АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» ШЖҚ РМК
Жаратылыстану ғылыми пәндері кафедрасы
Силлабус
(Syllabus)
Пән: информатика
Пәннің коды: коды INF 1105
Мамандығы: 5В130100 - «Жалпы медицина»
Оқу сағатының/кредиттің*көлемі: 135/3
Курсы және оқу семестрі: 1 курс 2 семестр
Ақтөбе 2013 ж.
Силабус (оқу бағдарламасы) жаратылыстану ғылыми пәндері кафедрасында ҚР БЖҒМ 2005 жылдың 12 шілдедегі №480 бұйрығымен бекітілген әлеуметтік- ізгілендіру және жаратылыстану ғылыми пәндерінің типтік оқу бағдарламасына негізделе жасалған.
Жоғары маманды білім (бакалавриат) бағдарламасы бойынша оқитын БҚММУ студенттері үшінтағайындалды.
Автор(лар): кафедра оқытушылары.
«29» __08____ 2013ж. кафедра мәжілісінде талқыланды
№_ 1 _хаттама
Кафедра жетекшісі_ ___ __ _Изтлеуов М.К.
Оқытушылар туралы мағлұматтар:
Кафедра: жаратылыстану ғылыми пәндері
Кафедра жетекшісі: Изтлеуов Марат Капенович, медицина ғылымдарының докторы, профессор.
Аға оқытушы Нургалиева Дарига Утебаевна, магистр.
Аға оқытушы: Емжарова Гульмира Уахитовна.
Аға Оқытушы Ахметова Айнур Болатовна магистр.
Оқытушы Байменшина Раушан Мырзагалиевна магистр.
Оқытушы Жумашева Алмагуль Колганатовна магистр.
Аға Оқытушы Самбаева Сәнімгүл Серікқызы магистр.
Оқытушы Алпысбаева Гүлнұр Қозыбаққызы магистр.
Оқытушы Сакыпова Дана Сериккаликызы магистр.
Оқытушы Умирзакова Жанат Серикбаевна магистр.
Байланыс үшін ақпарат:
Кафедраның мекен-жайы Маресьев көшесі 68, ГУК, 5-этаж кабинет ИВТ,
телефоны: 56-48-66,
электрондық адресі: zkgma@mail.kz
Пәннің саясаты:
Информатика пәнін оқыту үрдісінде кафедраның студенттерге қоятын талабы: сабақтан қалмау және кешікпеу, сабақтың әрбір тақырыбына конспект жазу және ауызша дайындалу, тақырыптық жоспарға сәйкес аудиториядан тыс СӨЖ тапсырмаларын жазу және уақытылы тапсыру, міндетті түрде екінші аяқ киім және халат. Жұмыс бөлімдерін орындамаған кездегі қолданылатын шаралар: жіберілген сабақтар деканат келісімімен өтеледі, кафедрада өтеу күні – бейсенбі, ағымдық аптада жоспар бойынша аудиториядан тыс СӨЖ тапсырмаларын тапсырмаған студенттерге журналға Ғ бағасы қойылады (студент аудиториядан тыс СӨЖ тапсырмаларын себепті өткізбеген жағдайда келесі апта қосымша беріледі). Студент емтиханға толық курс аяқтағаннан кейін, яғни практикалық сабақтар мен аудиториядан тыс СӨЖ тапсырмаларынан қарызы жоқ кезде ғана өткізіледі. Емтиханға жіберілмеу критериилері: өтелмеген сабақтар, семестр бойына қанағаттанарлықсыз баға, аудиториядан тыс СӨЖ тапсырмаларын орындамау.
Студенттің өз бетімен дайындалуы үшін ұйымдастырылған кафедра мүмкіндіктері: кафедрада электронды оқулық, студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулар қарастырылған. Кафедра жоспары бойынша курста студенттің ғылыми кружогы жоспарланған. Оқытылатын пән бойынша кеңес беру графикке сәйкес бейсенбіде 1600 - 1800 өткізіледі.
1. Кіріспе: Денсаулық сақтауды ауқымды ақпараттандырумен байланысты болашақ дәрігерлерге медициналық ғылымды ақпараттандыру және жаңа компьютерлік технологиялармен информатика негіздерін білу қажет.
2. Пәннің мақсаты: Медицина вузының студенттерін информатика негіздері мен және денсаулық сақтаудағы ақпараттандыру әдістері, жаңа компьютерлік технологиялармен таныстырып және де қазіргі деңгейдегі ақпараттандыруда практика жүзінде іскерлігі және дағдысын қалыптастыру.
Оқыту мақсаттары
1. өзінің кәсіпшілік қызметінде қазіргі компьютерлік программаларды қолданып іскерлігін дамыту;
2. медико-биологиялық зерттеуде «Медициналық статистика» программа пакетін қолдану;
3. медико-биологиялық есептерді алгоритмдеуде және бағдарламалауда іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру;
4. ҚР «Электрондық үкімет» бағдарламасын қалыптастыруда студенттерді мақсатымен және тапсырмаларымен, мемлекеттік органдарда қазіргі кездегі ақпараттандыруды талдауды, бағдарлама механизмдерімен және негізгі бағыттарымен таныстыру;
5. жергілікті желі және Internet қолданып іскерлігін дамыту.