Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Полимерлік материалдардың тозу беріктігін анықтау




Полимерлік материалдардың тозу беріктігі 1.9-суретте көрсетілген аспап арқылы анықталады.

Бұл аспап 106 мм аралықта минутына 40 рет ары-бері қозғалатын арбаға (1) орнатылған. Сыналатын үлгі (4) минутына 40 рет айналатын дискіге (2) бекітіледі. Негіздің ені – 140 мм оққа (7) ілінген, бетіне электркорунд түйіршіктері жабысқан жүк (3) үлгінің бетін арбаның ары-бері жүру есебінен қажайды. Арбаның жүру аралығы 106 мм болған кезде, жүктің үлгі бетімен жүру аралығы 142 мм-ге теңеледі. Демек, жүк үлгі бетінде 36 мм қашықтықты қажет етеді. Дискіге орнатылған үлгінің айналуы нәтижесінде оның бүкіл ауданы желінеді.

 

 
 
1-арба, 2-диск, 3-жүк, 4-үлгіні қажайтын жүктің төменгі беті, 5-үлгі, 6-жүкті еркін тербелтетін өсі  

 

 


1.9 сурет - Тозу беріктігін сынау машинасы

 

Құрал-жабдықтар: тозу беріктігін сынау машинасы, индикатор, полимер үлгісі.

Жұмыс тәртібі. Орама немесе едендік полимерлік плиткадан жақтары 200х200х200 мм-лік үлгі кесіп алынады. Егер сыналатын полимер жұқа болса, кесілген үлгі қағаз картонға немесе шереге (фанераға) бекітіледі, үлгілердің саны үшеуден кем болмауы тиіс. Желінуге беріктігін сынау кезіндегі үлгі қалыңдығының өзгерісі индикаторлар арқылы анықталады.

Сынаудан бұрын үлгі темір пластинкаларға (өлшемі 200х200х5 мм) жабыстырылады, содан соң 30-40 кг жүкті үстіне 30 минут бойы бастырып қояды. Темір пластинканың екінші бетінде үлгінің қанша қалыңдықта қажайтындығын анықтау мақсатында пирамида пішіндес 12 шұңқыр жасалады.

 

 

1.10 сурет - Пирамида пішіндес 12 шұңқырдан құралған пластинка

 

Осындай ретте дайындалған үлгілер индикаторға қойылып, бірінен соң бірі 12 шұңқыр индикаторымен өлшенеді (1.9-сурет). Соңынан үлгі (1) дискіге бекітіліп, жүк түсіріледі де, арба жүргізіледі. Аспап орнатылған арба 106 мм аралықта 100 рет ары-бері жүргізілгеннен соң, сынақ тоқтатылады.

Үлгінің 12 нүктесіндегі сынауға дейінгі және одан кейінгі көрсеткіштері арасындағы айырмашылық полимердің қанша қалыңдықта желінгендігін білдіріп, келесі формуламен есептелінеді.

 

G=Σtо/8 – Σtш / 4, мк

 

бұнда: tо – үлгі орталығындағы нүктелердегі индикатордың сынауға дейінгі және одан кейінгі көрсеткіштер айырмашылығы (1-8 нүктелер) мк;

tш – үлгі шетіндегі нүктелерде индикатордың сынауға дейінгі және одан кейінгі көрсеткіштерінің айырмашылығы (9-12 нүктелер) мк.

Үш үлгіні сынау арқылы алынған нәтижелердің орташа арифметикалық есебі, полимердің желінуге беріктік көрсеткішін білдіреді.

Едендік поливинилхлорид орама полимерлік материалының желінуге төзімділігін 1.11-суретте көрсетілген бөрене сияқты аспаппен анықтауға да болады.

Осы әдіс едендік орама үлгіні бірнеше цикл бойы желінуге беріктігін сынаған соң, оның салмағының азаюына (h, мкм) негізделген және тәжірибе арқылы алынған нәтижелер мына формула арқылы анықталады:

 

∆h = ((m1-m2) / (P·S)) к·104, мкм

 

мұнда: m1 және m2 – үлгінің қысқыш арқылы сынауға дейінгі және одан кейінгі салмағы, г;

к – жылтырату қағазының түріне байланысты коэффициент;

P – үлгінің тығыздығы, г/см3;

S – желіну ауданы, см2;

104 – қайта есептеу коэффициенті.

 

 

1- бос цилиндр; 2 – жылтырату қағазы; 3 – үлгі, 4 – қысқыш; 5 – патрон; 6 – патронды қозғалту аспабы

1.11 сурет - Едендік орама полимерлік материалдарды бөрене сияқты аспаппен желінуге төзімділігін анықтау схемасы

БӨЛІМ





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-10-07; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 559 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Начинать всегда стоит с того, что сеет сомнения. © Борис Стругацкий
==> читать все изречения...

2298 - | 2047 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.