№ | Тапсырмалардың мазмұны | Сағат саны | Тапсыру мезгілі | Бақылау түрі |
1. Табиғат ақын жырында 2.Ілияс шығармаларындағы бейнелі сөздер 3.Ақын жырларындағы адамның мінез- құлықтары 4.І. Жансүгіров поэзиясы тіліндегі теңеулердің қолданысы | 2-4 апта | Реферат қорғау 1 тақырыпты таңдау | ||
1. І.Жансүгіровтің «Рүстем қырғыны» поэмасындағы трагедиялық ахуал 2. І. Жансүгіровтің «Қолбала» поэмасындағы уақыт бояулары 3. І.Жансүгіровтің «Мақпал» поэмасының көркемдік ерекшелігі 4. «Азат» деген күй тартып... («Күйші» поэмасындағы Ойсыл күйші бейнесі) | 5-7 апта | Реферат қорғау 1 тақырыпты таңдау | ||
1. I.Жансүгіровтің «Кек» пьесасының бас кейіпкері және оның прототипі 2. Ілияс ақын Исатай-Махамбет туралы 3. I.Жансүгіровтің «Кек» пьесасындағы көркемдік ізденістер 4. Сатирадағы Ілияс кейіпкерлері | 9-11 апта | Реферат қорғау 1 тақырыпты таңдау | ||
1.Профессор Т.Сыдықов Ілияс туралы 2.Профессор М.Иманғазинов Ілияс туралы | 12-14 апта | Реферат қорғау 1 тақырыпты таңдау | ||
Барлығы |
ГЛОССАРИЙ
Әдеби терминдер | Терминдердің қазақша түсіндірмесі |
Айдауыл | Қолға түскен тұтқынды, не тұтқындағы адамдарды бір жерден екінші бір жерге айдап жүруші арнайы әскер, конвой. “Айдауылдың алдына түспе, аламанның талауына түспе” деген мақал олардың қаталдығынан туған сөз. | ||
Ақтағыр | Киіз үйдің шағын түрі. Әдетте екі қанатты, кішкентай болады, екі үзікпен жабылады. | ||
Айбалта | Бұл соғыс қаруы. Ежелгі Мысыр заманынан белгілі. Ежелгі түркі, қыпшақтарда ХІҮ ғасырда кең тараған қару. | ||
Айттыру | Ежелгі түркі заманында (ҮІ) қалыптасқан салт-дәстүр. Бұл – қызға құда түсер алдындағы салт. Жігіттің әкесі кісі жіберіп, қыз басының бостығын, әке – шешесінің айттыруға қарсы еместігін біледі. Сонан соң қызды ресми түрде айттырады. | ||
Бұла | Көбіне жауға қарсы мінетін, бәйгеге қосатын жылқыны бұла етіп өсіреді. Дөнен шыққанша, енесін еміп, мәпелеп қолда өсірген жылқы. | ||
Апай төс | Шөбі шүйгін, бұлағы көп, тау бөктеріндегі, салқын жел есіп тұратын төскей жерлер. Ескі жырларда “төскейде мал, төсекте бас қосқан едік” деп келеді. | ||
Апан құдық | Пайдаланудан қалған ескі құдық. | ||
Қасат қар | Ұзақ жатқан қалың қар | ||
Алапа | Олжа, пайда, табыс | ||
Керней | Аттаныс белгісін беру үшін адамдар жинауға пайдаланған. | ||
Антитеза | (Грек.) – қарама-қарсылық сөйлеу фигурасы. | ||
Антонимдер | (Грек.) – қарама-қарсы мағынадағы бір сөз табының сөздері | ||
Антонимия | Қарама-қарсы мағынасы бар лексикалық бірліктердің семантикалық қатынастарының түрі | ||
Антропонимика | (Грек.) – адам есімдерін зерттейтін ономастиканың бөлімі | ||
Ассонанс | Бірыңғай дауысты дыбыстардың қайталануы | ||
Дәйексөз (цитата) | Төл сөздің бір түрі. Басқа біреудің айтқан пікірінен үзінді алынып, өзгертілмей беріледі | ||
Диалектизмдер | Әдеби тілге енбейтін, белгілі бір территорияға тән тіл ерекшеліктері | ||
Диалог | (Грек.) – екі не бірнеше адамның сұрақ-жауап ретіндегі сөйлесіп, тіл қатысуы | ||
Жаргон | (Фр.) – жеке әлеуметтік топтың ауызекі қолданыстағы сөйлеу түрі | ||
Интонация | (Лат.) – мелодия, интенсивтілік, ұзақтық, сөз темпі, айту тембрі сияқты бір-бірімен байланысты сыңарлардың бірлігі | ||
Историзмдер | Көнерген, ескірген ұғымды білдіретін сөз немесе сөз тіркесі | ||
Калька | (Фр.) – шет тілдерден жолма-жол аударудың арқасында пайда болған жаңа сөз, фразеологизм не сөздің жаңа мағынасы | ||
Коммуникация | (Лат.) – араласу, ойлармен, идеялармен, деректермен бөлісу т.б. | ||
Қанатты сөздер | Фольклор, әдебиет, публицистика не ғылымнан енген және тарихи қайраткерлердің айтқан тұрақты, образды, қысқаша сапталған сөйлемдері | ||
Метафора | (грек.) – троп немесе сөйлеу механизмі. М. сөздің басқа мағынада қолданылуы. | ||
Метонимия | (Грек.) – троптың бір түрі, бір объектінің не объектілер тобының атауын басқа объектігеқолдану. | ||
Перифраза | Бір ойды көптеген тәсілмен жеткізетін стилистикалық тәсіл. | ||
Полилог | (Грек.)-бірнеше адамның әңгіме құруы. | ||
Полисемия | (Грек.)-тіл бірлігінде бірнеше мағынаның болуы. Лексикалық П. бір сөз арқылы болмыстың түрлі заттары мен құбылыстарын белгілеу қабілеті. Сөздің мағыналық жағынан дамуы. Сөздік қордағы сөздерге тән қасиет. Қазақ тілінде зерттеле қоймаған. К.Аханов, Р.Садықбеков еңбектері бар. | ||
Ритм | (Грек.)-құрылымдық, текст жасау және экспрессивті-эмоциялық қызмет атқаратын ұқсас, үйлесімді тіл бірлектерінің жүйелі қайталанып тұруы. | ||
Риторика | (Грек.)-прозалық қара сөз және ауызекі көркем сөздің жасалуын зерттейтін филологиялық пән. | ||
Сема | (Грек.)-мағынаның ең кіші бірлігі. Сема –белгіленетін заттардың, болмыс құбылыстарының әр түрлі қырлары мен қасиеттерінің тілдегі элементарлы көрінісі. | ||
Семантика | (Грек.)-1) тіл немесе оның бірлігі (сөз, сөздің грамматикалық тұлғасы, сөз тіркесі, сөйлем) арқылы берілетін мағына, хабар; 2) Осы мағынаны, хабарды зерттейтін тіл білімінің саласы; 3) Семиотиканың негізгі тарауларының бірі. | ||
Синекдоха | (Грек.)-жалпының орнына жалқы, бүтіннің орнына бөлшек немесе керісінше қолданылатын стилистикалық тәсілмен жаңа мағына жасау жолы. | ||
Синонимдер | (Грек.)-мағыналары толық не жартылай сәйкес келетін, бір сөз табына жататын сөздер (фразеологизмдер, морфемалар, синтаксистік құрылымдар). | ||
Сөйлеу этикеті | Қоғамда қабылданған ресми не бейресми жағдайда әңгіме құрушылардың әлеуметтік рөліне сай болатын сұхбаттасу ережелерінің тұрақты жүйесі. | ||
Стилистика | Тіл білімінің бір бөлімі. Оның негізгі зерттеу объектісі-стиль | ||
Табу | (Полинезия сөзі)-кейбір сөздерді, есімдерді, сөйлемдерді атауға тиым салу. | ||
Термин | (Лат.)-Ғылымның арнайы саласындағы ұғымды білдіретін сөз не сөз тіркесі. | ||
Троп | (Грек.)-Поэтика мен стилистикадағы түсінік. Троп –ауыспалы мағынада қолданылатын сөздер (образдар). Жеке Троптар: метафора, метонимия, синекдоха, эпитет, гипербола, литота, оксюморон, перифраза. | ||
Филология | (Грек. – гуманитариялық пәндердің кешені, олар: тіл білімі, әдебиеттану, текстология, палеография т.б. | ||
Фраза | (Грек.) – толық ойды білдіретін сөйлеудің негізгі бірлігі. Фразаның белгілі синтаксистік құрылысы болады. Фраза сөйлемге айналуы мүмкін, ол бірнеше синтгармадан тұрады; Паузалармен шектелген сйлемнің атауы; Паузамен шектелген кез келеген интонациялық-мағналық бірлік. Лексикадағы фразаға қарсы қойылады. | ||
Эвфемизм | (Гек.) – эмоция жағынан бейтарап сөздер. Эвфемизм құлаққа ерсі естілетін сөздердің синонимдері ретінде жұмсалады. | ||
Эллипсис | (Грек.) – сөйлеуде не тексте тіл бірлігінің жетіспеуі, әдейі түсірілуі. | ||