Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Аутенттік іс-әрекет»дегенді қалай түсінесіз? жок

«Джогари терезесі» көмегімен баска адамдармен өзара әрекетте кері байланыс беру және алу процестерін сипаттаңыз.Джогари диаграммасы Өзін-өзі тану процесі өзін-өзі жүртқа ашып беру процесімен тығыз байланысты. Өзгелермен кері байланысқа шығудың америкалық психологтар Лафт Джозеф пен Гарри Инграм үлгісін ұсынды. Ол «Джогари терезесі» деп аталады.Бұл диаграммада 4 аймақ белгіленіп алады. Олардың әрқайсысының сипаттамасы да бір-біріне ұқсамайтын, бөлек болып келеді. Оларда мынадай ақпараттар сақталады:1. Ашық аймақ.2. Соқыр аймақ3. Жабық аймақ4. Белгісіз аймақ.Енді осы аймақтардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталсақ. Ашық аймақ. Адамның өзіне және оны қоршаған адамдарға белгілі іс-әрекет, сезім, ойды қамтиды. Бұл аймақтың ақпараттары өзге индивидтермен байланысқа түскен кезде айқындалып шығады. «Ашық аймақ» адамдар арасындағы сенімнің күшеюімен бірге кеңіп отырады. Соқыр аймақ. Адамның өзіне белгісіз, бірақ өзгелерге айқын сол туралы ақпараттарды қамтиды. Басқаша айтқанда, өзі байқамаса да, өзгелер байкайтын бірақ оның өзіне ескертуге ұялатын ақпараттардан тұрады. Бұл, әрине адамды кері итеретін сөйлесу әдебі болуы ықтимал, сондай-ақ әңгімелесушінің ашуын тудырып қалуы да ғажап емес. Мысалы, екеуара әңгіме барасында әдетте байқалған сыртқы белсенділік өзгелер арқылы байқалып, ол жинақталған кезде оларда сол адам жайлы толық көзқарас қалыптасады. Бұл ретте адам оның бэрін өзі бірде-бір рет байқамаған болып шығуы да мүмкін. Жабық аймақ. Бұл аймақта адамның өзіне белгілі болғанмен, оны қоршаған адамдарға белгісіз ақпараттарды қамтиды, яғни өзі сезінетін, бірақ былайғы жұртқа беймәлім ақпараттарға ие. Бұл шешілмеген мәселелер, өмірдегі интимдік сәттер. Осы және өзге де себептерін адам айналасынан жасырады. Белгісіз аймақ. Бұл аймақ адамның өзіне де, оны қоршаған адамдарғада белгісіз мәліметтерді қамтиды. Мәселен,әлі ашылмаған қабілеттер, дамудың потенциалдық мүмкіндіктері.Осылайша кері байланыс мақсаты - түлғаның өзіне және айналасындағыларға қол жетімді болатындай ақпаратты 2-ші жэне 3-ші аймақтан 1-ші аймаққа орналастыру. Кері байланысты беру және алу процесінде 4-ші аймақтан 1-ші аймаққа ақпарат алмасу жүруі мүмкін. Осы сәтте және алдыңғы жағдайда не болып жатқанына байланысты тұлға өзі үшін кездейсоқ жаңа деректерді түсінеді. Ақпаратты меңгерудің бұл түрі инсайт деп аталады.

«Лабилизация» түсінігіне анықтама беріңіз. Лабилизация - тұлға өзі туралы пікірі мен дағдылы әрекетінің сәйкессіз екендігін түсінгеннен кейінгі уайымдаған сезімі. Тұлғаның сәйкессіздіктің негізінде өзі туралы қалыптасқан бұрынғы және жаңа пікірлерінің тартысы. Соның салдарынан ұят, айыптылық, көңілі қайту, тітіркену, агрессия, сенімсіздік, дәрменсіздік сезімдерін тудырады. Алайда бұл тренингтің астарында тұлғаның дамуы мен өзгеруі жатыр.Лабилизацияның психологиялық механизмі. «Мен» бейнесі мен «Мен» концепциясын өзгерту жағдайын лабилизация дейміз. Тұлға өзін-өзі тану процесінің барысында әлеуметтік рөлдер, әрекеттің түрлері мен қасиеттің сипаттары (мейірімді, ықыласты, ирониялық) мен сыртқы критерийлеріне (үлкен, толық, әдемі) өзін-өзі теңестіреді. Сөйтіп, түлға «Мен» концепциясын құрайды.Біз «мен» бейнесін өзгертпей, құлатпауымыз керек. Ол үшін мынадай тәсілдер қолданылады:а) 3. Фрейд бойынша психологиялық қорғаныстың механизмі; ә)біз адамдарды ойымыздың сәйкес келуіне байланысты таңдаймыз;б) бізді басқалар қалай қабылдаса, біз де өзімізді солай көрсетеміз.

«Мен-бейнесі» жұмыс процесін сипаттап беріңіз. «Мен - концепциясы» - бұл адамның өзі жайлы түсінігінің динамикалық жүйесі. Оның нәтижесі үш элементтен тұрады: когнитивті - «Мен - бейнесі», аффективті - өзін-өзі бағалау, іс-әрекеттік - әрекетінде алғашқы екеуінің байқалуы.«Мен - бейнесі» әр адамда өзін-өзі тану процесі барысында қалыптасады. «Мен - бейнесі» - бұл идеялар, түсініктер, сезімдер жиынтығы, адамның өзге адамдармен байланысы, өмірдің түрлі аспектілеріне көзқарастары. «Мен - бейнесін»-нен 2 құрамдас аспектіні бөліп қарауға болады:1.Сипатталатын аспект-біздің қандай қабілеттіктерге, қырларға ие екенімізді қамтиды;2.Бағалаушы аспект - өзіңнің тұлғаң жайындағы жағымды және жағымсыз көзқарас, пікірлерді қамтиды.«Мен-бейнесі» тұрақтылық пен тұлғаның тұтастығын қамтамасыз ететін тұлғаның бір компоненті ретінде карастырылады. Адам:•өзі жайлы қажетті деңгейде түсінік, көзқарастарды қалыптастыруға;•осы көзқарастарды үнемі нақтылап, қолдап отыруғатырысады. «Мен - бейнесі» бұл біздің әлемді призма арқылы қарап,бағалап көргендегі субъективті шындығымыз. Біздің «Мен -бейнесі» - селективті фильтр. Әрбір адамда өзі өмірді елестеткен шындығына сай келмейтін ақпаратты қабылдамай, не оны өзгертіп, тіпті болмаса, теріске шығарып алуы әбден мүмкін. Мұндай тенденция қалыптасқан адамдар сырттан келген ақпаратты өзінің «Мен -бейнесі» қағидасына лайықтап алуға құмар келеді.

«Мен-хабарлама»кағидасына мысал келтіріңіз. «Мен - хабарлама»: «Сіз маған соңғы минутта хабарласқанда, менің қолым бос болмай қалуы мүмкін. Әрине, мен сізге қанша көмектесуге даяр болсам да, уақыт тарлық жасайды. Сондықтан ертерек хабарлассаңыз дұрыс болатын еді». «Сіз екеуге ортақ шешім қабылдағанда, менің пікірімді ескермейтініңіз менің көңіліме кірбің үялатады. Кейде сізді менің жеке пікірім қызықтырмайтындай көрінеді. Алдағы уақытта мұндай мәселелерді бірге ақылдассақ дұрысырақ болушы еді», т.б.Әрине, мұндай тектес кері байланысқа күнделікті түсіп жататын болсақ та, тренинг жүмыстары барысында оларды мақсатты түрде колдануға болады.

«Негізгі кездесудің» концепциясын сипаттаңыз. «Негізгі кездесудің» концепциясы кеңесші клиентті мүқият жэне сезімді тыңдап отыру кезіндегі жеке кеңес беруде клиент орталықтанған терапияға толығымен сэйкес келеді. Сонымен қатар кеңесші клиентке өзі шешім жасай алатындай мүмкіндік беретіндей, өзіндік даму потенциалын кетеруге ынталандырады.Топтық кездесулерде қатысушылардың негізгі назары басқа адамдармен қарым-қатынаста ашық жэне аутентикалықтың жоғары деңгейіне жету болады. Барлық процестер жүргізуші қатысу-шылардың өздерінің сезімдерімен, сырлы ойларымен алмасуға итермелейтін кауіпсіздік пен сенімділіктің атмосферасын қүруға ты-рысады.

«Топтық динамика»ұғымы Топтық динамика туралы ілімнің қалыптасуы мен дамуы Курт Левин есімімен байланысты. Бұл ілім XX ғасырдың 30-жылдары дами бастады. Ол кезде педагогика, әлеуметтік жұмыс және медицинаның бір бөлігінде топтық жұмыстың алуан түрі кеңінен пайдаланылды. Топтық динамика (К. Левиннің зерттеулері бойынша) - осы топқа әсер ететін жағымды және жағымсыз күштерді зерттейтін пән.К.Левиннің пікірінше, Орталықтың басты мақсаты төмендегідей болды:1)топтық динамика заңдарын зерттеу;2) топтық динамика теориясын құру;3)топтың тіршілігіне әсер ететін әдістер құру.Топтық динамиканы зерттеу кезінде К.Левин топты бүтін нәрсе ретінде қарастырып, гештальт-психология заңына сүйенді.

Адамдармен топтық жұмыс формасының бірінші кезеңі. Практикалық психологияның кез келген әдісі секілді әлеуметтік-психологиялық тренингтің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері болады. К.Рудестам топтық жұмыстардың келесі артықшылықтарын көрсетеді:1Топта эмоциалы жылулыққа қажеттілік және адамның басқа адаммен қатынасында жылулыққа қажеттілігі туындайды.2.Арнайы ұйымдастырылған топта жинақталған тәжірибе тұлғааралық өзара әрекетте туындайтын мәселелердің шешілуіне көмектеседі.3. Топтық шарттарда кері байланыс алу мүмкіндігі болады.4.Тренингтік топтарда топтың белгілі мүшесі ортақ мәселелері мен толғаныстары бар адамдардан қолдау табады.5.Индивид бақылауға алынған ортада жаңа білік пен дағды алуға қолдау табады.6.Топта әріптестердің қысымы, конформизм, әлеуметтік әсер ету, рөлдерді бөлу сияқты жасырын факторлар айқындалады.7.Қатысушылар өздерін басқалармен қатар қойып және орнатылған эмоциялы байланысты өзінің толғаныстарын, сезімдерін, өзін-өзі ұстауын бағалауда пайдалана алады.8.Топ өзін-өзі зерттеу процесін, интроспекцияны және индивидтің «Мен» концепциясының қалыптасуын жеңілдетеді.9.Экономикалық пайда бір ғана жетекші психолог индивидтер тобымен жұмыс жасайды.

Арнайы тренингтік терминологияда «марафон» қандай мағына береді? Бұл топтық жұмыстың авторы кім? Марафон-топтық жұмыстың ең экстремальды нұсқасы. Оны психоаналитикалық топтармен жұмыс жасау барысында түрлі дәстүрлік емес терапевтік әдістерге тәжірибе жүргізген Фред Столлер мен Джордж Бах ұсынып, енгізген болатын. «Марафондық» топтарда ашықтық пен екі арада бір-біріне деген сенімділік атмосферасын орнату қиынға соқпайды. Сондай-ақ ұзаққа созылатын тренингтерде әрбір қатысушы бірте-бірте шеттей беретін болса, «марафондық» топтарда олар өз қалауынсыз-ақ топ жұмысына белсенді араласып, шеттеуге уақыты да болмай қалады.

Әлеуметтік-психологиялық тренинг туралы жалпы түсінік. Психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер өз жұмысында әрбір тұлғамен жеке жұмыс істеу қажеттілігімен ғана емес, сондай-ақ бір мезгілде шағын топтағы адамдармен (отбасы, оқу тобы, спорт командасы, өндірістік бөлімшелермен) де жұмыс істеу қажеттілігімен бетпе-бет келеді. Психологиялық тәжірибесінің дамуында адамдар мен психологиялық жұмыс жасауда практикалықпсихологияда жеке бағытта ерекшеленген топтық амал қалыптасады.Психологиядағы кез келген бағыт сияқты топтық жұмыстың да өзіндік пайда болу мен даму тарихы бар.Біздер көбінесе «тренингтік сабақтар», «тренингтік топ», «топтық әдіс» ұғымдарын әрбір психикалық дені сау, өзінің психологиялық мәселелерін шешуге өзіндік жетілуге, дамуға мүмкін болатын шағын топтың ерекше қарым-қатынас жасауға негізделген оқыту формасы деп бір мағынада қарастырамыз. Біздің зерттеуде тренингтік топтардың әртүрлі саласында қарым-қатынас сферасына қажетті білімді, білікті және қабілетті дамытып, оларға сәйкес коррекция жасайтын оқытудың бір формасы әлеуметтік-психологиялық тренингте қарастырылады.ӘПТ құралдары арқылы шешілетін көлемді міндеттер тренинг формасының әртүрлілігін анықтайды. Барлық формалардың әртүрлілігін 2 топқа бөлуге болады:1)арнайы біліктерді дамытуға бағытталған;2)қарым-қатынас жағдайының тәжірибесін тереңдетуге бағытталған өзіңнің, сөйлесуші әріптесіңнің, жалпы топтық жағдайдың талдау адекваттығын көтеру.

ӘП өзінөзі ұстау тренингі қай типке жатады? ӘПТ өзін-өзі ұстау, жаңа білім, білік, дағдыны үйренудің өзінше оқу формасы болып табылады.ӘПТ оқу формасы ретінде дәстүрлі оқу формасынан ерекшеленеді.1.ӘПТ білімді жедел игеруге ғана әсер етпейді, бастысы, күрделі жаңа ортада адамның өзін-өзі ұстауын жылдам әрі күйзеліссіз өзгертуге дайындайды.2. Тренинг барысында алынған дағдылар сақталады және тиімді көрініс табады.3. Өте қысқа мерзімде кәсіби қызмет жағдайына тән өзін-өзі ұсыну.4Әлеуметтік өмірлік жағдайларда тұлғаның өз қызметінде тәжірибесін іске асыруға мүмкіндік беретін тәжірибе жинақталады.5.Тренингте тұлғаның мотивациялық ортасының құрылуы, оның шынайылыққа адекватты қатынасы тезірек жүріп, эмоциялы түрде жылдамырақ жетеді.6. ӘПТ адамның өзіндік эмоциялы күйін жақсартуға алғышарт игеріледі.

ӘПТ аспектілеріне сипаттама. Әлеуметтік-психологиялық тренингтің негізгі мақсаты, В.П.Захаровтың пікірі бойынша, әлеуметтік-психологиялық білімді белсенді түрде білу болып табылады. Оның көзқарасы тұрғысынан тренингтік топтардың жұмыс ерекшелігі келесідей болады:•топтың жұмыс үрдісі кезіндегі түсінігі, әрбір қатысушының өзін-өзі ұстауының ерекшеліктері;• қарым-қатынаста білік пен дағдының дамуы;• топтың бір мақсат пен оқу міндетіне, өзара қағида мен ереже негізінде бірігуі.Сөйлеу дағдылары құрамына келесі құрамдар енеді:•танымдық (когнитивті) - бағыттаушылық, психологиялық білім, өсу қабілеті;•өзін-өзі ұстау - білік пен дағды;•сезімтал - әлеуметтік құрылым, тәжірибе, тұлғаға қарым-қатынас жүйесі.Сезімтал (эмоциялы) құрамның қатарына:•Қарым-қатынастың сезімтал құрамы - адам бойында тәжірибе жинақталуының арқасында қарым-қатынастың ішкі құрылымдары, психологиялық ұстанымдары пайда болады. Адамның қарым-қатынас тәжірибесі неғұрлым бай әрі әртүрлі болған сайын, сөйлесудің әртүрлі формасын таба алу қажеттілігі жоғары болған сайын сөйлесуші адам оны жақсы қабылдайды.•Позитивті өзін-өзі қабылдау және өзін-өзі түсіну. Өзін-өзі түсіну өзінің құрылымы мен беделіне қарамастан өзіңді тұтастай қабылдау. Өзін-өзі қабылдау сезімтал позитивті қарым-қатынастың тәжірибесі, яғни өзіңді қабылдау тек өзіңді басқа біреудің қабылдауы арқылы ғана мүмкін болады.•Қарым-қатынас кезіндегі әріптесіңе бағытталған, өзіндік психологиялық өзіне «кері қаратылған» сөйлесушінің күйі.Осы аталған қадам қатысушы тұлғалардың жұмысын жетілдіретін және өзінде тұлғалық өсу жоспарында тренингтік топтардың екінші мақсатымен байланысады, атап айтқанда:1.Өзі туралы түсініктің жиынтығы ретінде «Менмен» жұмыс жасау.2.Өзіңді неғұрлым терең түсіну, өз ерекшеліктеріңді түсіну.

ӘПТ әрекеті белсендіру фазасының міндеттері қандай? Фазаның максаты: әр қатысушы тобына кажет екендігін сезіну үшін топта сенімділік атмосферасын құру керек. Фазаның міндеттері:1) топты тренингке дайындау;2) топ қатысушыларының мазасыздығын азайту;3)сенім мен байланыс атмосферасын жасау.Әрекетті белсендіру фазасының басталуы - өзара қарым-қатынастың бола бастауы.Белсендірудің басталу сипаты топтық норманы енгізуден басталады.Әрекетті белсендіру фазасының негізгі сипаттары:1.Жаттықтырушының мазасыздығы - қатысушылардың маза-сыздығына, жаттықтырушының қалжыңы - қатысушылардың қалжыңына әкеліп соқтыратын процесс байқалады. Сондықтан сабырлылық сақтау маңызды. Жаттықтырушы басқа нәрсемен айналысып кетпей, оның белсенділігі басқаларға әсер етуі керек.2.Топта тұлғаның түпкі қабатын қозғайтындай процесс дамуы мүмкін. Адамдар ашық сөйлескісі келеді де, сонымен қатар ортасына түсініксіз болып қалудан қорқады. Белсендіру фазасында қатысушылар әрекетіне мыналар тән:• қалжыңқой;• үндемес - оның әңгімелеу тәсілін қолдануға болады;• экспансивті;• қарсылық білдіруші

ӘПТ әрекетінің жаттығу фазасын сипаттаңыз. Жаттығу фазасы - бірінші фаза. Бұл фазаның мақсаты: топтық процесін қосу, топтағы тұлғалар арасындағы байланыс процесін жөнге салады.Бұл фазаның міндеттері:1.Қатысушыларды әрекетке итермелеп, үрейді тоқтату;2.Топ біртұтас организм ретінде жұмыс істей бастауы үшін оны сергіту;3.Жайлы психологиялық климат құрып, бірлескен жұмысқа икемдеу.Бұл фазада топ жетекшісіне мыналар маңызды:•топ қатысушысы бір нәрсе күтіп келгендіктен, жаттығу фазасын әр қатысушының күткен нәрселерін талдаудан бастауды ұмытпау керек;•жұмыс барысында топ қатысушыларының жеке қасиеттеріне қарай бейімделу қажетm•вербальды емес әрекетті бакылауға екпін (акцент) жасау керек.•егер топта шиеленушілік болса, онда оның бастатуына талдау жүргізу керек;•үнсіздік фазасында қатысушылардың шиеленісі жақсы байкалады. Жаттыктырушы топтың әрекетін күтіп, конструктивті үнсіздік пен конструктивті емес үнсіздікті дифференциалдауы қажет.

ӘПТ әрекетінің шарықтау шегі не болып табылады? ӘПТ-ның қосымша әдістеріне жобалық сурет, би жаттығулары, ән жаттығулары, аутотренинг пен медитативтік жаттығулар элементі, шығармашылық визуалдық жатады.Әр әдістің сипаттамасына тоқталайық: Негізгі ұғымдар: топтық дискуссия, модельдеу, іскерлік ойындар, рөлдік ойындар, рөл, психогимнастика, тренингтің эмоциялы жоспары, тренингтің маңызды жоспары.Тренинг жұмысында қолданылатын әртүрлі әдіс пен тәсілге қарамастан, тренингтің бірнеше негізгі тәсілін көрсетуге болады. Олар:1) топтық дискуссия;2)ойын әдістері;3)психогимнастикалық жаттығулар.Әлеуметтік-психологиялық тэжірибе жүргізілді. Зерттеушілер үй шаруасындағы әйелдердің жаңа ас тағамдарына деген қатынасын өзгерту туралы міндет қойды.1-топ-берілген сұрақ бойынша дәріс оқылды. Нәтижесінде әйелдердің 3%-ы сарапшының кеңесіне жүгінді.2-топ-сол азық-түлікті қолданудың артықшылықтары жайлы тақырыпта дискуссия ұйымдастырылды. Нәтижесінде әйелдердің 32%-ы бұрынғы қолданбай жүрген азық-түліктерді пайдалана бастайды.Бұләрекеттердің себептері:а) дисскуссия барысында айқындалған пікір қалыптасады;ә)дискуссияның арқасында қатысушының ізденушілігін арттыратын эмоциялы дүмпу болады.

ӘПТ барысындағы кері байланыс дегеніміз не? Онын негізгі механизмдері туралы баяндап беріңіз. «Мен-бейнесі»-мен бірге тренинг барысында адамның өзін-өзі тануына көмектесетін кұралдардың бірі - кері байланыс.Кері байланыс - адамның өзі жайлы өзгеден алатын ақпараты, яғни ол арқылы тұлға өз-өзін танып, қате эрекеттерін тэртіпке салу-ына болады. Кері байланыс - ол сенің өзге жайлы пікірің, өзге тура-лы көзқарасың, ол сенде қандай сезім оятса, міне, сол.Кері байланыстың сипаттамасы:1.Өзіміз сезбесек те, өзгеге әсер ететін ақпаратты қамтиды.2.Бір адам не топ өзге адамның не топтың әрекетін түзеу мақсатында сол туралы ақпаратпен бөліскенде пайда болады.3.Өзіңді өз қиялыңдағыдай емес, өзгелердің түсінігіндегідей етіп көруге көмектеседі.Бұл жерде ескере кететін бір жайт, интерпретация мен кері байланысты айыра білген қажет. «Меніңше, сен мына-мыналарды жасайсың» десе - интерпретация, «Сен мына эпизодта мынадайсың» - интерпретация, ал «Сен былай жасап, не былай сөйлегенде, мен мынадай сезімде болдым» болса, бұл енді кері байланыс болып табылады.

ӘПТ оқу формасы ретінде. ӘПТ өзін-өзі ұстау, жаңа білім, білік, дағдыны үйренудің өзінше оқу формасы болып табылады.ӘПТ оқу формасы ретінде дәстүрлі оқу формасынан ерекшеленеді.1.ӘПТ білімді жедел игеруге ғана әсер етпейді, бастысы, күрделі жаңа ортада адамның өзін-өзі ұстауын жылдам әрі күйзеліссіз өзгертуге дайындайды.2Тренинг барысында алынған дағдылар сақталады және тиімді көрініс табады.3. Өте қысқа мерзімде кәсіби қызмет жағдайына тән өзін-өзі ұсыну.4.Әлеуметтік өмірлік жағдайларда тұлғаның өз қызметінде тәжірибесін іске асыруға мүмкіндік беретін тәжірибе жинақталады.5.Тренингте тұлғаның мотивациялық ортасының құрылуы, оның шынайылыққа адекватты қатынасы тезірек жүріп, эмоциялы түрде жылдамырақ жетеді.6.ӘПТ адамның өзіндік эмоциялы күйін жақсартуға алғышарт игеріледі.7.Педагогика және психология аумағында білім алынады. Тренингтің екінші типін біз тұлғаға-бағытталған тренинг деп атадық. Тұлғаға-бағытталған тренингке тұлғалық өсу немесе психотүзетуші (психокоррекциялық) деп аталатын топтар жатады. Бұл топтардың негізгі міндеттері-өзара зерттеу, тұлғаның өзі туралы білім алу, оны дамыту мен ашу. Мұнда психологиялық ұстанымдардың теңдігі орнатылатын психологиялық әсер «субъект-субъектілі» жүйе қатынасында жүзеге асырылады.

ӘПТ процедуралық аспект.болуы мүмкін ерекш.ата. Егер тренингке сырт жақтан қарағанда, онда сыртқы бақылаушыға оған қарайтындай еш ерекшелік көрінбейді. Онда адамдар шеңбер құрып отырады, сөйлеседі, ойнайды, сосын қайта сөйлеседі, қайта үнсіздікке көшеді және т.б.Бұл бірнеше күнге созылады.Тренинг-бұл топтық пікірталас, рөлдік ойын, тіпті психогимнастика да емес. Мұның барлығы да қызметтік метафора - модель, яғни соның көмегімен адамның ішкі әлеміне әсер етіледі.Негізгі шектеулердің қатарына келесілер жатады:1Тек тренингте туындайтын оқиғаларды талқылау (осы шаққа басымдылық түсіру).2.Сөйлесу кезінде «Біз» есімдігінің орнына тек «Мен» немесе «әрбір адам» деген сөздерді қолдану (басымдылық өз сөзі мен қимылдары үшін жауапкершілікке түседі).3.Тактикалық ұстанымның орнына шынайылықты ұстау («жұтып қоятын ұстанымға» емес, басымдық зерттеушілікке түседі).Тренингтің келесі ерекшелігі - арнайы атмосфера. Тренингте «уакыттың тығыздылығы», негізінде оның ұзақтығы 7-10 күнге созылады, жаттықтырушыға топта неғұрлым тезірек жұмыс ортасын құрып үлгеру қажет. Бұл жердегі шешуші фактор - қатысушылар ашылатын ерекше психологиялық климаттың пайда болуы. Тренинг - бұл, ең бастысы, арнайы атмосфера.Тренингтің«дөңгелегі».Бұл үш жақты бірліктегі тренингтегі өзара әрекеттесу мен ӘПТ ерекшелігінің маңызды жүйесі.«Дөңгелектің» үш элементінің біреуінің болмауы тренингтің болмағандығы туралы хабар береді.

ӘПТ процессі кезінде дамуы мүмкін қ-қ-ғы сөйлесу дағды.құрамы. ӘПТ өзін-өзі ұстау, жаңа білім, білік, дағдыны үйренудің өзінше оқу формасы болып табылады.ӘПТ оқу формасы ретінде дәстүрлі оқу формасынан ерекшеленеді.1.ӘПТ білімді жедел игеруге ғана әсер етпейді, бастысы, күрделі жаңа ортада адамның өзін-өзі ұстауын жылдам әрі күйзеліссіз өзгертуге дайындайды.2.Тренинг барысында алынған дағдылар сақталады және тиімді көрініс табады.3.Өте қысқа мерзімде кәсіби қызмет жағдайына тән өзін-өзі ұсыну.4Әлеуметтік өмірлік жағдайларда тұлғаның өз қызметінде тәжірибесін іске асыруға мүмкіндік беретін тәжірибе жинақталады.5.Тренингте тұлғаның мотивациялық ортасының құрылуы, оның шынайылыққа адекватты қатынасы тезірек жүріп, эмоциялы түрде жылдамырақ жетеді.6.ӘПТ адамның өзіндік эмоциялы күйін жақсартуға алғышарт игеріледі.7.Педагогика және психология аумағында білім алынады.Тренингтің екінші типін біз тұлғаға-бағытталған тренинг деп атадық. Тұлғаға-бағытталған тренингке тұлғалық өсу немесе психотүзетуші (психокоррекциялық) деп аталатын топтар жатады. Бұл топтардың негізгі міндеттері-өзара зерттеу, тұлғаның өзі туралы білім алу, оны дамыту мен ашу. Мұнда психологиялық ұстанымдардың теңдігі орнатылатын психологиялық әсер «субъект-субъектілі» жүйе қатынасында жүзеге асырылады.

ӘПТ түсінігін кім және қашан енгізді? М.Форверг пен Т. Альберт әрекеттің әлеуметтік-психологиялық тренинг теориясын дайындады.Олар топ қатысушыларын әрекеттің әртүрлі әлеуметтік формаларымен оқыту бағытында жұмыс жасады.Әлеуметтік-психологиялық тренингтің негізгі мақсаты, В.П.Захаровтың пікірі бойынша, әлеуметтік-психологиялық білімді белсенді түрде білу болып табылады. Оның көзқарасы тұрғысынан тренингтік топтардың жұмыс ерекшелігі келесідей болады:•топтың жұмыс үрдісі кезіндегі түсінігі, әрбір қатысушының өзін-өзі ұстауының ерекшеліктері;•қарым-қатынаста білік пен дағдының дамуы;• топтың бір мақсат пен оқу міндетіне, өзара қағида мен ереже негізінде бірігуі.Сөйлеу дағдылары құрамына келесі құрамдар енеді:•танымдық (когнитивті) - бағыттаушылық, психологиялық білім, өсу қабілеті;• өзін-өзі ұстау - білік пен дағды;•сезімтал -әлеуметтік құрылым, тәжірибе, тұлғаға қарым-қатынас жүйесі.Сезімтал (эмоциялы) құрамның қатарына:•Қарым-қатынастың сезімтал құрамы - адам бойында тәжірибе жинақталуының арқасында қарым-қатынастың ішкі құрылымдары, психологиялық ұстанымдары пайда болады. Адамның қарым-қатынас тәжірибесі неғұрлым бай әрі әртүрлі болған сайын, сөйлесудің әртүрлі формасын таба алу қажеттілігі жоғары болған сайын сөйлесуші адам оны жақсы қабылдайды. ӘПТ өзін-өзі ұстау, жаңа білім, білік, дағдыны үйренудің өзінше оқу формасы болып табылады.

ӘПТ түсінігінің бірнеше анықтамасын келтір. ӘПТоқу формасы ретінде дәстүрліоқу формасынан ерекшеленеді.1.ӘПТ білімді жедел игеруге ғана әсер етпейді, бастысы, күрделі жаңа ортада адамның өзін-өзі ұстауын жылдам әрі күйзеліссіз өзгертуге дайындайды.2. Тренинг барысында алынған дағдылар сақталады және тиімді көрініс табады.3. Өте қысқа мерзімде кәсіби қызмет жағдайына тән өзін-өзі ұсыну.4.Әлеуметтік өмірлік жағдайларда тұлғаның өз қызметінде тәжірибесін іске асыруға мүмкіндік беретін тәжірибе жинақталады.5.Тренингте тұлғаның мотивациялық ортасының құрылуы, оның шынайылыққа адекватты қатынасы тезірек жүріп, эмоциялы түрде жылдамырақ жетеді.6. ӘПТ адамның өзіндік эмоциялы күйін жақсартуға алғышарт игеріледі.7.Педагогика және психология аумағында білім алынады. Тренингтің екінші типін біз тұлғаға-бағытталған тренинг деп атадық. Тұлғаға-бағытталған тренингке тұлғалық өсу немесе психотүзетуші (психокоррекциялық) деп аталатын топтар жатады.

ӘПТ-да қолданылған психодраманы топтық психотерапия әдісі ретінде бейнелеңіздер. Психодрама - топтың мүшесі жүргізушінің және топтың көмегімен өз өміріндегі мәнді жағдайларын мәселеге қатысты сахнада ойнап, драматикалық түрде көрсететін терапияның әдісі. Өзінің классикалық нұсқасында психодрама - бұл драматикалық импровизация клиенттің ішкі әлемін зерттеу үшін қолданылатын топтық терапевтік процесс. Бұл негізінде, алдын ала ойластырылған сценарий бойынша ойналмайды, ол катысушылардың нақты мәселелерін көрсететін қойылым болады. Психодрамада ойлап табылған персонаждардың әрекеттері психокоррекциялық топ мүшелерінің спонтанды әрекеттерімен алмастырылады.Ең бірінші, психодрама түлғалық мәселелерді, қорқыныштары мен қатысушылардың қиялдарын ашу жолы болып табылатынын айту қажет. Психодрама сезімдерді зерттеу, жаңа орнатуларды қалыптастырған кезде вербализациядан қарағанда тиімді болатын өмірлік жағдаяттарды елестететін жіберілулерге негізделген.

ӘПТ-ның негізгі типтері мен түрлері. Тренингте басымдылық қай мақсатқа түсетініне байланысты оларды шартты түрде екі типке бөлуге болады:1)құралға бағытталған тренингтер;2)тұлғаға бағытталған тренингтер - топтың әрбір мүшесінен «Менді» қозғайтын, топ мүшелерінің терең тұлғалық түрленуіне бағытталған тренингтер. ӘПТ: Құралға бағытталған тренинг әлеуметтік-психологиялық өзін-өзі ұстау тренинг қатарына жатады. Ол тұлға теориясындағы бихевиоралдық бағытқа негізделген, яғни индивид өзін-өзі ұстаудың әртүрлі моделі түрғысынан қарастырылады және белгілі бір ситуациялардан мен әдістерінің мүмкіндіктері арқылы оның өзін-өзі ұстауын өзгерту және жаңасын құру болып табылады. Аталған топтардағы психологиялық әсері «субъект-субъекттілік» жүйе қатынасында жүзеге асырылады. Тұлғаға бағытталған тренингке тұлғалық өсу немесе психотүзетуші (психокоррекцнонные) деп аталатын топтар жатады. Бұл топтардың негізгі міндетгері - өзара зерттеу, тұлғаның өзі туралы білім алу, оны дамытумен қиялын ашу. Мұнда пснхологиялық ұстанымдардың теңдігі орнатылатын психологиялық әсер '•субъект-субъектілі" жүйе қатынасында жүзеге асырылады. Тұлғалық өсу топтарына мысал келтірейік:1)кездесу топтары;2) гештальт топтар;3) психодрамалық топтар;4) психодинамикалық топтар;5) экзистенцианалдық топтар;6) арт-терапия топтары;7) би терапия топтары және т.б.

Әрекет тәсілдерін игеру фазасының мақсаты және осы фазадағы колданылатын жаттығудың түрлері кандай? Фазаның мақсаты: әрекеттің жаңа дағдыларын жаттықтыру.Фазаның міндеттері: тренингте белгілі жаттығуларды орындау, әрекеттің жаңа коммуникативті дағдысы мен тәсілдерін бекіту.Фазада қолданылатын жаттығудың түрлері:І.Құрғақ жаттығулар - жаттықтырушы мен топтың бақылауы арқылы тәсілді үйрену керек «міне осылай жасау керек».2.Жартылай құрғақ жаттығулар - жаттығу, алдымен, жетекшінің бақылауымен орындалады, кейін бейнефиксациясыз екеулеп, үшеулеп бекітеді.З.Дымқыл жаттығуларға жекелеген қатысушылар немесе топ болып бейнефиксациямен өткізілетін жаттығулар жатады. Соңында жаттығудың сәттілігін талдайды.Жаттығуларды таңдауда және өткізуде қарапайымнан күрделіге, құрғақтан дымқыл жаттығуларға қарай өткізу керек. Құрғақ және жартылай құрғақ жаттығуларды меңгермей жатып топтық бейнефиксация жаттығуларын ұсыну жөнсіз болады.Жаттықтырушы қатысушылардың тәсілдерді жақсы орындауы үшін жаттығуларды белгілі ережелер бойынша орындауды ұсынады.

Әрекет тәсілдерін игеру фазасының мақсаты және осы фазадағы қолданылатын жат.ң түрлері қандай? Фазаның мақсаты: әрекеттің жаңа дағдыларын жаттықтыру.Фазаның міндеттері: тренингте белгілі жаттығуларды орындау, әрекеттің жаңа коммуникативті дағдысы мен тәсілдерін бекіту.Фазада қолданылатын жаттығудың түрлері:І.Құрғақ жаттығулар - жаттықтырушы мен топтың бақылауы арқылы тәсілді үйрену керек «міне осылай жасау керек».2.Жартылай құрғақ жаттығулар - жаттығу, алдымен, жетекшінің бақылауымен орындалады, кейін бейнефиксациясыз екеулеп, үшеулеп бекітеді.З.Дымқыл жаттығуларға жекелеген қатысушылар немесе топ болып бейнефиксациямен өткізілетін жаттығулар жатады. Соңында жаттығудың сәттілігін талдайды.Жаттығуларды таңдауда және өткізуде қарапайымнан күрделіге, құрғақтан дымқыл жаттығуларға қарай өткізу керек. Құрғақ және жартылай құрғақ жаттығуларды меңгермей жатып топтық бейнефиксация жаттығуларын ұсыну жөнсіз болады.Жаттықтырушы қатысушылардың тәсілдерді жақсы орындауы үшін жаттығуларды белгілі ережелер бойынша орындауды ұсынады.Бағыттау негіздерін енгізу фазасын бейнелі түрде айтсақ, спорттық жаттығу уақытындағы оқыту болады. Әрекеттің тәсілдерін игеру фазасы - бұл спорттық жаттығу.Әрекеттің тәсілдерін игеру фазасында топ қатысушыларының көңіл күйін: «Өзіңізді қалай сезініп отырсыз?», - деп анықтап, психогимнастикалық жаттығулар мен эмоциялы жеңілдетуді қосу керек. Әдетте, бұл фазада шаршағандыққа көп наразы болады. Сондықтан физкультпаузаны қолдануға болады. Бірақ темп ұстап, бір дағдыны түрлі жаттығуларда орындату керек. Егер жаттығудың әсері ерте болса, онда жаттығуды үйренушіден нәтиже болмайды. Ал көп күлкі - жаттығудың жүріп жатпағандығының белгісі.

Әрекет тренингінің нәтижесі неде? Әрекет тренингінің мақсаты:І.Дағдылы, ескі әрекет үлгілерін жоққа шығарып, олардың тиімсіздігі мен сәйкессіздігін көрсету. Топ қатысушылары өз әрекеттеріндегі сәйкессіздікті табулары керек. Жаттықтырушының міндеті - топты кері байланысқа бағдарлау.2. Психологиялық тұрғыдан адамдармен жақсы түсінісу үшін әрекеттің ең тиімдісін меңгеру қажет. Әрекет тренингінің қорытындысы:• тұлғаны белсендіру;• тұлғаның әлеуметтік дамуының жоғары деңгейіндегі тұжырымы;• тұлғаның коммуникативті мүмкіндігінің өсуі.

Бағдарламада не көрсетілуі міндетті, ал нені көрсегу жүргізушінің қалауында? Бағдарламада көрсетілетін жайттар:• өткізілетін орын жайлы ақпарат;•оған қойылатын талаптар;• ұйымдастыру кезеңінің өткізілу тәртібі. Бағдарламада көрсетілуге қажетті жайттар:• тренинг ұзақтығы (сағатпен);• кездесу саны мен әр кездесудің ұзақтығы;• кездесулердің кезектесу жиілігі;• қатысушылар саны.

Бағыттау негіздерін енгізу фазасын сипаттаңыз. Мақсаты:топ қатысушыларын әрекеттің жаңа ережелеріне дайындау; топ қатысушыларының санасына әрекеттің ережелерін бағдарламалау.Міндеттері:1)барлық топ қатысушыларына өзіне деген сенімділігін қайтару;2)барлық топ мүшелерінің қондырғысын біріктіру;3)топ қатысушыларының санасына жаңа ережелерді енгізу;4)өзін-өзі реттеудің импульсивті әрекетінен саналы түрде бақыланатын жаңа әрекеттің деңгейін көтереді.Бұл фазаның сипаттары:1) өзін басқаша ұстау тілегі пайда болады;2)көңілі қайту мен қателер болса да, тренингті жалғастыруға деген ықылас болады;3)топ өзінің алғашқы қалпына түсіп, дамудың топтық құрылымның дифференциациясы мен жаңа иерархия пайда болатын үшінші кезеңіне өтеді.Бағыттау негізін енгізу фазасы жаттықтырушы ұсынған ережелер арқылы импульсивті әрекет рационалды әрекетке өтіп, ӘПТ әрекетінің шарықтау шегіне жетедіТренингтің позитивті әсерінің жоғары болғандығы лабилизацияның жақсы өткендігін білдіреді.Бағыттау негіздерін енгізудің фазасының басталуы - топтың игеретін және жұмыс істейтін әрекеттерінің ережелері мен үлгілерін топқа хабарлау. Ауызша және жазбаша түрде хабарлауға болады.

Белсенді жұмыс барысында рұқсат етілетін кездесулер саны қаншаны құрайды? Кездесулердің кезектік жиілігі.1.Белсенді, қызу жұмыс - 7-8 сағатты құрайтын 4-5 кездесуден тұрады.2.Орташа белсенді жұмыс - 4-5 сағатты құрайтын, аптасына 1 мәрте кездесу өткізіледі.3.Марафондар - кездесулер сирек, бірақ ұзақ етіп ұйымдастырылады да, ұйқы мен демалысқа берілетін аз ғана уақыты бар бір тәуліктік тренингтер жүргізіледі. Көп жағдайда бағдарлама үш күнге лайықталып жасалады: 1 және 2-күн - 8-ден 12 сағатқа дейін, 3-күн - 24 сағат.Марафон - топтық жұмыстың ең экстремальды нұсқасы. Оны психоаналитикалық топтармен жұмыс жасау барысында түрлі дәстүрлік емес терапевтік әдістерге тәжірибе жүргізген Фред Столлер мен Джордж Бах ұсынып, енгізген болатын. «Марафондық» топтарда ашықтық пен екі арада бір-біріне деген сенімділік атмосферасын орнату қиынға соқпайды. Сондай-ақ ұзаққа созылатын тренингтерде әрбір қатысушы бірте-бірте шеттей беретін болса, «марафондық» топтарда олар өз қалауынсыз-ақ топ жұмысына белсенді араласып, шеттеуге уақыты да болмай қалады.

Жаттыктырушының когнитивті іс-әрекетін қалай түсіндірер едіңіз? 1.Жаттықтырушының когнитивті іс-әрекет ұстанымы. Жаттықтырушы үнемі топтың ахуалын бақылап отыруға міндетті. Тіпті барлық жұмыс айқындалған тұста да, жаттықтырушы топ мүшелерінен «көзін аудармауы» керек. Ол мына жайттарды естен шығармауға тиіс:• топ қай кезеңде және дамудың қай сатысында тұр?•топ қатысушыларының қанағаттану деңгейі қаншалықты?• кім сәтсіздікке ұшырады? •топтыққұрылымның тиімділігі деңгейі қандай?• қатысушылардың әрекеттесу деңгейлері қандай?• кім басымдық танытты, ал кім окшауланып калды? Неге?•әрбір топ мүшесінің психологиялық мәртебесі қандай?• әрбір топ мүшесінің өзін-өзі эмоциялық сезінуі қалай?• әрбір қатысушының жаттықтырушыға деген көзқарасы;•кім қарсылық көрсетеді, ал кім алға кетіп жатады?• топ қатысушыларының бір-біріне деген көзкарасы.Мұндай бақылау:1) жетекшінің тренингтік жағдайды игеруі;2)қажеттілікке орай, тренинг жұмыстарын түзеуге және түсініксіз сұрақтарды қатысушыларға айқындап беруі үшін қажет.Тренинг мақсаты мен міндетін айқындау жетекшіғің іс-әрекетінің когнитивті негізі болып табылады.Бірінші ой - жағдайды талдау -әрекет - эмоциялык қатынас болып келеді.

Жүргізуші тұлғасына қойылатын талаптар. топ жетекшісіне мыналар маңызды:•топ қатысушысы бір нәрсе күтіп келгендіктен, жаттығу фазасын әр қатысушының күткен нәрселерін талдаудан бастауды ұмытпау керек;•жұмыс барысында топ қатысушыларының жеке қасиеттеріне қарай бейімделу қажет;• вербальды емес әрекетті бакылауға екпін (акцент) жасау керек.• егер топта шиеленушілік болса, онда оның бастатуына талдау жүргізу керек;•үнсіздік фазасында қатысушылардың шиеленісі жақсы байкалады. Жаттыктырушы топтың әрекетін күтіп, конструктивті үнсіздік пен конструктивті емес үнсіздікті дифференциалдауы қажет.

К.Ливиннің пікірлері мен мақсаты. К.Левиннің пікірінше, Орталықтың басты мақсаты төмендегідей болды:1) топтық динамика заңдарын зерттеу;2) топтық динамика теориясын құру;3) топтың тіршілігіне әсер ететін әдістер құру.Топтық динамиканы зерттеу кезінде К. Левин топты бүтін нәрсе ретінде қарастырып, гештальт-психология заңына сүйенді.Левин сипаттаған топтық динамика заңдарын гештальт-психологияның екі негізгі заңымен түсіндіруге болады:I.Бүтін нәрсе бөлшектерден басымырақ, көбінесе тренинг топтарға сәйкес келеді:1.Топ жай тұлғалардың ғана жиынтығы емес: ол жеке қатысушылардың тәртібін өзгертеді.2. Сырттан қарағанда, топтың жеке мүшесіне қарағанда, топтың тәрбиесіне әсер ету оңай.3. Топтың әрбір мүшесі басқа мүшелерге тәуелді екендігін мойындайды.II.Жеке бөлшектер бір бүтінге бірігеді, көбіне әлеуметтік топтарға сәйкес келеді:1.Топтық қалыптасуының негізі ұқсастық емес, өзара тәуелділік болып табылады.2.Адам өзін тәуелдімін деп есептейтін топқа емес, теңмін деп есептейтін топтың мүшесі болуға тырысады.3.Адам тіпті әділетсіз, қас адамы болса да, өзін тәуелдімін деп есептейтін ортада калады.

Кездесу топтары жүмысының манызды шарты болып табылатын «Осында және қазір» үстанымының мэнін ашыңыз. Топ қатысушыларының өзіндік сана-сезімдері күшті және әлсіз жақтарын біле бастаған кезде өседі. Топ мүшелеріне іс-әрекетінің өзін-өзі кұртатын мінезі болатын және басқаларға қалай әсер ететіндігі, өз кезегінде басқа біреудің әсерінде болатын паттерндерінің түсінігі келеді. Мысалы, қарсы жыныстың адамдарымен қарым-қатынаста топта нақты емес стильдерді зерттеуге болады.Т-топтардың жүмысының маңызды шарты - «қазір жэне осын-да» үстанымдарын сақтау. Бұл дегеніміз, егер бүл жағдайлар осы күйзелістермен байланысты емес жэне қазіргі уақытта топта бо-лып жатқан арақатынастарға байланысты болмаса, жағдайлардың толықтай талқылануы өмірде көтермеленбейді.«Қазір жэне осында» үстанымы топ мүшелерінің назарын өз-дерінің түйсіктеріне, реакцияларына, сезімдеріне аударуды үйға-рады. Сол уақытта «негізгі кездесу» моделін жасау кезінде Роджерс бірден «қазір жэне осында» түйсігіне өтіп кетті. Бірақ Роджерс топ мүшелері ез реакцияларын білдіруге мүмкіндік береді

Кездесу топтарының даму тарихын сипаттаңыз. Топтық кездесу қозғалысының көшбасшылары - Карл Роджерс және Вильям Шютц. «Кездесу» терминін психотерапевтік контексте бірінші рет психодраманың негізін салушы Якоб Морено қолданды. «Кездесудің» қазіргі заманғы анықтамасын Вильям Шютц берген: «Кездесу - бұл адамдар арасындағы ашықтыққа, шыншылдыққа, өзіне сенімділікке, өз-өзінің алдында жауаптылық сезіміне, өзін-өзі бақылауға қарым-қатынасты орнату тәсілі». Бұл анықтаманы біз берілген дәрісте қаралатын топтық кездесулерде қолданатын боламыз.

Кері байланыстың қандай ережелері бар? ережелері:1.Кері байланыс бағалаушы емес, суреттемелік сипат алу керек. Бағалаушы кері байланыс тек қорғаныш қабатын күшейте түседі.2 Ол жалпыдан гөрі, ерекше болғаны жөн.3.Кері байланыс оны беріп отырғанның және кімге арналса, соның қажеттілігін өтеуге тиіс. Егер ол тек біреуінің ғана қажеттілігін өтейтін болса, ол деструктивтілік сипат алады.Кері байланысқа шығушы бұл ақпараттың алушыға өзі жайлы қаншалықты ақпарат беретінін ескеруге тиіс.4.Кері байланыс оның өзгерте алатын нәрсесіне байланысты айтылуы керек. Ал оның жасы, аты, өткені жайлы кері ақпарат қайтарылса, одан бәрібір еш нәтиже шықпасы белгілі, адам өз жасын қанша қаласа да, өзгерте алмайды ғой.5.Кері байланысқа дәл уақытында шыққан абзал. Ол сол сәтте ғана пайдалы болмак, ал ұзақ уақыт бұрын өтіп кеткең іске берілген кері ақпараттың әсері аз болады.6.Кері байланыс оны ушықтырып емес, оған ұсыныс жасалған жағдайда пайдалырақ болмақ.7. Кері байланысқа шыққанда ата-аналық позициядан аулақтап, жест қимылдарын қолданбаған жөн.8.«Мен - хабарлама» тілінде жауап беріңіз. Өз әсеріңізді сипаттау арқылы сөйлеуге тырысқан абзал. Мәселен, сөзіңізді «Меніңше,...», «Менің ойымша», «мен сезіміммен бөліссем...» дегендей тіркестермен бастасаңыз жарасып жатыр. Ал «Сіз - хабарламаның» әсері мүлде керісінше болмақ.Бұл реттеСіз өз дүрыстығыңызды дәлелдеп, әңгімелесушіңіздің терістігін әшкерелегендей болып қаласыз. Бұл әңгімелесушіңізді дағдартып тастары кәміл. Сондықтан дереу «Сіз - хабарламаны» «Мен - хабарламага» ауыстыра салыңыз.

Қандай жағдайларда тиімді кері байланыс туады? Бұл ретте Сіз өз дүрыстығыңызды дәлелдеп, әңгімелесушіңіздің терістігін әшкерелегендей болып қаласыз. Бұл әңгімелесушіңізді дағдартып тастары кәміл. Сондықтан дереу «Сіз - хабарламаны» «Мен - хабарламага» ауыстыра салыңыз.«Сіз - хабарлама»: «Егер бір нэрсе жасау қажет болса, сіз маған ең соңғы минутқа дейін хабарласпайсыз», «сіз ешқашан да мен қалайтын нәрсені жасамайсыз, өз білгеніңізше жүресіз», т. б.«Мен - хабарлама»: «Сіз маған соңғы минутта хабарласқанда, менің қолым бос болмай қалуы мүмкін. Әрине, мен сізге қанша көмектесуге даяр болсам да, уақыт тарлық жасайды. Сондықтан ертерек хабарлассаңыз дұрыс болатын еді». «Сіз екеуге ортақ шешім қабылдағанда, менің пікірімді ескермейтініңіз менің көңіліме кірбің үялатады. Кейде сізді менің жеке пікірім қызықтырмайтындай көрінеді. Алдағы уақытта мұндай мәселелерді бірге ақылдассақ дұрысырақ болушы еді», т.б.Әрине, мұндай тектес кері байланысқа күнделікті түсіп жататын болсақ та, тренинг жүмыстары барысында оларды мақсатты түрде колдануға болады.

Лабилизация фазасынын болу белгілерін атаңыз. Лабилизация фазасының өту сипаттары:1)жаттығу орындау барысында топ қатысушылары қорқыныш пен үрейді және топқа сәйкес еместік жағдайын бастан кешірді;2)жаттығуларды орындау кезінде қатысушылар сенімсіздігі мен дәрменсіздігіне күйзеледі;3) бастан кешкен жағдайларда кдтысушыларда әрекеттің дұрыс формасын үйрену қажеттілігі туады;4)қатысушыларда мынадай сұрақ туады:«Әрі қарай не болады?»Лабилизация - тұлға өзі туралы пікірі мен дағдылы әрекетінің сәйкессіз екендігін түсінгеннен кейінгі уайымдаған сезімі. Тұлғаның сәйкессіздіктің негізінде өзі туралы қалыптасқан бұрынғы және жаңа пікірлерінің тартысы. Соның салдарынан ұят, айыптылық, көңілі қайту, тітіркену, агрессия, сенімсіздік, дәрменсіздік сезімдерін тудырады. Алайда бұл тренингтің астарында тұлғаның дамуы мен өзгеруі жатыр.

Лабилизациянын психологиялык механизмін түсіндіріңіз Лабилизацияның психологиялық механизмі. «Мен» бейнесі мен «Мен» концепциясын өзгерту жағдайын лабилизация дейміз.Тұлға өзін-өзі тану процесінің барысында әлеуметтік рөлдер, әрекеттің түрлері мен қасиеттің сипаттары (мейірімді, ықыласты, ирониялық) мен сыртқы критерийлеріне (үлкен, толық, әдемі) өзін-өзі теңестіреді. Сөйтіп, түлға «Мен» концепциясын құрайды.Біз «мен» бейнесін өзгертпей, құлатпауымыз керек. Ол үшін мынадай тәсілдер қолданылады:а) 3. Фрейд бойынша психологиялық қорғаныстың механизмі; ә)біз адамдарды ойымыздың сәйкес келуіне байланысты таңдаймыз;б) бізді басқалар қалай қабылдаса, біз де өзімізді солай көрсетеміз.Өзін-өзі бағалау өзін-өзі теңестіруімен байланысты. Өзін-өзі бағалау - өзін танумен жэне басқалармен салыстырудың негізінде пайда болған өзін эмоциялық бағалау. Өзін-өзі бағалаудың негізінде өзін-өзі құрметтеу туады. Өзін позитивті қабылдау өзін-өзі бағалаудың стереотипімен сәйкес еместігін білдіреді.Тренингтін эмоциялы қорытындысы - лабилизацияның жетістігі болып табылады. Бұл тренингтің екінші және үшінші күндерінде болады.

М.Форверг ӘПТ процесінің қандай фазаларын көрсетті? Тренингтік топ жұмыс барысында белгілі бір даму фазасынан өтеді. Әртүрлі ӘПТ жүргізудің материалдары негізінде М. Форверг ӘПТ-ны ұйымдастырудың құрылымдық кестесін ұсынды.ӘПТ процесінің мынадай фазаларын бөліп көрсетті:1. Жаттығу фазасы.2.Топты белсендіру фазасы.3.Лабилизация фазасы.4.Бағыттау негіздерін немесе когнитивті кестені енгізу фазасы.5.Әрекеттің жаңа тәсілдерін игеру фазасы.6.Аяқталу фазасы.Бұл берілген тренингтік процесс құрылымы ӘПТ әрекет теориясы шеңберінде өңделгенін атап өту керек. Әсіресе мұнда бағыттау негіздері фазасы және әрекеттің жаңа тәсілдерін игеру фазалары ерекше болып табылады.Бұл тренингтік топтың құрылымы түрлі топқа тән сипатқа ие. Тренингтік топтың фазасы шартты, сондықтан бұл тәртіппен жүре бермеуі де мүмкін. Бірақ бұл фазамен жүрген жетекшіге жұмыс істеу оңай болады.

Морено психодрамасында күйзеліс анализінен және сценарийден не маңызды?Психодрама - топтың мүшесі жүргізушінің және топтың көмегімен өз өміріндегі мәнді жағдайларын мәселеге қатысты сахнада ойнап, драматикалық түрде көрсететін терапияның әдісі. Өзінің классикалық нұсқасында психодрама - бұл драматикалық импровизация клиенттің ішкі әлемін зерттеу үшін қолданылатын топтық терапевтік процесс. Бұл негізінде, алдын ала ойластырылған сценарий бойынша ойналмайды, ол катысушылардың нақты мәселелерін көрсететін қойылым болады. Психодрамада ойлап табылған персонаждардың әрекеттері психокоррекциялық топ мүшелерінің спонтанды әрекеттерімен алмастырылады.Ең бірінші, психодрама түлғалық мәселелерді, қорқыныштары мен қатысушылардың қиялдарын ашу жолы болып табылатынын айту қажет. Психодрама сезімдерді зерттеу, жаңа орнатуларды қалыптастырған кезде вербализациядан қарағанда тиімді болатын өмірлік жағдаяттарды елестететін жіберілулерге негізделген.

Морено ұсынған спонтандылык концепциясына косылған екі маңызды параметрді атаңыз. 1931-1932 жылдары Морено топтық жүмыс кезінде спецификациялық кұрамды операцияларды анықтау үшін «топтық психотерапия» терминін енгізді.Психодраманың негізін қалаған Якоб Леви Морено Румынияның Бухарест қаласында дүниеге келген. Кейін жанұясы Венаға көшті. Морено біраз уақыт өткеннен кейін вендік университетте философияны және медицинаны оқыды. Студент бола тұрып, Морено қазіргі кезде жеке адам беделді бола алмайтындығын және топтың атынан сөйлеу қажеттігі идеясын жоғары көтерді. Ол адамдарға мәселелерін шешуге көмектесетін пікірлестер тобын құрады.Морено үлкендер үшін «балалар патшалығын» түсінікті болуы туралы ойлады. Ол Венаның үйлерінің бірінен соңғы қабаттан пәтер жалдап, сонда ол өзінің актер достарымен рөлдік жэне импровизациялық ойындар ұйымдастыратын, әркім өз тілеуі бойынша әртүрлі рөлдерді ойнай алатын импровизация театрынқұрды. Сосын театр жеке кабілетінің өзгеруінің практикасына немесе психикалық дамуының гармонизациясына бағытталмаған еді. Ұқсас позитивті әрекеттер тек театрлық қойылымдардың қосалқы әсерлері ретінде белгіленді. Мореноның басты идеясы және оның негізгі дәлелдері рухани сипатта болды: өз ойын еркін жеткізу үшін шексіз мүмкіндікті шығармашылық МЕН-ді



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Освоение основных инструментов тренера | Упражнения и антистрессовая техника
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-07-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1078 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Самообман может довести до саморазрушения. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2477 - | 2319 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.