Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Ескерту: науқастың жағдайы жедел болғандықтан, әрекеттерініз шұғыл болуы керек




Емтихан қабылдаушыға ақпарат: Интернді төменде көрсетілген әр пункт бойынша баллмен бағалаңыз.

 

Критерийлер Дұрыс орындады Орында-мады немесе дұрыс емес орындады
1. Шұғыл жағдайға анықтама берді, науқасқа тексеру жоспарын құрды.    
2. Фебрильді шизофренияның дифференциальды диагностикасын жүргізді    
3. Алкогольді делиримен дифференциалды диагностика жүргізді.    
4. Жедел алкогольды психозбен дифференциалды диагностика жүргізді    
5. Жедел реактивті психозбен дифференциалды диагностика жүргізді    
6. Жүйелі склеродермиямен дифференциалды диагностика жүргізді    
7. Инфекциалық аурулармен дифференциалды диагностика жүргізді    
8. Науқасқа шұғыл көмек көрсетудсің жоспарын құрды.    
9. Емдеу әдісін таңдаудағы тиімділік критерийлерімен дәйектеді.    
10. Тағайындалған дәрілік заттардың әсер ету механизмін түсіндіре білді.    
  Барлығы    

 

Бекет

Неврология (ЖДП)

Неврологиядағы шұғыл жағдайлар.

Бас ми қан айналымының жедел бұзылысы

Дәрігер – интернге қойылған тапсырма:

1.Науқастың шағымдарын, ауру тарихын сұрау, жалпымилық және менингиальды симптомдарды тексеру.

Волентер - 48-де ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге медициналық көмекке жүгініп келді. Кенеттен қатты бас ауру, лоқсу, сол жақ бас қол-аяғының әлсізденуі мен ұюы, сөздің бұрмалануы болған соң, үйде 1 табл/тіл астына каптоприл, 1 табл. аспирин қабылдаған. Жағдайы жақсармаған соң дәрігерге келген.

Дәрігер–интерн науқастан шағымдарын сұрап, ауру тарихын жинап, жалпымилық және менингиалды симптомдарды тексереді.

Шұғыл жағдайға анықтама беру, науқасқа бас ми қан айналымының жедел бұзылысы жағдайында көмек көрсетудің жоспарын құру, емдеу әдісін таңдаудағы тиімділік критерийлерімен дәйектеу, тағайындалған дәрілік заттардың әсер ету механизмін түсіндіру.

Емтихан қабылдаушыға ақпарат: Интернді төменде көрсетілген әр пункт бойынша баллмен бағалаңыз.

 

Критерийлер Дұрыс орындады Орында-мады немесе дұрыс емес орындады
1. Шұғыл жағдайға анықтама берді,науқасқа тексеру жоспарын құрды. (менингиальды симптомдарды атады).    
2. Науқасқа біріншілік қарау жүргізіп, шағымы мен ауру анамнезін жинады. Аурудың басталған уақытын анықтап уақытты белгіледі.    
3. Перифериялық артериядан АҚҚ өлшеп, жүрек ырғағын бағалады. Тыныс қимылын санап тыныс алу актісіне көмекші бұлшықеттердің қатысуын бағалады.    
4. Көрінетін шырышты қабықтарды, тырнақты, мойын веналарының жағдайын сипаттады. Пульсті, ТАЖ-н санады.    
5. ЭКГ-ні талдап, интерпретация жүргізді. Анализатор көмегімен қандағы глюкозаны тексерді.    
6. Неврологиялық статус. Глазго шкаласы бойынша санасын бағалады. Уақытқа, кеңістікке, өз-өзіне, сөйлеуге бағыт бағдарын анықтады. Мимикалық бұлшықеттердің, жұтыну функциясын, қол-аяқтарда бұлшықет күші мен қимыл көлемін, менингеальді белгілерді (шүйде-мойын бұлшықет регидтілігі, Кернинг симптомын) анықтады.    
7. Инсульт диагностикасы үшін «Бет, қол, сөйлеу» тестін жүргізді. Ол үшін мына 3 тапсырманы орындады. 1. Науқастан тісін көрсетуді, күлуін сұрады. Инсульт кезінде бер ассимметриясы байқалады. 2. Науқастан отырған қалпында екі қолын 90°-та, жатқан қалпында 45°-та 5 сек ұстауын сұрады. Инсульт кезінде бір қолы түсіп кетеді. 3. Науқастан қарапайым сөздерді айтуын сұрайды. Инсульт кезінде анық айта алмайды.    
8. Науқасқа шұғыл көмек көрсетудің жоспарын құрды. Емдік әсеріне қарай дәрілерді тағайындады.    
9. Емдеу әдісін таңдаудағы тиімділік критерийлерімен дәйектеді. Тағайындалған дәрілік заттардың әсер ету механизмін түсіндіре білді.    
10. Жедел жәрдем шақырып науқасты жақын маңдағы инсульт орталығына жіберді.    
  Барлығы:    

 

 

Бекет

Инфекциялық аурулар (ЖДП)

Науқастан жұлын сүйықтығын алу әдісі

Интернге қойылған тапсырма: Сіз отбасылық дәрігерлік амбулаториядағы жалпы тәжірибелі дәрігерсіз. Сізге жас жігітке Менингококты инфекция, жайылмалы түрі, менингит диагнозын қойдыңыз. Мына жағдайда әр кезеңді мәліметтей отырып,науқастан жұлын сүйықтығын алу әдісін көрсетіңіз.

Емтихан қабылдаушыға ақпарат: Интернді төменде көрсетілген әр пункт бойынша баллмен бағалаңыз.

Қажетті құралдар: муляж, салфеткалар, дәкелі шариктер, стерильденген қолғап, стерильденген шприц, жұлын қуысын тесуге арналған ине, мандрен, 70% этил спирт, бетадин, 1% лидокаин.

Критерийлер Дұрыс орында-ды Орындама-ды немесе дұрыс емес орындады
  Қолын жуып, резиналы қолғапты кигеннен кейін, интерн қажетті құралдарды дұрыс таңдады: - Салфеткалар, дәкелі шариктер, стерильденген қолғап. - Тері мен тері асты май қабатын жансыздандыру үшін қолданылатын шприц пен ине. - Жұлын қуысын тесуге арналған ине. Инеде тесу бағытын көрсететін белгісі болуы керек, ине бітеліп қалмау үшін мандрен міндетті түрде болуы қажет.    
  Науқасты дұрыс жатқызды. Науқас бір қырына жатты, аяқтарын ішіне қарай тартты, басының астына валик қойылды, басы мен денесі максимальді иілген. L.2 және L.3, немесе L.4 және L.5 омыртқа аралығындағы тесу орнын анықтап алды.    
  Тесу орнын алдын-ала 70 пайызды спирт ерітінідісімен, кейін бетадин еріітіндісімен сүртіп, тері мен тері асты май қабатын жансыздандырды.    
4. Таңдалған орынға тері ішіне, кейін тері астына кейіннен инені тереңдетіп 1% лидокаин немесе 0,5% новокаин ерітіндісін еңгізді.    
5. Инені шығарып 2-3 мин. терінің жансыздануынын күтті.    
  Тесу орта сызық бойынша сагитальді кеңістікте жасалды. Инені теріге перпендикулярлы бағытта жақын жатқан екі омыртқа өсінділері арасынан салды. Ары қарай ине сол бағытта тереңдеп салынды (инені омыртқа өсіндісіне параллельді бағытта салды). Иненің өтетін қабаттарын айтты: тері, тері асты май қабаты, өсінді асты байламы (бірінші түсу сезімі болуы керек), өсінді арасындағы байлам, сары байлам (екінші түсу сезімі болуы керек) және мидың қатты қабығы. Соңғысы қатты мембрананы құрайды, осы жерден өткен кезде үшінші түсу сезімі байқалады.    
  Мидың қатты қабығынан өткеннен кейін, түсу /провал/ сезімі болғаннан кейін, инені ары қарай жылжытуды тоқтатып, мандренді алып тастады. Инеден тамшылап ликвор ақты.    
8. Науқас үшін бірінші тесу ауырсыну сезімімен жүреді (анестетик еңгізгенде), лидокаин енгізуде науқаста «жансыздану» немесе «кернеу» байқалады. Кейінгі люмбальді инені енгізуде ауырсынусыз болу керек. Егер жүйкеге тию болса, науқас аяқтарында немесе бүт аймағында бірден ауырсыну сезімі байқалады. Мысалы науқаста менингит немесе энцефалит болса, ликвордың шығуынан бастап, бастың ауырсынуы азая бастайды.    
9. Қалыпты жағдайда ликвордың түсі түссіз, мөлдір және тамшылап ағуы тиіс. Ағу жылдамдығының жоғары болуы патологиялық процестің айқындығы.    
  Ликворды пробиркаға құйып, инені шығарып алды да, жұлын тесу жасаған орынды бактерицидті лейкопластырмен жапсырып қойды. Науқасқа 10-12 сағат мөлшерінде тұрмай, жату керек екенін айтты.    
  Барлығы:    

Бекет

Фтизиатрия (ЖДП)

Рентгенсемиотика бойынша туберкулез кезіндегі өзгерістерді сипаттау

Интернге қойылған тапсырма: Сіз – жалпы тәжірибелі дәрігерсіз. Сіздің қабылдауыңызға 2-жыл бұрын туберкулезбен ауырған науқас келді.

Емтихан қабылдаушыға ақпарат: Интернді төменде көрсетілген әр пункт бойынша баллмен бағалаңыз.

Қажетті құралдар: Рентген суреті

Критерийлер Дұрыс орындады Орында-мады немесе дұрыс емес орындады
  Қандай рентген көрініс(рентгенограмма томограмма), қандай проекцияда (адыңғы,бүйірден).    
  Рентген суретінде патологиялық көлеңкені анықтай алды.    
  Патологиялық көлеңкенің орналасу орнын дұрыс анықтады.    
  Анықталған патологиялық көлеңке өкпенің қандай рентген синдромына жататынын айтты.    
  Рентген суретіндегі патологиялық көлеңкені сипаттап берді.    
  Рентген суретіндегі орталық мүшенің жағдайын(ығысқан,ығыспаған) сипаттап берді.    
  Рентген суретіндегі өкпе түбірінің жағдайын сипаттап берді.    
  Рентген суретіндегі косто диафрагмальды синустың жағдайын сипаттап берді.    
  Рентген суретіндегі патологиялық көлеңкенің туберкулездің қай клиникалық формасына жататынын анықтады.    
  Қандай ауруларға ұқсас екенін атаңыз.    
  Барлығы:    

Бекет

Акушерия және гинекология (ЖДП)

Гинекологиядағы арнайы тексеру әдістері

Интернге қойылған тапсырма: іс-әрекетіңізді дауыстап айта отырып, гинекологиядағы арнайы тексеру әдістерін тәжірибелік дағдысын көрсетіңіз.

Емтихан қабылдаушыға ақпарат: Интернді төменде көрсетілген әр пункт бойынша баллмен бағалаңыз.

Қажетті құралдар: Муляж, қолғап, гинекологиялық айна.

Критерийлер Дұрыс орындады Орында-мады немесе дұрыс емес орындады
  Инструкцияға сәйкес қолды мұқият жуған соң бір реттік залалсыздандырылған резіңке биялайларды киеміз.    
  Сыртқы жыныс мүшелерін қарағанда қасағаның түріне, түктенудің сипатына, сыртқы жыныс мүшелерінің даму дәрежесіне, шүрті мен уретраның және қынаптың кіреберісінің сипатына, анус аймағына баға береміз және бартолин бездерінің аймағын пальпациялаймыз.    
  Жатыр мойнын айнамен қарау. Қолды жақсылап жуып, бiрреттiк қолданатып қолғапты қолға киедi, керектi құрал материалдарды дайындайды. Айнаны бүйiрiнен қынапқа енгiзiп, (екі жармалы айна) сосын айнаны ашады.    
  Қынаптын шырышты қабатының сипатына, жатыр мойнының және бөліндінің сипатына баға бередi. Айнаны жауып қынаптан шығарады.    
  Қынаптық бимануальды тексеру. Емтихан тапсырушы креслонын аяғына он аяғын, еденге сол аяғын қояды.    
  Оң қолының үлкен және сұқ саусақтарымен үлкен жыныс ернеулерін ашады.    
  Қынапқа оң қолдың ІІ және ІІІ саусағын енгiзедi, алдымен ІІІ саусағын, қынаптын қабырғасын басып, сосын екiншi саусағын енгiзедi.    
  Бұл кезде қынапқа кіру енін, аралықтың, жамбас түбінің бұлшықеттерінің жағдайын, қынаптың ұзындығын, қынаптың күмбездерінің тереңдігін, жатыр мойнының қынаптық, жатыр денесінің және қосалқыларының жағдайын (қалпы, көлемі, консистенциясы, қозғалғыштығы, ауырсынуы және т.б.) анықтайды.    
  Тексеруден кейін қынаптан саусақтарды шығарып, бөлінділердің сипатына баға беріледі. (қанды, іріңді, шырышты).    
  Сосын резіңке биялайларды шешіп, утилизациялау үшін арнайы контейнерге саламыз. Қолдарын сабынмен жуып, сүлгімен сүртеміз.    
  Барлығы:    

Бекет

Онкология (ЖДП)

Тік ішекті саусақпен тексеруі

Интернге қойылған тапсырма: 62 жастағы ер адам: жалпы әлсіздікке, еңбекке қабілетінің төмендеуіне, бас айналуына, салмағының азаюына, дене қызуына,күніне 2-3 рет сұйық нәжісті іш өтуіне (нәжісі қоспасыз), іштің құрылдауына шағымданған. 4 айдан бері ауырады. Дәрігерге бірінші рет қаралып отыр. Жас кезінде колитпен ауырған, курорттарда емделген. Соңғы 10 жылда ауру күшеймеген. Қарап тексергенде: тері жамылғысы бозғылт, тері серпімділігінің төмендеуі, іш шектеулі кебінген. Сипап қарағанда ауру сезімі бар. Жалпы қан сараптамасында – анемия, пойкилоцитоз, анизоцитоз.

Емтихан қабылдаушыға ақпарат: Интернді төменде көрсетілген әр пункт бойынша баллмен бағалаңыз.

Қажетті құралдар: Муляж

Критерийлер Дұрыс орындады Орында-мады немесе дұрыс емес орындады
  Наукасқа жүргізілетін тексерудің мәнін түсіндіру    
  Тексеру жүргізуге кажетгі құрал-жабдықтардың дайындығы тексеріледі.    
  Науқасты тізе-шынтақтық қалыпта орналастыру    
  Хирург қолына резина қолғап киіледі.    
  Сұқ саусақ вазелин майымен майланады.    
  Хирург сұқ саусағын баланың анальдық тесігіне ақырындап енгізеді.    
  Ақырындап сұқ саусактың соңғы фалангасымен тік ішектің оң жак кабырғасын барлық бағытта тексеріп, ауырсынуды анықтау.    
  Тік ішектің күмбезін тексеру.    
  Сұқ саусақпен тік ішектегі паталогиялық түзілістер бар-жоғын тексеру, саусакты тік ішектен шығарып, саусақтағы жабысқан түзілістерді анықтау.    
  Содан кейін тексерілу келесі қалыптарда жүргізіледі: a) Сол жақ қырында b) Шалқасымен жатқанда c) Жартылай тізе бүгіп отыру қалпында    
  Барлығы:    

 

ІІІ нұсқа

Бекет

Жалпы дәрігерлік практика (ЖДП)

Науқастың өмірлік маңызды функцияларын бағалау,

коммуникативті дағдылар (Қантты диабет)

Интернге қойылған тапсырма: Сіз – жалпы тәжірибелі дәрігерсіз. Сізге 57 жастағы көршіңіз денесінің діріліне, жалпы әлсіздікке шағымданып келді. Анамнезінде анасы қантты диабетпен ауырады. Осы жағдайға байланысты қажетті іс-шара техникасын дауыстап айта отырып, көрсетіңіз.

Емтихан қабылдаушыға ақпарат: Интернді төменде көрсетілген әр пункт бойынша баллмен бағалаңыз.

Керекті жабдықтар: глюкометр, саусақ тесетін қаламсап, тест сызықшалары, 70% этил спирті, мақта тампондары.

Критерийлер Дұрыс орындады Орында-мады немесе дұрыс емес орындады
  Қолды сабынмен ысқалап жуды.    
  Тәртіпке сай құралды жұмысқа дайындады (30сек. дейін).    
  Саусақ тесетін қаламсапты керекті тереңдікке тесетіндей етіп туралады (әдетте ересектерге 7-8 өлшемге дейін), пружинасын тартты.    
  Тесетін жерді спиртке малынған мақта тампонымен сүртті.    
  Тест сызықшасын алып құралға салды (осы сәтте ол іске қосылуы қажет.    
  Саусақты тесті.    
  2-3 мм қан тамшысын алғаннан кейін (қан ақпауы тиіс, аққан жағдайда қайта тесу) тест сызықшасының жұмыс аймағын толатындай қанға тигізді.    
  Спиртті мақта тампонымен тескен аймақты басты. 1-2 сек соң нәтижесі анықталуы қажет.    
  Тест - сызықшасын шығарды.    
  Глюкометрді өшірді.    
  Барлығы:    

 

Бекет

Ішкі аурулар (ЖДП)

Жүрек ұшы түрткісін пальпациялау және жүрек аускультациясы

Интернге қойылған тапсырма: Сіз – жалпы тәжірибелі дәрігерсіз. Жүрек ұшы түрткісін пальпациялау және жүрек аускультациясы дағдыларын дауыстап айта отырып, көрсетіңіз.

Емтихан қабылдаушыға ақпарат: Интернді төменде көрсетілген әр пункт бойынша баллмен бағалаңыз.

Керекті жабдықтар: муляж (адам денесі), фонендоскоп.

Критерийлер Дұрыс орындады Орында-мады немесе дұрыс емес орындады
  Муляждың оң жағына тұрды.    
  Оң қолын алақанымен муляждың кеуде сарайының сол жағына төс маңы сызығынан бастап алдыңғы қолтық асты сызығына дейін ІІІ-ші мен ІV-ші қабырға аралығына орналастырды.    
  Жүрек ұшы түрткісін алдымен алақанымен анықтады.    
  Қолын ажыратпай және саусағын кеудеге перпендикуляр бағытта орналастырып, саусақ ұшымен жүрек ұшы түрткісін тексерді.    
  Құлағына фонендоскопты тақты.    
  І-ші аускультациялық нүктені жүрек ұшы түрткісінің тұсында – V қ/а сол жақ бұғана ортаңғы сызығы бойымен 1,0-1,5 см ішке қарай тыңдады.    
  ІІ-ші аускультациялық нүктені ІІ қ/а төстің оң жағынан тыңдады.    
  ІІІ-ші аускультациялық нүктені ІІ қ/а төстің сол жағынан тыңдады.    
  ІV-ші аускультациялық нүктені төстің семсер тәрізді өсіндісінің негізінде тыңдады.    
  V-ші аускультациялық нүктені сол жақта ІІІ – ІV қабырғалар төске түйіскен жерінде тыңдады.    
  Барлығы:    

 

Бекет

Балалар аурулары (ЖДП)

Антропометриялық зерттеу

Интернге қойылған тапсырма: Сіз – жалпы тәжірибелік дәрігерсіз. Сіздің қабылдауыңызға анасы бір жастағы баласын алып келді.Балаға әр кезеңді мәліметтей отырып, антропометриялық зерттеу жүргізіңіз.

Емтихан қабылдаушыға ақпарат: Интернді төменде көрсетілген әр пункт бойынша баллмен бағалаңыз.

Қажетті құралдар: Муляж, сантиметрлік лента.

Критерийлер Дұрыс орындады Орында-мады немесе дұрыс емес орындады
  Қолын мұқият жуды    
  Баланы тыныштандырып, онымен сенімді қарым қатынас құрды    
  Бас сүйекті мұқият сипалау арқылы еңбегінің өлшемін анықтады    
  Бас шеңберін сантиметрлік лентамен қас үсті доғасы мен желке дөңесі бойымен өлшеді 1,5  
  Кеуде шеңберін сантиметрлік лентамен алдынан емшек сызығы және арқасынан жауырын ұшымен өлшеді. 1,5  
  Баланы таразыға көлденеңінен жатқызып өлшеді. Салмағынан киіміне кететін салмақты алып тастады. 1,5  
  Баланы орау столына көлденең жатқызып, тізесінен басып тұрып бойын өлшеді. 1,5  
  Амбулаторлық картаға антропометриялық мәліметтерді енгізді.    
  Барлығы:    

Бекет

Хирургиялық аурулар (ЖДП)

Қуық катетеризациясы

Интернге қойылған тапсырма: Науқас 58 жаста, емханаға бір тәулік бойы зәрдің іркілісіне шағымданады. Сөзіне қарағанда бір апта бұрын зәрдің бөлінуінің әлсіздігі және қиындауы болған, зәрдің толық емес бөліну сезімі болады. Никтурия түнде 1-2 рет. Ректальды тексеру кезінде простата көлемі ұлғайып, консистенциясы тығыздалған

Емнің қажетті оптимальды түрі.

Тренажерде зәр шығару жолдарын катетерлеудің әрбір кезеңін орындауды көрсету

Емтихан қабылдаушыға ескерту: Интернді әрбір пункт бойынша бағалау

Қажетті құрал-жабдықтар: стерильді катетер және стерильді ыдыстағы анатомиялық пинцет. металл катетер және эластикалық катетер, сыртқы зәр шығару жолын катетерлеу алдында өңдеу жүргізу үшін 0,02% фурацилин ерітіндісі немесе 0,1 риванол ерітіндісі, стерильді глицерин, вазелин майы.

 

Критерийлер Дұрыс орындады Орындамады немесе дұрыс емес орындады
1. Қуықты катетерлеуге көрсеткішін анықтаныздар.    
2. Қуықты катетерлеуге кері корсеткіштерін анықтаныздар.    
3. Қуықты катетерлеуге арналған керекті қурал саймандарды корсетініздер.    
4. Қуықты катетерлеуге катетір турлерін (жұмсақ, қаты) қолдануға көрсеткіштерін анықтанызда.    
5. Қуықты катетерлеудегі әйел мен ерлердін үрпісінін анатомиялық ерекшіліктерін анықтаныздар.    
6. Қуықты катетерлеудегі кезектес істеу жолдарын корсетініздер.    
7. Қуықты катетерлеудегі қаты катетірмен кезектес істеу жолдарын көрсетініздер.    
8. Қуықты катетерлеудегі жумсақ катетірмен кезектес істеу жолдарын көрсетініздер.    
9. Қуықты катетерлеудегі дурыс істелінген белгілерін анықтаныз.    
10. Қуықты катетерлеудегі болатын асқынуларды анықтаныздар.    
  Барлығы:    

Бекет

Психиатрия және наркология (ЖДП)

Психиатрия және наркологиядағы шұғыл жағдайлар.Аффективті-сандырақты-галюцинациялық синдром

Интерн-дәрігерге қойылған тапсырма:

1. Науқастың шағымдарын, ауру тарихын сұраңыз, диагнозды анықтайтын симптомдарды тексеріңіз,дифференциалды диагностика жүргізіңіз,ем тағайындаңыз.

Ерікті адам (Волонтер) - 45 жастағы ер адам. Жалпы тәжірибелік дәрігерге медициналық көмекке келді.Сырт келбеті ұқыпсыз,санасы айқын,науқас қозулы,мазасыз,ойы ретсіз,көп сөйлейді,сөздері байланыссыз, мағынасы жоқ,бір орында отырмайды,тынымсыз,жан-жағына қарайлай береді,өзімен-өзі бірде дауыстап, бірде сыбырлап сөйлейді.Өзін «Бүкіл Европаны жаулаған, Напалеон Бонопард санайды.Жоғарыдан жолдамалар келеді және оны бірден жүрегіне салады» деп есептейді.Түнімен ұйықтамайды,шаршау сезімін сезінбейді,бір жерге баруға бағытталып тұрады.Клиникасы жанды.Эмоционалды лобильді,жеңіл аффект жағдайна түседі.Сөзге келмейді.

Дәрігер–интерн науқастан шағымдарын сұрап, ауру тарихын жинап, симптомдарды тексереді.

Шұғыл жағдайға анықтама беру, Аффективті-сандырақты-галюцинациялық синдром анықталған науқасқа шұғыл жағдайда көмек көрсетудің жоспарын құру, емдеу әдісін таңдаудағы тиімділік критерийлерімен дәйектеу, тағайындалған дәрілік заттардың әсер ету механизмін түсіндіру.

Ескерту: науқастың жағдайы жедел болғандықтан, әрекеттерініз шұғыл болуы керек.

Емтихан қабылдаушыға ақпарат: Интернді төменде көрсетілген әр пункт бойынша баллмен бағалаңыз.

 

Критерийлер Дұрыс орындады Орындамады немесе дұрыс емес орындады
1. Шұғыл жағдайға анықтама берді, науқасқа тексеру жоспарын құрды.    
2. Фебрильді шизофренияның дифференциальды диагностикасын жүргізді    
3. Алкогольді делиримен дифференциалды диагностика жүргізді.    
4. Онейроидты синдроммен дифференциалды диагностика жүргізді.    
5. Жедел реактивті психозбен дифференциалды диагностика жүргізді    
6. Депрессивті синдроммен дифференциалды диагностика жүргізді    
7. Маниакальді-сандырақ синдромымен дифференциалды диагностика жүргізді    
8. Науқасқа шұғыл көмек көрсетудің жоспарын құрды    
9. Емдеу әдісін таңдаудағы тиімділік критерийлерімен дәйектеді    
10. Тағайындалған дәрілік заттардың әсер ету механизмін түсіндіре білді    
  Барлығы    

 

Бекет

Неврология (ЖДП)

Неврологиядағы шұғыл жағдайлар. Эпилептикалық статус

Дәрігер – интернге қойылған тапсырма:

1.Науқастың шағымдарын, ауру тарихын сұрау.

Волентер - 48-де ер адам өзінің 20 жасар қызы қайталамалы ұстамасы болып есінен жоғалтқынын айтып жалпы тәжірибелік дәрігерге медициналық көмекке келді. Бүгін азанда жоғарыда айтылған шағымдары күшейіп жағдайы нашарлаған. Жағдайының нашарлағанына шағымданып дәрігерге қаралуда.

Дәрігер-интерн шағымдарын сұрастырып, осы аурудың тарихын жүргізеді.

Шұғыл жағдайға анықтама беру, науқасқа шұғыл жағдайда көмек көрсетудің жоспарын құру, емдеу әдісін таңдаудағы тиімділік критерийлерімен дәйектеу, тағайындалған дәрілік заттардың әсер ету механизмін түсіндіру.

 

Ескерту: науқастың жағдайы жедел болғандықтан, әрекеттерініз шұғыл болуы керек.

Емтихан қабылдаушыға ақпарат: Интернді төменде көрсетілген әрбір пункт бойынша эпилептикалық статус бар науқасқа шұғыл көмек көрсеткенін және зерттегенін баллмен бағалаңыз.

 

Критерийлер Дұрыс орындады Орындамады немесе дұрыс емес орындады
1. Шұғыл жағдайға анықтама берді. Эпилептикалық статус – бұл ұстамалардың жиі болуынан пациент бір ұстамадан есін жинамай жатып, екінші ұстаманың болу жағдайы.    
2. Бір жалпы ұстама немесе бірінен соң бірі болатын ұстамаларды бақылау негізінде эпилептикалық статус диагнозын қою. Эпистатусқа алып келуші диагностикалық критерилерді ажыратты. Критерилер: сананың ұзақ уақыт бұзылуы (30 минуттан – 1 сағ және одан ұзақ), эпилептикалық талмалардың қайталануы.        
3. Негізгі этиологиялық факторларды атады: Инфекциялар (менингит энцефалит, бас-ми жарақаттары, уланулар, ісіктер, эпилепсияға қарсы препараттарды тоқтату, дегенеративті аурулар; балаларда: гипоксиялық – ишемиялық зақымданулар, ми ішілік қан құюлар, гипокальциэмия, гипогликэмия, гипонатриэмия, бас миының ақаулары, туа пайда болған метаболизм бұзылыстары).    
4. Халықаралық протокол негізінде шұғыл жағдайлардағы көмек жоспарын атады.    
5. Маска немесе мұрындық канюля көмегімен оттегі беру; тыныс жолдарын жақсарту үшін пациенттің басын дұрыс қою; өкпенің желденуі үшін интубация жасау мәселесін шешу.    
6. Терапияның басында және кезеңмен өмірге маңызды қызметтерді монторирлеу және бақылау; ЭКГ-мониторинг жүргізу.    
7. Эпилепсияға қарсы препараттардың қандағы концентрациясын анықтау және қанның басқа да биохимиялық көрсеткіштерін глюкозаны анықтау үшін веналық қанды алу.    
8. Артериялық қанның газдық көрсеткішін анықтау немесе оксиметрдің көмегімен қанның оттегімен қанығуын анықтау.    
9. Қандағы немесе гипогликемиядағы глюкозаның деңгейін анықтай алмағанда –тамыр ішіне ересектерге тиаминнің 100мг мөлшерін енгізу; сосын 50мг 5% глюкоза ертіндісі; балаларға бір реттік мөлшерде – 2 мл/кг 25% глюкоза ерітіндісі.    
10. Лоразепам 0,1мг/кг мөлшерде 2 мг/мин жылдамдықпен енгізу (максималды мөлшері 8 мг) немесе диазепам 0,2 мг/кг мөлшерде 5мг/мин жылдамдықпен тамыр ішіне; 5 мин ішінде ұстамалар тоқтамаса, диазепамды қайта енгізу керек. Диазепам енгізген және лоразепам енгізгеннен кейін ұстамалар жалғаса беретіндерге, барлық пациенттерге 15-20мг/кг фентоинды эквиваленті-фосфофенитоинді 15-20мг/кг мөлшерде тамыр ішіне тағайындау көрсетіледі. Ересектерге 150мг/кг және балаларға 3мг/кг/мин жылдамдықтан жоғарылатпай енгізу керек; Дәрі енгізу кезінде ЭКГ мониторинг және артериалды қан қысымын қадағалау міндетті. Лоразепам енгізгеннен кейін науқастарда ұстама тоқтаса, (баяу минутына 50мг жылдамдықта фенитоин эквивалентін) тамыр ішіне фенитоинді эквивалент-фосфофенитоин 15-20мг/кг мөлшерде енгізу көрсетілген.      
  Барлығы:    

 

 

Бекет

Инфекциялық аурулар (ЖДП)

Аңқа мен мұрыннан жағынды алу

Интернге қойылған тапсырма: Сіз – жалпы тәжірибелік дәрігерсіз. Сіз науқасқа баспа диагнозын қойдыңыз, аңқа мен мұрыннан жағынды алу қажет.

Іс-әрекетіңізді дауыстап айта отырып, аңқа мен мұрыннан жағынды алу әдісін көрсетіңіз.

Емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат: Интернді төменде көрсетілген әр пункт бойынша баллмен бағалаңыз.

Қажетті құралдар: муляж, 70% этил спирті, бір реттік резинкелі қолғап, 2 стерильді пробиркалар, маркер, шпатель.

Критерийлер Дұрыс орындады Орындамады немесе дұрыс емес орындады
  Қолды жылы сумен жуып, спиртпен өңдеу, бір реттік резинкелі қолғап кию.    
  Стерильді пробирканы дайындап, ішінен тампонмен белгілейді «А» (аңқа) «М» (мұрын), штативке орналастыру.    
  Науқастың процедура өткізуге дайындығына көз жеткізу (ашқарынға немесе тамағын шайғаннан соң 2 сағаттан кейін).    
  Науқастың басын шалқайтып отырғызады, аузын ашуын өтіну.    
  Сол қолдағы шпательмен тілді фиксициялайды, оң қолмен пробиркадан тампонды алып, екі жақтағы миндалинадан тигізулі қимылмен жағынды алады, таңдайға, тіске, тілге, зақымданған және сау аймаққа тигізбей алады.    
  Жағынды алар алдында, науқастан мұрын жолдарын тазалауды өтіну.    
  Мұрын қуыстарына тампонды 3 см тереңдікте енгізіп, бұру қимылымен мұрынның аралығына тигізу керек.    
  Арнайы жолдамамен жіберіледі. Науқастың аты-жөні, жасы, ауырған күні, диагнозы, бөлімше, материалды алған күнні мен уақытын белгілейді.    
  Алынған материалды жылы сүлгіге орады.    
  Алынған материалды зертханаға тез арада жеткізді.    
  Барлығы:    

 

 

Бекет

Фтизиатрия (ЖДП)

Өкпе туберкулезі кезіндегі жедел жағдайлар – өкпеден қан кету

Критерийлер Дұрыс орындады Орындамады немесе дұрыс емес орындады
  Науқасты тез арада тыныштандыру    
  Науқасқа озіңді таныстыру және жасалынып жатқан іс- әрекеттері жайлы баяндау    
  Қажетті құрал- жабдықтарды даярлау    
  Қажетті дәрі- дәрмектерді дайындау    
  Науқасты ыңгайластырып жартылай отырғызып, арқасына жастықша немесе бірнеше жастық қою    
  Аяқ-қолдың уш еркін аймағына коктамырлық жгуттарды қою, кіші қан айналым шеңбері жүктемесін азайту және қанды жинақталу үшін    
  Науқас кеудесін сулгімен жабу және қан мен қакырық жинайтын ыдыс беру    
  АҚ және пульсін өлшеу (егерде АҚҚ жоғары болса, оны жедел түрде төмендету керек, себебі жоғары қысым қан келуге алып келеді)    
  Жедел түрдегі ем-дом: қан тоқтататын дәрі- дәрмектерді коктамырдан жіберу    
  Айналымдағы қан мөлшерін ерітінділермен толықтыру    
  Барлығы:    

Бекет

Акушерия және гинекология (ЖДП)

Сыртқы акушерлік тексеру әдістерін жургізу

Интернге қойылған тапсырма: іс-әрекетіңізді дауыстап айта отырып, сыртқы акушерлік тексеру әдістерін жургізуді тәжірибелік дағдысын көрсетіңіз.

Емтихан қабылдаушыға ақпарат: Интернді төменде көрсетілген әр пункт бойынша баллмен бағалаңыз.

Қажетті құралдар: Муляж, білік, қолғап, см лента, стетоскоп.

Критерийлер Дұрыс орындады Орында-мады немесе дұрыс емес орындады
  Жүкті әйелді кушетқаға жатқызып, ішінің пішінін қарау және тексеруді жүргізеді. Сантиметрлі лентамен іш айналымын өлшеп, оның өлшемін көрсетеді. (мерзіміне жеткен жүктілікте іш айналымы 90-95 см тең)    
  Содан кейін жатыр түбінің биіктігін өлшейді, бұл үшін сантиметрлі лентаның бір ұшын қасағаға одан жатыр түбіне дейін жеткізіп, бұндағы ұзындығын анықтап көрсетеді. (мерзіміне жеткен жүктілікте ол 32 см тең) Жоғарыдағы көрсеткіштерге сүйене отырып жүктіліктің болжамалы мерзімін және ұрықтың болжамалы салмағын Жордания формуласы бойынша анықтайды (ІА х ЖТБ)    
  Леопольд-Левицкий тәсілімен сыртқы акушерлік зерттеу әдісін жүргізу үшін жүкті әйелді кушетқаға жатқызып, емтихан тапсырушы әйелдің оң жағында орналасады. І-тәсілде жатыр түбінің биіктігін және нәрестенің алғашқы бөлігін анықтайды, бұл үшін оң және сол қолдарының алақандарын жатыр түбіне саусақтарын ұштастырып орналастырады.    
  ІІ-тәсілде жатыр түбінде орналасқан қолдарын жатырдың екі бүйіріне қарай жылжытып, осы жерде орналасқан ұрықтың арқасын және майда бөлшектерін, позиция және түрін анықтайды.    
  Егер нәрестенің арқасы сол жағында орналасса- бұл бірінші позиция, ал оң жағында орналасса – бұл ІІ позиция. Егер нәрестенің арқасы жатырдың алдыңғы қабырғасында орналасса- алдыңғы түрі, ал артқа қарап орналасса- артқы түрі болып орналасады.    
  ІІІ-тәсілде нәрестенің алғашқы бөлігін және оның кіші жамбастың кіреберіс жазықтығына қатынасын анықтау үшін зерттеуші оң қолды шаттың жоғарғы жағына қойып, бас бармақты бір жағына, төрт саусақты екінші жағына орналастырады.    
  Егер нәрестенің бас бөлігі болатын болса ол тығыз, дөңес, қозғалмалы болып келеді, ал жамбасы болатын болса, ол жазықтау және қозғалмалы емес.    
  ІV-тәсілде нәрестенің орналасуын және алғашқы бөлігінің кіші жамбастың кіреберіс жазықтығына қатынасын анықтайды. Бұл үшін зерттеуші әйелдің оң жағында орналасып, аяқтарына қарап тұрады. Ол үшін екі алақанды жатырдың төменгі бөлігіне қойып, қолдың екі ұшын шатқа тірейді.    
  Нәрестенің жүрек соғысын тыңдау. Нәрестенің позициясына және алдында орналасқан бөлігіне байланысты стетоскопты орналастырады.    
  Нәресте басымен орналасуында стетоскопты кіндіктен төмен, ал жамбаспен жатуда кіндіктен жоғарыда орналастыру қажет. І позицияда- стетоскоп әйел ішінің сол жақ бөлігіне, ал ІІ позицияда оң жақ бөлігіне орналастырады. Нәресте жүрек соғысының жиілігін анықтайды, қалыптысы - 110-160 рет/мин, анық, ритмді.    
  Барлығы:    

Бекет

Онкология (ЖДП)

Жатыр мойнынан цитологиялық зерттеуге жағынды алу

Интернге қойылған тапсырма: Сіз – жалпы тәжірибелі дәрігерсіз. Сіздің қабылдауыңызға 50-жасар әйел ҚР ДСМ 16.03.11 ж. № 145 Бұйрығына сәйкес жоспарлы түрде келді, № 025-08/е нысаны рәсімделіп, оның № 14-16 баптары толтырылды. Антропометриялық өлшемдері (салмағы, бойы, бел айналымы) анықталып, Кетле индексі есептелді. Жатыр мойынынан жағынды алу (Фолькман қасығымен).

Емтихан қабылдаушыға ақпарат: Интернді төменде көрсетілген әр пункт бойынша баллмен бағалаңыз.

Қажетті құралдар: Муляж

 

 

Критерийлер Дұрыс орындады Орында-мады немесе дұрыс емес орындады
  Қажет құрал саймандарды түгелдеді (фолкман қасығы, айналар, жағынды шынысы, маркерлік қалам, спиртті спрей, цитологиялық зертханаға жолдама парағы)    
  Қолдарын талапқа сай жуып өңдеген соң екі қолына да резиналы (латекс) қолғаптар киді.    
  Талапқа сай айналар көмегімен жатыр мойынын қарауға кірісті (айнаны енгізерде жанамалатып ендіру сонан соң алға немесе артқа қарай ию) алдымен артқы айнаны кейіннен алдыңғысын енгізіп, шат аралықты ашты.    
  Жатыр мойынының, қынаптың және цервикальды каналдың жағдайына көңіл аударды. Ондағы гиперемия, бөлінділердің боуы т.с.с өзгерістерге сипаттама берді. Қарап болған соң айналар кезегімен, алдымен алдыңғысы кейіннен артқысы біртіндеп алынды және құрал саймандарды өңдейнін дез. ыдысқа салынды.    
  Фолькман қасығының бір ұшымен жатыр мойынының цервикальды канал бөлігіне жартылай ендіріп, 360 гроадусқа бұрайды.    
  Қасықтың екінші ұшымен жатыр мойынының сыртқы, қынаптық бөлігінен осыған ұқсас жолмен жағынды алынады.    
  Жағынды шынысы арнайы маркерлік қаламмен екіге бөлінеді Шынының бірінші бөлігіне цервикальды каналдан алынған материал жағылады.      
  Шынының екінші бөлігіне жатыр мойынының қынаптық бөлігінен алынған материал жағылады.    
  Алынған материалды (жағындыны) 70% спиртпен қатырамыз (спрей-фиксация)    
  Арнайы жолдама бланкты толтырып морфологиялық (цитология) зертханаға жібереміз.    
  Барлығы:    

 

Ұсынылатын негізгі және қосымша әдебиеттер:

Негізгі:

1. Внутренние болезни с основами доказательной медицины и клинической фармакологией: руководство + СD /под ред. В.С.Моисеева. – М., 2010. 832 с.

2. Внутренние болезни по Дэвидсону. Общие принципы медицины: учебное пособие / под ред. Н.А.Мухина. – М., 2009. – 384 с.

3. Давей П. Наглядная ЭКГ: пер. с англ. под ред. М.В.Писарева. – М., 2011. – 176 с.

4. Внутренние болезни по Дэвидсону. Инфекционные и кожные заболевания: учебное пособие / под ред. Н.А.Буна и др., пер. с англ. под ред. С.Г.Пака, А.А.Еровиченкова. – М., 2010. – 296 с.

5. Баркер Р., Барази С., Нил М. Наглядная неврология: учебное пособие/ пер. с англ. под ред. В.И.Скворцовой. – 2-е изд. – М., 2009. – 136 с.

6. Вельшер Л.З., Поляков Б.И., Петерсон С.Б. Клиническая онкология. Избранные лекции: учебное пособие. – М., 2009. – 496 с.

7. Поликлиническая педиатрия: учебник. – 2-е изд., перераб. и доп. / под ред. А.С.Калмыковой. – М., 2009. – 720 с.

8. Демичев С.В. Первая помощь при травмах и заболеваниях + СD: учебное пособие. – М., 2010. – 160 с.

9. Кошечкин В.А., Иванова З.А. Туберкулез: учебное пособие. – М., 2007. – 304 с.

10. Мак – Интайр Р.Б., Тигманн Г.В., Айсман Б. Алгоритмы диагностики и лечения в хирургии / пер. с англ. под ред. В.Д.Федорова, В.А.Кубышкина. – М., 2009. – 744 с.

11. Князева С.А., Хамошина М.Б. Беременность. Школа здоровья: руководство + материалы для пациентов + СD / под ред. В.Е.Радзинского. – М., 2008. – 120 с.

12. Хамм К.В., Виллемс Ш. Электрокардиография: карманный справочник: пер. с нем. под ред. А.В.Струтынского.

13. Цыбулькин Э.К. Неотложная педиатрия в алгоритмах. – М., 2007. – 160 с.

14. Руководство по амбулаторно-поликлинической педиатрии + СD / под ред. А.А.Ба-ранова. – 2-е изд. – М., 2009. – 592 с.

15. Цыбулькин Э.К. Угрожающие состояния в педиатрии: экстренная врачебная помощь. – М., 2007. – 224 с.

16. Баранов А.А. и др. Стандарты ведения больных. Клинические рекомендации. – М., 2010. – 1376 с.

17. Браун Й., Дорманн А.Дж. Внутренние болезни: пер. с нем. под ред. В.С.Моисеева. – М., 2010. – 1152 с.

18. Жилагий П.Г., Биклей Л.С. Руководство по клиническому обследованию больного: пер. с англ. под ред. Н.А.Мухина, И.Н.Денисова. – 2-е изд. – М., 2011. – 992 с.

19. Мур К., Рамкарх П. Справочник по неотложным состояниям: пер. с англ. под ред. С.А.Сумина. – М., 2010. – 1216 с.

20. Русович В.З. Особенности амбулаторного консультирования врачами общей практики. – Мн., 2007.

21. Клеменков С.В., Петрова М.М. Врач общей практики. Поликлиническая терапия. – М., 2006.

Қосымша:

1. Дербісалина Г.Ә. Жалпы практикалық дәрігердің жұмысындағы коммуникативті дағдылары. – Ақтөбе. – 2009. – 62 б.

2. Игісінов С.И., Дәулетбаев Д.А. Хирургиялық аурулар туралы дәрісбаяндама. – Астана. – 2009. - 528 б.

Интернет - сайттар:

1. www.doctor.ru

2. www.meduniver.ru

3. www.med-edu.ru

4. www.medi.ru

5. www.medline.ru

6. www.medmatrix.ru

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-09-03; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 953 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если вы думаете, что на что-то способны, вы правы; если думаете, что у вас ничего не получится - вы тоже правы. © Генри Форд
==> читать все изречения...

2214 - | 2158 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.