Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Жаңа таратқыш-араластырғыш машиналар

Дәріс-9

 

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Бұрынғы таратқыш –араластырғыштар.

2. Қазіргі заманғы таратқыш –араластырғыштар.

 

Бұрын алдын ала ұсақталған шөпті және дәнді азықты, сүрлемді араластырып таратуға арналған жылжымалы таратқыш–араластырғыштар жасалған болатын. Бұл машиналарда жұмыс істеу процесі былай жүргізілетін.

Машина кузовна белгілі мөлшерде ұсақталған шөп, сүрлеп және дәнді азық тиеледі. Осыдан кейін оның араластырғыш механизмдері трактордың қуат алу білігі арқылы айналдырып іске қосылады.

Бұл араластыру процессін таратқыш-араластырғыш жолда, яғни азық тарататын қораларға бара жатқанда да жүргізе алады. Сонымен машина тарататын жерге жеткенше өзіне тиелген азықты араластырып үлгіреді.

Осындай машиналардың біреуі РСП-10 таратқыш – араластырғышы.

 

 

1- сүрет - РСП-10 таратқыш – араластырғышының жобасы.

 

1- кузов, 2- жоғары бұранда, 3- төменгі бұранда, 4-тасымалдағыш, 5-қақпақ, 6-рама.

 

Бұл таратқыш-араластырғыш араластырылатын азық компоненттерінің белгілі бір мөлшерін қабылдап, араластырып және өзінің кузовындағы дайын аралас азықты қоралардың ішіндегі немесе алаңдарда орнатылған азық науаларына таратуға арналған. Негізінен бұл машина екі процесс атқарылады, яғни араластыру және азық науаларына тарату процесі. Мұнда екі ості тіркеменің үстіне бункер орнатылған. Ал бункер ішінде үш бұрандалы білік бар. Мұндағы екі жоғарғы білік араластыру қызыметін, ал төменгі білік тарату қызыметін атқарады. Төменгі бұрандалы біліктің екі жағына орнатылған бұрандылар азықты ортасына қарай жылжытады.

Төменгі бұрандалы білік айналып тұрғанда және бункер ортасындағы терезенің қақпағы ашық болса, онда біліктің ортасына орнатылған қалақ темір терезеден араласқан азықты шығаруды қамтамасыз етеді. Ал шығарылған азық тасымалдағыш арқылы науаға беріледі.

Жоғарыдағы бұрандалы біліктер шеттерінде азық толып тығылып қалмау үшін арнаулы кесінді бұрандалар орнатылған. Олар азықты қабырғадан ішке қарай ығыстыруды қамтамасыз етеді. Барлық компоненттер бункерге толтырылғаннан кейін трактордың қуат алу білігі арқылы барлық бұрандалы біліктер іске қосылады яғни араластыру процессі басталады.

Таратқыш азық тарататын науаларға келген кезде гидроцилиндір арқылы терезенің қақпағы ашылады және тасымалдағыш іске қосылады. Сонымен қатар, науаларға азық тарату жүріп жатқанда таратқыштың барлық біліктері жұмыс істеп тұрады.

Дүние жүзінде шығарылатын таратқыш-араластырғыштар әмбебап машина болып есептеледі. Олар азықты өзіне тиеу, өлшеу, араластыру, ұсақтау, тасымалдау және науаларға тарату болып табылады. Бұл машиналар тіркемелі және өздігінен жүретін болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта осындай таратқыш-араластырғыштардың 400 түрін жасауды 30-ға жуық фирмалар айналысады.

 

Қазіргі уақытта 1000-ға дейін қойы, немесе 200-ге дейін сиыры бар шаруашылықтарға арнап Қазақтың ауылшаруашылығын механикаландыру ғылыми-зерттеу институты кузовының сиымдылығы 4,3м3 болатын 4 бұрандалы білігі бар таратқыш-араластырғыштың конструкторлық құжаттар жасалды. Мұнда бұранда қалақтарына арнаулы пышақтар орнатылған, яғни ұзын сабақты азықты аздап болса да ұсақтауды қамтамасыз етеді.

 

 




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Жинағыш-ұсақтағыш машинаның құрылысы және жұмысы | Синтаксис среднеанглийского периода
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-09-06; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1443 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Жизнь - это то, что с тобой происходит, пока ты строишь планы. © Джон Леннон
==> читать все изречения...

2267 - | 2040 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.013 с.