Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тарау. Саптық тәсілдер және қарумен және қарусыз қозғалыс жасау




Саптық тәсілдер және қарусыз қозғалыс жасау

Саптық қалып

28. Саптық қалып (1-сурет) «САПҚА ТҰР» командасы бойынша қабылданады. Осы команда бойынша жылдам сапқа тұрып, қалыпты жағдайда тік тұру керек, өкшелерді қосып, аяқтың ұшын маңдайшеп сызығы бойынша, оларды табан еніне қойып түзеу керек; тізені жазу, бірақ тым қатайтпау керек; кеудені шамалы көтеріп, ал денені біршама алға ұстау керек; ішті тарту керек; иықтарды артқа жазу керек; саусақтарды жартылай бүгіп, алақандарды ішке қаратып, екi жанына тиетіндей етіп қолдарды төмен түсіру керек; басты жоғары және тік, иекті алға шығармай ұстау керек; өзінің алдына қарап тұру керек; шұғыл іс-қимылға даяр болу керек.

Орнында «ТІК ТҰР» командасы бойынша саптық қалыпты жылдам қабылдау және қозғалмау керек.

Саптық қалып орнында командасыз да қабылданады: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалған уақытта, командир (бастық) назар аударған, бұйрық берген және алған, баяндаған, әскери сәлемдесуді орындаған кезде, сондай-ақ командаларды берген кезде.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалған уақытта взод командирі және одан жоғары бөлімшелер командирлері қолдарын бас киіміне апарады.

29. «ЕРКІН ТҰР» командасы бойынша еркін тұрып, оң немесе сол тізені бос ұстау, бірақ орнынан кетпеу, назарды әлсіретпеу және сөйлеспеу керек.

«РЕТТЕЛ» командасы бойынша саптағы өз орнын тастамай, қаруды, киім-кешек пен жабдықты түзеу керек; қажет болған кезде рұқсат алу үшін саптан шығып тікелей бастыққа өтініш жасау керек.

«РЕТТЕЛ» командасы алдында «ЕРКІН ТҰР» командасы беріледі.

30. Бас киімді шешу үшін «Бас киімді – ШЕШ», ал кию үшін – «Бас киімді – КИ» деген команда беріледі.

Шешілген бас киім кокардасы алға каратылып, сол қолдың шынтағы бүгілген күйде ұсталады (2-сурет).

Қарусыз немесе қарумен «арқаға» күйінде бас киім оң қолмен, ал қарумен «қарубауға», «кеудеге» және «аяққа» күйлерінде сол қолмен шешіледі және киіледі. Карабинмен «иыққа» күйінде бас киімді шешкен кезде карабин алдын ала «аяққа» күйіне түсіріледі.

       
   
 
 

 

 


 

  1) 2) 3) 4)
1-сурет.Саптық қалып 2-сурет.Бас киімнің шешілген күйі: 1) фуражка; 2) пилотка; 3) далалық мақта-мата фуражка; 4) құлақшын

Орнында бұрылулар

31. Орнында бұрылулар: «Оң-ҒА», «Жарты айналым оң-ҒА», «Сол-ҒА», «Жарты айналым сол-ҒА», «Артқа БҰРЫЛ» командалары бойынша орындалады.

Артқа, солға, жарты айналым солға бұрылулар сол қол жаққа қарай сол өкшемен және оң аяқтың ұшымен; оңға, жарты айналым оңға бұрылулар – оң қол жаққа қарай оң өкшемен және сол аяқтың ұшымен жасалады.

Бұрылулар екі тәсілмен орындалады:

бірінші тәсіл – дененің дұрыс қалпын сақтай отырып және тізелерді бүкпей бұрылу керек, дененің салмағын салмақ түсетін аяққа түсіру керек;

екінші тәсіл – қысқа жолмен екінші аяқты қою керек.

Озғалыс

32. Қозғалыс адыммен немесе жүгірумен жасалады.

Адыммен қозғалыс жасау минутына 110-120 адым қарқынымен жүзеге асырылады. Адымның ұзындығы – 70-80 см.

Сапта жүгіре қозғалыс жасау минутына 165-180 адым қарқынымен жүзеге асырылады. Адымның ұзындығы – 85-90 см.

Адым саптық және жорықтық болады.

Саптық адым бөлімшелер салтанатты шерумен өткен, олар қозғалыста әскери сәлемдесуді орындаған, командир (бастық) бөлімшеге назар аударған, әскери қызметші командирге (бастыққа) жақындаған және одан алыстаған, әскери қызметші саптан шыққан және сапқа қайтып тұрған кезде, сондай-ақ саптық даярлық бойынша сабақтарда қолданылады.

Жорықтық адым барлық қалған жағдайларда қолданылады.

33. Саптық адыммен қозғалыс жасау «Саптық адыммен – БАС» командасы бойынша басталады.

Жорықтық адыммен қозғалыс «Адым – БАС» командасы бойынша басталады, осы команда бойынша әскери қызметшілер үш саптық адым жасайды, одан кейін жорықтық адымға көшеді.

Алдын ала берілетін команда бойынша дене біршама алға ұсталады, орнықтылықты сақтай отырып, оның салмағын көбіне оң аяққа ауыстыру керек; орындалатын команда бойынша қозғалыс сол аяқтан толық адыммен басталады.

Саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде (3-сурет) аяқты ұшын алға соза отырып, жерден 15-20 см биіктікке көтереді және табанға нық қояды.

Иықтан бастап қолдарымен дененің айналасында қозғалыс жасау керек: алға – оларды белдік тоғасынан жоғары алақанның енінде және денеден алақан аралығына көтерілетіндей, ал шынтақ қол білегінің деңгейінде болатындай етіп, шынтақтан бүгу керек; артқа – иық буынының шегіне жеткенше. Қолдардың саусақтары жартылай бүгіліп, басты тік ұстап, өзінің алдына қарау керек.

 
 

 

 


3-сурет. Саптық адыммен қозғалыс жасау

 

Жорықтық адыммен қозғалыс жасау кезінде аяқтың ұшын созбай, еркін қозғау және оны жерге кәдімгі жүріс кезінде сияқты қою керек; дененің айналасында қолмен еркін қозғалыс жасау керек.

Жорықтық адыммен қозғалыс жасаған уақытта командир (бастық) бөлімшеге назар аударған кезде, сондай-ақ «ТІК ЖҮР» командасы бойынша саптық адымға ауысу керек. Саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде «ЕРКІН ЖҮР» командасы бойынша жорықтық адыммен жүру керек.

34. Жүгіре қозғалыс жасау «Жүгіре – БАС» командасы бойынша басталады.

Алдын ала берілетін команда бойынша орнынан қозғалыс жасаған кезде денені алға ұстап, шынтақты біршама артқа жіберіп қолды жартылай бүгу керек; орындалатын команда бойынша жүгіруді сол аяқтан бастау керек, жүгіру жылдамдығы бойынша қолмен артқа және алға еркін қозғалыс жасау керек.

Қозғалыста адым жасаудан жүгіруге ауысу үшін алдын ала берілетін команда бойынша шынтақты біршама артқа жібере отырып, қолды жартылай бүгу керек. Орындалатын команда сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта беріледі. Осы команда бойынша оң аяқпен бір адым жасау және жүгіре қозғалысты сол аяқтан бастау керек.

Жүгіруден адымға ауысу үшін «Адым – БАС» командасы беріледі. Орындалатын команда оң аяқты жерге қоюмен бір уақытта беріледі. Осы команда бойынша жүгірумен тағы да екі адым жасау және адыммен қозғалысты сол аяқтан бастау керек.

35. Орнында тұрып адым жасау «Орныңда адым – БАС» (қозғалыста – «Орныңда») командасы бойынша жасалады.

Осы команда бойынша адым аяқты көтерумен және түсірумен жасалады, бұл ретте аяқты жерден 15-20 сантиметрге көтеру және оны ұшынан бастап табанға толық қою керек; қолмен адым ырғағына сәйкес қозғалыс жасау керек (4-сурет). Сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта берілетін «ТУРА» командасы бойынша оң аяқпен орнында тағы бір адым жасау және қозғалысты сол аяқтан толық адыммен бастау керек. Бұл ретте алғашқы үш адым саптық болу керек.

36. Қозғалысты тоқтату үшін «ТОҚТА» командасы беріледі, мысалы: «Қатардағы жауынгер Әлімов – Тоқта».

Оң немесе сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта берілетін орындалатын команда бойынша тағы бір адым жасау және аяқты жерге қоя отырып, саптық қалыпты қабылдау керек.

 
 

 


4-сурет. Орнында адым жасау

37. Қозғалыс жылдамдығын өзгерту үшін мынадай командалар беріледі: «КЕҢ АДЫМ», «ҚЫСҚА АДЫМ», «ЖИІ АДЫМ», «СИРЕК АДЫМ», «ЖАРТЫ АДЫМ», «ТОЛЫҚ АДЫМ».

38. Жеке әскери қызметшілердің орнын жанына бірнеше адымға ауыстыру үшін команда беріледі, мысалы: «Қатардағы жауынгер Әлімбеков. Екі адым оңға (солға), адым – БАС».

Осы команда бойынша әр адымнан кейін аяқты жерге қоя отырып, оңға (солға) екі адым жасау керек.

Бірнеше адымға алға немесе артқа ауыстыру үшін команда беріледі, мысалы: «Екі адым алға (артқа), адым – БАС».

Осы команда бойынша екі адым алға (артқа) жасау және аяқты жерге қою керек.

Оңға, солға және артқа ауыстырған кезде қолмен қозғалыс жасалмайды.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-10-27; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 3181 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Жизнь - это то, что с тобой происходит, пока ты строишь планы. © Джон Леннон
==> читать все изречения...

2267 - | 2040 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.