Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Медициналық симуляция сценариі

Клиникалық жағдай: «ЖДА жағдайында ревматикалық қызбасы бар науқасты диагностикалау және жүргізу тактикасы»

 

Ситуациялық есеп: Сіз – жалпы тәжірибелі дәрігерсіз. Қабылдауға 20 жасар науқас келді.

Ø Анамнез жинаңыз және науқасты қарап-тексеріңіз.

Ø Лабораторлық-аспаптық зерттеулердің нәтижелерін талдаңыз.

Ø Диагноз қойыңыз

Ø Науқасты жүргізу тактикасын анықтаңыз.

Ақырғы нәтиже (outcomes):

Ø Ревматикалық қызбасы бар науқасты сұрастыру және физикалық тексеру.

Ø Ревматикалық қызбаның клиникалық диагностикасы.

Ø Жалпы қан анализін, қанның биохимиялық анализін, қанды иммунологиялық зерттеуді (АСЛ-О, АСК, АСГ), флораға бактериологиялық себуді, А-стрептококтық антигенді және Le-жасушаларды анықтауды, ЭКГ, Эхо-КГ, үш проекцияда жүректің рентгенографиясын, жүректің допплерографиясын, тізе буынының рентгенографиясын жасау және олардың нәтижелерін талдау.

Ø ЖДА жағдайында ревматикалық қызбасы бар науқасты жүргізу тактикасы.

«ЖДА жағдайында ревматикалық қызбасы бар науқасты диагностикалау және жүргізу тактикасы» клиникалық жағдайы бойынша

бағалау парағы (check-list)

Қадамдарды бағалау критерийлері Балмен бағалау
Дұрыс орындады Дұрыс орындамады Орындамады
  Шағымдары мен анамнезін жинау. Барлық сұрақтар қойылды ма? 1,0 0,5  
  Ревматикалық қызба ауырлығының критериилерін анықтау 2,0 1,0  
  Физикалық тексеруді дұрыс жүргізу – жалпы қарап-тексеру 2,0 1,0  
  Жүрек-қан тамыр жүйесін физикалық тексеру 1,0 0,5  
  Болжама диагноз 2,0 1,0  
  Зерттеу жоспарын тағайындау 2,0 1,0  
  Салыстырмалы диагностика жоспары 2,0 1,0  
  Лабораторлық зерттеулерге интерпретация жүргізді 2,0 1,0  
  Аспаптық зерттеулерге интерпретация жүргізді 2,0 1,0  
  Емдеу тактикасын анықтады. 2,0 1,0  
  Науқаспен оңтайлы қарым-қатынас орнатуы және қорқынышын сейілтуі. 2,0 1,0  
  Қорытынды балл      

Актерға (науқас) арналған сценарий мәтіні және оның ролінің сипаттамасы:

Науқас – 20 жасар студент, жатақханада, қолайсыз тұрмыстық жағдайда өмір сүреді.

Шағымдары: дене температурасының 38°С дейін жоғарылауы, тізе және жіліншік-табан буындарының ісінуі және қызметінің шектелуі, физикалық жүктеме кезінде ентігу, жүрек аймағындағы шаншыған ауыру сезімі, әлсіздік.

 

Сұрақтың мәні Актер үшін сұрақ құрастыру Актердің жауабы
Аурудың басталған уақыты Қашан ауыра бастадыңыз? Ем қабылдадыңыз ба? Соңғы 6 күнде температурам көтеріліп кетті, жүрек аймағындағы ауыру сезімі, тізе және жіліншік-табан буындарының ісінуі және қозғалған кезде ауыруы мазалайды. Түнде парацетамол таблеткасын іштім.
Ауру анамнезі дұрыс жиналды Жақында суық тиіп ауырдыңыз ба? Ауырсаңыз, қандай ем қабылдадыңыз? 2 апта бұрын ангина болды, үйде өзім емделдім: тамағымды тұзды-содалы ерітіндімен шайдым.
Жүрек аймағындағы ауыру сезімінің сипатын нақтылау Жүрек аймағындағы ауыру сезімінің сипаты қандай: қысады ма? Сыздайды ма? Бүреді ме? Жүрек аймағында жығымсыз сезім және сыздаған ауыру сезімі
Жүрек аймағындағы ауыру сезімінің пайда болу шартын нақтылау Жүрек аймағындағы ауыру сезімі қашан пайда болады? Физикалық жүктемеден соң
Буындардың зақымдалу сипатын нақтылау   Буындарыңызда қандай өзгерістер бар? Тізе буыным ісінген, қозғалған кезде ауырады, жіліншік-табан буыным да ауырады.
Температураның болуы Дене температураңыз қашан және қай көрсеткішке дейін жоғарылады? Температурам ауру басталғаннан, яғни 6 күннен бері жоғары. Барлық уақытта 37,50С-38,30С шамасында.

Анамнезінде: үш апта бұрын ангина болған, соңғы 6 күнде жағдайы нашарлап кеткен. Аллергиялық реакциялар болмаған. 19 жасынан бері темекі тартады.

Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, температурасы 37,3°С, тері эабындыларының түсі қалыпты, ылғалдығы жоғары. Жақ асты лимфа түйіндері 3 дәрежеге дейін үлкейген. Аңқасы: миндалиналары гипертрофияланған, лакуналары кеңейген, оң жақ тізе буыны ісінген, қозғалған кезде ауырады, жіліншік-табан буыны пальпацияда ауырады. Тыныштықта ТЖ минутына 17 рет, өкпесінде везикулярлы тыныс. Перкуссияда жүрек шекаралары: оң жақ шекарасы оң жақ төс сызығының бойында, жоғарғы – үшінші қабырға аралықта, сол жақ – сол жақ бұғана ортаңғы сызықтан 1 см солға қарай. Аускультацияда жүрек тондары әлсіреген, жүрек ұшында нәзік систолалық шу естіледі, бірен-саран экстрасистолалар. ЖЖЖ минутына 100 рет. АҚҚ 110/70 мм сын. бағ. Іші жұмсақ, ауыру сезімінсіз. Курлов бойынша бауыры 9×8×7, қыры жұмырланған, беті тегіс, консистенциясы эластикалық, пальпацияда ауыру сезімінсіз. Ұрғылау симптомы теріс.

 

Зерттеу нәтижелері:

 

ЖҚА: эр. 4,2 ×10 12, Нв 120 г/л, лейкоцит 13 х 109 /л, т/я 3%, с/я 75%, эозинофил 1%, базофил 0%, лимфоцит 22%, моноцит 3%, ЭТЖ 27 мм/сағ.

ЖЗА: 20мл, түсі сары, мөлдір,, 1012, pH 7,2, лейк- 3-4 көру аймағында, жалпақ эпит-2-3 көру аймағында, шырыш +, белок-, глюкоза-жоқ

ҚБА: жалпы белок 70г/л, альбумин 35%, глобулин 65%, α-1-глобулин 5%, α-2-глобулин 15%, β-глобулин 10%, γ-глобулин 25%, серомукоид 0,25 ЕД, СРБ +++, фибриноген 5,5 г/л.

Аңқасынан жағындыны бактериологиялық себу: Str.haemolyticus +++

Қанды иммунологиялық зерттеу: титр АСЛ-О 1:400, АСК 1:500, АСГ 1:600

А-стрептококтық антигенді анықтау: ++

ЭКГ: ЭКГ: синустық ритм, ЖЖЖ минутына 109 рет, ЖЭО тік орналасқан.

 

ЭХО-кардиография: сол қарыншаның диастолалық диаметрі 5,9 см, қалған камералары қалыпты шектерде. ФВ 50%, митралды регургитация 1-дәреже. Қақпақшалар жармалары өзгермеген.

Жүрек допплерографиясы:Екі өлшемді түрлі түсті допплер-эхокардиограмма: систола кезінде митралды қақпақшаның толық жабылмаған жармалары арқылы 1-дәрежелі митралды регургитацияның мозайкалық турбулентті ағысы тіркелді, сол жақ қарынша қуысы аздап кеңейген, жүректің басқа камералары өзгеріссіз, қақпақшалар жармалары өзгеріссіз.

Тізе буынының рентгенографиясы: Оң жақ тізе буынының рентгенографиясы: рентгенограммада жұмсақ тіндердің ісінуі көрінеді, буын беттері өзгеріссіз, буын саңылауының өлшемдері өзгеріссіз.

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
клиникалық жағдайы бойынша жауаптар эталоны | Библиотеки НГПУ. Методика информационного поиска. Виды каталогов. Алфавитный каталог. Алгоритм поиска
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-10-23; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 520 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Что разум человека может постигнуть и во что он может поверить, того он способен достичь © Наполеон Хилл
==> читать все изречения...

2456 - | 2270 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.