Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Сын есімнің сөйлемдегі қызметі. 1. Анықтауыш.Бұлар артқы топтан бір-екі адымдай ғана жырылып шығып тұрды




1. Анықтауыш. Бұлар артқы топтан бір-екі адымдай ғана жырылып шығып тұрды.

2. Бастауыш. Осы күйлердің арасында ең жағымдысы -«Балбырауын» күйі еді.

3. Баяндауыш. Бүгін қас қарайғаннан кейін кеңсе барлықтарына жабық.

 

4. Толықтауыш. Кеше Сапарбектің үйіндегі тойда болған с о р л ы н ы ертіп кел.

5. Пысықтауыш. Бір дорба ірімшік і л у л іқ а л п ы н д а екі айға жуық ас үйде тұрған-ды.

Сын есімнің шырайлары

1. Жай шырай -заттың белгісін, түсін, сапасын, көлемін, салмағын, аумағын т. б. сондай негізгі сын-сипаттарын білдіретін сапалық сын есімдер. Мысалы, үлкен үй, жақсы адам, т. б.

2. Салыстырмалы шырай бір заттың сынын екінші заттың сынына салыстырып, сол салыстырылатын белгілердің бір-бірінен я кем, я артық екенін білдіреді.

Жұрнақтары:

2 -рақ, -рек, -ырық, -ірек үлкенірек, бойшаңырақ, т. б.

3 -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу кішілеу, таныстау, т. б.

4 -қыл, -ғыл, -қылт, -ғылт, -тым, -шыл, -шіл, -қай, -аң дымқыл, бозғыл, көкшіл, қызғылт, т. б.

3. Күшейтпелі шырай заттың бастапқы сындық қасиетін күшейте түседі. (негізгі шырайға күшейткіш буынды қабаттастыру арқылы жасалады). Мысалы, тап-таза, әп-әдемі, т. б.

4. Асырмалы шырай заттың сындық қасиетін я тіпті асыра көрсетеді, я тым асыра төмендетеді.

Жасалуы:

- аса, өте, тым, тым-ақ, тіпті, тіптен, шымқай, нағыз, нақ, ең, ал(ал қызыл), орасан, керемет.

№15

Сан есімдер

Сан есімдер деп заттың сандық мөлшерін білдіретін сөз табын айтамыз.

 

Сан есімдердің мағыналық түрлері

1. Есептік сан есімдер жалпы заттың, зат есімнен туған сындық белгінің немесе іс-әрекет, амалдың ұзын-ұрға саны, сандық мөлшерін білдіру үшін қолданылады. Мысалы, екі, жиырма, мың тоғыз жүз тоқсан бір, т. б.

2. Реттік сан есімдер есептік сандарға -ыншы, -інші аффиксін қосу арқылы жасалады да, белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық ретін білдіру үшін қолданылады. Мысалы, жиырма бесінші, бесінші, бірінші, т. б.

3. Жинақтық сан есімдер бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге -ау, -еу аффиксінің қосылуы арқылы жасалады да, абстракт сан мөлшерін білдіреді. Мысалы, біреу, екеу...жетеу.

4. Топтық сан есімдер есептік, жинақтық, болжалдық сан есімдерге, қазіргі кезде шығыс септікке тән грамматикалық мағынадан біржола қол үзген -дан, -ден, -тан, -тен аффикстерін қосу арқылы жасалады да, біркелкі заттар мен құбылыстардың сан мөлшерін топтап көрсетеді. Мысалы, төрттен, бес-бестен, жүз-жүзден, т. б.

5. Болжалдық сан есімдер-белгілі бір заттар мен құбылыстың сан мөлшерін дәл атамай, тұспалдап қана шамамен атайтын сөздер.

Жасалу жолдары:

5 -дай, -дей, -тай, -тей елудей, жүздей немесе алты сағаттай, екі күндей

6 -ер тек қана бірер деген сан есім.

7 қосарлану арқылы үш-төрт, жиырма бес-отыз, т. б.

8 шақты, шамасында, тарта, қаралы, жуық, астам, шамалы жүз шақты, елуден астам, отызға жуық, т. б.

6. Бөлшектік сан есімдер-негізінде таза математикалық ұғымға байланысты туған сөздер, олар белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық бөлшегін білдіреді.

Жасалу жолдары:

9 1-сыңар-ілік септігі, 2-сыңар-тәуелдік жалғауы жиырма ның алты сы

10 1-сыңар-шығыс септігі, 2-сыңар-тәуелдік жалғауы екі ден бір і

11 1-сыңар-шығыс септігі, 2-сыңар-атау септігі + «бөлігі» бес тен екі бөлігі

12 сан есім + «жарым» үш жарым

 

 

Сан есімдер (құрамына қарай)

 

дара күрделі

 

біріккен қосарланған тіркескен

 

Дара сан есімдер деп әрі қарай морфемаларға бөлшектеуге келмейтін сан есімдерді айтамыз. Мысалы, екі, алты, жүз, т. б.

Біріккен сан есімдер: алпыс = алты + он; жетпіс = жеті + он; тоқсан = тоғыз + он; сексен = сегіз + он.

Қосарланған сан есімдер екі сан есімнің қосарлануы арқылы жасалады. Мысалы, елу-алпыс, екі-үш, т. б.

Тіркескен сан есімдер екі немесе одан да көп сан есімдердің тіркесуі арұылы жасалады. Мысалы, елу алты, жеті жүз тоқсан алты, т. б.

 

Сан есімдердің сөйлемдегі қызметі

1. Анықтауыш. Бір замандар Ғайшаның атына бірі артынан-бірі тізбектеп

 

келетін әлденеше жігіттің атын қосақтаған болатын.

2. Бастауыш. Жанындағы екі жігіт -соның осы қаладағы басқа жерде бірге оқыған жолдастары.

3. Баяндауыш. Ғайшаның қалада болу мерзімі - бір-екі ай.

 

4. Пысықтауыш. С о ң ғ ые к іұ р ғ а н д а Қонақай аттың жалын құшып теңселіп қалды.

5. Толықтауыш. Әлгі екі жігіт мына е к е у і н е езу тартып күдісті.

№16

Есімдік

Есімдік - есім сөздерінің орнына жұмсалатын сөз табы.

Құрамына қарай:

Дара Күрделі
Бір ғана сөзден тұратын есімдік Менің жегенім – күйреуік, Сенің жегенің – күйреуік, Саған келсін түйнеуік. кемінде екі сөзден тұратын Көптің ақылынсыз ешқайда бара алмайсыз.

Мағыналық түрлері:

Жіктеу есімдігі – жақтық ұғыммен байланысып, бір заттың атын, сынын алмастыратын есімдік.

Қуалаймын мен сені,

Сен де мені қуала.

Сілтеу есімдігі – белгілі бір затқа немесе құбылысқа сілтеп, нұсқап тұратын түрі.

Бұлар әңгімелесіп көп отырды.

Сұрау есімдігі – жауап алу мақсатында айтылатын есімдік.

Аягөз, қайда барасың?

Жалпылау есімдігі – мағына жағынан кем дегенде екі сөзден немесе одан да көп заттар мен құбылыстарды жинақтап көрсететін есімдік.

Туған жерімнің сайы, саласы, дөңі, ойпаты, ағашы – бәрі менің алақанымда.

Болымсыздық – сын-сапаның жоқ екендігін көрсететін есімдік.

Сен, шамасы, ешкімге айтпаған боларсың.

Белгісіздік – мағыналары жағынан заттар мен құбылыстарды нақтылы түрде атамайтын есімдік түрі.

Осы даланың асты толып тұрған көмір, бірнеше жүз жылға жетеді.

Өздік есімдігі - өз және оның түрленулері жатады.

Ол - өз дегеніне жететін адам.

Синтаксистік қызметі:

Бастауыш: Бәріміз өз Отанымыздың патриоттары болуымыз керек.

Баяндауыш: Уәде қабылдаған екенбіз, орындайтын да өзіміз.

Толықтауыш: Өзіңді мақтай бергенше, жолдастарыңның жақсы қасиеттерін үлгі етіп жүрген дұрыс.

Анықтауыш: Менің де, сенің де, оның да қызметімізді абыройлы атқарып жүргеніміз, шындап келгенде, өз қара басымыздың ғана емес, мектебіміздің де абыройы.

Пысықтауыш: Ауа райының бұлай күрт өзгеруін ешқашан көрген жоқпын.

№17

Етістік

Етістік деп қимылды, іс-әрекетті білдіретін сөз табын айтамыз.

 

Етістік (мағынасына қарай)

салт сабақты

 

болымды болымсыз

 

Салт етістіктер табыс септігін керек етпейді, ал сабақты етістіктер табыс септігін керек етеді.

Салт: Біз оны байқадақ, кәпірдің алды тар көрінеді. Әли, Жармұхамет шай ішіп отырған үстіне сәлем беріп, Берікбол мен Малтабар кіріп келді.

Сабақты: Ақырында қыз бейшара әке-шешесін аяп, сот алдында «мен арыз бергенім жоқ» деп шығады. Қызық көрушілер іргеден, жабықтан сығалап, тыңдап, бірін-бірі итермелеп, түйе түскендей үйді қиратып барады.

Болымды етістік: Әлі де болса лек-легімен біреулер келіп жатыр, жұмысы біткендер кетіп жатыр.

Болымсыз етістік: Бірақ ұлы мақсатты тілектердің бірі-әйел теңдігі әлі де көңілдешідей жүзеге асқан жоқ.

Етістік (құрамына қарай)

 

негізгі туынды күрделі

 

Негізгі етістіктер тек бір түбірден тұратын етістіктерді айтамыз. Мысалы, Болыстардың ішінде бұлардың қол беріп амандасқаны Рақымбай ғана болды.

Туынды етістіктер деп басқа сөз таптарынан түрлі жұрнақтар арқылы жасалған етістіктерді айтамыз.

 

 

Есім негізді етістіктер

Жұрнақтар Мысалдар
  -ла, -ле, -да, -де, -та, -те шегеле, істе, ойла, қолда, иықта, мойында, арқала, т. б.
  -лан, -лен, -дан, -ден, -тан ашулан, екілен, борыштан, күдіктен, рақаттан, т. б.
  -лас, -лес, -дас, -дес, -тас бірлес, көмектес, шулас, бәстес, ақылдас, есептес, т. б.
  -лат, -лет, -дат, -дет әндет, тездет, борандат, дауылдат, түнделет, т. б.
  -а, -е ата, ойна, сына, тіле, өрте, теңе, орна, т. б.
  -ай, -ей, -й молай, көбей, қартай, мұңай, күшей, көркей, қарай,т.б.
  -ал, -ел, -ыл, -іл, -л жоғал, оңал, теңел, санал, тіріл, суал, тарыл, т. б.
  -ар, -ер, -р жалтар, тазар, жаңар, өзгер, жақсар, қысқар, жасар,т.б.
  -қар, -ғар, -кер, -гер басқар, суғар, ескер, теңгер, атқар, аңғар, оңғар, т. б.
  -ы, -ын, -ырқа, -ан, -ен, ына... сілкін, желпі, тасырқа, басын, пысына, есіне, т. б.
  -ық, -ік бірік, жолық, орнық, өшік, зорық, зарық, тотық, т. б.
  -ыра, -іре сарқыра, жарқыра, бұрқыра, күркіре, дүркіре, т. б.
  -ырай, -ірей кішірей, бақырай, тікірей, т. б.
  -сыра, -сіре әлсіре, жетімсіре, күлімсіре, жыламсыра, т. б.
  -сы, -сі, -ымсы, -імсі пысықсы, кісімсі, батырсы, білгенсі, оқығансы, т. б.
  -сың, -сің жамансын, көпсін, адамсын, пысықсын, т. б.

 

Күрделі етістіктер

1. Біріккен: апар(алып+бар), әпер(алып+бер), әкел(алып+кел), т. б.

2. Қосарланған: болар-болмыс, барар-бармас, т. б.

3. Тіркескен

Тіркескен

құрама негізді құранды негізді

 

Құрама негізді: оқып отыр, келіп кет, бара жатыр, т. б.

Құранды негізді: жәрдем ет, ағалық ет, айғал сал, бас қатыр, т. б.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-07-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1227 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Самообман может довести до саморазрушения. © Неизвестно
==> читать все изречения...

3076 - | 2886 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.