Оқу курсы бағдарламасындағы оқытудың соңғы нәтижелерінің жалпы көлемі:
Білім алу деңгейі | Рөлдермен берілген құзіреттіліктер | Оқытудың соңғы нәтижелері (бағалау әдісі) |
Б1.1 | ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ(1) - БІЛІМІН ҚОЛДАНУ | Білім (когнитивті) домені: Қолданады: кенеттен науқастанған адамдардың немесе зардап шегушінің жалпы жағдайын бағалау немесе зардап шегушінің өміріне қауіпті және шұғыл көмекті қажет ететін патологиялық жағдайларды анықтауда осы пәннен алған білімін; Дағдылар (психомоторлы) домені:. Дәлділік: зардап шегушілердің немесе кенеттен науқастанғандардың өмірін құтқаруда алғашқы медициналық көмек көрсетуді дәлдәкпен орындайды; Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үйлестіреді: іс-әрекетінде ғылыми жаңалықтардың құндылықтарын үйлестіреді. |
Б2.1 | ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ(1) - КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ДАҒДЫЛАР | Білім (когнитивті) домені: Қолданады: науқаспен,оның туыстарымен және басқада медицина қызметкерлерімен барынша сенімді қарым-қатынас құру барысында этикалық принциптерді; Дағдылар (психомоторлы) домені:. Дәлділік: медициналық сұхбатты тиімді түрде бере алады; Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үйлестіреді: коммуника-циялық дағдылар принциптерінің құндылыктарын үйлестіреді. |
Б2.2 | ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ(1) - НАУҚАСТЫ ЖҮРГІЗУ | Білім (когнитивті) домені: Есте сақтайды: науқасқа немесе зардап шегушінің өміріне қауіп төндіретін жағдайда,шұғыл көмекті қажет ететін патологиялық жағдайларды; Түсінеді: науқасқа немесе зардап шегушінің өміріне қауіп төндіретін жағдайлардажүйелер бойынша дамыған патологиялық процестердің негізгі клиникалық симптомдары мен синдромдарын;клиникалық белгілердің айқындалу дәрежесін бағалауды; Қолданады: науқасқа немесе зардап шегушінің жалпы жағдайын,жарақаттану түрін ерекшелігін бағалау,көрсетілетін жедел көмек түрін анықтап,соған сәйкес көмекті кезектілігімен орындау барысында білімін; Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: анамнез жинау,физикалық тексеру (қарау, пальпация, перкуссия және аускультация жүргізуді,ЭКГ түсіру) және осы дағдылардың нәтежесінде диагноз қойып алғашқы көмек көрсетуді,ӨЖЖ-ді,жүрекке тікелей емес массаж жасауды,интубация жасауды,асқазанды жууды дәлділікпен жасайды. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үйлестіреді: жасаған іс-әрекетінің құндылықтарын үйлестіре отырып,дұрыс ұйымдастырады; |
Б2.3 | (1)МЕДИЦИНАЛЫҚ ПРОЦЕДУРАЛАР:Бакалавр дәрежесіне сәйкес стандартты медициналық процедураларды жасай алатындығын көрсетеді | Білім (когнитивті) домені: Қолданады: науқасқа немесе зардап шегушінің жалпы жағдайын,жарақаттану түрін ерекшелігін бағалау,көрсетілетін жедел көмек түрін анықтап,соған сәйкес көмекті кезектілігімен орындау барысында білімін; Дағдылар (психомоторлы) домені:. Дәлділік: анамнез жинау,физикалық тексеру (қарау, пальпация, перкуссия және аускультация жүргізуді,ЭКГ түсіру) және осы дағдылардың нәтежесінде диагноз қойып алғашқы көмек көрсетуді,ӨЖЖ-ді,жүрекке тікелей емес массаж жасауды,интубация жасауды,асқазанды жууды,шина,таңғыштар салуды,қан тоқтату әдістерін дәлділікпен жасайды. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үйлестіреді: жасаған іс-әрекетінің құндылықтарын үйлестіре отырып,дұрыс ұйымдастырады; |
Оқудың соңғы нәтижесін талдау:
Студент білуі тиіс:
· науқастың (зардап шегуші) өміріне қауіпті және шұғыл көмекті қажет ететін патологиялық жағдайлардың негізгі клиникалық белгілерін;
· зардап шегушілердің және кенеттен науқастанғандардың өмірін құтқаруда дәрігерге дейінгі көмек көрсету шараларының кезектілігін;· төтенше жағдайлар кезінде жұмыс жасауда дәрігер мен пациенттің негізгі қауіпсіздігін; Студент істей алуы тиіс: · кенеттен науқастанғанның немесе зардап шегушінің жалпы жағдайын бағалау;· өмірге қауіп тудырушы жағдайларда жедел жәрдем көрсету;· пациентпен, оның туыстарымен, әріптестермен және басқа медициналық қызметкерлермен барынша сенімді қарым-қатынас туғызу;
· командамен жұмыс істеу.
· ЭКГ түсіру және талдау.
· «ауыздан ауызға» және «ауыздан мұрынға» жасанды тыныс беруді өткізу;
· жүректің жабық массажын жасау;
· коникотомия;
· жұмсақ катетермен қуықты катетеризациялау;
· гипертониялық кризді басу;
· шаншулар кезіндегі ауыру синдромын басу;
· бронхообструкция синдромын басу;
· талма кезінде жедел жәрдем көрсету;
· сыртқы қан кетуді тоқтату;
· асқазанды сүңгісіз жуу;
· жарақаттар кезінде аяқ-қолды иммобилизациялау;
· анафилактикалық шокты, Квинке ісінуін және есекжемді басу;
· гипогликемиялық жағдайды басу;
· жіті коронарлық синдром кезінде ауыру сезімін басу;
2.5. Реквизитке дейінгі және реквизиттен кейінгі:
Реквизитке дейінгі: анатомия, физиология, микробиология, ішкі аурулар пропедевтикасы, коммуникативті дағдылар, дәлелді медицина негіздері, фармакология, патологиялық анатомия, патологиялық физиология.
Реквизиттен кейнгі: акушерия және гинекология, педиатрия, хирургия, травматология, жалпы дәрігерлік тәжірибе, интернатура.