Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Медициналық симуляция сценарийі




Клиникалық жағдай: «Иценко-Кушинг ауруы»

Ситуациалық есеп: Сіз – кезекші дәрігерсіз. Қабылдау бөліміне 39 жастағы науқас түсті.

Ø Науқастан анамнез жинаңыз және қарап тексеріңіз.

Ø Лабораторлы- аспаптық зерттеулер қорытындыларына интерпретация жүргізіңіз.

Ø Диагнозды құрастырыңыз.

Ø Науқасты жүргізу және емдеу принциптерін құрастырыңыз.

Бейімделген актердің сценарийдегі мәтіні және ролінің сипаттамасы:

Науқас салмағының артуына, аузының құрғауына, жиі бас ауруына, терісіндегі жыртылуларға, АҚ жоғарлауына, жалпы әлсіздікке шағымданады.

Сұрақтың мәні Актерге қойылатын сұрақтың құрастырылуы Жауап
Салмақ қосудың сипатын нақтылау Май жиналуы қандай уақыт аралағында және көбіне денеңіздің қай аймағында байқалды? Шамамен 1,5 жылда18 кг қостым және көбінесе иық, бет, іш аймақтарына май жинала бастады. Соған қарамастан аяқ- қолым арық.
Терісіндегі жыртылулардың сипаты Сызықтар қандайтүсті және қай аймақтарда орналасқан? Қызыл-күлгін түсті сызықтар бөксе, төс, иық, іш аймақтарында.
Жыныстық функциясының бұзылуы Етеккір циклының бұзылысын байқадыңыз ба? Соңғы жарты жылдықта етеккір циклы бұзылды
Қоздырушы себептер Аурудың басталуын немен байланыстырасыз? 2 жыл бұрын бас миы шайқалуы диагнозымен ұзақ ем қабылдадым, содан соң жарты жылдан кейін жоғарыдағышағымдар пайда бола бастады.

 

Анамнезінен: ­Өзін соңғы 1,5 жыл көлемінде ауру деп санайды, бас миы шайқалуын алғаннан кейін жарты жылдан соң АҚ 170/100 мм.сын.бағ. дейін көтерілуі, бас ауруы, салмақ қосуы пайда болған. Терапевтте артериалды гипертензия диагнозымен ем қабылдағанымен, айтарлық нәтиже болмаған. Содан соң қандағы қант мөлшерінің жоғарлауы, сүйектеріндегі ауру сезімі, терісіндегі жыртылулар пайда болған. Эндокринологта бақыланып, 1000 мг сиофор қабылдайды.

Қарап тексергенде: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Бойы 167 см, салмағы 92 кг. Дене бітімі гипертстеникалық, тері асты май қабаты көбінесе иық, төс, іш аймақтарына таралған. Аяғы мен қолы жіңішке. Беті ай пішінді, қызарған. Тері жабындылары құрғақ, бетінде бөртпелер, қолтық асты, төс, бөксе аймақтарында қызыл-күлгін түсті сызықтар, «минус тін» анықталады. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, аортада ІІ тонның акценті естіледі. АҚ – 160/100 мм.сын.бағ. ЖЖЖ – 90 рет минутына. Бауыры қабырға доғасынан 2-3 см шығып тұр, ауру сезімсіз. Зәр шығаруы жиі, еркін. Перифериялық ісінулері жоқ.

Қанның биохимиялық талдауы:

Жалпы белок 71 г\л 70-90 г\л
холестерин 5,2 ммоль/л <5,2 ммоль\л
глюкоза 11,2 ммоль/л қалыпта 4,2-6,1 ммоль\л
натрий 150 ммоль/л қалыпта 135-152 ммоль\л
калий 3,2 ммоль/л 3,5-5,5 ммоль\л
кальций 2,8 ммоль/л 2,2-2,2 ммоль/л
билирубин 11, 5 ммоль/л 8,5-20,5 ммоль\л

 

ИФА: гипофиз-бүйрек үсті безі жүйесінің гормондары:

АКТГ 51 нмоль\л 0-22 нмоль\л
Кортизол 930 нмоль\л 200-700 нмоль\л
Пролактин 13,1нмоль\л 0-10 нмоль\л

Іш қуысы ағзаларының УДЗ-і: Ұйқы безі паренхимасында жайылмалы өзгерістер. Майлы гепатоз. Созылмалы холецистит белгілері.

Бүйрек үсті безінің компьютерлік томографиясы:

Бүйрек үсті безінің ұзындығының 3,5 см және тығыздығының деформациясы мен ұлғаюы. Қорытынды: бүйрек үсті безінің диффузды гиперплазиясы.

Бас миының магнитті-резонансты томографиясы:

Түрік еріннің арқалығының остепорозы, басішілік гипертензия мен түрік ерінің өлшемдерінің ұлғаю белглері. Қорытынды: гипофиздің микроаденомасы.

ЭКГ: Синусты тахикардия, ЖЖЖ-95 рет минутына. ЖЭО солға ығысуы. Т тісінің амплитудасының изолиниядан төмендеуі. Сол жақ қарынша гипертрофиясы.

Соңғы қорытынды:

Ø Гиперкортицизм синдромы бар науқасты сұрау және физикалды тексерулер жүргізу.

Ø Иценко-Кушинг ауруының және оның асқынуларының клиникалық диагностикасы

Ø Лабораторлы- аспаптық зерттеулер қорытындыларына интерпретация

Ø Иценко-Кушинг ауруымен науқасты емдеу принципін құрастыру

 

«Иценко-Кушинг ауруы» клиникалық жағдайы бойынша

Бағалау парағы (check-list)

 

Сынақ тапсырушының коды________________________Сынақ күні__________________________

Сынақ қабылдаушы______________________________________________________

 

Қадамдарды бағалау көрсеткіштері Ұпайлары
Толық меңгерген Толық меңгермеген Меңгермеген
1. Шағымдары мен анамнезін жинау 1,0 0,5  
2. Ажырату диагностикасы мақсатында симптомдарға қосымша сұрақтар қою арқылы нақтылауы 1,0 0,5  
3. Физикалдытексеру (тері, шырышты қабаттар және т.б.) 1,0 0,5  
4. Дене бітімі мен тері асты май қабатының таралуы 1,0 0,5  
5. Жүрек - қанайналым жүйесін тексеру. Артериалды қан қысымын өлшеп, пульс жиілігін анықтау. 1,0 0,5  
6. Гепатобилиарлы жүйені тексеру. Бауырдың перкуссиясы мен пальпациясын дұрыс жүргізу 1,0 0,5  
7. Болжама диагнозды құрастыру және оны негіздеу 1,0 0,5  
8. Ажырату диагностикасын жүргізу 1,0 0,5  
9. Лабораторлық зерттеулер жоспарын тағайындау 1,0 0,5  
10. ИФА тағайындау (қандағы АКТГ, кортизол, пролактин) 1,0 0,5  
11. Аспаптық зерттеулер жоспарын тағайындау 1,0 0,5  
12. Қанның биохимиялық талдауына интерпретация 1,0 0,5  
13. Иммуноферменттік талдауға интерпретация 1,0 0,5  
14. Іш куысы ағзаларының УДЗ интерпретациясы 1,0 0,5  
15. Бүйрек үсті безінің КТ интерпретациясы 1,0 0,5  
16. Бас миы МРТ интерпретациясы 1,0 0,5  
17. ЭКГ интерпретациясы 1,0 0,5  
18. Қорытынды диагнозды құрастыру және негіздеу 1,0 0,5  
19. Аурудың емдеу принциптерін анықтау 1,0 0,5  
20. Науқаспен барынша қолайлы қатынаста болып науқастың үрейін басуы 1,0 0,5  
  Ұпайлар ҚОРЫТЫНДЫСЫ 20,0 10,0  




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-07-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 811 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наука — это организованные знания, мудрость — это организованная жизнь. © Иммануил Кант
==> читать все изречения...

2242 - | 2053 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.021 с.