Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


оны әкету тәртібі




 

213. Туды алып жүретін взвод Жауынгерлік Туды сақтау орнына үш (төрт) лекпен алып жүреді. Взвод командирі алда алты адымда, одан кейін екі адымда – ассистенттерімен ту ұстаушы, ту ұстаушыдан кейін екі адымда – белгі беруші-барабаншы жүреді.

214. Жауынгерлік Туды сақтау орнына келгеннен кейін туды алып жүретін взвод саптың орта тұсы үй-жайдың (сақтау орнының) есігіне қарама-қарсы келетіндей болып өрістетілген екі қатарлы сапқа тұрғызылады.

Взвод командирі белгі беруші-барабаншыдан оңға қарай взводтың оң жақ қапталына тұрады, ал взвод командирінен оңға қарай екі адымда ту ұстаушы мен ассистенттер бір қатарға тұрады. Жауынгерлік Туды қабылдау үшін штаб бастығының аға көмекшісі (орынбасары) ту ұстаушыны шақырады: «Ту ұстаушы, менің соңымнан, адым – БАС».

Осы команда бойынша ту ұстаушы мен ассистенттер штаб бастығы аға көмекшісінің (орынбасарының) соңынан жүреді.

215. Штаб бастығының аға көмекшісі (орынбасары) қарауыл бастығынан Жауынгерлік Туды қабылдап алып, оны ту ұстаушыға тапсырады және қарауыл бастығының қатысуымен Ішкі қызмет жарғысында көрсетілген тәртіппен Жауынгерлік Туды қарап шығады.

Одан кейін штаб бастығының аға көмекшісі (орынбасары) қолын бас киіміне апарады, «Ту ұстаушы, менің соңымнан, адым – БАС» командасын береді және туды алып жүретін взводқа қарай жүреді.

Жауынгерлік Ту кіреберісте көрінгенде туды алып жүретін взвод командирі мынадай команда береді: «Взвод, Туға – ТІК ТҰР», ал егер взвод карабиндермен қаруланған болса мынадай команда береді: «Взвод, Туға – ТІК ТҰР, қарауыл-ҒА». Бірінші команда бойынша взвод саптық қалыпты қабылдайды, взвод командирі қолын бас киіміне апарады, ал екінші команда бойынша взвод, одан басқа карабиндерді «қарауылға» (осы Жарғының 69-тармағы) күйіне алады; белгі беруші-барабаншы «Туға» маршын соға бастайды.

Ту ұстаушы ассистенттерімен взвод командирінен оңға қарай екі адымда қозғалыс жағына маңдайшебімен бір қатарға тұрады. Штаб бастығының аға көмекшісі (орынбасары) ту ұстаушының алдыңғы жағында екі адымда тұрады және бас киімінен қолын түсіреді; белгі беруші-барабаншы соғуын тоқтатады.

Ту ұстаушы ассистенттерімен өз орнына тұрғаннан кейін взвод командирі бас киімінен қолын түсіріп, «Взвод, оң-ҒА» командасын береді, ал егер взводта «қарауыл» күйінде карабин болса, онда алдын ала «Взвод, аяқ-ҚА» және одан кейін «Иық-ҚА» командаларын береді.

216. Жауынгерлік Тумен қозғалу штаб бастығы аға көмекшісінің (орынбасарының) «Ту ұстаушы, менің соңымнан, адым – БАС» командасы бойынша басталады. Осы команда бойынша штаб бастығының аға көмекшісі (орынбасары), ту ұстаушы мен ассистенттер қозғалысты жарты адыммен бастайды. Взвод командирінің «Взвод, үш (төрт) лекпен, адым – БАС» командасы бойынша туды алып жүретін взвод жүру кезінде осы Жарғының 107-тармағында көрсетілгендей қайта сапқа тұрғызылады. Қайта сапқа тұрғызылғаннан кейін штаб бастығы аға көмекшісінің (орынбасарының) «ТУРА» командасы бойынша барлығы толық адыммен қозғалысты бастайды.

Жауынгерлік Тумен қозғалыс мынадай тәртіппен саптық адыммен жасалады: штаб бастығының аға көмекшісі (орынбасары), одан кейін екі адымда – ту ұстаушы ассистенттерімен, ту ұстаушыдан кейін үш адымда – взвод командирі; белгі беруші-барабаншы взвод командирінен кейін екі адымда, ал белгі беруші-барабаншыдан кейін екі адымда – взвод жүреді.

Белгі беруші-барабаншы туды алып жүретін взвод жүрген кезде «Жорықтық маршты» соға бастайды және оркестр (белгі беруші-барабаншылар) ойнай бастағанда соғуды тоқтатады.

217. Ту алып жүруші взвод Жауынгерлік Туымен бригадаға (полкке) 40-50 адым жақындағанда бригада (полк) командирі: «Бригада (полк), Туға – ТІК ТҰР, назар оң-ҒА (сол-ҒА, орта-ҒА)», ал егер бригада (полк) карабинмен қаруланған болса: «Бригада (полк), Туға – ТІК ТҰР. Оң жақтан (сол жақтан, маңдайшептен) қарсы алу үшін, қарауыл-ҒА» командасын береді.

Бірінші команда бойынша взвод және одан жоғары бөлімшелердің командирлері қолын бас киіміне апарады; барлығы басын Жауынгерлік Ту жаққа бұрады және оның соңынан басын бұра отырып, оны көз қиығымен шығарып салады; оркестр «Қарсы алу маршын» ойнайды. Екінші команда бойынша, одан басқа, карабиндер «қарауылға» күйіне алынады (осы Жарғының 69-тармағы). Егер бригада (полк) жанында оркестр болмаса, оркестр орнына алдын ала сапқа тұрғызылған белгі беруші-барабаншы «Туға» маршын соғады. Ту алып жүруші взвод бригаданың (полктің) сол жақ қапталына келіп тоқтайды және егер взвод карабинмен қаруланған болса, взвод командирінің командасы бойынша оларды «қарауылға» күйіне алады. Ту ұстаушы ассистенттерімен штаб бастығы аға көмекшісінің (орынбасарының) командасы бойынша бригада (полк) маңдайшебі бойымен оң жақ қапталға қарай қозғалысты жалғастырады және олар үшін сапта белгіленген орынға тұрады (33-сурет).

Ту ұстаушы өз орнына тұрғаннан кейін бригада (полк) командирі оркестрге (белгі беруші-барабаншыларға) ойнауын (соғуын) тоқтату үшін белгі береді және: «Еркін тұр» командасын береді, ал егер бригадада (полкте) «қарауылға» күйінде карабин бар болса, алдын ала «Бригада (полк), аяқ-ҚА» командасын береді.

Бригада (полк) командирінің «Еркін тұр» командасынан кейін ту алып жүруші взводтың командирі взводты бригаданың (полктің) сол жақ қапталына апарады.

218. Жауынгерлік Туды әкету үшін бригада (полк) командирі «Ту алып жүруші взвод – АЛҒА» деп команда береді.

Осы команда бойынша ту алып жүруші взвод үш (төрт) лек бойынша белгі беруші-барабаншымен шығарылады және алға сол иықпен ене отырып, сол жақ қапталдағы бөлімшенің орта тұсы алдына бригада (полк) маңдайшебіне қарама-қарсы 20-25 адымда тоқтайды.

Ту алып жүруші взвод тоқтаған кезде бригада (полк) командирі: «Бригада (полк), Туға – ТІК ТҰР, назар оң-ҒА» командасын береді, ал егер бригада (полк) карабинмен қаруланған болса: «Бригада (полк), Туға – ТІК ТҰР. Оң жақтан қарсы алу үшін, қарауыл-ҒА» командасын береді.

Осы команда бойынша бригада (полк) осы Жарғының 217-тармағында көрсетілгендей әрекет етеді (ту алып жүруші взвод солға түзеледі); оркестр «Қарсы алу маршын» ойнайды (белгі беруші-барабаншылар «Туға» маршын соғады); штаб бастығының аға көмекшісі (орынбасары) ту ұстаушыға: «Ту ұстаушы, менің соңымнан, адым – БАС» командасын береді және оны ассистенттерімен бригада (полк) маңдайшебі бойымен ту алып жүруші взвод жаққа қарай алып жүреді.

Жауынгерлік Туы бар ту ұстаушы ту алып жүруші взвод қатарына теңелген кезде ту алып жүруші взводтың командирі: «Взвод, адым – БАС» командасын береді, ал егер взвод карабинмен қаруланған болса, алдын ала «Взвод, аяқ-ҚА» және «Иық-ҚА» командаларын береді. Взвод Жауынгерлік Тумен, оны сақтау орнына кетеді.

Ту алып жүруші взвод 40-50 адымға алыстағанда бригада (полк) командирі оркестрге (белгі беруші-барабаншыларға) ойнауын (соғуын) тоқтатуға белгі береді және: «ЕРКІН ТҰР» командасын береді, ал егер бригадада (полкте) «қарауылға» күйінде карабиндер бар болса, алдын ала «Бригада (полк), аяқ-ҚА» командасын береді.

219. Жауынгерлік Туды сақтау орнына келгенде ту алып жүруші взводтың командирі осы Жарғының 214-тармағында көрсетілген тәртіппен взводты сапқа тұрғызады және: «Взвод, Туға – ТІК ТҰР», ал егер карабиндермен қаруланған болса: «Взвод, Туға – ТІК ТҰР, қарауыл-ҒА» командаларын береді. Осы командалар бойынша взвод осы Жарғының 215-тармағында көрсетілгендей әрекет жасайды. Белгі беруші-барабаншы «Туға» маршын соғады. Штаб бастығының аға көмекшісі (орынбасары) бас киіміне қолын апара отырып, ту ұстаушыға: «Ту ұстаушы, менің соңымнан, адым – БАС» командасын береді және оны ассистенттерімен соңынан алып жүреді. Жауынгерлік Ту үй-жайға кіргізілген кезде ту алып жүруші взводтың командирі бас киімінен қолын түсіреді, белгі беруші-барабаншы барабанды соғуын тоқтатады; егер взводта «қарауылға» күйінде карабиндер бар болса, взвод командирі «Взвод, аяқ-ҚА», содан кейін «Қарубау-ҒА» командаларын береді және взводты рота орналасқан жерге алып жүреді.

 

____________________

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-10-27; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 738 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Своим успехом я обязана тому, что никогда не оправдывалась и не принимала оправданий от других. © Флоренс Найтингейл
==> читать все изречения...

2378 - | 2186 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.