Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


III жiктеудегi зат есiмдер




Латын алфавитi

Латын алфавитiнде 25 әрiп бар. Оның 6-уы дауысты: a, e, o, i, u, y. Қалған 19-ы дауыссыздар.

Жазылуы Айтылуы Оқылуы Жазылуы Айтылуы Оқылуы
Aa Bb Cc Dd Ee Ff Gg Hh Ii Jj Kk Ll Mm Nn а бэ цэ дэ э эф гэ Гг и йота ка эль эм эн А Б ц н/е к д э ф г укр.г нем.н и й к ль м н Oo Pp Qq Rr Ss Tt Uu Vv Xx Yy   Zz   О пэ ку эр эс тэ у вэ икс ипсилон (игрек) зета о п к р с н/е з т у в кс и   з  

Дыбыстардың жiктелуi

Дауысты дыбыстар: a, e, o, i, u, y

Дауыссыз дыбыстар: b, c, d, f, g, h, j, k, l, m, n, p, q, r, s, t, v, x, z

Дауысты дыбыстар – бiр дауысты дыбыстан (монофтонг) және екi дауысты дыбыстан (дифтонг) тұратын болып екiге бөлiнедi.

Дауысты дыбыстар мен дауыссыз j (йота)-ның оқылуы /монофтонгтар

E – [э] әрпi тәрiздi оқылады: vertebra (вэртэбра) – омыртқа

I – (и) әрпi тәрiздi оқылады: inferior (инфэриор) – төменгi.

Сөзде немесе буында дауысты дыбыстардың алдында келсе, сонымен қатар 2 дауысты дыбыстың арасында келсе, i - әрпi қысқа (й) болып оқылады: i ugularis (югулярис).

Бiрақ қазiргi медицина терминологиясында i - әрпiнiң орнына Jj - әрпi қолданылады: jugularis (югулярис).

J - әрпi грек тiлiнен енген сөздерде жазылмайды. Себебi ол тiлде бұл әрiп болмаған: iatria - (иатрия).

Ү – ипсилон, игрек (фр igrek - игрек) и әрпi болып оқылады: tympanum (тимпанум). Б±л әрiп тек грек сөздерiнде қолданылады.

NB (Nota bene) – көңiл бөлiңiз.

Медицина терминдерiн дұрыс жаза бiлу үшiн, өте кең тараған грек түбiрлерiн және сөз бөлiктерiн ескеру керек. Себебi бұл сөз бөлiктерiнде және түбiрлерiнде “у” әрпi жазылады.

Dys (дис) – қызметiнiң бұзылғанын бiлдiредi.

Hypo (гипо) - төмен, астында; “аз” деген мағынаны бередi.

Hyper (гипер)- үстiнде, жоғары; “көп” деген мағынаны бередi.

Syn, sym (син, сим)- “бiрге” деген мағынаны бередi.

My (мио)- сөз түбiрi; “бұлшық етке қатысты” дегендi бiлдiредi.

Дифтонгтар

Екi дауысты дыбыс бiрiгiп, бiр дыбысты немесе бiр буынды бередi. Мұндай бiрiгудi дифтонг деп айтады.

Латын тiлiнде 4 дифтонг бар: ae, oe, au, eu.

Алғашқы екеуi бiрдей дыбыстарды бередi:

Ae – [э] болып оқылады: peritonaeum [пэритонэум].

Oe – [э] болып оқылады: oedema [эдэма] – iсiк.

E

[э]

ae

 

oe [э]

Au -[ау] болып оқылады: auris [аурис] – құлақ

Eu -[эу] болып оқылады: pneumonia [пнэумониа] - өкпенiң қабынуы.

 

Дауыссыз дыбыстардың оқылуы

С - әрiпi а, о, и дауысты дыбыстарының, барлық дауыссыз дыбыстар алдында және сµз соңында [к] болып оқылады. сaput [капут] – бас, crista [криста] - қыр, жота.

С - әрiпi е, i, у әрiптерi мен ае, ое дифтонгтарының алдында келсе, [ц] болып оқылады: cervicalis [цервикалис] - мойындық.

а.о.и әрiптерi алдында

[к]а,о,u єріптері жєне дауыссыз дыбыстар

алдында, сөз соңында

С е,i,у әрiптерi алдында

[ц]

ае, ое алдында

H - әрпi украинның [г] немесе немiстiң [h] әрiптерi тәрiздi оқылады: homo [гомо] – адам.

K - әрпi [к] болып оқылады, µте сирек ќолданылады kalium [калиум].

L - әрпi жұмсақ айтылады: labium [лябиум] - ерiн.

S - әрпi екi жағдайда оқылады. Дауысты дыбыстар арасында жєне дауысты дыбыс пен m,n єріптері ортасында тұрса, [з] болып оқылады. Басқа кездерде -[с]. Мысалы: incisura [инцизура] – ойық, chiasma [хиазма] - қиылыс, Sutura [сутура] – тiгiс.

V - әрпi [в] болып оқылады: fovea [фовеа] – шұнқыр.

X - әрпi қос дауыссыз дыбыс болып оқылады: [кс] radix [радикс] – тамыр.

Z - әрпi грек сөздерiнде кездеседi де, [з] болып оқылады: zуgomaticus – [зигоматикус] – жақтық. Ал латын сөздерiнде [ц] болып оқылады: zincum [цинкум] – мырыш.

Қосарланған әрiптердiң оқылуы

Q -әрпi әр уақытта и әрiпiмен бiрiгiп, [кв] болып оқылады: squama [сквама] - қабыршақ. ngu әрiптерi бiрiгiп, екi түрлi оқылады: дауысты дыбыстар алдында - [нгв]: lingua [лингва] – тiл, ал дауыссыз дыбыстар алдында -[нгу]: lingula [лингула] – тiлше.

T i -әрiптерi бiрiгiп, дауысты дыбыстар алдында [ци] болып оқылады: rotatio [ротацио] - айналу. Бiрақ ол S немесе X дауыссыз дыбыстарынан кейiн [ти] болып оқылады: ostium [остиум] – тесiк.

Su - әрiптерi бiрiгiп, дауысты дыбыстар алдында [св] болып оқылады: consuetudo [консветудо] - әдет, ал басқа кездерде [су] болып оқылады: sutura [сутура] – тiгiс.

Диграфтар оқылуы

Грек тiлiнен енген сөздерде ch, ph, rh, th диграфтары кездеседi. Әрбiр диграф бiр дыбыс бередi. Ch=[x], ph=[a], rh=[p], th=[т]. Мысалы: nucha [нуха] – желке, synchondrosis [синхондрозиз] – синхондроз, xiphoideus [ксифоидеус] – семсер тәрiздi, thorax [торакс] – кеуде клеткасы.

I. Жаттыѓулар. С -әрпiнiң оқылуын түсiндiрiңiз.

Caput; collum; cavitas; occiput; truncus; facies; caecus; cerebrum; clavicularis; scapula; accessorius; musculus; sceleton; cruciatus; cementum; cavum cranii; saccus lacrimalis; cartilago; condylus; biceps; cellula; corpus; sulcus palatinus; sulci palatini; vertebrae cervicales; vertebrae sacrales; os coccygis; foramina sacralia dorsalia; bucca; buccae.

II. i, j; әрiптерiнiң оқылуын түсiндiрiңiз.

Intestinum; infraspinatus; iater; paries inferior; insula; junctura (iunctura); jugum (iugum); jugularis (iugularis); canalis palatinus major (maior); fossa infratemporalis; tuberculum majus (maius); jejunum (ieiunum); iliacus.

III. ss, s - әрiптерiнiң оқылуын түсiндiрiңiз.

Fossa; humerus; mesenterium; impressio; sinus; sigmoideus; septum nasi; canalis; hypoglossalis; processus styloideus; basis cranii; segmentum; pars petrosa; chiasma; fissura; dens incisivus; platysma; mesogastrium; mucosus; nasolacrimalis; sulcus sinus transversi.

IV. x, z - әрiптерiнiң оқылуына көңiл бөлiңiз.

Flexio; axis; externus; maxillaris; fornix; index; punctum; fixum; plexus; larynx; dexter; maxilla; circumflexus; radix; extremitas; os coxae; startum zonale; zygomaticus; trapecius; zona orbicularis; vena azugos.

V. Дифтонгтардың оқылуына көңiл бөлiңдер.

Vertebrae; costae; caecus; oesophagus; pleura; auricularis; corpus vesicae felleae; aponeurosis; pseudomembrana; uropoёticus; oedema; diploё; aёr; auris; auricula; haematopoёticus; dyspnoё; regio glutaea; peronaeus; neurocranium; caudalis.

VI. qu, ngu - қосарланған әрiптерiнiң оқылуына көңiл бөлiңдер.

Squama occipitalis; lamina quadrigemina; quadratus; vertebra quinta; linea obliqua; lingua; lingula; inguinalis; unguis; squamosus; os triquetrum; sublingualis; angulus; sanguis; sanguineus.

VII. ti - әрiптерiнiң оқылуына көңiл бөлiңдер.

Adductio; abductio; periodontium; supinatio; articulatio; eminentia; tibia; ostium; spatia intercostalia; digestio; distantia trochanterica; substantia; spongiosa; foramina nutricia; mixtio; masticatio.

VII. Диграфтар мен әрiптер қосылыстарының оқылуына көңiл бөлiңдер.

Nucha; thуreoideus; thorax; linea nuchae superior; tuberculum pharyngeum; os spninoidale; fossa hypophysialis; labyrinthus ethmoidalis; kyphosis; hemispherium; sectiones hypothalami; splanchnologia; sphincter; bronchus; ductus; choledochus; os scaphoideum; phalanges; symphysis; synchondrosis; isthmus; truncus brachicephalicus; arteria ophthalmica; vena saphena; nodus lymphaticus; ductus thoracicus; spinothalamicus rhinencephalon; pars sympathica; cavum subarachnoidale; os ischii; incisura ischiadica major; aquaeductus mesencephali.

IX. Сөздердi латын әрiптерiмен жазыңдер.

Нэрвус, субкутанэус, акустикус, органон, апэкс, скелетон, капитулюм, максилля, кауда, дэнтэс, квантус, тэнзор, цэлля, сангвис, цэллюля, артикуляцио, ринэнцефалон (грек), мукозус, коммисура, квадрицэпс, фиброза, плексус, ваза, ос коксэ (дифтонг), диафрагматикус (грек), скэлетон.

Жаңа сөздер

Зат есiмдер

Atlas – I мойын омыртқа bencephalon – ми (грек)

axis - II мойын омыртқа homo – адам

caput – бас os – сұйек, ossа- сұйектер

cerebrum – ұлкен ми (бастың) skeleton – қаңқа

collum – мойын substantia – зат

columna – омыртқа бағанасы thorax – кеуде клеткасы

corpus – дене truncus – дене, тұлға

cranium – бас сүйегi vertebra – омыртқа

dorsum – арқа

 

2 – сабақ

Тақырыбы: Буынның ұзақ және қысқа оқылуы. Екпiн ережесi. Анатомиялық терминдердiң құрылымы.

Екпiн

Латын тiлiнде екпiн күшпен оқылады, сондықтан екпiн түсiп тұрған буын күштi дауыспен айтылады.

Екпiндi қою ережесi

1.Сөз соңына екпiн қойылмайды. Екi буыннан тұратын сөздерде, екпiн алғашқы буынға қойылады:

,,,,,

Мысалы: margo, corpus, sinus, cavum, fossa

2. Көп буыннан тұратын сөздерде екпiн соңынан санағанда екiншi немесе үшiншi буынға қойылады. Бұл ереже соңынан санаѓанда 2-ші дауысты дыбыстың ұзақ немесе қысқа оқылуына байланысты болады. Егер соңынан санағанда екiншi буын дауысты дыбысы ұзақ оқылса, онда екпiн соған қойылады. Ал егер соңынан санағанда екiншi буынныњ дауысты дыбысы ќысќа оқылса, онда екпiн үшiншi буынға қойылады.

Екiншi буын қай уақытта ұзақ және қысқа оқылады.

Ұзақ оқылу ережесi:

а) Егер екiншi буын дифтонг болса, әр уақытта ұзақ оқылады. Екпiн сол буынға түседi. Мысалы: peritonaeum – iш, құрсақ, peronaeus – кiшi жiлiншiктiк

ә) Егер екiншi буынның дауысты дыбысы екi немесе одан да көп дауыссыз дыбыстар мен х, z әрiптерi алдында келсе, ол ұзақ оқылады.

,

Екпiн дауысты дыбысқа қойылады. Мысалы: columna - бағана,

,,

medulla - ми, circumflexus - айналу

в) Егер екiншi буын -al-,-ar-,-at-,-in-,-os- жұрнақтары болса,онда олар әр уақытта ұзақ оқылады. Екпiн сол жұрнақтарға түседi. Мысалы: pelv in us – жамбастық, spin os us - үшкiр.

Қысқа оқылу ережесi:

а) Егер екiншi буынның дауысты дыбысы b, c, d, g, p, t әрiптерi l немесе r әрiптерiнiң тiркесiп келсе, онда ол қысқа оқылады. Екпiн үшінші буынға қойылады.

,,

Мысалы: verte br a, palpebra

ә) Егер екiншi буынның дауысты дыбысы ch, ph, rh, th диграфтары алдында келсе, қысқа оқылады. Екпiн үшiншi буынға қойылады.

,

Мысалы: choledo ch us - өттiк.

б) Егер екiншi буынның дауысты дыбысы дауысты дыбыстың немесе in әрпiнiң алдында келсе, онда ол қысқа оқылады. Екпiн үшiншi буынға қойылады. Мысалы: pari e s - қабырға, osseums – сүйектiк.

в) Егер екiншi буын -ol-, -ul-, жұрнақтары болса, олар қысқа оқылады. Екпiн үшiншi буынға қойылады. Мысалы: lobulus – бөлiкше, alveolus - ұяшық, альвеола.

NB – Көњiл бөлiңіздер:

Кейбiр сөздерге бұл ереженi қолдануға болмайды. Себебi екiншi буынның дауысты дыбысы бiр дауыссыз дыбыс алдында келедi. Бұл жағдайда кейбiр сөздер ұзақ немесе қысқа оқылуы мүмкiн. Сондықтан бұл сөздердi сөздiктен қарау керек. Егер ұзақ оқылса+ (-) белгiсi, ал қысқа оқылса (ғ) белгiсi қойылады.

Анатомиялық терминдердiң құрылымы

Латын тiлiнде терминдер түрi әртүрлi болып келедi. Бiр сөзден тұратын терминдер бар. Олар атау септiгi жекеше және көпше түрдегi зат есiмдер. Мысалы: sternum – төс, thorax – кеуде клеткасы, ossa - сүйектер.

Кейбiр сөздер қазақша аудармада екi сөзден тұрады. Латын тiлiнде анатомиялық терминологияда бiр сөзден тұратын терминдер өте аз: көбiнесе терминдер – сөз тiркестерi арқылы қолданылады. Себебi тiркестi термин мүшелер мен ағзалардың нақты белгiлерiн көрсете алуы тиiс. Тiркестi термин зат есiм мен сын есiмнен (бiрнеше сын есiмдерден) немесе атау септiгiндегi және iлiк септiгiнде зат есiмдерден тұрады. Мысалы: Vertebra cervicalis – мойындық омыртқа, collum costae - қабырға мойыны.

Көп жағдайда нақты атауларды көрсету ұшiн олардың қ±рамында анықтауыштар қолданылады. Б±л анықтауыштар тек зат есiмдi ғана емес, бұкiл сөз тiркестерiн анықтайды. Мысалы: processus articularis superior - жоғарғы буынды өсiндi

1. Медицина терминдерiнде бiрiншi орында әр уақытта атау септiгiндегi зат есiм тұрады, содан кейiн бiр немесе бiрнеше анықтауыш сөздер келедi.

2. Жалпы бүкiл сөз тiркесiн анықтап тұрған сөздер көбiнесе анатомиялық құрылымдардың көлемiн, пiшiнiн көрсетедi (үлкен-кiшi, жоғары, төменгi, ортаңғы, дөнгелек, сопақ, сыртқы, iшкi). Бұл сөздер зат есiммен байланысып, сөйлем соңында жазылады: protuberantia occipitalis externa – сыртқы шүйделiк шығыңқы.

Анықтауыштар байланысқан, байланыспаған болып 2-ге бөлiнедi. Мына сөйлемдердi қарастырып көрелiк:

1.os palatinum- таңдайлы сүйек. 4.os pubis-қасаға сүйек.

2.os frontale - маңдайлы сүйек. 5.ossa brevia-қысқа сүйектер.

3.os coxaе - жамбас сүйек.

Бұл сөйлемдердегi os-сүйек сөзiн анықтап тұрған сын есiмдердiң жалғаулары әр түрлi. Себебi латын тiлiнде сын есiмдердiң 2-тобы бар және олар әр түрлi жiктеледi.

Сонымен байланысқан анықтауыш дегенiмiз - анықтап тұрған зат есiммен 1-текте,1-түрде,1-септiкте болатын сөздер. Байланысқан анықтауыш қызметiн көбiнесе сын есiмдер атқарады. Мысалы: columna vertebralis -омыртқалық бағана.

Байланыспаған анықтауыш дегенiмiз - iлiк септiгiнде тұрған зат есiмдер. Мыс: corpus vertebrae-омыртқаның денесi.

Медицина терминдерiнiң құрылымын тез және дәл түсiне бiлу үшiн,терминдердi схема түрiнде жазып үйренген дұрыс.

Тiркестi терминдердiң жасалу схемасы.

Грамматиканы игеру алдында сөз тiркестерiн латын тiлiнен қазақ тiлiне, қазақ тiлiнен латын тiлiне аударған кезде, сөйлемдердi дұрыс тәртiппен орналастыру мақсатында, схемалы жүйенi пайдалану ұсынылады. Схемалық жүйедегi сөздер бiр-бiрiмен белгiлi бiр ережеге сай байланысады. Сондықтан олар байланысқан және байланыспаған анықтауыштар болып бөлiнедi.

 

I. Буындардың ұзақ және қысқа оқылуына қарай сөздердiң екпiнiн қойыңыз.

Medulla ossium; membrum inferius; epigastrium; substantia compacta; ligamentum; processus transversus; corpus maxillae; ductus choledochus; facies poplitea; quadruplex; palpebra superior; periosteum; arcus vertebrae.

II. Жұрнақтардың ұзақ және қысқа оқылуына қарай сөздердiң екпiнiн қойыңдер.

Hiatus sacralis; incisura vertebralis; clavicularis; hyomandibularis; mentalis; sulcus pulmonalis; foramen spinosum; fossa grandulae lacrimalis; processus zygomaticus; incisura supraorbitalis; pars squamosa; nodi pancreatici; pelvinus; pubicus; foveolae granulares; glomerulus; geniculum; hamulus pterygoideus; fossa pterygopalatina; digitatus; cribrosus.

III. Аударыңыз, терминдердiң схемасын берiңдер.

A. 1)Vertebra thoracica; 2) arcus vertebrae; 3) massae laterales; 4)collum radii; 5) pediculi arcus vertebrae; 6)ligamentum longitudinale; 7)ligamentum capitis; 8)basis ossis sacri; 9)labium mediale lineae asperae; 10)sulcus sinus sigmoidei; 11)fovea articularis processus articularis superiōris; 12)aponeurōsis musculi oblicqi externi abdominis; 13)musculus rectus capitis posterior major; 14)arteriae alveolares superiōres anteriōres.

B. 1)Processus articularis inferior vertebrae lumbalis secundae; 2)ligamenta columnae vertebralis; 3)caput superius musculi pterygoidei lateralis; 4)articulationes cinguli membri superiōris; sinus venārum cavārum atrii dextri.

C. 1)Tuber maxillae; 2)palātum durum; 3)apex radīcis dentis; 4)forāmen palatinum majus; 5)tunica mucosa linguae; 6) cartilāgo septi nasi; 7)concha nasalis inferior; 8)plexus cavernosi conchārum.

3 – сабақ

Тақырыбы: Зат есiм (Nomen Substantivum)

 

Латын тiлiнде зат есiмнiң үш тегi бар: masculinum – ер тегi, feminimum – әйел тегi, neutrum – орта тек.

Латын зат есiмдерi жiктеледi және септеледi. Зат есiмнiң екi түрi бар: жекеше – singularis, көпше – pluralis және 6 септiгi бар: Nominativus – атау, Genetivus – iлiк, Dativus – барыс, Accusativus – табыс, Ablativus – шығыс, Vocativus – көмектес.

Латын тiлiнде зат есiмнiң 5 жiктеу түрi бар. Олар бiр-бiрiнен септiк жалғаулары арқылы ажыратылады.

 

1. Зат есiмнiң сөздiк формасы

1. Латын тiлiнде зат есiмдердiң сөздiк формасы, яғни сөздiкте жазылу түрі 3 бөлiктен тұрады: 1) атау септiгiндегi формасы толық жазылады. 2) iлiк септiгiнiң жалғауы көрсетiледi. 3) тегiнiң белгiсi (яғни m,n,f) берiлдi.

Мысалы: Атау Iлiк Тегi Мағынасы

Costa ae f қабырға

Musculus i m бұлшық ет

sternum i n кеуде

2. Зат есiмнiң жiктелуiн анықтау

Жiктеулер белгiсi – бұл жекеше түрдегi iлiк септiгiнiњ жалғаулары. (Gen. sing).

Iлiк сеп. Жiк.

аe I

i II

is III

us IV

es V

Мысалы: costa, ae f I sulcus, i m II, septum i n II скл., canalis, is m III, duсtus,us m, cornu, us n, facies, ei V

3. Зат есiмнiң негiзiн анықтау

Сөз негiзi – бұл сөздiң жалғаусыз бөлiгi. Зат есiмнiң негiзiн анықтау, оны түрде, септiкте дұрыс өзгерту үшiн және одан басқа сөздер түзу үшiн керек.

Зат есiмнiң негiзiн анықтау үшiн, оның жалғауын алып тастау керек.Мысалы:

Сөз Негiзi

Arteria arteri

Musculus muscul

Facies faci

Бiрақ кейбiр зат есiмдердiң жалғауларын алып тастау арқылы негiзiн анықтау мүмкiн емес. Себебi 3 жiктеудегi зат есiмдер негiзiнiң бiр бөлiгi iлiк септiгiнiң жалғауымен берiледi. Сондықтан ол зат есiмдердi iлiк септiгiне қойып, iлiк септiгiнiң жалғауын алып тастап, негiзiн анықтайды.

Мысалы: Атау Iлiк Негiзi

corpus corporis corpor

foramen foraminis foramin

4. Зат есiмнiң тегiн анықтау (род m, f, n)

Зат есiм тектерiнiң белгiсi - атау септiгiнiң жалғаулары.

А) Егер сөз атау септiгiнде us, er жалғаумен аяқталса, m - тегiне жатады.

Б) Егер um, on, u жалғаумен аяқталса, n - тегiне жатады.

В) Егер a, es жалғаумен аяқталса, f - тегiне жатады.

Бiрақ III жiктеудегi зат есiмдердiң жалғаулары әртүрлi болып келедi. Бұл зат есiмдердi бiз III жiктеудi өткен кезде жеке қарастырамыз.

I. Сөздердiң жалғауларына қарап қай жiктеу түрiне жататынын анықтаңдер.

A. Septum; encephălon; nasus, i; arcus, us; mandibula; cranium; incisura; skelěton; cornu por; palātum; lympha; concha; ductus, us; tuberculum; ramus, i; ganglion; vertebra; sinus, us; lamina; olecranon; maxilla; cerebrum; huměrus, i; meatus, us; clavicula; dorsum; processus, us; lingua; acromion; scapula; oculus, i; substantia.

B. Eminentia; brachium; tegmen; membrāna; recessus, us; digitus, i; fossa; aqu(a) e ductus, us; genu; porus, i; pecten; collum; vena; angulus, i; vestibulum.

C. Cementum; enamēlum; lingula; gallus, i; glandula; dentinum; bucca; frenulum; labyrinthus, i; malleolus, i; papilla.

II. Сөйлемдердi аударып, әр сөздiң сөздiк формасын атаңдер.

A. Spina scapulae, skelěton membri, ossa cranii; crista tuberculi, caput fibulae, angulus mandibulae, basis cranii, tuber maxillae, sulcus sinus, facies (articularis) acromii, linea nuchae, corpus tibiae, septum nasi, processus (styloideus) radii, vena portae, fossa grandulae (lacrimalis), raphe palāti.

B. Chorda tympāni, os digiti, tuberositas ulnae, aqu(a)eductus vestibuli, caput radii, ossa trunci, trochlea humeri, incisura acetabuli, canalis nervi, sulcus promontorii, bulbus oculi, membrāna sterni, ligamentum patellae, angulus sterni.

C. Substantia fundamentalis dentini, cornu pulpae, sulcus papillae, crista galli, corpus linguae, musculus uvulae palantinae, dorsum nasi, agger nasi.

Зат есiмдердiң сөздiк формасы

I-жiктеу

Ala, ae f – қанат Aorta, ae f – қолқа Arteria, ae f – артерия Concha, ae f – қалқан Costa, ae f - қабырға Crista, ae f – қыр, жота Lamina, ae f – табақша Lingua, ae f – тiл Mandibula, ae f – төменгi жақ Maxilla, ae f – жоғарғы жақ Orbita, ae f – көз шұнқыры Raphe, ae f – тiгiс Scapulla, ae f – жауырын   Spina, ae f – қылқан Vena, ae f – вена Vertebra, ae f – омыртқа Patella, ae f – тiзе үстi Sutura, ae f – тiгiс (сүйектiк) Tuba, ae f – түтiк Bussa, ae f – бет Gingiva, ae f – тiс қызыл етi Lingula, ae f – тiлше Papilla, ae f – емiзiкше Protuberantia, ae f - қырқа Pupla, ae f – жұмсақ жер

II-жiктеу

Angulus, i m –бұрыш Brachium, i n – иық Cavum, i n – қуыс Cranium, i n – бас сүйегi Ligamentum, i n – байлам Musculus, i m – бұлшық ет Septum, i n – аралық (кедергi) Sulсus, i m – сай Tumpanum, i n – дабыл Calcaneus, i m - өкше сүйек Digitus, i m – саусақ Humerus, i m – иық сүйегi Manubrium, i n – тұтқа Radius, i m – шыбық сүйек Sternum, i n – көкiрек, төс Alveolus, i m – альвеола Frenulum, i n – жүгенше Jugum, i n – қырқа Labium, i n – ерiн
III-жiктеу Corpus, oris n – дене Foramen, inis n – тесiк Os, ossis n – сүйек Crus, cruris n – аяқ, сирақ     V- жiктеу Facies, ei f – бет, беткей IV-жiктеу Arcus, us m – доға Cornu, us n – мүйiз Ductus, us m - өту жолы Processus, us m - өсiндi Sinus, us m – қойнау Textus, us m – ұлпа Genu, us n – тiзе

4 - cабақ

Тақырыбы: Сын есiм. Сын есiмнiң грамматикалық категориясы. Сын есiмнiң 2-тобы. Сөздiк формасы. Зат есiм мен сын есiмнiң байланысу жолдары.

 

Латын тiлiнде сын есiмдер зат есiмдердi анықтайды.

Мысалы: Caput longum - ұзын бас; os occipitale – шүйделiк сүйек.

Зат есiмдер сияқты сын есiмдер септеледi және түрге бөлiнедi, яғни жiктеледi.

NB – көңiл бөлiңіздер.

Латын сын есiмдерi тек I – II және III жiктеулерде жiктеледi. Олардың өздерiнiң тектiк жалғаулары болады. Мысалы: longus (m), longa (f), longum (n), liber (m), libera (f), liberum (n).

Сөздiк формасы.

1) Үш жалғаудан тұратын сын есiмдер сөздiк формасында m – тегi толық жазылады, сосын f – тегi жалғауы көрсетiледi, соңында n – тегi жалғауы жазылады. Мысалы: m f n

longus, a, um - ұзын.

Liber, a, um - бас.

Dexter, tra, trum - оң жақ

Еr – жалғаумен аяқталған сын есiмдердiң е - әрпi тек No m. Sing m – тегiнде сақталады. Ал басқа септiктерде f мен n – тектерiде түсiп қалады (яғни негiзгi өзгередi). Сондықтан сын есiмдер сөздiк формасында f және n тектерiнiң жалғаулары негiз бөлiгiмен берiледi. Мысалы: sinister, tra, trum – сол жақ.

NB – Көњiл бөлiніздер.

1) Сын есiм сөздiк формасы зат есiм сияқты 3 бөлiктен тұрады. Зат есiмнiң сөздiк формасы Nom.sing толық жазылады. Gen.sing жалғауы берiледi, сосын тегi көрсетiледi. Ал сын есiм тек Nom.sing барлық тектер жалғауларымен берiледi.

2) Көптеген сын есiмдердiң m және f тектерiнде жалғауы бiр болады - is, ал n тегiнде – е болады. Мұндай сын есiмдердiң сөздiк формасы екi бөлiктен тұрады: себебi m, f тектерiнiң жалғауы бiрдей және n тегiнде е жалғауы болады: Мысалы: vertebralis, e – омыртқалық

Frontalis, e – мандайлық

 

3) Кейбiр сын есiмдердiң жалғаулары 3 тектеде бiрдей болып келедi. Бұл сын есiмдердiң сөздiк формасы Nom.sing 3 текке бiрдей болады, сосын Gen.sing жалғауы негiз бөлiгiмен берiледi. Мысалы: simplex, icis – жәй.

Сонымен латын тiлiнде сын есiмдер 3, 2, 1 жалғаулардан тұрады екен.

 

Жалғаулар саны Nom.sing жалғаулары Сөздiк формасы Мағынасы
  M F N    
  us er er er er a a a is is um um um e e longus,a,um liber, a, um dexter, a, um celer, is, e saluber, is, e ұзын бос оң жақ тез емдiк
  is is e frontalis, e маңдайлы
  s x s X s x teres, etis simplex, icis дөнгелек жәй

Сын есiмдердiң екi тобы

Nom.sing тектiк жалғауларына қарай сын есiмдер латын тiлiнде екi топқа бөлiнедi. Қай топқа жататындығына қарай жiктеулерi анықталады.

I топқа бiрiншi және екiншi жiктеу түрлерiндегi сын есiмдер жатады. Олардың жалғаулары атау септiгiнде – us (er),-a,- um болып келедi.

Ал II топқа үшiншi жiктеу түрлерiндегi сын есiмдер жатады.

Олардыњ жалѓаулары атау септігінде - is, e болады.

 


Сын есiмдердiң жiктелуi

1. I топтағы сын есiмдер I – II жiктеулерде жiктеледi m - тегi – us, f тегi – a, n- тегi um

Мысалы: m m │ n n │ f f

Nom. Longus, dexter, │ longum, dextrum, │ longa, dextra

Gen. longi, dextri, longi, dextri, longae,dextrae

2-топтағы сын есiмдер 3-жiктеуде жiктеледi.

Gen sing 3-текте бiрдей болады.

M f n

Nom frontalis, simplex; frontalis, simplex; frontale,simplex;

Gen frontalis,simplicis; frontalis simplicis; frontalis simplicis;

 

Сын есiм жалғауларымен танысқаннан кейiн олардың зат есiмдерiмен қалай байланысатынын бiлу үшiн мынандай ереженi есте сақтау керек.

 

 
 

 

 


7. терминді ќажет формаға қою
5. зат есім жіктеуін анықтау қажет
6. сын есім жіктеуін анықтау керек

       
   
 
 


Мысалы: көлденең байлам.

1. Алғашқы формасын анықтаймыз: кiм? Не? жек. түрi -Nom.sing.

2. Зат есiм сөздiк формасы: processus, us, um.

3. Тегiн анықтаймыз: m.

4. Сын есiм сөздiк формасы: transversus, a, m.

5. Қажет сын есiмдi аламыз: transversus.

6. Байланыстырамыз: processus transversus.

 

IV. Сөздiк формасын аяқтаңдар.

Transversus, spinosus, cervicalis, osseus, spinalis, ethmoidalis, latus, obliquus, costalis, vertebralis, zygomaticus, orbitalis.

Longus, costarius, palatinus, sphenoidalis, frontalis, articularis, nutricius, ovalis, pelvinus, cerebralis.

Medianus, thoracicus, spongiosus, pterygoideus, mastoideus. Jugularis, temporalis, parietalis, basilaris, occipitalis.

 

 

V. Аударып, әр сөздiң сөздiк формасын анықтап, схемасын сызыңдар.

Substantia compacta et substantia spongiosa, os temporale, columna vertebralis, foramen vertebrale, facies articularis, processus articularis, processus transversus, foramen tranversarium, cornu sarcale, crista sacralis, foramen sacrale pelvinum, os sacrum, linea transversa, porus acusticus externus, sutura squamosa, palātum durum, palātum molle, protuberantia occipitalis externa, vena cava.

 

VI.Gen.sing – iлiк септiгiне қойып, сөздердi аударыңдар.

Spinosus (m), spinosa (f), spinosum (n), spinalis (m), spinalis (f), spinale (n), costarius (m), costaria (f), costarium (n), costalis (m), costalis (f), costale (n), transversus (m), transversa (f), transversum (n), transversalis (m), transversalis (f), transversale (n), osseus (m), ossea (f), osseum (n), ethmoidalis (m), ethmoidalis (f), ethmoidale (n), pterygoideus (m), pterygoidea (f), pterogoideum (n), sphenoidalis (m), sphenoidalis (f), sphenoidale (n).

 

VII. Аударып, схемасын сызыңдар.

A. 1)Vertebra thoracica; 2)corpus vertebrae thoracicae; 3)sinus petrosus; 4)sulcus sinus petrosi; 5)sinus sagittalis; 6)sulcus sinus sagittalis; 7)os palatinum; 8)lamina horizontalis ossis palatini; 9)os ethmoidale; 10)lamina orbitalis ossis ethmoidalis; 11)arteria temporalis media; 12)sulcus arteriae temporalis mediane; 13)pars petrosa; 14)facies partis petrosae; 15)os occipitale; 16)pars lateralis ossis occipitalis.

B. 1)Os sacrum; 2)basis ossis sacri; 3)facies articularis capitis fibulae; 4)tuber calcanei; 5)processus lateralis tuberis calcanei.

 

Жаңа сөздер

I жiктеудегi зат есiмдер

А. clavicula, ae f –бұғана Б. fibulla, ae f- асық жiлiк шыбығы

fascia, ae f- шандыр (фасция) squama, ae f – қабыршақ

nucha, ae f- желке tibia, ae – асық жiлiк

tonsilla, ae f- бадамша ulna, ae f – шынтақ сүйек

II жiктеудегi зат есiмдер

А. nasus, i m – мұрын Б. organum (s. organon), i n – мүше

palatum, i n - таңдай C. porus, i m - тесiк

vestibulum, i n - кiреберiс

III жiктеудегi зат есiмдер

A. caput, itis n - бас Б. os, oris n – ауыз

I топтағы сын есiмдер

А. dexter, tra, trum – оң жақ Б. albus, a, um – ақ

obliguus, a, um - қисық asper, era, erum – бұдырлы

osseus, a, um – сүйектiк coronarius, a, um – тәждiк

palatinus, a, um – таңдайлық iliacus, a, um – мықындық

pterygoideus, a um - қанат тәрiздi liber, era, erum - бос

reсtus, a, um - тiк niger, gra, grum - қара

sinister, tra, trum – сол жақ sacer, cra, crum – сегiзкөздiк

(сұйек)

thoracicus, a, um - кеуделiк C. durus, a, um - қатты

thyr (e) oideus, a um - қалқан тәрiздi masseter, a, um - шайнаушы

transversus, a um – көлденең myohyoideus, a, um – бұлшық ет

тiл асты

venosus, a, um – веналық palatoglossus, a, um –таңдай тiл

асты

zygomaticus, a, um - беттiк

II топтағы сын есiмдер

А. alaris, e - қанатты temporalis, e – самайлық

cerebralis, e- милық vertebralis, e – омыртқалық

cervicalis, e- мойындық Б. jugularis, e – алқалық

ethmoidalis, e - торлы sacralis, e – сегiзкөздiк

frontalis, e – маңдайлық C. alveolaris, e - альвеолярлы

mandibularis, e – төменгi жақтық buccalis, e –жақтық

maxillaris, e- жоғарғы жақтық dentalis, e – тiстiк

nasalis, e – мұрындық infraorbitalis, e - көз қарашығы

асты

occipitalis, e - шүйделік mentalis, e – иек асты

orbitalis, e – кµздік mollis, e – жұмсақ

sphenoidalis, e – сына тєрізді

 

5 – сабақ

Тақырыбы: Сын есiмдердiң салыстармалы және күшейтпелi шырайлары

 

Латын тiлiнде сын есiмнiң үш шырайы бар: жәй шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелi шырай. Латын тiлiнде сапалы сын есiмдердiң ғана шырайлары болады: кiшкентай, үлкен, терең, ақ, дөңгелек, жақсы.

Салыстырмалы шырайдың жасалу жолдары

Салыстырмалы шырай жәй шырай негiзiне m және f тектерiнде – ior жұрнағы, ал n – тегiнде ius жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы:

Жәй шырай Салыстырмалы шырай

Longus, a, um longior (m,f) longius (n)

Ruber, bra, brum rubrior, rubrius

Brevis, e brevior, brevius

Simplex, icis simplicior, simplicius

Салыстырмалы шырайдың сөздiк формасы

Салыстырмалы шырайдағы сын есiмдердiң сөздiк формасы екi жалғаулы сын есiмдер сияқты жазылады. Себебi m, f тектерiнiң жалғаулары ior, ал n - тегi - ius болып аяқталады.

Мысалы: longior (m, f), ius (n) - ұзынырақ

Rubrior, ius - қызылрақ

Brevior, ius - қысқарақ

“Үлкен”, “кiшi”, “төмен”, “алдыңғы”, “артқы”, “жоғары” сын есiмдерiнiң салыстырмалы шырайда ќолданылып, ќазаќшаѓа жєй шырай болып аударылады.

Бұл сөздер медицина терминологиясында өте жиi қолданылады. Сондықтан сөздердi құру және пайдалануда ерекшелiктерi бар.

“Үлкен” және “кiшi” сөздерiнiң әр шырайда негiзi әр түрлi болады: жәй шырайы: magnus, a, um - үлкен, parvus, a, um - кiшкентай; салыстырмалы шырайда: major, jus -үлкен, minor, us - кiшi

2 major, jus; minor, us с алыстырмалы шырай, медицина терминологиясында жұпты анатомиялық құрылымдарды атаған кезде пайдаланады.

Мысалы: a/a major - үлкен қанат; a/a minor – кiшi қанат.

Ал тақ анатомиялық құрылымдарды айтқан кезде, жәй шырайда қолданылады: foramen magnum - үлкен тесiк.

3)“Жоғары”, “төменгi”, “артқы” және “алдынғы” сын есiмдерiнiң латын тiлiнде жәй шырайдағы формасы жоқ. Сондықтан олар салыстырмалы шырайда берiледi, ал қазақ тiлiне жәй шырай ретiнде аударылады.

4) “Үлкен”, “кiшi”, “жоғарғы”, “төменгi”, “артқы”, “алдынғы” сын есiмдерi, көп сөзден тұратын терминдерде, тек қана зат есiмдi емес барлық сөз тiркесiн анықтайды. Сондықтан сөйлемде ең соңына жазылады. Мысалы: tuberculum thyroideum superius – жоғарғы қалқан тәрiздi төмпешiк.

Салыстырмалы шырайдағы сын есiмдердiң жiктелуi

Салыстырмалы шырайдағы сын есiмдер III жiктеуде жiктеледi, iлiк септiгiнде is- жалғаумен аяқталады. Iлiк септiгiнiң жалғауы ер тегiндегi формасына жалғанады.

Nom.Sing -ior, -ius.

Gen. sing -ioris, -ioris. Мысалы: anterior, ius – anterioris.

NB – көңiл бөлiңіз.

Салыстырмалы шырайдың iлiк септiгi ұш текте де бiрдей болады.

Жалғауы -is
Nom. sing -ior
Gen. sing. салыст. шырай m, f, n

= +

 

 

Мысалы: Nom.sing Gen.sing

 

Major (m)

Major (f) majoris

Majus (n)

Prosterior (m)

Prosterior (f) posterioris

Posterius (n)

 

I. Берiлген сын есiмдердi iлiк септiгiне қойыңдар.

Major, jus; minor, us; inferior, ius; anterior, ius; superior, ius; anterior, ius; brevior, ius; longior, ius; simplicior, ius; latior, ius; albior, ius; nigrior, ius.

 

II. Сөйлемдердi аударып, iлiк септiгiне қойыңдар.

Processus superior, incisura superior, foramen superius, arcus posterior, facies posterior, ligamentum posterius, sulcus major, ala major, caput majus, cornu majus et minus, labium inferius, ramus superior, incisura ischiadica major, tuberculum obturatorium posterius.

Musculus scalēnus anterior, tuberculum musculi scalēni anterioris, processus articularis superior, caput superius musculi pterygoidei lateralis, cingulum membri superioris, tuberculum mediale processus posterioris tali, tendo musculi tibialis posterioris, nervus cutaneus brachii lateralis inferior.

Жаңа сөздер

I жiктеудегi зат есiмдер:

A. bursa, aef- қап, қалта valvula, aef - қақпақша

pleura, aef – плевра (өкпенi жабатын vena portae – қақпа венасы

жұқа қабық)

II жiктеудегi зат есiмдер:

A. cerebellum, i n – мишық nervus, i m – жұйке

cerebrum, i n -үлкен ми nodus, i m – түйiн

encephalon, i n – бас миы oculus, i m – көз

ganglion, i n – жүйкелiк түйiн ostium, i n – тесiк

I топтағы сын есiмдер:

A. cavus, a, um - қуыстық Б. cutaneus, a, um- терiлiк

laryngeus, a, um –көмейлiк ischiadicus, a, um – шонданайлық

magnus, a, um – үлкен latus, a, um – кең

parvus, a, um – кiшi longus, a, um - ұзын

pharyngeus, a, um – жұтқыншақтық mastoideus, a, um - емiзiктiк

profundus, a, um – терең squamosus, a, um - қабыршақтық

II топтағы сын есiмдер:

A.auricularis, e құлақтық C. lacrimalis, e –көз жастық

dorsalis, e – арқалық lingualis, e - тiлдiк

facialis, e – беттiк

muscularis, e – бұлшық еттiк

parietalis, e – төбелiк

ventralis, e – iшкi жақ (вентральды)

 

Сын есiмнiң салыстырмалы шырайы:

A.anterior, ius – алдыңғы minor, us – кiшi

inferior, ius – төменгi posterior, ius - артқы

major, jus - үлкен superior, ius – жоғарғы

 

Сын есiмнiң күшейтпелi шырайы

Күшейтпелi шырай жәй шырай негiзiне –issim жұрнағы мен us(m), a(f), um(n) жалғаулары жалғану арқылы жасалады.

 

 

           
   
Тектік жалғаулары us(m), a(f), um (n) Longissimus, a, um Brevissimus, a, um
 
Жәй шырай негізі Long-, brev-,
 
- issim жұрнағы - issim - issim
 

 


+ +

 

 

Ал -er – жалғауымен аяқталған сын есiмдерге күшейтпелi шырайда -rim – жұрнағы мен us, a, um тектiк жалғаулары жалғанады.

Мысалы: ruber, a, um ruber-rimus, a, um.

Негiздерi әртүрлi сын есiм шырайлары

Әр түрлi шырайларда негiздерi толық өзгеретiн бiрнеше сын есiмдер бар.

Жәй шырай Салыстырмалы шырай Күшейтпелi шырай

magnus, a, um major, ius maximus, a, um

parvus, a, um minor, ius

minimus, a, um

Жалпы сын есiмдер туралы мәлiмет

Сын есiмдер түрлерi Жалғаулар саны Тектiк жалғаулары Мысалдар
Сын есiмдер I тобы   - us, - a, - um - er, - a, - um londus, a, um dextev, dra, trum
Сын есiмдер II тобы   еr, -is, -e іs, -e -s -ns - x celer, is, e frontalis, e teres, etis sapiens, ntis simplex, icis
Салыстырмалы шырай   -ior, -i u s major, jus
Күшейтпелi шырай   -us, -a, -um latissimus, a, um

 

 

I, II топтағы сын есiмдер, салыстырмалы және күшейтпелi шырайлар зат есiмдермен өздерiңiз бiлетiн ережелер бойынша байланысады. Ал II топтағы үш жалғаулы сын есiмдер -er, -is, -e зат есiмдермен жалпы ереже бойынша байланысады және медицина терминалогиясында олар өте сирек кездеседi.

Бiр жалғаудан тұратын сын есiмдер зат есiмдермен ереже бойынша байланысады. Бұл сын есiмдердiң жалғауы барлық текке бiрдей болғандықтан, зат есiммен байланысқанда да бiрдей болады.

Мысалы: herpes (m) simplex - жәй герпес

Articulatio (f)simplex - жәй буын

epithelium (n) simplex - жәй эпитемий

 

Бiр жалғаулы сын есiмдер барлық II топтағы сын есiмдер сияқты III жiктеу түрiнде септеледi. Осы кезде олардың iлiк септiгi негiзi өзгередi.

teres teretis дөңгелек

biceps bicipitis екi басты

sapiens sapientis ақылды

simplex simplicis жєй

Сын есiмдердiң зат есiмдер қатарына көшуi (субстантивация)

Сын есiмдер зат есiмдер қатарына көшкен кезде, қай текке ауысса сол тектiң формасы сақталады.

1. Iшек атауларындағы сын есiмдердiң зат есiмдер қатарына көшуi. Бұл кезде зат есiм қатарына көшкен сын есiмдер орта текте болады.

Мысалы: iliacus, a, um ileum, i n - мықын iшек.

rectus, a, um rectum, i n - тiк iшек.

2. Қабық атауларындағы сын есiмдердiң зат есiмдер қатарына көшуi:

- arachnoidens, a, um, arachnoidea, ae f – мидың торлы қабығы.

- conjunctivus, a, um conjunctiva, ae f – көздiң байланыстырушы

қабығы.

- corneus, a,um, cornea, ae f - көздiң мүйiзденген қабығы.

 

Жаттығулар

1. Сөйлемдердi аударып, схемасын сызыңдар.

Os longum, os breve, ligamentum teres, ligamentum latum, cornu majus, musculus teres major; cruss osseum simplex, substantia triplex, musculus quadriceps, ductus sublingualis major, glandula alveolaris simplex, lobulus quadrangularis, glandula simplex, ductus bilifer.

2. Сөйлемдердi аударып, схемасын сызыңдар.

A. Arcus palatoglossus, glandula sublingualis, lamina muscularis mucosae oesophāgi, musculus bronchooesophagēus, vena cerebri magna, musculus latissimus dorsi, bulbus duodēni, spatium retroperitoneale, cavum periton(a)ei, tunica muscularis oesophacgi, tunica mucosa trachēae, bronchus lobuiaris superior dexter, caput breve musculi bicipitis brachii, incisura ligamenti teritis hepitis, musculus rectococcygēus, glandula parathyr(e)oidea inferior, corpus ossis hyoidei, valvula semilunaris dextra ventriculi minor, plica transversalis recti, papilla duodēni major, spina iliғ+ca anterior superior, bronchus lobaris superior dexter.

В. Tuberculum hymeri minus, caput longum musculi bicipitis femoris, raphe perinēi, flexura duodenojejunalis, tenia libera coli et c(a)eci, musculus flexor digiti minimi brevis, ramus ascendens nervi hypoglossi, valva ileocecalis, bursa subtendinea musculi bicipitis femoris inferior, gyrus occipitotemporalis medialis, labium utěri anterius, papilla duodeni major, ostium urethrae externum, tunica muscularis vagīnae.

Жаңа сөздер

I жiктеудегi зат есiмдер

A.mucosa, aef – кiлегейлi қабық flexura, aef -иiлiм

tunica, aef – қабық uretra, aef – несепағар

B.conjunctiva, aef – конъюнктив C. corona, aef - тiс тәжi

II жiктеудегi зат есiмдер

A.colon, i n – тоқ iшек B. anus, i m – артқы тесiк

duodenum, i n – он екi елi iшек c (a) ecum, i n – соқыр iшек

ileum, i n – мықын iшек crassum, i n - жуан iшек

intestinum, i n – iшек fundus, i m – түбi,түп

oesophagus, i m – өңеш jejunum, i n – жiңiшке iшек

periton (a) eum, i n – iш перде, iш астар ovarium, i n – аналық без

reсtum, i n – тiк iшек perin (a) eum, i n – аралық

uterus, i m – жатыр truncus, i m – дене, тұлға

ventriculus, i m – қарынша





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-07-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 3711 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Настоящая ответственность бывает только личной. © Фазиль Искандер
==> читать все изречения...

2312 - | 2039 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.013 с.