Лекции.Орг


Поиск:




Taқыpыбы: ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛМІЗ




Мақсаты: «ынтымақ» ұғымының адамгершілік кұндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:

- ынтымақ, бірлік ұғымы туралы түсініктерін кеңейту;

- достық қарым-қатынастарын нығайту;

- татулықта, бірлікте, бейбітшілікте өмір сүруге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: дәптер, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: Ырыс алды - ынтымақМақал

 

  Ic-әpeкeт бөлiмдepi Пeдaгoгтың ic-әpeкeтi Бaлaлapдың ic-әpeкeтi
Ынтaлaндыpy. Ceзiмдi oятy Шаттық шенбері Педагог балалардың достық қарым-қатынастарын нығайту мақсатында Ә. Дүйсенбиевтің «Ағайынбыз бәріміз» атты өлеңін айтқызады. Ағайынбыз бәріміз Ә. Дүйсенбиев Жақсылықка, бақытқа Талпынған әр уақытта, Бала біткен дос-бауыр, Болмасын еш тоскауыл. Акпыз, кара, сарымыз -Ағайынбыз бәріміз. Ортақ болсын аскар тау, Жеміс толы бақша-бау. Болсын жер мен су да ортақ, Болсын бізге ту да ортақ. Ақпыз, кара, сарымыз -Ағайынбыз бәріміз.    
Iздeнicтep. Ұйымдacтыpy Әңгімелеу Педагог балалардың ынтымақ бірлік ұғымы туралы түсініктерін кеңейту мақсатында А Каралийчевтің «Тас пен арбакештер»деген әңгімесі мен «Ырыс алды ынтьмаң»атты қырғыз ертегісін оқып,тыңдайды. Тас пен арбакештер А. Каралийчев Бір күні тауда алай-дүлей дауыл соғып, найзағай жарқылдап, шелектеп жаңбыр төкті. Осындай дүлей желден тастың бір кесегі тау соқпағына кұлай түсіп, жолды бөгеп қалды. Ертесінде жарқырап күн шықіы. Жолдан екі бұқа жегілген арба көрінді. Бұл қалаға тұз бен карамайға кетш бара жатқан дүкенші еді. Ол жолда жатқан таска жақындап, итеріп көріп еді, орнынан көзғалта алмады. - Қандай, үлкен кесек! Мынаны орнынан көзғалту мүмкін емес. Бәлкім, менен де күштірек біреу келш, төменге лақтырып тастар, күте тұрайын. Бірер уақыт өткеннен кейін арбамен кслс жатқан отыншы көрінді. Ол датаска келіп, ары-бері итеріп көріп еді, орнынан көзғалта алмады. - Енді не істейсін, күте тұрайық, мүмкін бізден де күшті біреу келіп, жолды тазартар. Уақыт зуылдап өте берді. Жолда арбакештер бірінен кейін бірі келіп, үлкен керуен болып қалды. Топтанған адамдар шуылдап, тасты көзғалта алмады. Бір кезде қолында таяғы бар, жаяу бір карт адам көрінді. Ол арбакештермен амандасып, жөн сұрады. - Сендер неге өтпей тұрсыңдар? - деді қария. -Қалай өтеміз? - Ақылмен. - Бұған ақылдың не кажеті бар? - деді арбакештер ашуланып. - Біз қанша әуреленсек те, ешқайсымыз тасты көзғалта алмадық. - Ал сендер тасты бәрің бірігіп, көзғап көрмейсіңдер ме? - Расында да! Қане, жігіттер, бәріміз тасты итеріп жіберейікші! Арбакештер бәрі бірге жиналып, кесек тасты төменге қарай итеріп жіберді. Дәу тас гүрс етіп, төменге кұлап түсті. Жол босап, арбакештер ары қарай жүре бастады. • Қалай ойлайсыңдар, арбакештердің өздері неге бәрі бірге бірігіп, тасты итеруді ойламады? Балалардың жауаптары тыңдалып, педагог қорытынды шығарады. Арбакештер алғашқыда жолдағы тасты әрқайсысы көзғалта алмай, бостан-боска тұрып қалды. Арбакештер қарияның ақылын тыңдап, бәрі бірігіп, тасты итеріп жолдан алып тастады. Міне, ауызбірлік туралы «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген сөз осындайдан калса керек. Ойын. «Қазақстанда тұратын халықтар». Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне допты беру арқылы Қазақстанда тұратын халықтарды атайды. Әңгімелесу • Біз қай елде тұрамыз? Қазақстанда қандай хальщтар тұрады?Сендердің туыстар, көршілер, достарыңның арасында басқа ұлт өкілдері бар ма? Сендер олармен қандай қарым-қатынас жасайсыңдар?«Ынтымақ» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Балалардың жауаптары тыңдалып, педагог төмендегідей қорытындылайды. - Біздің ел - көпұлтты мемлекет. Қазакстанда көптеген халықтар бір-бірімен дос, бауыр, ағайын-туыс болып, тату-тәтті өмір сүреді, Қазақстанды өз елім, өз жерім деп мақтан түтып сүйеді. Ынтымақ - бірлік, ауызбірлік дегенді білдіреді. 1-мамыр - Ынтымақ, Бейбітшілік, Бірлік күні. Ол күні барлық ұлт өкілдері өздерінің салт-дәстүрін, ән-жырын көрсетеді. Президентіміз елімізді әр уақытта ауызбірлікке, ынтымаққа баулып, бейбітшілікте, татулықта өмір сүруге шақырады. Сондықтан біздің елді «Ынтымағы жараскан ел» деп айтуға болады. Ғажайып сөздер • Қазакстанда тұратын барлық халықтармен доспыз, бауырмыз, тату-тәтті өмір сүреміз.   Ырыс алды - ынтымақ Қазақ ертегісі Баяғыда бір ақылды қария болыпты, оның тоғыз ұлы бар екен. Бірақ балалары әкесінің ақылын тыңдамай, әрқайсысы өз бетінше жүріп-тұрады. Олардың бұл қылығын былайғы жұрт күлкі етеді. Үлкені кішісін сабайды, кішісі үлкеніне ақсия қарайды. Бірлігі жоқ тоғыз баланы әркімдер-ақ ұрып кете берді, содан әкесі балаларының қылығы туралы терең ойға шомады. Айласы таусылған шал таудан бір кұшак тобылғы әкелін, балаларын түгел шақырып алады. Содан соң: -Қане, балаларым, күштеріңді сынап көрейін, мына тобылғыны тобымен сындырыңдар, - деді. Тоғыз ұл кезектесіп күштерін сынайды. Буылған бір кұшақ тобылғыны ешқайсысы сындыра алмай, әбден шаршайды. Қария тобылғының бауын шешіп: - Енді бір-бірден сындырып көріңдер, - дейді, Балалары тобылғыны сол заматта-ақ шарт-шарт бөліп: «Міне, сындырдық», - деп мақтанысады. Шал балаларын отырғызып қойып, нұсқалы сөзін бастайды. - Мен сендердің келешектеріңді ойлап қапа боламын. Дұшпандарың көп, ынтымағың жоқ болса, дұшпан сендерді жаңағы жалғыз тал тобылғыдай бырт-бырт сындырады. Ал буылған тобылғыдай бірлікте болсаңдар, сендерді ешкім сындырмак түгіл, майыстыра да алмайды. Менің айтарым сол, - деді, Көп ұзамай шал дүниеден өтеді. Балалары ақылға келіп, бірлесіп тіршілік етіп, кем-кетікке көмектесіп, ынтымакты өмір сүреді. «Ырыс алды - ынтымак» деген сөз содан калған екен. • Қалай оіілаіісыңдар, иеге балалар бір құшақ тобылғыны сындыра агмадьі? Балалардың жауаптары тыңдалып, педагог қорытындылайды. Шығармадағы қариянын балалары ауызбірліктері жоқ, әркімге күлкі болып, бет-бетімен кеткен еді. Қария ойлана келе балаларын ақылға, бірлесіп тіршілік етуге, тату-тәтті, ынтымақты өмір сүруге шақырады. Балалары әкелерінің аіітканын тыңдай, бірліктері, татулықтары артып, бірлесіп тіршілік етіп, әкелерінің осистін орындапты. Осылайша бірігіп, бірлесіп, ауызбірліктіи арқасында кездескен мәселелерді шешуге болады. Ол үшін ынтымақ, бірлік, татулық керек екен. Дәйексөз Педагог «Ырыс алды - ынтымақ»деген сөзді бүгінгі сабақтың дәйексөзіретінде түсіндіреді. -Ынтымак болса, бірлік болады. Ал бірлік болған жерде, ырыс болады. Қазақстанда тұратын халықтар жынысына, ұлтына, жасына қарамай бір-бірін сыйлап, құрметтеуі керек. Сыйластық, ынтымақ бар жерге, ырыс, береке қонады. Сондықтан да халық «Ырыс алды - ынтымақ» дейді екен. Дәптермен жұмыс Балалар дәптерде берілген ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерін атап, бояйды.  
Қорытынды. Түзету жұмыстары. Ынтымак, ауызбірлік, ұйымшылдықтың арқасында кез-дескен мәселелерді оқай шешуге болатынын білдік. Сондықтан үнемі үлкендердің айтқан ақылын тыңдап, тату-тәтті болуға, жаныңдағы адамдармен ынтымақты болып, бірігіп жұмыс жасауға, еңбектенуге болатынын түсіндік. Отанымыз - көпұлтты Қазақстан туралы, біздің елде көптеген халықтардың достықта, татулықта, ынтымақта өмір сүретінін, біз өзіміздің салт-дәстүрімізді дәріптеп, мақтан тұту керек екенін түсіндік.   Жүректен жүрекке Балалар бірігіп, төмендегі өлеңді орындайды. Н. Айтов Бір шаңырақ астында Бір шаңырақ астында Тату-тәтті тұрамыз. Бірге ішеміз асты да, Бірге сайран құрамыз. Ортақ болып ісіміз, Еңбек десе тынбаймыз. Үлкен сыйлап кішіні, Аға ақылын тыңдаймыз. Достықты үлгі санаған Бір үйде біз тұрамыз. Қалған ата-бабадан  

Kүтiлeтiн нәтижe:

Бiлyi тиic: «ынтымақ» ұғымының адамгершілік кұндылық ретіндегі мәнін

Tүciнiгi: ынтымақ, бірлік ұғымы туралы түсініктерін

Kөpceтe бiлyi: тату бола біледі.

 

Мектепалды даярлық сыныбында ұйымдаcтыpылғaн oқy ic-әpeкeтiнiң тexнoлoгиялық кapтacы.

Бiлiм бepy салаcы: Таным.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-10-27; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1671 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

80% успеха - это появиться в нужном месте в нужное время. © Вуди Аллен
==> читать все изречения...

801 - | 741 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.