№ | Қадамдарды бағалау белгілері | |
1. | Шағымдарды және анамнезді жинау | Дәйекті және жүйелі түрде жүргізілді, барлық анықтаушы сұрақтар берілді. Анамнезін жинағанда науқастың ауру және өмір тарихы, эпидемиологиялық тарихы аталды. |
2. | Кеуде ішілік лимфа түйіндері туберкулезінің ауырлық белгілерін анықтау. | Науқастың жалпы жағдайы орташа ауырлықта. |
3. | Физикальды тексеруді жүргізу – науқасты жалпы қарау. | Интоксикация белгілері дұрыс толық анықталды, жалпы жағдайының орташа ауырлықтағысы, көңіл-күйінің қалыпты болуы. Дене бітімінің астеникалықтығы, тері жабындыларының құрғақтығы және бозғылттығы. Шеткі лимфа түйіндерінің сипаттамасы толық берілді – топтары, өлшемдері, серпімділігі, ауру сезімі, жылжымалылығы. Сол жақ иығындағы БЦЖ тыртығы ескерілді. |
4. | Туберкулезге қарсы иммунизациясының тийімділігін бағалау (БЦЖ вакциналауы) | Қазіргі таңда науқастың туберкулезге қарсы иммунитеті жойылған (БЦЖ екпесінен кейін 7 жыл өтті). Науқастың сол жақ иығында бір тыртық анықталды, ол перзентханада жасалған екпеден кейін түзілген тыртық, сонымен қатар, оның нәтижелелігі төмен, өйткені кіші көлемді – 3мм. |
5. | Тыныс алу жүйесін зерттеу. | Кеуде торын қарау. Физикальды зерттеу дұрыс және дәйекті түрде жүргізілді. Кеуде торының пішіні, тыныста екі жағының симметриялы түрде бір қалыпта қатысуы, деформациялардың және пальпация кезіндегі ауру сезімінің жоқ болуы көрсетілді. Өкпе экскурсиясы және 1 минутына тыныс алу жиілігі дұрыс анықталды. Өкпенің салыстырмалы және топографиялық перкуссиясы мен аускультациясы анықталған белгілердің дұрыс талдауымен жүргізілді. Салыстырмалы перкуссиясы кезінде кеуденің алдынғы бетінен оң жақ парастернальды аймағында және артқы бетінде жауырын арасы аймағында перкуторлы дыбыстың түйықталуы анықталды. |
6. | Жүрек-тамыр жүйесін (ЖТЖ) зерттеу. | ЖТЖ тексеруі дұрыс және дәйекті түрде жүргізілді. |
7. | Болжам диагнозы. | Науқастың шағымдары (екі көзінің қызаруы, ісінуі және іріңдеуі); аурудың тұмау тәрізді басталуы (мұрыннан жиі шырышты бөлінділердің шығуы, жөтеліңкіреу); сырқаттың анамнезі, педиатр және окулисттің тағайындаған кешенді емінің төмен нәтижелілігі (клиникалық белгілері толық жойылмады, интоксикация белгілері сақталуда) ескерілді, спецификалық үрдіске күмәнданып және аурудың диагностикасы мен салыстырмалы диагностикасы мақсатында қосымша зерттеулерді қолдану қажет. |
8. | Тексеру жоспарын құрастыру. | ЖҚС, ЖЗС, қанның биохимиялық сараптамасы, туберкулиндік Манту сынамасы жәнеДиаскинтест, ТМБ–на қақырық сараптамасы (бактериоскопия, G-Xpert, ВАСТЕС–960, бак.себу), рентген-томографиялық зерттеуі. |
9. | Салыстырмалы диагностиканың жоспары. | Кеуде ішілік лимфа түйіндері туберкулезінің салыстырмалы диагностикасы аденовирустық инфекциясы және жедел бронхитпен жүргізіледі.. |
10. | Микробиологиялық диагностиканың нәтижелерін талдау. | ТМБ-на қақырықтың сараптамалыры (микроскопия, G-Xpert, ВАСТЕС-960) - теріс нәтижелерді берді. Қақырықты ортаға себу – жұмыс барысында. |
11. | Лабораториялық зерттеу әдістерінің нәтижелерін талдау. | Жалпы қан сараптамасында: ЭТЖ жылдамдатылған, орташа лейкоцитоз, лимфоцитопения, эозинофилия, моноцитоз. Жалпы зәр сараптамасы және қанның биохимиясы қалыпты. |
12. | Тері ішілік Мантусынамасының және диаскинтесттің нәтижелерін талдау. | Манту сынамасының нәтижелері: 3 жасында поствакциналық аллергия болған, 7 жасында инфекцияны жұқтырған (туб.вираж). Науқастану кезінде сынама нәтижесі – күрт оң (гиперергия) - папула 15 мм. Диаскинтест: папула 17 мм – гиперергия, аллергияның нақты себебін көрсетеді (туберкулездің жұқтырылуын). |
13. | Кеуде торы ағзаларының рентген-томограммасын талдау. | Аумақты шолу рентгенограмма: Өкпе түбірлерінің асимметриялы түрде кеңеюі, түбір шығыңқы, құрылымсыз, шеті анық емес, бағаналы бронхтың тарылғаны спецификалық этиологиялы өзгерістердің болуына күмән тудырады – кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезіне. Түбірлі томограмма (6,5 см): Өкпе түбірлеріндегі ұлғайған бронхопульмональды топтағы лимфа түйіндері - инфильтрация фазасындағы кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезіне тән. |
14. | Науқастың жүргізуі жолы және дәрігердің тактикасы. Науқастың ауру түрін және санатын анықтау. | 1. Фтизиатрдың кеңесі. 2. Туберкулезге қарсы диспансерге ауруханада емделуге жолдама. Кеудеішілік туберкулездің тұжырымды диагнозының анықталуында СЭБ мекемесіне шұғыл жолдама жіберу (№089-у нұсқа); тіркеу нұсқаларын толтыру: ТБ 15. Жаңа жағдай, бірінші санат. |
15. | Химиотерапия тағайындау. | Бірінші санаттың үлгісі бойынша: қарқынды кезең 2-4 ай бойы 4 негізгі I қатардағы препараттармен (изониазид, рифампицин, этамбутол, пиразинамид); жалғастыру кезеңі – 4 ай бойы екі химиопрепаратпен: изониазид и рифампицин |
16. | Емдеу нәтижелілігін қадағалау. | Сырқаттың клиникалық-рентгенологиялық динамикасы; бактериоскопиялық әдіспен 2 ай емнен кейін ТМБ-на екі қайтара қақырық сараптамасы. |
17. | Науқаспен оңтайлы қарым-қатынасты орнату және баланың мазасыздануын жою. | Науқаспен оңтайлы қарым-қатынас орнатылды. Дәрігердің барлық сұрақтарына дәлме-дәл жауап алынды. |
Симуляцияны жабдықтандыру:
Интернге тапсырма.
1. Стандартталған науқасқа арналған сценарий.
2. Емтихан қабылдаушыға ақпарат (қадамдарды бағалау белгілері, жауаптардың эталондары).
3. Кеуде торы ағзаларының рентген-томограммасы.
4. Тонометр, фонендоскоп.
Жабдықтар: оқу бөлмесі – дәрігер бөлмесі.
1. Кушетка – 1
2. Аспаптарға арналған үстел – 1
Құрастырушының аты-жөні: доцент Касенова Л.Ш.
Пікір берушілердің аты–жөні:
Кафедра доценті Кумисбаева Б.Т.;
Алматы қ. Медеу ауданының ҚТҚД бөлім меңгерушісі, м.ғ.к. Камзина Б.Г.
БББК отырысында бекітілді,
Төрайымы м.ғ.д., профессор Курманова Г.М.
Хаттама №5 29.01.15 ж.