АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ
МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» ШЖҚ РМК
Кәсіби практика бойынша
Дістемелік нұсқаулар
Мамандық: 5В130200 – «Стоматология»
Пән: Дәрігер-стоматологтың ассистенті
Кафедра: Балалар стоматологиясы және бет-жақ хирургия
Курс - 4
Семестр - 8
Құрастырушы:
м.ғ.к.,доцент __________ Таганиязова А.А.
Ақтөбе, 2015
Кафедра отырысында талқыланды және бекітілді
№1 хаттама, 28.08. 2015ж.
Кафедра жетекшісі, м.ғ.д., профессор ______________Жаналина Б.С.
1.Кіріспе: «Дәрігер – стоматолог - хирургтың ассистенті» өндірістік тәжірибесі 051302 – «Стоматология» мамандығы бойынша «Хирургиялық стоматология пропедевтикасы» пәнінің мазмұнының міндетті минимумы мен студенттердің дайындық деңгейіне қойылатын мемлекеттік талаптарды іске асыруға арналған және оқытудың жұмыс бағдарламасын әзірлеу үшін негіз болып табылады.
«Дәрігер – стоматолог – хирургтың ассистенті» өндірістік тәжірибесі 2 апталық тәжірибе 8 семестрде хирургия бөлімшесінде амбулатория және стационар жағдайында өткізіледі.
2. Практиканың мақсаты: Медициналық құжаттарды рәсімдеу.
3. Практканың міндеттері: Тұлғалармен қарым – қатынас жасау және пациенттерге кеңес беру машықтарын жетілдіру.
4. Практиканы өткеннен кейінгі соңғы нәтижелер:
№ | Машық пен іскерлік, бағалау критерийлері | Баллмен берілген баға |
Медициналық құжаттарды рәсімдеу | 4,0 | |
Бөлімшеде науқасты алғашқы тексеруді ықтимал диагнозды негіздей отырып түсінікті етіп жазады. | 0,5 | |
Өзі бақылайтын науқастардың жағдайының динамикасын, зерттеулердің,тексерулердің, консультацияның нәтижелерін, емдеу схемасын өзгертудің негіздемесін күнделікке жазады. | 0,5 | |
МКБ – 10 бойынша клиникалық диагноздың негіздемесін жазады. | 0,5 | |
Шығару эпикризін нақты ұсынымдармен ресімдейді. | 0,5 | |
Стационарлық науқастың стат. Картасын ресімдейді. | 0,5 | |
Стоматологиялық кабинетті күту бойынша журналды толтыра алады: зарарсыздандыру, дәрілік препараттардың жазбасы, науқастардың келуін тіркеу журналдары. | 0,5 | |
Тіс формуласы мен дәрігердің ұсынымдары бойынша стоматологиялық статустың мәліметтерін жазып амбулаториялық картаның паспорттық бөлігін толтыра алады. | 0,5 | |
Дәрігердің тағайындауы бойынша дәрілік препараттардың рецептісін жазып береді, рентгенкабинетке, физиотерапиялық каьинетке, мамандардан консультация алуға жолдама бере алады. | 0,5 |
5. Практиканы өткізудің саясаты – пәнді оқу барысында оқушыға қойылатын талаптар. Пәннің саясаты силлабуста айтылған және де келесі бөлімдерді көрсетуі тиіс:
Оқу процесінің ұйымдастырылуы:
- кафедра оқу процесін жоспарлайды және ұйымдастырады;
- оқу процесін жүргізудің түрлерін жетілдіреді;
- оқу кестесін оқу бөлімімен және офис тіркеушімен бірге келістіреді;
- студенттерді оқу-әдістемелік құжаттардың барлық түрлерімен қамтамасыз етеді;
- клиникалық базамен тығыз байланыста жұмыс жасайды және тәжірибелік сабақтарды тақырыпқа сай науқаспен қамтамасыз етеді;
- қызметкерлер мен студентердің ғылими зерттеу жұмысын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасайды;
- қосымша білім қызметі үшін жағдайлар жасайды.
Оқу процесін ақпаратты қамтамасыз ету
- кафедрада және кітапханада силлабустар, анықтама-жүргізушілер, тәжірибелік сабақтар үшін әдістемелік нұсқаулар, СӨЖ студенттерге электронды алып жүруде берілген;
- сабақтар, кеңес алу кестелері және т.б. кафедраның шешімі бойынша кафедраның ақпаратты қабырғасында ілінген;
- оқушыларға уақытында рейтинг бағалары туралы ақпарат беру.
Оқушыларға талаптар:
- тәжірибелік сабақтарға және дәрістерге міндетті түрде қатысуылары тиіс;
- киім формасы: ақ халат, бас киім, маска, ауыстыратын аяқ-киім, стационарда хирургиялық костюм;
- еңбек тәртібін сақтау;
- жіберіп алған сабақтар мен лекцияларды мідетті түрде қай та орындау;
- студенттер аралық конференцияларға қатысқандары үшін кафедра шешімі бойынша + 4 балл аралық рейтингке қосымша бонустар ретінде қосылады.
6. Практиканың мазмұны: Тәжірибе кезінде тәжірибелік әрекеттің (қызметтің) түрлері: дәрігер – стоматологтың ассистенті ретінде жұмыс істеу; бөлімшедегі кезекшілік;емдік – профилактикалық ұйымның қабылдау бөлмесінде жұмыс істеу.
· Бағдарламаның мазмұны:
Практика клиникалық база ретінде бекітілген стоматологиялық емханада, стационарда өткізіледі. Студент тәжірибеден өту барысында емдеу мекемесінің ішкі еңбек тәртібінің барлық ережелерін орындайды және тәжірибе жетекшісі мен хирургиялық бөлімшенің меңгерушісіне тікелей бағынады.
· Тәжірибе бойынша құжаттар: күнделік, студенттің есебі.
· Тәжірибелік машақтарды баллмен бағалау.
· Тәжірибені бағалау критериі:
Тәжірибе жетекшісінің ағымдық бақылауы:студенттің тәжірибеге қатысуы мен бөлімшеде жұмыс орнындағы тәжірибелік ісін қадағалау; студенттердің тәжірибелік машықтарды меңгеруін бақылау; студенттердің күнделігін тексеру.
Қорытынды бақылау – дифференцияланған сынақ. Қорытынды бақылауға рұқсаттама алу үшін болуы тиіс құжаттар:тәжірибе жетекшісі немесе бөлімше меңгерушісі күнделікті қолдары қойылған студенттің тәжірибе күнделігі; тәжірибе жетекшісі мен хирургия бөлімшесінің меңгерушісі қол қойған студенттің мінездемесі; тәжірибеге қатысу журналы.
Өндірістік тәжірибе қорытындысы бойынша дифференцияланған сынақстуденттердің тәжірибелік машықтарын (іскерліктерін) «ұпайлық - әріптік жүйе бойынша бағалау кестесіне» сәйкес бағалау нәтижелерімен жүзеге
Практиканы бағалау критерийлері.