Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Ыртыстық-ядролық немесе қыртыс – бульбарлық жол




 

Қыртысты-ядролық жол түзетін талшықтар ортаңғы мидан шыққаннан кейін дорсальды орналасады. БМН ядроларына бамас бұрын бір бөлігі қарама-қарсы жаққа өтеді, ал бір бөлігі айқаспайды. Қыртыс-ядролық жолдың талшықтары бет және ауыз бұлшық еттерерінің қимылын қамтамасыз ететін невртердің ядроларына барады: үшкіл нерв, бет нерві, тіл-жұтқыншақ, кезбе, қосымша және тіл асты нерві.

Сондай-ақ 8-Бродман алаңында басталатын импульс көздің сыбайлас (содружественный) қозғалуын қамтамасыз етеді. Оны қыртыс - ортаңғы ми жолы деп айтады. Ол көз-қимылдатқыш нерві, шығыршық және әкеткіш нервтерінң сыбайлас қимылдауын қамтамасыз етеді. 8-алаңнан басталатын импульстер көз бұлшық еттерінің жеке кимылдауына жуапты емес. Олар синергично бірге көздің қарама-қарсы жаққа қимылдатады (содружественное отклонение)

РЕФЛЕКТОРЛЫ ДОҒА. ОНЖ РЕФЛЕКТОРЛЫ-ҚОЗҒАЛТҚЫШ ҚЫЗМЕТІ. ПАТОЛОГИЯЛЫҚ РЕФЛЕКСТЕР.

Рефлекстер шартты және шарстыз болып үлкен 2 топқа бөлінеді.

Шартсыз рефлекс дешеніміз – ішкі және сыртқы тітіркеністерге туа пайда болған ОНЖ реакциясы.

Шартты рефлекстер адамның өмір сүру барысында пайда болады.

Рефлекторлы қызмет негізін қалайды:

1. Тітіркендіргішті қабылдау - рецепторлар және сезімтал аппараттар

2. Тітіркендіргішті жауап беретін мүшеге тасымалдау – эфферентті немесе қозғалтқыш

Нерв жүйесінің тітіркендіргішті қабылдап, жауапқа айналдыратын яғни релексті қамтамасыз ететін элементін рефлекторлы доға деп айтады. Рефлекторлы доғаның құрамы: афферентті және эфферентті доға. Мысалы: тізені (lig. Patellae) балғамен ұрса, m. Quadricipitis жиырылып, аяқ жазылады. Сан нерві ұшындағы рецепторлар lig. Patellae түскен тітіркендіргішті қабылдап, оны жұлын аралық ганглийге алып келеді. Омыртқааралс\лық ганглийден импульс артқы түбіршік арқылы жұлынның артқы мүйізіне келеді. Бұл жерде импульс қосалқы нейрондар арқылы жұлынның алдыңғы мотонейрондарына өтеді және алдыңғы түбіршік арқылы сан нервімен барып m. Quadricipitis жиырылуын қамтамасыз етеді. Нерв ұштар

 

1-нервтің сезімтал талшықтары; 2-омыртқа-аралық ганглийдің сезімтал клеткасы; 3-артқы түбіршіктің сезімтал талшықтары; 4-қосалқы нейрон; 5- алдыңғы мүйіздің клеткасы; алдыңғы түбіршіктің және шеткі нервтің қозғалтқыш талшығы.

 

Тітіркендіргіштің түсу аймағына байланысты беткей (тері және шырышты қабық) және терең (сіңір мен периостальды) рефлекстерді ажыратады. Беткей рефлекстер теріге жанасу, штрих, укол арқылы қабылданады. Ал терең рефлекстер неврологиялық балғамен перкуссиялау, сіңір мен бұлшық етті созу арқылы шақырылады.

1. Қабақтық рефлекс – терең периостальды рефлекс. Неврологиялық балғамен қас доғасы бойымен ұрғылайды, жауабына (m. orbicularis ocul жиырылғандықтанi) қабақ жұмылады.

2. Корнеальды рефлекс – шырышты қабықтан шақырылатын беткей рефлекс. Мақта немесе жұмсақ қағазды көздің мөлдір қабығына тигізеді, жауабына көз жұмылады.

3. Мандибулярлы рефлекс (Бехтерев) - периостальды терең рефлекс. Неврологиялық балғамен иектен ұрғылайды, жауабына (m. Masseteris) шайнау бұлшық еттері жиырылып, жақ жабылады. Әдетте бұл рефлекс псевдобульбарлы салдануда жоғарылайды.

4. Жұту рефлексі - шырышты қабықтан шақырылатын беткей рефлекс. Қағазды аңқаның артқы қабырғасына тигізгенде, жұтыну, кейде жөтелу мен құсу қимылдары пайда болады.

5. Жұмсақ таңдай рефлексі - шырышты қабықтан шақырылатын беткей рефлекс. Жұмсақ таңдайға шпательдә тишізсе, жұмсақ таңдай және тілшік көтеріледі. Диагностикалық маңызы: егер рефлекс бір жағынан шақырылмаса, патологиялық болып саналады - IX және Х нервтердің бір жақты салдануы.

6. Бүгілу – шынтақ рефлексі - терең сіңірлік рефлекс. m. Bicipitisсіңірін балғамен ұрғылағанда, екі басты бұшық ет жиырылғандықтан білек бүгіледі. Рефлекторлық доға - n. musculo-cutaneus, V және VI мойын сегменттенрі. Бұл рефлексті шақыру үшін дәрігер сырқаттың бүгілген білегін өзінің сол қолының білегімен ұстаңқырап, m. Bicipitisсіңіріне балғамен дәл үзілмелі соққы жасайды.

7. Шынтақ – жазғыш рефлексі - терең сіңірлік рефлекс. m. Tricipitis сіңірін балғамен ұрғанда, үш басты бұлшық ет жиырылғандықтан, білек шынтақ буынында жазылады. Балғамен соққы olecranon деңгейінен 1,5 – 3 см жоғары болуы қажет. Рефлекторлық доға - n. radialis, VII және VIII мойын сегменттері. Бұл рефлексті шақыру үшін дәрігер сырқаттың тік бұрышта сыртқа бүгілген білегін сол қолымен ұстап, сіңірден ұрғылайды. Сырқаттың қолы бұл кезде босаңсып тұру керек. Карпо-радиальды рефлекс – периостальды терең рефлекс. Кәрі жіліктің processus styloideus балғамен ұрғылағанда, қол басы бүгіледі және саусақтар бүгіліп, пронация қалпына келеді. Рефлекторлық доға - mm. pronatores, flexores digitorum, brachio-radialis және biceps; nn. medianus, radialis пен musculo-cutaneus; V, VI, VII және VIII мойын сегменттері.

8. Жауырын – иық рефлексі (Бехтерев) – терең периостальды рефлекс. Жауырынның ішкі қырын балғамен ұрғылағанда, иық приведение и ротация. Рефлекторлық доға - mm. teres major и subscapularis; n. subscapularis, V, VI мойын сегменттері.

9. Құрсақ рефлексі - беткей рефлекс. Құрсақ терісін қабырға доғасынан төмен; кіндік деңгейінде және пупартты байламнан жоғары штрих тәрізді қимылмен тітіркендіреді. Жауабына құрсақ бұлшық еттері жиырылады. Рефлекторлық доға: жоғарғы құрсақ рефлексі үшін VII және VIII кеуде сегменттері; ортаңғы құрсақ рефлексі үшін IX және X кеуде сегменттері; төменгі құрсақ рефлексі үшін XI және XII кеуде сегменттері. (сурет)

 

Құрсақ және кремастер рефлексін анықтауда жүргізілетін штрихтардың бағыты.

 

10. Кремастер рефлексі – беткей рефлекс. Санның ішкі бетін штрих жасап тітіркендіргенде, m. Cremasteris жиырылып, сәйкес жақтан ума жоғары көтеріледі. Рефлекторлы доға - n. genito-femoralis, I және II бел сегменттері. (сурет)

11. Тізе рефлексі - терең сіңірлік рефлекс. Балғамен тізеден төмен орналасқан lig. Petellae ұрғылағанда, m.quadricipitis жиырылып, аяқ жазылады. Бұл рефлексті сырқаттың шалқасынан жатқан қалпында анықтаған ыңғайлы. Ол үшін дәрігер сырқаттың оң жағынан келіп, тізеден тік бұрышта бүгілген аяғын сол қолымен ұстап, төрт басты бұлшық еттің сіңірінен ұрғылайды. Сондай-ақ отырған сырқаттың бір аяғын екінші аяғының үстіне қойып та анықтауға болады. Рефлекторлық доға - n. femoralis, III және IV бел сегменттері.

12. Ахилл рефлексі - терең сіңірлік рефлекс. Балғамен ахилл сіңірін ұрғылағанда, m. tricipitis surae жиырылып, табан бүгіледі. Ахилл рефлексін анықтау үшін сырқат орындықта аяғын тізесінен бүгеді, ал табаны бос салбырап тұру керек. Содан кейін дәрігер ахилл сіңіріне балғамен ұрғылайды. Рефлекторлық доға - n. tibialis (n. Ischiadici тармағы), I және и II сегізкөз сегменттері.

13. Табан рефлексі - беткей рефлекс. Табанның ішкі неесе сыртқы қырымен балғаның сабымен жоғары немесе төмен штрих жүргізіледі. Жауабына табан башпайлары жиырылады. Ал рефлекс жоғарылағанда, башпайлар веер тәрізді жазылады. Рефлекторлық доға - n. ischiadicus, V бел және I сегізкөз сегменттері. Зерттеуді жүргізу үшін науқасты шалқасынан жатқызып, аяғын сол қолмен ұстап, балғаның үшкір қырымен штрих жасайды. (сурет)

 

 

Табан рефлекстері: сол жақ – қалыпты рефлекс; оң жақ – патологиялық рефлекс (Бабинский белгісі).

 

 

РЕФЛЕКСТЕРДІҢ ӨЗГЕРУІ.

Рефлекстер келсі бағытта өзгереді:

1. Рефлекстердің төмендеуі немесе болмауы - гипорефлекси, арефлексия

2. Рефлекстурдің жоғарылауы – гиперрефлексия

3. Рефлекстердің бұрмалануы – патоллогиялық рефлекстер (қалыпты жағдайда шақырылмайтын).

Гипорефлексия мен арефлексия себебі – рефлекторлық доғаның кез келген бөлігінде (афферентті, эфферентті) бүтіндігінің бұзылуынан болады.

Гиперрефлексия сегментарлы аппараттың, яғни жұлын мен ми бағанының рефлекторлы қызметінің жоғарылауынан болады. Гиперрефлексияның ең жиі кездесетін себебі – пирамидті жолдың зақымдануы.

Клонус – рефлекстердің аса қатты жоғарылауы. Қандай да бір бұлшық еттің сіңірін созғылағанда, сол бұлшық еттің ырғақты жиырылуы. жиі тізе және табан клонусы кездеседі.

Патологиялық рефлекстер:

Оральды рефлекстер тобы әдетте жаңа тған нәресте мен сәбилерде ғана анықталады. Патологиялық болып псевдобульбарлы салдануда және паркинсон сидромында кездеседі.

1. Назо-лабиальды рефлекс – балғамен мұрын қырынан соққылағанда, m.orbicularis oris жиырылғандықтан, еріндері алдыға шүртиеді.

2. Хоботковый рефлекс – жоғарғы және төменгі еріндерін балғамен ұрғылағанда, еріндері алдыға шүртиеді.

3. Сору рефлексі – еріндерін штрих жүргізіп тітіркендіргенде, еріндерімен сору қимылдары пайда болады.

4. Дистанс-оральды рефлекс – балғаны сырқаттың ерніне жақындата бастағанда, еріндерінің шүртиюі.

5. Маринеско-Радовичи рефлексі (алақан-иек рефлексі) - алақанда thenaris үстінен штрих жүргізгенде, сәйкес жағында m. Mentalis жиырылып, иегінің терісі жоғары жылжиды.

Пирамидті жолдар зақымданғанда

I. Қол саусақтарынан шақырылатын патологиялық рефлекстер.

1. Жоғарғы Россолимо симптомы – дәрігер сырқаттың бос тұрған қолының II-V бүгілілі саусақтарың ұшын соққылағанда, саусақтар бүгіледі.

2. Жуковский симптомы – сырқаттың алақанының ортасын неврологиялық балғамен соққылағанда, саусақтар бүгіледі.

II. Табаннан шақырылатын патологиялық рефлекстер (сурет). Қалыпты жағдайда табанның сыртқы қырына штрихпен жүргізгенде, барлық бес башпай бүгіледі. Ал пирамидті жолдар зақымданғанда, башпайлар «веер» тәрізді жазылады. Бұл орталық салдану мен парездердегі ең ерте анықталатын және нақты тұрақты симптом болып саналады.

1. Бабинский белгісі – табан рефлексінің бұрмаланған түрі, яғни табанның сыртқы қырынан штрих жүргізгенде, башпайлардың «веер» тәрізді жазылуы.

2. Россолимо симптомы – II-V бақайлардың ұшын саусақпен ұрғылағанда, башпайлардың «веер» тәрізді жазылуы.

3. Бехтерев симптомы – аяқ ұшының алдыңғы – сыртқы қырынан балғамен ұрғылағанда, башпайлардың «веер» тәрізді жазылуы.

4. Жуковский симптомы – табан жақтан башпайлардың жастықшаларын балғамен ұрғылағанда, башпайлардың «веер» тәрізді жазылуы

5. Оппенгейм симптомы – асықты жіліктің (tibiae) алдыңғы бетін жоғарыдан төмен бас бармақпен басып жүргізгенде, үлкен башпайдың жазылуы байқалады.

6. Гордон рефлексі – балтыр бұлшық еттерін саусақпен қысқанда, үлкен башпайдың жазылуы байқалады.

7. Шеффер симптомы - ахилл сіңірін шымшып қысқанда, үлкен башпайдың жазылуы байқалады.

 

ҚИМЫЛ ЖӘНЕ ОНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ

Ерікті қимылдарды іске асыру үшін ми қыртысында пайда болған импульстар бұлшық етке жетуі керек. Оны кортикомускулярлы жол деп айтады. Импульстың келуі 2 нейрондық жолмен қамтамасыз етіледі: 1 – орталық қозғалтқыш нейрон – ми қыртысы алдыңғы ортаңғы иірілімде lobulus paracentralis орналасқан. 2 – нейрон перифериялық қозғалтқыш нейрон - жұлынның алдыңғы мүйізінде орналасқан.

 

Орталық қозғалтқыш жолдары зақымданғанда, барлық зақымдану қарама-қарсы жағында бола бермейді. Кейбір бұлшық еттер зақымданбайдв. Бұл екі жақты қыртыстық иннервациямен түсіндіріледі: көз қимылдатқыш, жұтқыншақ, көмей, мойын, т уловище және аралық бұлшық еттері. Себебі осы бұлшық еттерге қарама-қарсы ми жарты шарынан басқа өз жақ ми жарты шарынан да импульс келеді. Ал аяқ-қол, тіл және беттің төменгі бұлшық еттері тек мидың қарама – қарсы жарты шарынан импульстарды алады, сондықтан бір жақты орталық салдану пайда болады.

Кез келген бұлшық етте қимыл пайда болу үшін импульс ми қыртысынан бұлшық етке ешқандай кедергісіз жетуі қажет. Егер кортикомускулярлы жол қандай да бір деңгейде үзілсе, импуль өтпейді. Сондықтан сәйкес импульс келетін бұлшық ет салданады. Парез дегеніміз – қимылдардың толық емес бұзылысы

 

 

Салдану түрлері:

1. Моноплегия – бір мүшенің салдан (бір қол не бір аяқ).

2. Гемиплегия - дененің жарты бөлігінң салдануы

3. Параплегия – екі симметриялы мүшенің зақымдануы (екі қол немесе екі аяқ).

4. Тетраплегия – төрт мүшенің зақымдануы (екі қол мен екі аяқ)

Егер парез немесе салдану жеке нерв бағаны зақымдануымен байланысты болса,она салдану сәйкес салдану атымен аталады. Мысалы: шынтақ нерві, кәрі жілік, шоңданай нерві. Сондай-ақ нерв өрімдері зақымданса, сәйкес өрімнің салдануы деп аталады.

Орталық мотонейрон зақымданса, орталық салдану дамиды. Шеткі мотонейрон зақымданса, шеткі салдану пайда болады.

 

ШЕТКІ САЛДАНУ (атрофиялық)

Жұлынның алдыңғы мүйізінде орналасқан шеткі мотонейрон, БМН ядролары, алдыңғы түбіршік және жұлын мен БМН қозғалтқыш нервтері зақымданғанда, шеткі салдану пайда болады. Шеткі салдануға тән:

1. Арефлексия

2. Гипотония

3. Реакция перерождения бұлшық еттердің электр тогы әсерінен ширығуының жойылуы

Арефлексия немесе гипорефлексия себебі рефлекторлы доғаның кез келген деңгейінде үзілуі. Атония немесе гипотония да сондай-ақ рефлекторлы доғаның үзілуімен түсіндіріледі. Бұлшық еттер бос, борпылдақ, артық енжарлы қимылдар, буындары босаған болып келеді. Бұлшық ет атрофиясы жұлынның лдыңғы мүйізінің қалыпты зат алмасуды қамтамасыз ететін нервті-трофикалық импульстарының жеткіліксіз келуінен болады. Нервтің қоғалтқыш талшықтары жойылғаннан кейін бұлшық еттің «денервациясы» жүреді. Нәтижесінде бұлшық етте дегенеративті үрдіс жүріп, бұлшық ет талшықтары қызметін тоқтатып, орнын майлы немесе дәнекер тін басады. Босаң сал болу кезіндегі бұлшық еттердің электр тогы арқылы қозуы бұзылуына байланысты бұлщық ет тұрақсыз токқа жиырылумен жауап бермейді. Ал гальваникалық токпен тітіркендіргенде баяу «құрт» тәрізді жиырылады. Мұндайда анод әсерінен ширығу катод әсерінен ширығудан жоғары. Яғни дегенерация әсері пайда болады.

 

Корешковая и пери­ферическая иннервация мышц.

ПЕРИФЕРИЯЛЫҚ МОТОНЕЙРОН

 

Жұлынның алдыңғы мүйізінде құрылымдар соматотопиялық ретпен орналасқан. Мойын деңгйінде мотонейрондардың латеральды бөлігі қолды иннервациялайды, ал медиальды бөлігі мойын мен кеуде бұлшық еттерін иннервациялайды. Сондай-ақ бел бөлігінде аяқты иннервациялайтын құрылымдар латеральды орналасқан, ал денені иннервациялайтын құрылымдар медиальды орналасқан.

Жұлынның алдыңғы мүйізінің әр сегментінде аксондары алдыңғы түбіршік түзіп шығып, артқы түбіршікке қосылып, жұлын нервін түзеді. (сурет) Жұлын нерві афферентті, эфферентті талшықтардан және вегетативті эфферентті талшықтардан тұрады. Жұлынның алдыңғы мүйізінің клеткалары, аксондармен иннервацияланатын бұлшық ет талшықтары қозғалтқыш бірлік деп аталады.

Егер аралас перифериялық нерв үзілсе немесе кесілсе, сол нерв жүйкелендіпетін бұлшық еттің бос салдануы болады, афференттік талшықтар үзілгендіктен сезімталдық та бұзылады. (Сурет)

 

 

 

 

Рис. 2.13 Ход важнейших перифе­рических двигатenьных нервов.

 

 

 

 

 

 

Рис. 2.14 Синдромы ВЯIlого паралича: а па­дающая кисть (лучевой нерв), б когтистая кисть (локтевой нерв). в благословляющая рука (срединный нерв), r ооезьянl,Я лапа (срединный и локтевой нервы).

 

 

 

 

Артқы түбіршік афферентті талшықтарадан, алдыңғы түбіршік эфферентті талшықтардан тұрады. Әр сегменттен түбіршіктер сәйкес омыртқа-арлық тесіктен шығып, жұлын нерві деп аталады. Барлығы 31 жұп жұлын нерві бар. Ең жоғарғы жұлын нерві шүде сүйегі мен атлант арасынан өтеді, ең төменгі жұлын нерві 1-2 құйымшақтан шығады. Омыртқа дискі атрофиясына, протрузисында, омыртқаның қабынуында, травма мен ісік кезінде түбіршіктер де зақымданып, түрлі аурулар шақыруы мүмкін.

Кеуде сегменттерінен шыққан жұлын нерві қабырға-аралық тармақтар береді. Ал С2-С4 түбіршіктерінен шыққан жұлын нерві мойын өрімін plexus cervicalis түзеді. С5-Т1 түбіршіктерінен шыққан жұлын нерві иық өрімін plexux brachialis түзеді. Т12-L4 сегменттірінен пайда болған жұлын нервтері бел өрімін plexus lumbalis түзеді. L5-S1-S3 сегменттірінен шыққан жұлын нерві сегізкөз өрімін plexus sacralis түзеді.

 

 

ОРТАЛЫҚ НЕМЕСЕ СПАСТИКАЛЫҚ САЛДАНУ

 

Орталық салдану орталық қозғалтқыш нейронның кез келген бөлігі зақымданғанда дамиды. Қалыпты жағдайда ереже бойынша «субординация - төменгі жақ жоғарыға бағынады», яғни ми қыртысы жұлындағы рефлекторлық доғаға тежегіш әсер етеді. Ал пирамидті жол зақымданғандықтан, рефлекторлық аппараттың қызметі жоғарылайды. Сол себепті орталық салдануға тән:

1. Гипертонус

2. Гиперрефлексия

3. Патологиялық рефлекстер

 

Гипертонус - бұлшық еттер кернелген, тығыз, енжар қимылдарға қасарысу байқалады. Қолдардың спастикалық салдануында, қол кеудеге әкелінген және шынтақ буынында бүгілген, қол басы мен саусақтары пронация қалпында болады. Аяқтардың спастикалық салдануында, аяқ жамбас пен тізе буындарында жазылған, табан бүгілген және ішке қараған. Қал-аяқтың бұндай қалпы Вернике-Манна кейпін қалыптастырады. Орталық гемиплегияда аяғы жазылып, ұзарғандықтан аяғын шалыс алып жүреді.

Сіңір рефлекстерінің жоғарылауы (гиперрефлексия) жұлынның автоматты қызметінің күшеюін көрсетеді, себебі жоғарыдан тежегіш қызмет зақымданған. Сүйек үсті (надкостница) мен сіңірлерден шақырылған рефлекстер жеңіл және үдемелі шақырылады: рефлексогенді аймақ кеңейген. Рефлекстердің аса қатты жоғарылауы клонусқа алып келеді.

Орталық салдануда тері рефлекстері керісінше төмендейді немесе жойылады.

Орталық салдануға тән түрлі синкенезиялар да бар. Мысалы: егер сырқат сау қолын бүгіп жазылуға қарсыласып тұрса, салданған қолы да бүгіледі. Сырқат горизонтальды жағдайдан қолын кеудесіне айқастырып, отырмақшы болғанда, салданған аяқ бірге көтеріледі.

Церебралды салдануда патологиялық рефлекстердің маңызы зор. Аса сезімтал рефлекстер – Бабинский, Россолимо және Бехтерев рефлексі. Оральды рефлекстер екі жақты ядро үстілік tractus cortico-bulbaris зақымдануда пайда болады, яғни псевдобульбарлы паралич.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-09-06; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1775 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студент может не знать в двух случаях: не знал, или забыл. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2754 - | 2314 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.