Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тәуекелдерді басқару саясаты




Банктің даму стратегиясын орындау, жоспарланған пайданы алу және оның ағымдағы жұмыста тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында тәуекелдерді шектеу жүйесі тәуекелдерді басқару деп түсініледі.

Банк тәуекелдерін жіктеу Банктің мақсаттары мен стратегияларынан шығады және сыртқы әрі ішкі факторларға байланысты болып, Банктің үздіксіз әрі тұрақты қызметіне қауіп төндіруі мүмкін тәуекелдердің мынадай түрлерін қамтиды:

  1. Қаржылық тәуекелдер;
  2. Қаржылық емес тәуекелдер.

Тәуекелдерді тиімді басқару мақсатында Банк әртараптандыру, шек белгілеу, түрлі қорғау механизмдері мен хеджирлеу құралдарын қолдану арқылы тәуекелдерді басқару әдістерінің кешенін қолданады. Осыған орай Банкте қаржылық, қаржылық емес және елдік тәуекелдерді басқару тәртібіне регламент белгілейтін ішкі нормативтік құжаттар әзірленген және қолданылады.

Тәуекел-менеджмент басқармасы Банк активтері мен пассивтерін және банктік тәуекелдерді басқару секторларына бөлінеді.
Активтер мен пассивтерді басқару секторы Банк активтері мен пассивтерін басқару саясатын басшылыққа ала отырып, Басқармаға жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай негізгі қызметтерді атқарады:

  1. Банк балансының құрылымдық тәуекелдерін басқару;
  2. активтердің әрбір бизнес-қоржыны (кредиттік қоржын, қазынашылық операциялар қоржыны, қолма-қол ақша қоржыны және т.б.) бойынша тәуекел/табыстылық қатынасының белгіленген стратегияларына қарай активтердің бизнес-қоржындары арасындағы оңтайлы қатынасты іздеу;
  3. түрлі бизнестер мен үрдістерге, сондай-ақ түрлі тәуекелдер немесе бизнес-үрдістер кесігінде өнімдерге, құралдарға, операцияларға тән тәуекелдерді басқару, Банктің баланстық және баланстан тыс есептерін, сондай-ақ экономикалық жағдайдың өзгеруіне сезімтал табыс және шығыс шоттарын сараптау.

Банктік тәуекелдерді басқару секторы Басқармаға жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай негізгі қызметтерді атқарады:

  1. Банк қызметіне тән кредиттік, қаржылық, қаржылық емес тәуекелдерді анықтау және жіктеу;
  2. заемдарды кредиттік тәуекел деңгейіне орай реттеу және белгіленген шектермен салыстыру (скоринг);
  3. кредиттік шешімдер қабылдау кезіндегі өкілеттіктерді бөлу: авторизация, кредиттерге мониторинг жүргізу, несиелік қоржынды басқару және проблемалы кредиттерді қалпына келтіру;
  4. кредиттік қоржын сапасын бағалау және кредиттік қызмет шығындарын жабу үшін резервтер құру;
  5. операциялық тәуекелдерді сандық әрі сапалық бағалауды жүзеге асыру, ұсынымдар әзірлеу;
  6. эмитент, қаржылық құрал түрлері, айналым мерзімдері, валюта түрлері мен инвестиция мақсаттары бойынша Банктің инвестициялық қоржынына мониторинг жүргізу.

Тәуекел түрлерінің жіктелуі*

Сыртқы тәуекел Ішкі тәуекел
Сыртқытәуекел – сыртқы ортада пайда болады және олар басқарылмайты және жарым – жартылай басқарылады. Басқарылмайтынтәуекелге келесідей тәуекелдер жатады: 1.Стихиялық апаттар тәуекелі – бұл жер сілкінісі, су тасқыны, өрт, дауыл және т.б апаттардың әсерінен банктің материалды ісер шегуі. 2.Саясат тәуекелі – бұл өкіметте саясаткерлердің ауысуы немесе мемлекетте өткізіліп отырған саясаттық курстың ауысуы және де азаматтық соғыс, революциялық соғыстың жариялануы банкке әсерін тигізеді. Саясат тәуекелі банктің жекеменшіктендірілуі немесе жаңа шек қою, заңдық өзгертулер енгізу банктің жағдайын немесе клиенттің жағдайын нашарлатуы мүмкін. 3.Жалпы экономикалық тәуекел – бұл мемлекеттің экономикалық жағдайының төмендеуі яғни, мемлекеттік бюджет тапшылығының өсуі, инфляция (дефляция) днңгейінің өсуі, экономикалық құрылымдық дағдарыс, елдегі жағымсыз төлем балансы, өкіметтегі экономикалық саясаттың тұрақсыздығы, мемлекеттік чиновниктер арасындығы коррупцияның өсуі және т.б. 4.Елдік тәуекел – елдегі саяси және экономикалық жағдайдың өзгеруі деңгейінің фирмалармен, қарыз алушылардың және мемлекеттің немесе елдің сыртқы қарыздарды өтеуге әсері. Елдік тәуекел сыртқы экономикалық қатынасқа байланысы бар банктерге әсерін тигізеді. Елдік тәуекел көптеген факторлардың әсерінен туындайды. 5.Депозиттік тәуекел – бұл тәуекел сырқы ортаның яғни, депозиттің, қарыздың, салымдарды және басқа да қаржылық көздерді тарту. Банктің ағымдағы қажеттіліктерді қанағаттандыруда: мерзімінен бұрын салымдарды депозит және банктен займдарды алу. 6.Несиелік тәуекел – қарыз алушының негізгі қарызы мен пайызын мерзімінде төлемеген жағдайынан туындайтын зардап. Несие бойынша тағайындалатын ставка қарыз алушының қамтамасыз етілетін кепілдеме құнының өзгеру тәуекелділігі мен қарыз алушының міндеттемелерді орындай алмау тәуекелділігін есепке ала отырып бекітіледі. Қарыз алушының міндеттемелерді орындай алмауы көптеген факторлардың әсерінен туындайды: заңдық құқықтық қабілеттілігі, қаржылық жағдайы, клиенттің беделі, кепілге қоятын мүліктің құндылығы, сапасы, кәсіпорынның дамуына болжау және т.б. 7.Валюталық тәуекел –Ұлттық валютаға шеттел валюта бағамының өзгерісінен туындаған валюталық (курстық) зардап шегу. Бұл тәуекелдіктің түрі 70 – 80 ж.ж. батыстың экономикасында кездескен, әсіресе өзгермелі валюталық курсқа өткізу кезінде пайда болған. Валюталық тәуекел спекулятивтік жолмен баюға тырысатын банктерде көп кездеседі. Бір валюта курсының әр түрлі валюта нарығына сәйкес келмеумен немесе әртүрлі уақыт мерзімінде валюталық курстың айырмашылығы жағдайында туындайды. 8.Пайыздық тәуекел –пайыздық ставкасының қолайсыз алдын ала белгісіз жағдайының өзгеру нәтижесінде банктің зардап шегуі. Маржаның шегерілуі пайыздық тәуекел тартылған қаражат көздерінің қайтару мерзімі сәйкес келмеген жағдайда немесе активті және пассивті операциялар ставкалар белгіленген ставкалармен немесе айнымалы ставкалармен белгіленген жағдайда орын алады. 9.Инвестициялық тәуекел -әлемдік нарықта коньюктураның өзгеруі, спекулятивті, пайыздық ставканың өзгеруі, саясаттық немесе экономикалық кризис, эмитенттің банкроттылық нәтижесінде бағалы қағаздардың құнсыздану тәуекелділігі.   Ішкі тәуекел –бұл банк ішінде пайда болатын тәуекелдер. Ішкі тәуекелдер: әкімшілік, қаржылық және операциондық болып бөлінеді.Әкімшілік тәуекелдер былай бөлінеді: 1.Стратегия тәуекелі – ішкі стратегиямен қате таңдау тәуекелі, қате аналитикалық болжамдарды қолдану және т.б.   2.Құрылым тәуекелділігі – банк құрылымының тиімсізділік тәуекелі. 3.Басқару тәуекелі –бұл, банк басқаруда мамандырылмаған немесе авантюрлі нәтижеде пайда болатын тәуекел. 4.Кадрлық тәуекел –мамансыз кадрларды қабылдауда немесе қызметкерлердің психологиялық мінездемелері сәйкес келмеуі, кллективте жұмыссыздық атмосфера құратын тәуекел. 5.Бақылау тәуекелділігі – бұл банктік бөлімшелерді бақылауда бақылау жүйесі тиімді емес болуы мүмкін. Бөлек құрал түрлері немесе бөлек операциялар. Сонымен бірге, бақылау тәуекелділігі бұл банктен құпиялы ақпараттың ағып кетпеу тәуекелділігі. 6.Қаржылық тәуекел –банктің қаржылық қызметімен байланысты тәуекелдер. Банктік операциялардың негізгі тәуекел түрлеріне жататындар: 7.Өтімділік тәуекел – қысқа мерзімді және орта мерзімді талап сомалармен міндеттемелердің сәйкес келмеуі, банктің төлемқабілетсіздігіне және төлемдердің тұрып қалуына әкеп соғады. 8.Операция түрлерінің тәуекелділігі – жеке операция түрлерінің тәуекелділігі. Мысалы: лизингтік, факторингтік, фьючерстік немесе опциондық операция. 9.Сауда тәуекелділігі – сауда кезіндегі сауда инструменттерін жоғалту тәуекелділігі яғни, бағалы қағаздар, валюта, қаржылық инструмент және т.б. 10.Операциялық тәуекел – бұл ағымдағы тәуекел, жеке банктік бөлімшелерді басқару деңгейінде банктің күнделікті қызметінде пайда болады. 11.Ұйымдастыру тәуекелі – банк бөлімшелерінің тиімсіз ұйымдастырылуы, лауазым міндеттемелердің, операция мен есеп жүргізу практикасы және т.б. 12.Ақпараттық тәуекел – бұл банктік операцияға әсер ететін жалған ақпарат алу немесе қажетті нарықтық ақпараттың алмасуы. 13.Персоналмен байланысты тәуекел – персонал тәртібінің ерекшелігі нәтижесінде шығын болу мүмкіншілігі.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-10-22; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 722 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наглость – это ругаться с преподавателем по поводу четверки, хотя перед экзаменом уверен, что не знаешь даже на два. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2649 - | 2219 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.