Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


ЖШС «Цесна-Астық» Концерні» еңбекті қорғау және қауіпсіздік технологиясы




Еңбекті қорғау өндірістік санитария және жарақаттанудың өзекті мәселелерін, негізгі өрт-техникалық мәліметтерді және жалпы тағам өнеркәсібі өндірістеріндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін, өндірістің арнайы ерекшеліктерін және негізгі және қосымша технологиялық жабдықтарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарын зерттейді.

Еңбекті қорғау жайлы заңнама, ҚР Конституциясында бекітілген негізгі ережелерге негізделген, ол жерде мемлекет еңбек жағдайының жақсартылуын, оның ғылыми ұйымдастырылуын, АӨК барлық салаларында өндірістік үрдістерді автоматтандыру және кешенді механикаландыру негізінде ауыр дене еңбегін қысқарту,ал кейінірек оны толықтай ығыстыруды қамтамасыз ететіні айтылып көрсетілген.

Машиналарға қызмет көрсету кезінде қауіпсіздік шараларын және өндірістік санитария шараларын сақтау қажет.

Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар алмаған тұлғалар машиналарға қызмет көрсетуге жіберілмейді. Машиналарға қызмет көрсететін жұмысшылар денені толықтай жауып тұратын киімде жұмыс жасауы керек. Киім жеңдері толық жабысатын қайырмалы болуы керек. Қандай жағдай болмасын белдемшемен, халатпен немесе мойын орағыш, орамалар немесе үшкіл орамал тағып жұмыс жасауға болмайды.

Белбеу немесе киім сыртынан бау тағуға болмайды. Шаштың баскиім астына - берет немесе қалпақ астына жиналуын қадағалау керек.

Қандай да бір себептерге байланысты өздігінен түзете алмайтын, барлық анықталған ақаулар жайлы аға меңгерушіге бірден хабарлау керек.

Сонымен қатар келесі ережелерді қатаң сақтау қажет:

Машинаның барлық айналмалы бөліктері (тегершік, білік, муфта, тісті доңғалақ) арнайы қоршау заттарымен - қынаптармен оқшауланған болуы керек. Оқшаулау қынаптары жеңіл, берік, тез алынатын және орнатылатын болуы керек. Қоршау қынаптары алынып тасталған машинаны қосуға немесе оларды жұмыс барысында шешіп тастауға тыйым салынады.

Барлық тісті және тізбекті берілістер қоршау қынаптарына ие болуы керек.

Біліктердің шығыңқы шеттері (машиналарда) тегіс қынаптармен жабылған болуы керек.

Айналмалы біліктер тегіс болуы керек және еденде орналасқан жағдайда қаптамалармен жабылған болуы тиіс.

Тоспа нориясының толып қалуын қолмен тазалауға тыйым салынады. Ол үшін арнайы қырғыштар жасалуы керек.

Бұрандалы конвейерлердің (шнектердің) тетіктерін оралып қалған жіптерден, шүберектерден, сымдардан және т.б. тазартуды тек конвейер (шнек) тоқтаған жағдайда ғана жасау керек.

Електі қорғалмаған қолмен тазартуға болмайды, себебі бұл жағдайда ситте қысылып қалған өткір заттар қолды жарақаттауы мүмкін.

Машинада құралдарды немесе тетіктерді қалдыруға болмайды, себебі қосу кезінде олар механизм ішіне түсіп кетуі мүмкін.

Машинаға бөтен тұлғаларды жіберуге болмайды.

Машинаны қосуды және тоқтатуды тек алдын ала ескерту сигналынан кейін іске асыру керек.

Диірменнің астық дәнін тазарту бөлімі П-11 өртке қауіпті санатқа жатады. Электр жабдықталу сенімділігі бойынша негізгі электр қабылдағыштар негізінен екінші және үшінші санатқа жатады.

Электр қозғалтқыштары маңында жеке және топтық батырмалы станциялар немесе оларды жергілікті басқару немесе тоқтату үшін пакетті ажыратқыштар болады. Электр қозғалтқыштарының күштік тарату желісін, кабелдік каналдарда салынатын, қабық және полихлорвинильді (ПХВ) оқшаулануы бар брондалмаған кабельдермен жасайды.

Жұмыс және апатты жарықтандыру кернеуі 380/220 В тең деп алынады, ал жөндеу жарықтандыру желісі - 24 В айнымалы ток. Жұмыс және апатты жарықтандыруды бір мезетте қосады. Жұмыс жарықтандырылуы бұзылған жағдайда апатты жарықтандыру адамдарды шығару үшін негізгі шығу орындарындағы ең төменгі жарықтандыру деңгейін қамтамасыз етуі керек. Өндірістік бөлмелерде шаң өтпейтін жарықтандырғыштар орнатады, ал қосалқыда - қалыпты бөлмелерге арналған жарықтандырғыштар қойылады.

Жөндеу жарықтандыруы үшін тасымалды, жарылыстан қорғалған, қызба шамдары бар, штепсельдік қосқыштар арқылы 24 В кернеулі желіге қосылатын жарықтандырғыштар қолданады. Топтық және жарықтандыру желісін басқару және қорғауды, жарықтандыру қалқаншаларында орнатылған, автоматты ажыратқыштармен іске асырады.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-10-22; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 824 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Начинайте делать все, что вы можете сделать – и даже то, о чем можете хотя бы мечтать. В смелости гений, сила и магия. © Иоганн Вольфганг Гете
==> читать все изречения...

2282 - | 2063 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.