Қазақ тілін саралап оқыту технологиясы. Оқушылардың шығармашылық қабілетін, ұшқыр қиялын дамытуға бағытталған деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы еліміздің оқыту саласында кеңінен қолданылып жүргендігі. Бұл технологияға қатысты мәселелерді алғаш зерттеген ғалым – Ж.Қараев. Оқушының оқу материалын меңгеру деңгейлерін дамыта отырып, деңгейлеп саралап оқыту технологиясының оқу жүйесіндегі теориялық және практикалық маңыздылығы. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының негізі деңгейлік тапсырмалармен тығыз сабақтасатындығы. Деңгейлік тапсырмалардың көздейтін мақсаты – оқушының ой-санасын жеңілден ауырға қарай біртіндеп өсіру, дамыту екендігі. Оқушылық, алгоритмдік, ізденімдік, шығармашылық деңгейлердің қазақ тілін оқытудағы маңыздылығы. Қазақ ілінің деңгейлік тапсырмалар арқылы оқытудың мақсаты мен міндетін айқындай отырып мәні мен мазмұнын ашу; олардың тілді үйретудегі ерекшеліктерін, ұтымдылығын айқындау. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқытуға арналған жұмыстар жүйесінің қызықтылығын, жүйелілігін, жетекшілігін танымдылығын анықтаудың тиімділігі.
Қазақ тілін қарқынды оқыту технологиясы. Қарқынды оқыту технологиясы – жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына, өздігінен шығармашылық жұмыс істей білу қабілетін және сабақ барысындағы іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруына бағытталған, қазақ тілін үйретуде алға қойған мақсатқа жетуге тиімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуді көздейтін, берілген тілдік материалды жедел әрі сапалы меңгертуге бағытталатындығы. Тілді сапалы меңгертудегі қарқынды оқыту технологиясының өзіндік ерекшеліктері мен ұстанымдарын анықтау. Қазақ тілін қарқынды оқыту уақыт талабынан туындап отырған жаңа әдістемелік жүйе екендігі. Оның қатысымдық ұстанымы, ұжымдық әрекеттестік ұстанымы жеке бағдарлық тілдік қатынас ұстанымы оқу үрдісін рөлдік үлгіде ұйымдастыру ұстанымы, оқу материалдары мен оқу үрдісін ұйымдастырудағы үйлесімділік ұстанымы арқылы жүзеге асатындығы.
Қазақ тілін технологиялық карта арқылы оқыту технологиясы. Педагогика ілімінде технологиялық карта деген ұғым білімді қолданысқа, меңгеруге ыңғайлы етіп жүйелеу, шоғырландыру, жинақтау болып табылатындығы. Қазақ тілін оқытуда технологиялық карта оқу материалын жүйелеу мен жоспарлау тізімі; оқушы зейінін басты тақырыпқа аударып, әр түрлі мәселелерді бір мақсатқа шоғырландыратын амал, тәсіл ретінде қарастырылуы. Оқушының белсенділігін білім мазмұны арқылы жүзеге асыру сол мақсатқа – оқытушы мен оқушының бірлесе отырып бағыт алуы технологиялық картаның ерекшелігін білдіретіндігі. Технолгиялық картаның құрылымы тақырыптың жалпы мақсатын анықтаудан, міндеттерді жүйелеуден, оқушының тақырыпты меңгеру барысындағы өз бетімен жұмысын мөлшерлеуден, тақырып бойынша білім деңгейін анықтаудан, тақырып бойынша білім деңгейін стандарт деңгейінен жоғарлатудан тұратындығы.
Дамыта оқыту технологиясы – дәстүрлі оқытуға қарама-қарсы альтернативті оқыту түрі. Дәстүрлі оқытудың басты мақсаты білмі беру, оқушылардың іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру болса, дамыта оқыту білімді де, тәрбиені де жеке тұлғаға бағыттай отырып, оны жан-жақты дамытуды мақсат ететіндігі. Оқытудың бұл түрі оқушылардың теориялық қабілеттерін дамытады. Модель, жоба жасау, оны қорғау – дамыта оқытудағы басты әдіс-тәсіл. Дамыта оқыту оқушылардың шығармашылық ойлауын да дамытады. Ал шығармашылық ойлау – шығармашылық табыстарға жетудің кепілі.
Ұжымдық оқыту технологиясы педагогика тарихында «Ұйымдастырылған диалог», «Ұжымдық оқыту» деп әртүрлі атала келіп, 30 жылдары еңбек еткен практик мұғалім А.Г.Ривиннің ізденісінен туған. Ұжымдық оқытудың басты белгілері көрсету. Әр баланың қабілетін, дарынын дамыту, ұжымдағы әрбір мүшенің өз талантымен әркімге және бір-біріне көмегі, ынтымақтастық; мұғаліммен оқушы іс-әрекетінің алмасып келіп отыруы. Мұғалімнің қызметін ұжымның атқаруы, яғни жаңа білімді меңгерту, тапсырмаларды орындау, бір-бірінің жұмыстарын саралауды, бағалауда, талдауда оқушының өздерінің жетекшілік етуі. Мұнда мұғалім – ұйымдастырушы, ақыл-кеңесші қызметін атқаратындығы. Ұжымдық оқытудың бір түрі – топтық жұмыс. Дәстүрлі оқытудағы топтық жұмыстардан ол өзгеше болады. Мұнда берілген тапсырмалар топ болып орындалады. Ұжымдық оқытуда тұрақты топ болмайды, олар үнемі ауысып отырады. Топтағы оқушылардың әр қайсысы басқа топқа барып, жұмыстарын ортаға сала алады. Үнемі ауысып отыру топ жұмыстарының өзіндік ерекшелігін даралайды. Жұптық жұмыстар – оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін дамытудың өнімді жолы. Осы мақсаттағы жұптық жұмыстың бір моделі төмендегңдей болып келеді; Сұрақ – тыңдау – сөйлесу – талдау – келісу – қорытындылау. Осы іс-әрекеттің барлығында оқушылар бір-бірімен үздіксіз тілдік қатынаста болады. Белгілі тәртіп, нақты мақсат, оқушыларды жүйелі жұмысқа жұмылдырады.
Проблемалық оқыту технологиясы шығармашылық жұмыстарды орындау барысында оқушыларға тың проблема қоя білуді көздейді. Проблемалық оқытуда мұғалім сабақты проблема қоя отырып түсіндіреді. Мұнда оқушылардың таным белсенділігін арттыру, оны шешу жолдары мақсат етіледі.
Қазақ тілін ізгілендіре оқыту технологиялары. Оның оқытушы мен оқушы қарым-қатынасының ізгілік және демократия негізінде құрылуы. Әр оқушының жеке ерекшелігі, ынтымақтаса әрекет жасау. Қазақ тілін оқытуды ізгілендіру тұжырымдамасы, оның басты қағидалары, ерекшеліктері.
Қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы оқыту технологиясы. Ойын типтері мен түрлері, мазмұндық, танымдық-тәрбиелік және құрылымдық ерешеліктері. Дидактикалық ойындар оқушылардың лидерлік қабілеттерін жетілдіріп өз пікірін дәлелдеуге, сыныптастарымен еркін пікірлесуге ықпал ететіндігі. Дидактикалық ойындар оқушыларды тілдік материалдарға қызықтыруымен қатар, тіл білімінен алған білімдерін бекіту, тереңдету үшін де тиімді. Мұның өзі дидактикалық ойындар оқушылардың танымын кеңейтіп, оның ойлау қабілетін, ізденімпаздығын, еңбекқорлығын жетілдіруде, олардың жеке тұлғалық қабілеттерін тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратынын көрсетеді.
Тапқырлық ойындар – оқушылардың логикалық ойлауын қалыптастыратын, әрбір тапсырмада жауаптардың варианттары берілген, соның арасынан дұрыс жауапты табуды қажет ететін ойын түрі. Ізденімдік ойындар – оқушыларды өздігінен ойлауға, меңгерген білімін жүйелеп, жинақтауға, жаңа білімді меңгерту барысында бегісізді іздеуге дағдыландыратын ойын түрі. Рөлдік ойындар – оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға, олардың жаңашыл ойлар мен тұжырымдар жасау қабілетін жетілдіруге арналған ойын түрі. Іскерлік ойындар – оқушылардың түрлі жағдаятта дұрыс сөйлеуін қалыптастыратын, диалогтық және монологтық сөйлеу үлгілерін жетілдіретін, көшбасшылық қабілеттерін дамытатын ойын түрі.
Қазақ тілін модуль арқылы оқыту технологиясы, негізгі ұстанымдары, қағидалары, материалды шоғырландыра ұсыну тәсілдері. Оқушы білімін бақылау, бағалау тәсілдері, рейтинг жүйесі оның мазмұндық және құрылымдық бөлінуі.
Қазақ тілін компьютерлік бағдардама арқылы оқыту технологиясының теориялық негіздері, ерекшеліктері. Оның мазмны мен құрылымын жобалау жолдары. Компьютермен оқыту технологиясының маңызды бір ерекшелігі – оқушының қазақ тіліндегі мәтіндерді түрлі әдістер арқылы меңгере отырып есінде қалмаған сабақтың сценарийін іске қоса отырып, қайта жаңарта алатын мүмкіндігінің болуы.