Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Дәріс. Балалар, жеткіншектер және жастар арасындағы әлеуметтік-педагогикалық ауытқулар

Жоспары:

1. Балалар мен жеткіншектер арасындағы әлеуметтік-педагогикалық ауытқулардың сипаттамасы және себептері мен салдары

2. Ауытқу түрлері мен типтері және олардың сипаттамасы.

3. Түзетуге келетін және түзетуге келмейтін ауытқулар.

4. Жастар арасындағы әлеуметтік- педагогикалық ауытқулардың себептері мен салдары.

5. Жастар ұғымы және олардың санаттары.

6. Ауытқудың алдын алу технологиялары.

 

Ауытқу негативті немесе позитивті сипатқа ие болуы мүмкін. Мысалы, баланың ауытқуы кейде оның ақыл-ойы жағынан кемістігі болып саналса, кейде ол талантты болуымен айқындалады. Мінез-құлықтығы алкоголизм, нашақорлық, қылмыс жасау және т.б. қалыптан ауытқулар тұлғаның әлеуметтік қалыптасу процесіне және жалпы қоғамның дамуына кері әсерін тигізеді. Мінез-құлықтағы позитивті ауытқулар, яғни әлеуметтік шығармашылықтың барлық формаларына жататын экономикалық қабілеттілік, ғылыми және көркем шығармашылық және сол секілді қаситтер керісінше әлеуметтік жүйенің дамуына, ескі қалыпты жағдайлардың орнына жаңа талаптарды алып келеді.

Балалар мен жеткіншектер арасындағы әлеуметтік ауытқулардың жиі кездесетін түріне девиантты және делинквентті мінез құлықтар жатады.

Қалып (норма) ұғымы медицина, психология, педагогика және физиология ғылымдарында кеңінен қолданылады. Қалып түсінігі шындық болмысты сипаттайтын обьективті реалдылықтың қандай да бір орта статистикалық көрсеткішін көрсететін шартты бейнелері болып табылады.

Әлеуметтік педагогикадағы «қалып» және «ауытқу» ұғымдары баланың әлеуметтік мінез-құлқы мен даму процесін сипаттау үшін қолданылады.

 
 

 


Девиантты мінез-құлық деп мінез-құлқындағы нормадан ауытқуы бар балаларды айтамыз. Яғни, агрессия, өз бетінше сабақтан қашу, нашақорлыққа қызығушылық таныту, шылым мен ішімдікке әуестену және т.б. девиантты мінез-құлыққа жатады.

Ауытқу түрлері мен типтері және олардың сипаттамасы. Шартты түрде қалыптан ауытқу құбылысын төрт түрге бөлуге болады. Олар: денедегі ауытқу,психологиялық ауытқу, педагогикалық ауытқу және әлеуметтік ауытқу.

 

Қалыптан ауытқудың түрлері

Денедегі қалыптан ауытқу құбылысы адамдардың денсаулығындағы кемшіліктерге байланысты болып, медициналық көрсеткіштермен айқындалады. Медицинада әрбір жас ерекшелігіне сай адамдардың денесінің саулығын сипаттайтын өзіндік көрсеткіштері (салмағы, бойы, көкірек көлемі, және т.б.) айқындалған. Әйтсе де бүгінгі күні қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік қиндықтардың салдарынан барлық балалар дене жағынан сау болып дүниеге келе бермейді, іштей денсаулығындағы ауытқулармен өмірге келетіндер көп.

Денсаулығы мен дамуы жағынан ауытқуы бар адамдардың мынадай түрлерін атап көрсетуге болады:

- дерт – психикалық немесе физиологиялық функциясында аномальдық құбылыстың болуы, қандай да бір іс-әрекетті орындауда қиындық туғызатын аномальдық құрылым элементтердің кездесуі;

- мүмкіндігі шектелген – адам қимылында қалыпты болған әрекеттерді жасауда қабілеттіліктің болмауы немесе шектеуі;

- мүгедектік – жас ерекшелік, жыныстық және әлеуметтік факторлардан туындайтын қандай да бір нормативтік рөлдерді орындауды шектейтін немесе кедергі келтіретін нақтылы адамдардың мүмкіндігінің шектелуі немесе дефектісінің кез келген салдары.

 

2. Психикалық ауытқу баланың ақыл-ойы дамуымен, псиикалық жетіспеушілігімен байланысты айқындалады. Оған адамның сөзі, эмоциялық-еріктік күші, сондай-ақ сөйлеудегі кемшіліктер, тұтығу, оқу мен білім мазмұнын баяндаудағы кемшіліктер жатады. Баланың ақыл-ойы жағынан дамымай қалуы жүйке жүйесінің тума дефектісі немесе аурудың салдарынан болу мүмкін.

Психикалық ауытқуға сөйлеу мүшесінде әртүрлі қиындық деңгейдегі кемістігі бар балалар жатады. Эмоционалдық-еріктік сферасында ауытқуы бар балаларды да осы топқа жатқызамыз. Бұл ауытқудың ең ауыр түрі, қоғамды, суицидтік әрекетке бару қауіпін тудыратын психикалық күй – аутизм ретінде көрінеді.

Психологиялық ауытқудың ерекше тобы болып табылатын тағы бір қыры – балалардың дарындылығы. Бұл қандай да бір тапсырманы орындауда табысты нәтижеге жетуді қамтамассыз ететін қабілеттілеттіліктердің тамаша үйлесімділігі. Қабілеттіліктер – іс-әрекеттердің бірқатар жиынтығын меңгеру шараларында көрінетін тұлғаның сипаты.

 

3. Педагогикалық ауытқу – бұл ұғым әлеуметтік педагогика мен педагогика ғылымдарында аз қолданылады. Бұл ең алдымен педагогикалық мақсатты жүзеге асыруда білім алушының әрекетінде қалыптасқан нормалар мен көрсеткіштерді саыстыру арқылы реттеп отыратын ынталандырудың тұлға дамуына әсерімен іске асырылады.

 

           
   
 
   
 

 


Әлеуметтік ауытқу – ол «әлеуметтік қалып» ұғымымен байланысты. Әлеуметтік қалып- қоғам дамуының өзіндік кезеңінде қалыптасқан және арнайы қабылданған әлеуметтік топтың немесе адамдардың мінез-құлық әрекеттерінің үлгі ережесі. Әлеуметтік ауытқу адамның мінез -құлқы мен жүріс-тұрысындағы әрекеттердің қоғамдық талаптарға сәйкес келмеуінен немесе көзқарастарындағы қайшылықтарынан байқалады. Әлеуметтік ауытқуды М.А.Галагузова зерттеп, оны үлкен екі топқа бөлген. Олар: қоғамдағы әрбір адамға таралатын универсалды әлеуметтік қалып, сонымен қатар, адамдардың өмір әрекетінің ерекшеліктері мен мамандық қызметтерінің ерекшеліктеріне байланысты айқындалатын дербес қалып (мысалы, дәрігерлер, педагогтар, т.б.) Әлеуметтік қалып қоғамдық өмірдің тұрақтылығын қамтамассыз ететін және нормативті реттеу жүйесінің элесенті болып табылады (мораль, дәстүр, құқық). Әлеуметтік қалыпты басқа да белгілеріне қарай құқықтық, моральдық, саяси, діни және т.б. деп топтастыруға болады

 

 
 

 


           
   
 
 
   
 
 
 

 


Түзетуге келетін және түзетуге келмейтін ауытқулар. Әлеуметтік қалып пен адам мінез-құлқының одан ауытқуы кез кеген қоғамның дамуындағы бөліп алғысыз фактор ретінде көрінеді. Балалар үшін әлеуметтік қалыптың ерекшеліктеріне олардың әлеуметтік тәрбиелер мен әлеуметтік рөлдерді меңгеру барысындағы әлеуметтік құндылықтарға мойынсыну және қалыпты дәстүрлерді меңгеруі мен тәрбиесі негіз болады. Кез келген ауытқуды таза күйінде қабылдауға болмайды. Олар аралас күйде кездеседі. Мысалы, әлеуметтену процесінің құрбаны болған балалар денсаулығын бұзып алады. Бұл – әлеуметтік ауытқу мен дене жағынан ауытқуы бірге жүзеге асып жатыр деген сөз.

 
 

 


 

Түзетуге келетін ауытқуларға девиантты мінез- құлықты, делинквентті мінез-құлықты, криминалды мінез-құлықты, психикалық ауытқуды, педагогикалық ауытқуды, әлеуметтік ауытқуды және денедегі қалыптан ауытқудың кейбір түрлерін жатқызуға болады.Түзетуге келмейтін ауытқуларға көбіне туғаннан пайда болған ауытқулар жатады. Денедегі қалыптан ауытқу құбылысында ақыл-есінің кемістігімен туылған балалар, күрделі кемістік тобына жататын адамдар және т.с.с. жатады. Кей жағдайларда туғаннан пайда болған ауытқуларды медицинаның көмегімен, күрделі емдеу, аперация және т.б. арқылы ауытқуды түзетіп жатқан жағдайлар көп.

 
 

 


Жастар арасындағы әлеуметтік- педагогикалық ауытқулардың себептері мен салдары. Шартты түрде қалыптан ауытқу құбылысын балаларда кездесетін өзін-өзі сыйлауының төмендігі девиантты мінез-құлықтың барлық түрінде көрініс береді, сондай-ақ қылмыстық топқа ену арқылы құқық бұзушылық әрекетінің болуы, наша қолдану, ішкіштік, агрессия, суицидті мінез-құлық және әр түрлі психикалық бұзылулар орын алады.

 

 


 

Жеткіншектердің мінез-құлқындағы ауытқулар туа пайда болмайды, олар физиологиялық ауытқулардан емес, отбасындағы және мектептегі дұрыс тәрбие бермеудің салдарынан пайда болады. Осы аталған ауытқу девиантты мінез-құлықтың шығуына алып келеді.

Жастар арасындағы әлеуметтік - педагогикалық ауытқулардың пайда болу себептеріне отбасының тәрбиесі де жатады. Отбасылық жағдайлар әр түрлі, және олар да бала психикасына өте үлкен әсер береді. Е.А.Иванова мен С.А.Фролов Мәскеудің психиатриялық ауруханасында нашақор аурулармен әлеуметтік жұмыс жүргізді. Мәскеудің психиатриялық ауруханасында нашақор аурулармен әлеуметтәк жұмыс жүргізді. Олар жоғары қауіп –қатер мен наркотәуелді бала қалыптасатын отбасының 3 түрін бөліп көрсетті. Олар 1) соқыр бағыныштылыққа, үстемшілікке негізделген ата-аналар әулеті; 2) толық емес отбасы 3) қиыншылық көрген отбасы.

Бірінші жағдайда ата-аналардың біреуінің шексіз билік иесі (жиі әкесінің) болған жағдай бірінші орын алады. Мұндай отбасында өскен бала ешкімге қарсы тұра алмайды, оңай нашақор болады. Екінші жағдайда бала әкесінің жоқтығына қиналады, толық отбасы еместігіне; содан кейбіреулері есірткі мен ішімдіктен сабырлық табады немесе ызаланып, барлығын керісінше істейді. Үшінші жағдайда да бала қиналады. Отбасында қиыншылықтар көп болады, біреулер ауырады, қайыршылық, жетіспеушілік; отбасында біреу маскүнем немесе нашақор; біреу түрмеде болу мүмкін. Денсаулығы мен дамуы жағынан ауытқуы адамда туа пайда болады немесе жүре пайда болады.

Ауытқудың алдын алу технологиялары. Әлеуметтік дамуында ауытқуы бар балаларға ата- аналарының қамқорлығынсыз қалған қоғамдық балаларды жатқызуға болады. Бұл балалар жетімдік немесе әлеуметтік жетімдік көргендіктен, мұндай құбылыстар олардың бойында қоғамдық ортаға сенімсіздікпен қарау, қорқыныш, жалғыздық сезімнің пайда болуына және т.б. сезімдердің қалыптасуына негіз болады және әлеуметтік ауытқудың алғышартын жасайды.

Аутқудың алдын алудың үш жолын қарастырсақ, олар: Балалардың өзін-өзі бағалауын дамыту, балалармен әлеуметтік-педагогикалық психологиялық жұмыс жүргізу және ата-аналармен әлеуметтік педагогикалық жұмыс жүргізу.

 

Ауытқудың алдын алу түрлері:

Балалардың өзін-өзі бағалауы бала дамуы үшін өте маңызды. Баланың өзін-өзі бағалауын дамыту арқылы баланың ауытқуының алдын алуға болады. Өзіне сенімді, өзін-өзі бағалауы жоғары балалар ауытқуға шалдықпайтыны психологиялық практикада дәлелденген. Балалармен әлеуметтік педагогикалық-психологиялық жұмыс жүргізуге профилактикалық жұмыстар өткізу, лекция оқу, ситуациялық шараларын, алдын алу шараларын және т.б. өткізу жатады. Ата-аналармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жүргізу – бұл ата-аналармен профилактикалық жұмыстар жүргізу болып табылады. Яғни, бала тәрбиені алымен өзі өсіп келе жатқан отбасынан алады. Сондықтан, ата-ананың балаға ықпалы бірінші орында тұрады. Ата-ананың балаға қандай тәрбие бергені оның болашағына тікелей әсер етеді. Баланың қалыптан ауытқуының алдын алуының бірден-бір жолы – ата -аналарының тәрбиесі.

Тұжырым:

1. Қоғамда орын алып отырған көптеген келеңсіз жағдайлар мен кздесетін қиыншылықтар адамның қалыпты өмір сүруі мен мінез- құлқының өзгеруіне алып келеді. Әлеуметтік педагог қызметінің қажеттілігі тұлғаны қалыпты өмір сүру дәстүріне қайта әкелу мен қоғам талаптарына бейімдеуден туындайды.

2. Педагогикалық процесс екіжақты сипатқа ие болғандықтан, тұлғаны әлеуметтендіру процесі тұлғаның өзі тарапынан белсенділіктің болуын қажет етеді.

3. Әлеуметтік педагогикалық процестегі қалып ұғымның өзі қоғамдық категория ретінде өзгеріп отырады.

4. Қалыпты ауытқуды бір түрінің орын алуы басқа түрлерінің де пайда болуына алып келеді. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:

1. Әлеуметтік педагогикадағы «қалып» және «қалыптан ауытқу» ұғымдарына сипаттама беріңіз.

2. Ауытқуы бар балалардың белгілерін және оның себептеріне сипаттама беріңіз.

3. Бойында ауытқуы бар балалардың белгілерін атаңыз және әлеуметтік ауытқулар арасындағы байланыстылықты дәлелдеңіз.

4. Бүгінгі қоғамда әлеуметтік ауытқуы бар балалармен жұмыстың жүргізілуіне көзқарасыңыз қандай? Көзқарасыңызды нақтылы аргументтермен дәлелдеңіз.



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
дәріс. Дөңгелек металл толқынжол | Лекция 8 Железобетонные конструкции с предварительно-напряженной арматурой
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-09-06; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 4511 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если президенты не могут делать этого со своими женами, они делают это со своими странами © Иосиф Бродский
==> читать все изречения...

2487 - | 2350 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.014 с.