57.Гольджи аппараты қандай қызметтер атқарады.Гольджи кешенін (ішкі торлы аппарат немесе пластинкалық кешен) 1898 жылы К.Гольдж жүйке торшаларын ауыр металлдар түздарымен (күміс, осмий) бояу арқылы, оның ңитоплазмасынан торлы аппаратты көрген. Кейіннен бүл кешен жануарлардың барлық торшаларынан табылған. Ол торша ңитоплазмасында, ядро немесе центросома маңында, эпителиоциттерде ядро мен торшаның апикальды беті аралығында орналасады. Электронды микроскоппен қарағанда Гольдж кешені биологиялық жарғақпен шектелген, бір-бірімен қабаттаса тығыз орналасқан жалпақ қапшықтардан қүралған. Цитоплазманың белгілі бір аймағында орналасқан пластинкалық кешенді диктиосома — деп атайды. Торша цитоплазмасында осындай бірнеше аймақ болуы мүмкін. Әр бір диктиосоманы бір- бірінен ені 25 нм гиалоплазмалық аралықтармен бөлінген, топтаса орналасқан 5-10 жалпақ қапшықтар қүрайды. Олардың шеткі жағында жарғақтармен шектелген үсақ көпіршіктер орна- ласады. Кешендегі қапшықтардың пішіні иіліңкі, сыртқы жағы дөңес, ішкі беті ойыс келеді. Бөлінді (секрет) бөлетін торшаларда диктиоссоманың ядро жағындағы үшын — проксимальды, ал плазмолеммаға қараған жағын дистальды бөліктер — деп атайды. Гольдж кешенінде эндоплазмалық торда түзілген өнімдер жинақталып, өңделіп жетіледі. Түзілген белоктарда химиялық өзгерістер жүріп, олар күрделі көмірсулар және липидтермен қосылып, мукопротеидтерге, гликопротеидтерге, липопротеидтерге айналып, дәншелер, көпіршіктер ретінде торшадан сыртқа шығарылады. Пластинкалық кешеннің шеткі үштарында кепіршік тәрізді органеллалар — лизосомалар түзіледі. Гольдж кешенінің биологиялық жарғақтары гранулалы эндоплазмалық тордың қатысуымен түзіледі.
58.Дәнекер ұлпаның жалпы сипаттамасы,жіктелуі ж/е дамуы.Дәнекер (ішкі орта) үлпалары көп торшалы жануарлардың ал- ғашқы даму сатылырында эпителий үлпаларымен қатар дамып жетілген коне қүрылымдарға жатады. Ішкі орта үлпаларына тірі сұйықүлпалар (қан, лимфа), дәнекер үлпалары (ретикулалы, май, боргіылдақ және тығыз дәнекер үлпалары), қаңқа дәнекер үлпалары (шеміршек, сүйек үлпалары) жатады. Аталған үлпалардың барлығьг құрылысы жағынан бір-біріне үқсас. Олар торшалардан және олар- дың өнімдері — торшааралық заттан түрады. Ішкі орта үлпалары торшаларында эпителиоциттермен салыстырғанда полярлық айырмашылықтар (эндотелиоциттерден басқаларында) болмайды. Торшааралық заттар үлпа торшаларының туынды онімдері бол- ғанымен, массасы мен мөлшері жағынан торшаларға қарағанда әлдеқайда мол болады. Сондықтан, торшааралық заттар ішкі орта ұлпаларының маңызды, атап айтқанда, қоректендіру (трофикалық), қорғаныс, тіректік, механикалық т.б. қызметтерді атқаруға қаты- сады. Жануарлар организмдерінде қүрамында ішкі орта үлпала- рының элементері кездеспейтін мүшелері болмайды. Дәнекер ұлпалары түтікше және қабатты мүшелердің қабықтары мен қа- баттарын, қомақты мүшелердігі паренхима бөліктерін дәнекерлеп, олар біріктіріп бір түтас ететін стромасын қүрайды, әр түрлі мүшелердегі перделіктерді, қапшықтарды, дене шандырларын.қаңқа сүйектері байламдарын, бүлшық еттер сіңірлерін, қаңқаны, организмнің сүйық ішкі ортасын түзеді. Дәнекер үлпаларының жарақаттанганнан кейінгі тез қалпына келу және өзгерген ортаға бейімделу қабілеттері жақсы жетілген. Барлық ішкі орта үлпалары эмбриондық дәнекер үлпасы — мезенхимадан дамып жетіледі.
59.Жүйке жүйесі туралы түсінік.Ол қандай ұрық жапырақшалардан дамиды. Жүйке жүйесі организм бөліктерін біріктіріп,түрлі процестерді реттеп,ағзалар мен ұлпалар қызметтерін үйлестіріп,организмнің сыртқы ортамен өзара іс-қимыл жасауын,әрі сыртқы ортадан,ішкі ағзалардан түсетін әртүрлі хабарларды қабылдап,оларды өңдеп,сигналдарды туындататын,тітіркендірудің әсеріне сайма сай жауап реакциясын қамтамасыз етеді.Жүйке жүйесі басқа ағзалар жүйесінен бұрын пайда болып,ұрықтық кезеңде қызметін бастайды.Жүйке юүйесін анатомиялық құрылысына қарап,орталық ж/е шеткі деп екі үлкен топқа бөледі.Орталық жүйке жүйесіне бас миы,жұлын,шеткісіне түйін,жүйке,жүйке ұштары кіреді.