. Сен неше жастасың? 3. Сенің тегің қалай? 4.Сен қай балабақшаға барасың? | Балалар шеңберге тұрады. Таңғы шеңберге арналған тақпақты қимыл –қозғалыспен орындайды. Қойылған сұрақтарға қазақ тілінде дұрыс, нақты жауап береді. |
Ұйымдасты-рушылық – ізденушілік | Қазір біз сендердің топтарыңда шағын саяхат жасаймыз. Мынау сендердің топтарың. Қайталаймыз: Топ -группа Мынау- терезе. Терезе- окно. Мынау -есік. Есік- дверь Мынау -кілем. Кілем-ковер. Мынау -орындық. Орындық- стул Сергіту сәті: «Менің айтқанымды орында» Кәне қанат жазайық, Қарлығашқа ұқсайық. Ұшып-ұшып алайық, Орнымызды табайық. | Балалар өз топтарына саяхат жасап келгендеріне қуанады. Балалар жаңа сөздерді қайталайды. 1)жеке-жеке 2)ұжыммен 3) жұппен 4)Ақырын Сергіту сәтін қимыл-қозғалыспен жасап айтады. |
Рефлекстік- түзету | Дыбыстық жаттығулар І – і і- і –і –і Іні, ін, із, ілгіш Ы-ы Ы-ы-ы-ы Ыдыс, ырыс, ынтымық. Д/о: «Қайтала» Мақсаты: жаңа сөздерді бекіту. Балалар біз тақпақ жаттайық: Балабақша есігін, Үшке тола ашқанбыз. Балапандай өсіріп, Мәпелейді бақшамыз. | Дыбыстықжаттығулар- ды тыңдап, мұғаліммен дұрыс айтуды үйренеді Балалар ойынға белсене араласады. Тақпақты қайталап, менің көмегіммен жаттайды. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Бөлме ішіндегі заттарды білу керек. Тақпақты жатқа айту керек.
Қойылған сұрақтарға жауап бере алу керек.
Біледі: Балабақша жайлы түсінікті біледі. Сергіту сәтін біледі. Өздеріне таныс
сұрақтарға жауап бере алады.
Үйрету керек: Қазақ тіліне тән дыбыстарды айтуға, сұрақтарға жауап бере
алуға үйрету керек.
Атынас» білім беру саласы