Қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы күдіктіні ұстап алу – қылмыстық қудалау органы қылмыстың жолын кесу және оған күзетпен ұстау түрiндегi бұлтартпау шарасын қолдану туралы мәселенi шешу мақсатында немесе адамның жасырынуы не неғұрлым ауыр қылмыс жасауы мүмкін деп пайымдауға негіздер болса, қылмыстық теріс қылық бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету үшін қолданатын процестік мәжбүрлеу шарасы.
Қылмыстық қудалау органының лауазымды адамы, мына негiздердiң бiрi:
1)осы адам қылмыс жасау кезiнде немесе тiкелей оны жасағаннан кейiн ұсталған;
2)көзімен көргендер (куәлар), оның iшiнде жәбiрленушiлер қылмыс жасаған адам ретінде осы адамды тікелей көрсетсе;
3)осы адамда немесе оның киімінде, өзiнің бойында немесе тұрғынжайында қылмыстың анық iздерi табылған кезде;
4) жедел-iздестiру қызметiнiң және (немесе) жасырын тергеу әрекеттерінің заңға сәйкес алынған материалдарында адамға қатысты ол жасаған немесе жасауға дайындап жатқан қылмыс туралы анық деректер болғанда, бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалуы мүмкін қылмыс жасады деп күдiк келтірілетін адамды ұстап алуға құқылы.
Осы адам қылмыс жасау кезiнде немесе тiкелей оны жасағаннан кейiн ұсталған қоспағанда, адамдарды қылмыс жасады деген күдікпен ұстап алу кейінге қалдыруға болмайтын қажетті тергеу әрекеттері өткізілгеннен кейін жүргізіледі. Адамға қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтіруге негiз беретiн өзге де деректер болған кезде, егер ол адам жасырынуға әрекет жасаса не оның тұрақты тұрғылықты жерi болмаса немесе күдіктінің жеке басы анықталмаса не сотқа күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат жіберілсе ғана ұстап алынуы мүмкін.Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адамды ұстап алу мерзімі нақты ұстап алған кезден бастап есептеледі және жетпіс екі сағаттан аспауға тиіс.
Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адамды процестік ұстап алу тәртiбi. Адамды қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алу кезінде қылмыстық қудалау органының лауазымды адамы оның қандай қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынғанын ауызша хабарлайды, оған қорғаушы шақыру құқығын, үнсіздік сақтау құқығын және оның айтқандары сотта оған қарсы қолданылуы мүмкін екендігін түсіндіреді.
Егер ұстап алынған адам қазақ және (немесе) орыс тiлдерiн бiлмесе не ұстап алу кезінде алкогольден, есірткіден, уытқұмарлықтан масаң күйде не психосоматикалық ауру жағдайында өзіне түсіндірілген құқықтарын барабар қабылдай алмаса, онда күдіктінің құқықтарын түсiндiру одан күдiктi ретiнде жауап алу басталғанға дейiн тиісінше аудармашының (қажет болған кезде) және (немесе) қорғаушының қатысуымен жүзеге асырылады, бұл туралы жауап алу хаттамасында белгi жасалады. Анықтау органының лауазымды адамы, анықтаушы, тергеуші ұстап алу хаттамасын жасайды. Күдікті тиісті өтінішхатты мәлімдеген кезде ол өз денсаулығының жалпы жағдайын және дене жарақаттарының бар-жоғын анықтау үшін дәрігердің куәландыруына жатады.
Ұстап алу хаттамасында мынадай мәліметтер:
1) күдіктінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
2) күдіктіні кімнің ұстап алғаны, ұстап алу негіздері, себептері, орны, нақты ұстап алу және жеткізу уақыты (сағаты мен минуты көрсетіле отырып);
3) күдіктінің құқықтарын түсіндіру туралы мәліметтер;
4) жеке тінту нәтижелері;
5) ұстап алынған адамның денсаулық жағдайы туралы мәліметтер;
6) хаттаманың жасалған уақыты мен орны көрсетіледі.
Хаттамаға оны жасаған лауазымды адам, күдікті және қорғаушы (ол қатысқан кезде) қол қояды.
| 25. Қылмыстық процестегі бұлтартпау шараларының түсінігі мен түрлері және олардың қатарын жетілдіру бойынщша мемлекеттік қызметтер. Бұлтартпау шаралары дегеніміз қылмыстық істі жүргізуші органдардың жасалған қылмыс үшін жауаптылыққа тартылған адамға қажетті негіздер болған жағдайда заңда белгіленген тәртіппен қолданылатын мәжбүрлеу шараларының жеке тобы болып табылады. Бұлтартпау шараларын қолдана алатын қылмыстық істі жүргізуші органдар немесе олардың лауазымды адамдарының қатарына тергеуші, анықтаушы, тергеу және анықтау жүргізу бөлімдерінің бастықтары, сонымен қатар соттар жатады. Сотқа дейінгі өндіріс болып табылатын тергеу жүргізу барысында бұлтартпау шараларын тергеушілер, ал іс сотқа өткізілгеннен кейін судьялар қолданады. Қылмыс жасағандық үшін жауаптылыққа тартылған адамдар-бұл сезікті, айыпкер және сотталушы болып табылады. Соған орай қылмыстық іс қылмыстық процессті жүргізуші қай органның қолында болса, осы іс бойынша жауаптылыққа тартылып отырған адамға да бұлтартпау шарасыцн сол органның лауазымды адамы қолданады. Бұлтартпау шараларын қолдануға болатын қажетті бірнеше негіздер ҚІЖК келтірілген және ол негіздер былай анықталған: - жауаптылыққа тартылып жатырған адамның тергеуден немесе соттан жасырынуы мүмкін деп саналуы; - тергеудің немесе істі сотта қараудың дұрыс, объективті жүргізілуіне кедергі жасайды деген күдік болуы; - жауаптылыққа тартылып жатырған адам қылмысты әрекеттерін жалғастыра беруі мүмкін немесе қоғамға қауіптілігі жоғары адам деген бағалауда болуы; - үкімнің орындалуын қамтамасыз ету. Бұлтартпау шаралары қылмыстық іс жүргізу заңында белгіленген тәртіппен қолданылады, яғни ҚІЖК келтірілген бұлтартпау шараларының бірін қолдану үшін «бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулы» шығарылады. Бұлтартпау шаралары процессуалдық мәжбүрлеу шараларының бір түрі болып табылады және бұл шаралардың қатарына мыналар жатады: - ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат алу; - жеке адамдардың кепілдігі; - әскери қызметшіні әскери бөлім командованиесінің бақылауына беру; - кәмелетке толмаған адамды қарауға беру; - кепіл; - үйде қамап ұстау; - қамауға алу; ҚІЖК сәйкес сезіктіге немесе айыпталушыға бұлтартпау шарасының бір түрі ғана қолданылады, демек бұлтартпау шараларының екі немесе одан да көп түрлерін бір уақытта қолдауға болмайды. Қылмыстық істі жүргізіп отырған органның лауазымды адамы бұлтартпау шарасын қолдану үшін сезікті немесе айыпты деп танылып отырған қылмыстың түрін көрсете және бұлтартпау шарасының осы түрінің қолданылу негізін қамти отырып қаулы шығарады. Бұл қаулының көшірмесі бұлтартпау шарасы қолданылған адамға тапсырылады және оған бұл бұлтартпау шарасын қолдануға наразылық, келіспеушілік болған жағдайда шағымдану тәртібін түсіндіреді.Жеңіл бұлтартпау шарасы қолданылған адам қылмыстық істі тергеу мерзімі кезінде қайталай қылмыстық әрекеттерге немесе өзгедей құқық бұзушылықтар жасаса оған бұлтартпау шарасының қатал түрін қолданылуы керек. Бұлтартпау шараларының түрлері ҚІЖК бұлтартпау шараларының түрлері және олардың құқықтық сипаттамасы қарастырылған. Солардың бірі ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат алу алу болып табылады. Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат алу барысында қылмыстық істі жүргізуші орган сезіктіден, айыпталушыдан анықтаушының, тергеушінің, соттың рұқсатынсыз тұрақты немесе уақытша тұрғылықты мекенін ауыстырмауға, тергеу істеріне немесе істі сотта қарауға кедергі жасамауға, шықырылған уақытта келуге міндет қойып, осы талаптарды сақтайтындығы жөнінде жазбаша түрде қолхат алады. Егер сезікті, айыпталушы қылмыстық істі жүргізу кезінде тұратын жерін сол елді мекеннің аумағында ауыстыратын болса, онда бұлтартпау шарасын қолданған органның лауазымды адамына хабарлауға міндетті. Бұлтартпау шарасының келесі түрі жеке адамдардың кепілдігі дегеніміз сезікті немесе айыпкер ретінде танылған адамның қылмыстық істі жүргізіп отырған органның шақыртуы бойынша келетіндігі, өзін дұрыс ұстайтындығы туралы кепілдік беретін сенімге ие адамның жазбаша түрде міндеттеме алуы болып табылады.Жеке адамның кепілдігіне берілген адам осы бұлтартпау шарасының мерзімі кезінде қайталай құқық бұзушылық жасаған жағдайда ол кепілдік берген адамдардың әр қайсысына 100 айлық есептік көрсеткішке дейін ақшалай айыпты сот арқылы салуға болады. Бұлтартпау шараларының келесі түрі ҚІЖК қарастырылған әскери қызметшіні әскери бөлім командованиесінің бақылауына беру болып табылады. Бұлтартпау шарасының бұл түрі әскери қызметшілер мен оқу жиынына шақырылған әскери міндеттілерге қолданылады және мағынасы бойынша қылмыс жасады деп танылған сезіктіні немесе айыпталушыны тергеу немесе істі сотта қарау уақыттарында өзі қызмет атқарып жүрген әскери бөлім командованиесіне тапсыруды білдіреді. Бұл жерде әскери бөлімнің командованиесіне тапсыру-әскери қызметшінің мінез-құлқын бақылау және оның өзге құқық бұзушылық әрекеттерінің алдын алу, сонымен қатар қылмыстық істі жүргізіп отырған орган шақыртқан кезде оны жеткізу бағыттарында жүргізіледі. Кәмелетке толмаған адамды қарауға беру бұлтартпау шарасының мағынасы қылмыс жасады деп танылған кәмелетке толмаған адамды ата-анасының, қорғаншысының, қамқоршысының, өзге де сенімді мойнына алған адамдарының, сонымен қатар осы кәмелетке толмаған адам өмір сүріп жүрген арнайы балалар мекемелер әкімшілігінің қарауына беруді және беру кезінде бұл кәмелетке толмаған адамға белгілі біреудің оның мінез-құлқын, өзге жерлерге кетіп қалмауын бақылауды, шақырту бойынша уақытында алып келуді білдіреді. Кәмелетке толмаған адам ата-анасына немесе өзгедей жақын адамдарына берілген жағдайда олардан жазбаша түрдегі өтініші алынады. Бұл бұлтартпау шарасының түрін қолдану да тиісті қаулы шығару арқылы жүргізіледі. Бұлтартпау шарасының ендігі бір түрі кепіл деп аталады. Кепіл беру дегеніміз қылмыстық істі жүргізу кезінде сезіктінің, айыпталушының немесе оның өзге жақын адамдарының оның ешқайда қашып кетпейтіндігінің немесе шақыру бойынша уақытында келетіндігінің кепілі ретінде ақшалай қаражатты немесе өзгедей мүлікті сот депозитіне уақытша аударуы болып табылады. Кепіл де бұлтартпау шарасының бірі болып табылатындықтан оны қылмыстық істі жүргізіп отырған органның лауазымды адамы, яғни тергеуші, анықтаушы, прокурор қолданады. ҚІЖК бұлтартпау шарасының бір түрі үйде қамап ұстаудың құқықтық сипаттамасы қарастырылған. Үйде қамап ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қылмыстық істі жүргізуші орган арнайы қаулы шығарып, оны соттың санкциясы арқылы қолданады. Үй қамауында ұстаудың негіздері сезіктіні немесе айыпкерді қоғамнан толық оқшаулаудың қажет болмауы, сонымен қатар адамның денсаулығы, жасы, от басылық жағдайы сияқты т.б. бола алады. Үй қамауында ұстауды қолдану үшін ең бастысы сезіктінің, айыпкердің жеке басы қоғамға аса қауіптілік білдірмеуі керек және қылмысы зорлық-зомбылықпен байланысты болмауы қажет. Бұлтартпау шарасының соңғы түрі қамауға алу болып табылады. Қамауға алу-бұл жасаған қылмысының санаты және түрі немесе жеке басының ерекшеліктері бойынша қоғамға қауіпті болып саналатын сезіктіні, айыпталушыны қылмыстық іс жүргізу мерзімі ішінде қоғамнан толық оқшаулау болып табылады. Қамауға алу орны тергеу изоляторлары болып табылады. Қамауға алу-бұлтартпау шарасының қатал түрі болып табылатындықтан оны қылмыстық жауаптылыққа тартылған барлық адамдарға қолдана беруге болмайды. ҚІЖК ереже бойынша қамауға алуды айыпталып отырған қылмыс түрі бойынша 5 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көрсетілген жағдайда қолдануға болады. Кейбір ерекше жағдайларда қамауға алуды 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығанан айыру жазасы қарастырылған қылмыстар бойынша да қолдануға болады. |






