Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Адамның өлімі мен өлместігі




Мәселеге терең қарағанда, өмірдің мән-мағнасы болуының өзі оның өліммен бітетінінде болса керек. Расында да, біле-білген адамға өмірдің шектелгені әрбір күн мен жылды, минут пен сағатты бағалауға, тиімді жұмсауға итереді. Антик дәуіріндегі стоиктер “Өлімді есіңнен шығарма!”,- деген болатын. Оның терең мәні - өз өміріңде әр іс-қимыл, басқа адамдарға деген қатынастар, айтайын деген сөзіңді өмірдің соңындағы сияқты сезінуде. Мұндай өмірлік бағытты ұстау - адам өміріндегі қайсыбір уақиғаны терең сезініп-тебіренуге, мейлінше мазмұнды өмір сүруге әкеледі. Жайшылықты өмірде байқалмайтын кіші-гірім нәрселерге көңіл бөлініп, Дүниенің ғажаптығы айқындалып сезіледі.

Кезінде Ұлы Платон философия ғылымы бізді абыроймен өлуге үйретеді,- деген болатын. Бұл пікірге толығынан қосылуға болатын сияқты. Кейбіреулер өмірінің жартысын “гүлге қонған көбелек” сияқты өткізіп, қырыққа келіп, ақылы тоқталған кезінде өз алдына өмірлік мақсаттар қойып, оны асыға істей бастайды. Бірақ, көп жағдайда “Ұлы мәртебелі Табиғат” оларды аяқтауға уақыт бермейді. Ондай адам өлер алдында бұлқан-талқан болып, бүкіл ағайын-туғандарын тік тұрғызып, көп жағдайда азапқа салады. Ондай адамға өлер алдында “Әттең-ай!”,- деген өкініш келіп, сол аянышты сезіммен өмірден кетеді.Екіншілерге өлім үрейін аттап өтуге діни сенім көмектеседі. Олар тәні болмағанмен, жан-дүнием мәңгі өмір сүреді,- деген үмітпен өмірмен қоштасады.

Үшіншілер бұл күйбең өмірде ішіп-жеу, ойын-сауық құру, әр сәттен ләззәт алудан басқа еш нәрсе жоқ,- деген өмірлік бағыт ұстайды. Бірақ, оқтын-оқтын мешітке барып (кім біледі, мүмкін Алла–тағала бар шығар,- деген ой кейбір кезде оның жүрегін сыздатады) садақа беріп, намаз оқытады. Бірақ, бәрібір ол болашақ өлімнің мұздаған лебінен құтыла алмай, жаны түршігеді.

Енді Платонның айтқан философиялық дайындығы бар адамға келсек, ол өз өмірін бүкіл Табиғаттың, Ғарыштың өмірімен байланыстырып, өзін телегей-теңіздегі бір ғана тамшы ретінде сезінеді. Ол оны үлкен тебіреніске әкеліп, өлім өмірдің соңында келетін заңды табиғи үрдіс екеніне көзі жетеді. Ондай адамды өлім үрейлендіре алмайды.

Бесінші адамдар өз тағдырының шеңберінде тырысып бағып өмірдің шаттығын да, зардабын да толығынан басынан өткізіп, бұл өмірде өзіне тән із қалдыру жолында бар күш-қуатын аямай жұмсап, өлім алдына өмірден шаршаған сияқты сезіммен келеді. Ол өз өмірін толығынан аяқтады. Ешқандай өкініш жоқ. Орындалмаған армандар болғанның өзінде, ол оны табиғи заңдылық ретінде түсінеді. Ол – нағыз адам. Ондай адам көп жұрттың есінде мәңгілік қалады.

Соңғы жылдары Батыс университеттері мінбелерінде “аутоназия” (auto - өзім, nazіa - өлім) мәселесі қызу талқылануда. Орыс әдебиетінде бұл терминді өз тілдеріне жақындатып “эвтаназия”,- дейді. Әңгіме адамның өз еркімен қоғамның көмегі арқылы бұл дүниеден кетуі. Яғни, оның “суицидтан”- өзін-өзі өлтіруден айырмашылығы – ол қоғамның рұқсаты және көмегімен өз қалауы бойынша дүниемен қоштасады. Тәндік-сезімдік ләззәт алу өмір бағытын ұстаған Батыс адамы өмірінің соңында да еш зардап шекпей бұл өмірден тәтті ұйқыға шомылып кете барғысы келеді. Енді бұл мәселені біз де талдап көрелік.

Бір қарағанда бұл мәселені Батыс цивилизациясының гуманистік даму жолындағы үлкен жетістіктерінің бірі ретінде қарағың келеді. Расында да, егер адам қатерлі ісікпен (рак) ауырып, қатты зардап шегуде, я болмаса, қартайып, қолынан күш кетіп ешкімге керек болмай қалған т.с.с. жағдайда қоғам ондай адамдарға өз еркімен дүниеден кетуге көмектессе де болатын сияқты.

Бірақ, мұндай көзқарас бүкіл дүниежүзілік діндердегі өмір жөніндегі терең интуицияларға (көкей көзге) қайшы келеді. Бұл Дүниеге келген әр адам Иса пайғамбардың арқалаған ауыр жүгіне мойынсынуы керек. Екіншіден, бірде бір адам өмір соңында “қайғылы үштікті” (зардап, күнә, өлім) аттап кете алмайды. Ол да болса өмірдің соңғы тәжірибелерінің бірі, қоршаған адамдарға ой салатын өнеге емес пе?! Соңғы өмір зардаптарынан өту – адам рухын шексіз күшейтіп, оның ішкі жан-дүниесін тазартып, адамның абыроймен бұл дүниемен қоштасуына мүмкіндік жасайды.

Мәселеге философиялық тұрғыдан келсек, бұл Дүниеде адамнан асқан құндылық жоқ, сондықтан, ешкімнің де адам өмірін қиуға (соның ішінде - адамның өзін-өзі де) құқы жоқ.

Аутоназияның моральдық-құқтық жағына келер болсақ, ғалымдардың айтуына қарағанда, заңды түрде оны өмірге еңгізгенде неше-түрлі басқа теріс салдарлар пайда болуы мүмкін. Мысалы, адамның дене мүшелерін сату, екіншіден, адам жүрегіне үрей салып өмірден кету жөнінде шешімге келуге мәжбүрлеу т.с.с. келеңсіз жағдайлардың пайда болуы ғажап емес.

Бүгінгі таңда тек Голландия елінде парламент деңгейінде аутоназия жөнінде заң қабылданып ол іске асуда.

Енді келесі үлкен мәселені – өлместік. Бұл мәселе адам өмірі мән-мағнасымен тығыз байланысты екенін сол сәтте байқауға болады. Егер бұл дүниеге келген адам өз ізін қалдырмаса, онда ол не үшін келді, оның жаңбыр құртынан айырмашылығы қандай?,- деген сұрақ пайда болады емес пе!

Өлместік мәселесі – кез келген діннің өзегін құрайды. Құдайдың бар, я болмаса, жоқ екенін ешқашанда ешкім дәлелдей алмаса да, миллиардтаған адамдар осы уақытқа дейін Оған сенеді, өйткені, өлместікті аңсайды. Бүгінгі таңдағы иудаизм, христиандық және ислам діндері адам өлгеннен кейінгі оның жан-дүниесінің өлместігін мойындайды. Дегенмен де, бүгінгі таңдағы бірде-бір дін өмір, я болмаса, өлімнің не екенін түсінікті ғылып адамға жеткізе алмайды.

Идеалистік философиядағы өлместік жөніндегі ойлар діни көзқарасқа өте жақын. Алайда, мыңдаған жылдарға созылған адамзат тәжірибесінде ешкім де қайта тірілген жоқ және қазіргі білімді адамға “о дүниеде денесіз мәңгі өмір сүретін жанды” көзге елестету өте қиын шаруа екенін ашық айту керек. Көп адамдар оған сенбейді де.

Олай болса, өлместік деп нені түсінуге болады? Бүгінгі таңдағы ғылыми деректерге сүйене отырып, біз тіпті дене ретінде де мүлде өшпейтінімізді айтып кетуіміз керек. Өйткені, өмір жаңа өмірді тудырып өз өмірін жалғастыра береді. Біздің бет-әлпет, мінез-құлық, сезім, дене бітім, табиғи дарын т.с.с. ерекшеліктеріміз – толығынан болмаса да – болашақ ұрпақтарға дариды. Олай болса, біз толығынан бұл өмірден кетпейміз, бала, немере өмірі арқылы қала береміз.

Енді адамның жан-дүниесі, рухына келер болсақ, ұлы адамдардың шығармашылық ісі адамзат тарихында мәңгілік сақталады. Абай, Құрманғазы, Шоқан, т.с.с. мыңдаған қазақ халқы тудырған асылдар өз шығармашылығымен тарихта мәңгі өмір сүреді. Олардың тудырған рухани құндылықтарынан біз мәңгіліктің қоңыр лебін сезінгендей боламыз.

Енді миллиондаған қарапайым адамдардың тағдырына келер болсақ, олардың өлместігі - өз өмір шеңберіндегі жасаған басқа адамдарға деген жақсылығымен байланысты болса керек. Өйткені, ол олардың есінде қалады. Ол дене ретінде көз алдымызда жоқ болса да, рух ретінде – бізбен бірге өмір сүріп қала береді. Ұлы Конфуцзы айтқандай, жақсы адам халықтың сый-сияпатына ие болса, жаман адам ит сияқты бір шұңқырда ұмыт болып қалады.

Десек те, әрине, қазіргі адам мұндай көзқараспен келіскісі келмейді, ол шынайы өлместікті армандап, барлық үмітін ғылымға артады. Әсіресе, тез қарқынмен дамып келе жатқан гендік инженерия саласы болашақта адам өмірін бейнақтылы ұзарта беруге болатынын айтады. Алайда, біздің ойымызша, ол – жалған жол болса керек. Әрине, гендік инженерияның жетістіктеріне сүйене отырып тұқым қуатын аурулармен күрессек - ол жақсы. Ал адамның өмірін гендік жолмен ұзартуға бағытталған зерттеулер қандай салдарларға әкелуі мүмкін – оны ешкім бүгінгі таңда білмейді. Кейбір ғалымдардың айтуына қарағанда, оның теріс салдары – ядролық бомбаны ойлап шығарғаннан да жаман болуы мүмкін. Екінші жағынан, адам Дүниедегі ең теңдесі жоқ биік құндылық болғаннан кейін оның өмірі мен денесіне жасанды тәжірибелер жасау - қылмыс болар еді (адам көлбақа емес қой).

Мәселенің ғылыми емес, моральдық жағына келер болсақ, жер бетінде өзі тудырған бірде-бір қауып-қатерді адамзат әлі шешкен жоқ. Жеке адамның өмірін ұзартпақ түгіл, бүкіл адамзаттың құрып кету мүмкіндігі (ядролық соғыс, я болмаса экологиялық апат) осы уақытқа дейін күн тәртібінен шығарылған жоқ. Осы адамға шынайы өлместіктің керегі қанша, егер ол күнбе-күн соғыс-қақтығыстарда бір-бірін осы уақытқа дейін өлтіріп жатса?,- деген заңды сұрақ дереу ойға келеді.

Қорыта келе, шынайы өлместік бүкіл миллиардтаған жылдар бойы қалыптасқан іргетасты табиғат заңдылықтарына қайшы келеді,- дер едік. Әңгіме бізге берілген теңдесі жоқ сый - өмірді – бақытты мүмкіндіктерді іске асыруға, өз өмір шеңберінде үлкен маңызды істерді жасап өз ізіңді қалдыруда болса керек. Оларды өлім жоя алмайды.

Философиялық антропология – 1920-1970 ж.ж. неміс философиясындағы ағым. Оның жолын ашқан Маркс Шелер және Хельмут Плеснер. Философияның антропологияның барлық өкілдеріне орталық нәрсе адамды тұтастай алып қарауға ұмтылу болды, адамның органикалық ерекшеліктерін, танымдық қабілеттерін, эмоционалдық сферасын, мәдениеті мен әлеуметтігін түсіндіретін бірыңғай принципті іздеу болды. Шелердің пікірінше, адам бүкіл жануарларға қарама-қарсы заттардың жинақталған бірлігін білдіреді. Адамның мәні жануарларда да бар ақыл-ойда емес. Оның рухында, яғни рух ақыл-ойда жоғары және өмірден тыс. Рух қоршаған әлемнен тыс және ерікті. Философиялық антропологияға адамның мәнін тануда эклектика (шатастыру) тән. Бұлайша шатастыру 70-ші жылдардың ортасында философиялық антропологияның өзінің өзгешелігін, ерекшелігін жоғалтып алуына әкелді.

Марксизм адамның мәні әлеуметтік деп көрсетеді. Маркстің сөзі бойынша, адам қоғамдық қатынастың субъектісі. Нақтылы адамды оқып-зеріттеу марксизм тұрғысынан әлеуметтік-экономикалық және саяси процестердің активті субъектісі ретінде зеріттеу. Өмірді сана емес, керісінше, өмір сананы айқындайды. Марксизм Аристотельдің «адам-саяси жануар» деген анықтамасын жалғастырды деуге болады. Алайда марксизм бұл қағиданы адаммен қоғамның өзара байланысын көрсеткенге дейін дамытты. Қоғам адамды, адам қоғамды өзгертеді.

Марксизмде адамның біртұтастай тану концепциясы адамның мүмкіндігін жанжақты жүзеге асыру ретінде түсіндіріледі. Алайда, адамның даму мүмкіндігі абстрактілі болып шықты. Себебі маркстің коммунизмі атеистік болса да, оның принциптері діни принциптермен пара-пар. Коммунисттер барлық еңбекшілер үшін коммунизм құру үшін күреседі, ол дінге сенушілердің жұмақ құрғысы келетін сияқты. Дінде адам-құрал, ал құдай-мақсат. Коммунизмде де адам коммунизм құрудың құралы. Ал қазіргі уақытта адам реформа өткізудің құралы. Адам қоғамдағы өзгерістердің дамудың мақсаты болуы керек.

Философия тарихында адам мәселесі оның пайда болуы, қалыптасуы және адамзаттың дамуының антропогенез процесі табиғаттың қайталанбас туындысы.

Антропогенез - (грек anthropos-адам және genesis- шығу тегі) – қоғамдық жан иесі ретінде адамның пайда болып, жетілу процесі. Дарвин, Гексли және Геккель адамның үшінші кезеңіндегі жоғары дәрежедегі дамыған маймылдардын шыққандығын дәлелдеді. Адамдардың қоғамдық - еңбек қызыметі антропогенездің қозғаушы күші болды, ол қызымет ерекше қоғамдық байланыстарды мәдениетті жасады, адамның дене бітімін қалыптастырды. Мұның бәрі адамды құдай жаратты деген діни уағызды теріске шығарды. Оның пайда болуы және даму процесі австралопитектердің (адамның ең жақын арғы тегі – қазбалардан табылған маймылдар) жер бетінде тіршілік ету салтына, талғаусыз тамақтану және табиғи заттарды құрал ретінде қорғаныс үшін қолдануға, сонан соң оларды жетілдіре түсугек көшкентен кейін әзірленді. Мұның өзі өңделмеген тас сүйек және ағаш құралдарды үздіксіз жасауға, демек, қоғамдық өндіріс нышандарының алғашқы қоғамдық тобырларының пайда болуына әкеді. Қоғамдық өндірістің тууы сана мен тілдің пайда болуының алғы шарты болды, адамның дене бітімі қалыптасты. Қоғамның, адамның қалыптасу процесі жүздеген мың жылдарға созылды және алғашқы қауімдік тобырдың алғашқы қауымдық тобырдың алғашқы қауымдық қоғамға ойысуымен, ал неандерталдықтардың шамамен 35-40 мың жыл бұрын қазіргі адам кейіпіне келуімен аяқталады.

Жаңа заманның философиялық антропологиясы. Жаңа заманның философиялық антропологиясы пайда болып келе жатқан капиталистік қатынастардың, гуманизм деп аталатын жаңа мәдениет пен ғылыми білімнің ықпалымен қалыптасады. Егер ортағасырлардың діни философиясы адамды жерге түсіріп, оның мәселесін осы түбірде шешуге тырысады. Адамның әуел бастағы күәқарлығы туралы ілімге қарсы, ол адамның қайрымдылыққа, бақытқа және үйлесімдікке табиғи ұмтылысын бекітеді. Бұл философияға гуманизм мен антропоцентризм тұтастай тән.

Антропоцентризм - дүниетанымдық айқындама, оған сәйкес «адам» дегеніміз - әлемнің орталығы және асқар шыңы. Осы айқындамаға сәйкес әлемде ғарыштың соңғы сөзі ретенде адамға жіберілетін прогрессивті тенденциялар, эволюция жерлері жоқ және болуы мүмкін емес. Адам әлемнің қақ ортасында тұр, яғни, бүкіл әлем адам үшін-шет аймақтар, адам әлемнің ең ұшар басында тұр, демек бүкіл әлем деңгейі жөніненде, маңызы жөніненде адамнан төмен. Тек адам ғана-субъект, ал бүкіл әлем оның объектісі ғана. Әлем адам игілігіне, өз еркінше пайдалануына құрал ретінде ғана берілген. Дүние адам үшін тұғырдан басқа ештеңе емес. Көзқарас ретінде антропоцентризмнің екі негізгі типі, белсенді және енжер типі бар. Белсенді антропоцентризм адамды тікелей ғарыштың орталығына және асқар шыңына орналастырып, құдайдың атрибуттарын таңдады. Батыс Европадағы Қайта Өрлеу дәуірі қоғамның белгілі бір бөлігінің көңіл-күйі ретінде антропоцентризм осындай. Мүнда іс жүзінде әрбір суреткер (кен мағынада) — алып немесе тіпті қүдірет, қалған бүкіл әлем соның төңірегінде шыр айналады. М.Штринер өз ілімінде антропоцентризмнің мейлінше эгоистік, жеке-дара формасын корсетті. Адамзатты дәріптеп, оған бас июге де болады (П. Боранецскийдің тұжырымдамасы). Енжар антропоцентризм жанама түрде — адам тәрізді ең жоғарғы негізді, мәселе антропоморфты-құдайды жасап, адамның үстінен қарату арқылы адамды дүниенің орталығына және жоғары жағына әкеліп орныктырады. Антропоцентризм принципі - адам дегеніміз барлық нәрсенің өлшемі (тезисті софист Протагор тұжырымдаған). Тоталитарлық режимдер мен кейбір дамыған елдер жағдайында антропоцентризм практикалық сипат алады — табиғат талан-таражға түсін, экологиялық дағдарыстар етек жайды.

Бұл дәуірдің философиялық антропологиясында жеке мүдде үстемдігі мен туындап келе жатқан капиталистік қоғамдық қатынастарға байланысты жақындай бастаған индивидуализм, эгоизм және утилитаризм қадамдары байқалады. Жеке мүдде үстемдігінің адам туралы көзқарасқа әсері Т.Гоббс концепциясынан білінеді. Аристотельге керісінше, ол табиғаты жағынан адам коғамдық жан емес деп есептейді. Керісінше, «адам - адамға қасқыр», ал «барлығының барлығына карсы соғысы» қоғамның табиғи жағдайы болып табылады. Оның методологиялық индивидуализмі мен номинализмі әлеуметтік және этикалық индивидуализммен тығыз байланысты.

Алайда жаңа еуропалық рационализмнің негізін қалаушы Рене Декарт болып ессптеледі. Оның ойынша адамзат өмір сүруінің жалғыз күмәнсіз айғағы ойлау болын табылады және ол мънадай негіздеуші тезистен келіп шығады: «Meн ойлаймын, демек, өмір сүремін». Оның үстіне бұл философта жан мен тәннің ексуін екі түрлі санадағы субстанция ретінде карастыратын антропологиялык дуализмді аңғаруға болады. Декарттъң ойынша, дене өзіндік машина болып табылады, сана оған әсер етеді және өз кезегінде оның ыкпалън да қабылдайды. Бұл адамды машина ретінде қарастырған механистік көзқарас Жаңа заман философиясына кеңінен таралды. Ж.Ламетридің «Адам - машина» деп аталатын жұмысында механистік материализм көзқарасы негізделеді. Ол бойынша, тек біртұтас материалдық субстанция ғана өмір сүреді, ал адам ағзасы сағат тетігі тәрізді дербес оталатын машина.

Мұндай көзқарас XVIII ғасырдағы француз материалистеріне (Гольбах, Гельвеций, Дидро) де тән. Олардын философиялық антропологиясының өзгеше ерекшелігі - адамды табиғат заңдарымен детерминацияланған оның өнімі ретінде қарастыру.

И.Канттан бастап немістің классикалық философиясы адамды философиялық зерттеулердің негізгі объектісіне айналдырады. Декарт сияқты Кантта антропологиялық дуализм позициясын ұстанады, бірақ оның дуализмі жан мен тән дуализмі емес, адамгершілік-табиғи дуализм. Канттың пікірінше, адам бір жағынан табиғи қажеттілікке жатса, екінші жағынан адамгершілік еркіндік пен абсолюттік құндылықтарға жатады. Сезімдік әлемнің құрамдас бөлігі ретінде ол қажеттілікке бағынса, ал руханилықтың тасымалдаушысы ретінде ол ерікті. Бірақ Кант aдaмның адамгершілік әрекетіне басым көніл бөлді.. Кант адамды автономды және тәуелсіз бастау ретінде, өзінің теориялық практикалық әрекетінің қожайыны ретінде айкындауға ұмтылады. Адам әрекеті мен қылығының түпкі принципі категориялық императив болуы тиіс. Категориялық императив - кезкелген тұлғаның өзіндік мақсаты өзіндік жетілу болғандықтан, ол ешқашан да, қандай да бір міндеттердің, тіпті игілікті міндеттердің де жүзеге асу құралы ретінде қарастырылмауы тиіс деген тұжырымға негізделген формальды ішкі талап.

Өз ілімінде Кант сана мен бейсаналық мәселелерін де қозғайды. Ол адамда ақылмен бақыланбайтын «қараңғы елестерің» бар екенін айтады. Және бұл танылмаған елестер саласы сапа саласынан әлдеқайда көбірек. Осылайша Кантгың философиялык антропологиясы Фрейдтен көп уақыт бұрын адамдағы саналылық пен бейсаналылықтың арақатынасы мәселесін күн тәртібіне қойды. Бұл жағдайда, егер Фрейд бойынша ләззат алу принципі биологиялық қажеттіліктерді өтеумен байланысты болса, ал Кант үшін «жұмыс өмірмен шаттанудың жақсы тәсілі». Адам көп жасаған сайын көп нәрсе тындырды, өмірі неғұрлым әрекетке толы болған сайын, өмірдеп көп ләззат алды.

Гегельдің антропологиялық концепциясы, оның бұкіл философиясы сияқты рационализммен тұнып түр. Адамның жануардан артықшылығының өзі, ең алдымен адамзатқа оның адамдығы туралы хабар беретін ойлауында. Ол адамның рухани әрекет субьектісі және жалпы маңызды рух пен ақыл-ойдың тасымалдаушысы ретіндегі жағдайын аса зор күш-жігермеп дәлелдеп берді. Тұлға индивидпен салыстырғанда адам өзінің «шексіз, жалпы және еркін» жан екендігін сезінгенде ғана басталады. Әлеуметтік тұрғыда оның ілімі индивидтен әлеуметтік бүтіндіктің басымдылығы принципін айшықты түрде көрсетеді.

Гегель идеализмімен салыстырғанда материалист Фейербах тірі, эмпирикалық адамның маңыздылығын тиянақтайды. Ол адамды ең алдымен табиғаттың бөлігі, сезімдік-тәндік жан ретінде таниды. Оның философиясының өзегін құрайтын антропологиялық принцип адамының дәл осындай түсінігін ұсынады. Фейербахтың антропологиялық монизмі адамнің идеалистік түсінігіне қарсы, жан мен тән дуализміне қарсы бағытталған және табиғатқа материалистік көзқарасты бекітумен байланысты. Бірақ адамның өзін Фейербах өте абстрактылы түсінеді. Оның адамы нақты әлеуметтік байланыстар мен әрекеттерден оқшауланып қалады. Оның фи-лософиялық антропологиясы негізін «Meн» және «Сен» арасындағы қатынастар, оның ішінде, әсіресе ерекше маңызға ие еркек пен әйел арасындағы қатынастар құрайды.

АКСИОЛОГИЯ (гр. ахіа — құндылық және logos —ілім, сөз) -құндылық табиғатын философиялық тұрғыдан зерттеу. Аксиология философияда ХІХ ғ.– аяғы—ХХ ғ. басында; философияның жалпы «құндылық проблемасына» қатысты кейбір күрделі мәселелерін шешуге тырысқан әрекет ретінде дүниеге келді. Буржуазиялық философия бұл мәселелерге (өмір мен тарихтың мәні, танымның бағдарлылығы мен негіздемесі, адам әрекетінің түпкі мақсаты және оны ақтау, жеке адам мен қоғамның қатынасы және т. б.) ғылыми талдау жасауға болмайды дегенді басшылыққа алады. Құндылық проблемасы, сөйтіп, барлық нәрсенің жаппай шешімінің сипатына ие болады және ерекше, ғылыми зерттеуден тыс, дүниеге көзқарастың өзіндік тәсілі деп есептеледі. Бұл орайда құндылық құбылыстары әлеуметтіктен тыс сирек кездесетін құбылыстар ретінде қаралады. Буржуазиялық аксиология үш түрдің құндылық теориялары болып саналады. Объективті-идеалистік теориялар (неокантшылдық, Гуссерль феномено-логиясының өкілдері М. Шелер мен И. Гартман, неотомизм, инту­итивизм) құндылықты кеңістік пен уақыттан тыс тұрған о дүниелік нәрсе ретінде түсіндіреді. Субъективті — идеалистік теориялардың логикалық неозитивизмнің, этикадағы лингвистикалық талдаудың аффективтік-ерік теорияларының жақтаушылары У. Эрбанның, Д. Проллдың, К. Люистің және т. б. құндылық жақтастары құндылықты тек адамның немесе жалпы табиғат заңдарының табиғи қажеттерінің көрінісі ретінде қарастырды. Құндылықтың натуралистік теориясын (Мүдде теориясы, эволюциялық этика, космостың телеология этикасы) адамның табиғи қажеттерінің немесе жалпы табиғат заңарының көрінісі ретінде түсіндіреді. Құндылықтың маркстік ұғымы буржуазиялық аксиологиядандан принципті түрде өзгеше. Ғылыми түсіндіруде құндылық проблемасы универсализмнен арылған. Бұл проблеманың астарында ғылыми жолмен шешілетін алуан түрлі философиялық мәселелер жатыр, шындығында аксиологиялық аспект — құндылықтар табиғатын зерттеу—сонымен тек салыстырмалы дербес сипатқа ғана ие бо­лып отыр. Сонан соң қазіргі көзқарас құндылықтарды ерекше әлеуметтік құбылыстар ретінде, қоғамдық құбылыстардың және қоғамдық сананың нормативті турде бағаланатын жағының белгілі бір көріністері ретінде қарайды. Соңғысы осы сананың дүниетанымдық сипатын бейнелейді, бірақ оны тұтас ашпайды. Басқаша айтқанда, дүниетанымды белгілі бір құндылық позициясына саюға болмайды. Мысалы дүниетаным кейде субъективті түрде мұраттардың, моральдық бағалардың және т.б. нормативтік формасы ретінде корініс тапқанымен, өзінің негізінде дүниені ғыл. тұрғыдан түсіну және тарихи заңдарды ғылыми тұрғыда білуге сүйенетін қоғамға көзқарас болып табылады

Бақылау сұрақтары:

1. Философиядағы адам мәселесі.

2. Руханилық және адам әлемі.

3. Гендер деген не?

4. Эвтаназия мәселесі.

5. Вернадскийдің ноофера туралы ілімінің мәні.

 

Негізгі әдебиет

1.Мырзалы С. Философия. 2008 ж.

2. Ғабитов Т. Философия. 2004 ж.

3. Әбішев Қ. Философия. 2002 ж.

Осымша әдебиет

1.Философиялық антропология. Дін философиясы.мәдениет философиясы. / Қазақ халқының философиялық мұрасы. 20 томдық. Т.19.Астана, 2006

Дәріс 14. Әлеуметтік философия- 2 сағат

Мақсаты: әлеуметтік философияның пәнін, оның зерттеу әдістерін ашып көрсету

Негізгі сөздер мен ұғымдар: қоғам, мемлекет, қауым, екінші табиғат, географиялық детерминизм, қоғамдық болмыс,қоғамдық сана, индустриалдық, постиндустриалдық қоғам, ақпараттық қоғам

1.Қоғам ұғымы

2.Қоғамды формациялық және цивилизациялық тұрғыдан түсіну жолдары

3. Географиялық детерминизм ілімінің мәні.

 

Оғам ұғымы

Болмыс категорияларын талдай келе енді бүгінгі таңдағы ғылымға мәлім ең күрделі дәрежеде ұйымдасқан - қоғам болмысына келіп тірелдік. Өйткені, біз білетін Ғарыштағы Жер бетінде өмір сүріп жатқан саналы пенде – адамдар - бір-бірімен бірігіп, сан-қилы қарым-қатынастарға түсіп қоғамды құрайды.

Қоғам ұғымының орнына көп жағдайда оған мән-мағнасы жағынан жақын категориялар қолданылады. Сондықтан, ең алдымен біз оларды бір-бірінен айыра білуіміз қажет. “Ел” және “қоғам” категорияларын салыстырсақ, біріншінің географиялық жағы басымды. Мысалы, Қазақ елі – Азия құрылығының ортасында, мұхиттардан алыс орналасқан ел. “Қауым” және “қоғам” категорияларына келер болсақ, біріншіге жан-ұя, ру, тайпа, халық, ұлт секілді әлеуметтік ұйымдасу формалары жатады. Ал “мемлекет” пен “қоғамды” салыстырсақ, - ол мұхиттағы айсберг сияқты: судың бетіндегі көрінетін алып мұздың кішкентай ғана бөлігі – ол мемлекет болатын болса, су астындағысы - қоғам. Қоғам өміріндегі сан-алуан қарым-қатынастардың ең негізгілерін ғана мемлекет заң арқылы ретке келтіре алады, қалғандары әдет-ғұрып, моральдық, эстетикалық, т.б. әлеуметтік нормалардың негізінде қалыпқа келеді.

Кең түрде алғанда, қоғам деп адамдардың арасында қалыптасатын сан-алуан байланыстар мен қарым - қатынастардың жиынтығын айтамыз. Бұл арада мына нәрсеге көңіл аудару қажет – ол байланыстар мен қарым-қатынастар сол қоғамның өзіндік өмір сүруіне жеткілікті болуы керек. Алайда, “өз-өзіне жеткілікті” деген ұғымның өзін нақтылай түсу қажет. Өйткен себебі, бүгінгі таңда бірде-бір мемлекет, қанша алып болса да, барлық қазіргі өмірге керекті заттарды шығара алмайды. Сондықтан, басқа елдермен экономикалық, саяси-құқтық, мәдени-рухани байланыстарға түседі. Олай болса, “өз-өзіне жеткілікті” деген ұғымды қалай түсінуге болады? Белгілі қоғам өзінің мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан руханияты, дүниесезімі, өмір салтын сақтай отырып, негізгі өмірге қажетті нәрселерді өзі өндіруі қажет. Мысалы, бүгінгі өтпелі қоғамда жер көлемі бойынша 10-шы орында болсақ та, ет, көгөністерді басқа елдерден алатын болсақ, онда біз өз-өзімізге жеткіліксіз боламыз. Әрине, Қазақстан - Бразилия емес, сондықтан, тропикалық аймақтарда өсетін апельсин, мандарин, банан сияқты жемістерді, кофе, шай сияқты тағамдарды шет елдерден алмаса болмайды. Сондай-ақ жеңіл мәшине, неше-түрлі компьютерлер, радио – теле аппаратураларды да алуға болады. Сонымен қатар, жер бетіндегі үлкен егін өсіретін ел болғандықтан, ауыл-шаруашылығына керек механизмдерді өзіміз шығармай көсегеміз көгермейді. Күнбе-күн өмірге керек заттардың көбін де өзіміз дүниежүзілік талаптарға сай етіп шығара білуіміз қажет. Сонда ғана біз өз-өзімізге жеткілікті қоғам боламыз. Бұл мәселелер қазіргі саясаттану ғылымында “ұлттық қауіпсіздік” категориясы арқылы талданады. Оқырманның байқағанындай, бүгінгі таңда біз көп өмірге керек тауарларды шығара алмай, сырттан әкелуге мәжбүр болып отырмыз.

Екінші үлкен сұрақ - қоғам өміріндегі сан-алуан байланыстар мен қарым-қатынастардың ішіндегі негізгі - оның іргетасын құрайтындар қандай болмақ?

Сонау көне заманнан бері созылып келе жатқан үрдіс - қоғамдағы рухани, саналы байланыстарды негізгі деп есептеу. Өйткені, бір қарағандағы қоғамның жануар тобырынан айырмашылығы – ондағы рухтың пайда болып сол қоғамға тигізетін зор әсерінде болса керек. Қоғам өмірінде өмір сүріп жатқан нақтылы тірі адам басқалармен саналы қарым-қатынасқа түседі. Ол өз алдына неше-түрлі мақсат-мұраттар қойып, оларды іске асыруға тырысады. Яғни, идея әрқашанда алда, соңынан ол іске айналады. Олай болса, қоғам өмірін анықтайтын - билік басындағы ұлы тұлғалардың саналы іс-әрекеті. Мұндай көзқарасты сонау Көне заманнан бастап Жаңа дәуірде өмір сүрген ағартушылардың еңбектерінен байқауға болады.

“Халық - шөп, ел билеуші – жел. Жел қай жаққа үрлесе, шөп сол жаққа майысады”,- дейді көне Қытай философиясы.

Орта ғасырдың ұлы ойшылы Аль-Фарабиге келер болсақ, ол қоғамның ақуалын Халифтің адалдығы, әділеттілігі, көрегендігімен байланыстырады. Сол замандағы Еуропа ойшылдары А.Августин, Ф.Аквинский қоғамның дамуын алдын-ала болжанған Құдайдың әмірімен ұштастырады.

Жаңа дәуірде өмір сүрген француз ағартушысы Ш.Л. де Монтескье қоғамның өрлеуін “ағарған монархтың” іс-әрекетімен байланыстыра отырып, қоғам өміріндегі заңдарды жетілдіруді бірде-бір шешуші фактор ретінде қарайды (мұны “құқтық көзқарас” деп әдебиетте атап кеткен болатын). Бүгінгі таңда да мұндай көзқарастар кеңінен таралған. Әрине, қоғам өміріндегі заңдар сапасының биік болғаны оның дамуын тездететіні сөзсіз. Сонымен қатар, заңның өзі – адамдардың (кәсіби заңгерлердің) рухани туындысы емес пе?

ХХ ғ. ұлы ойшылы К.Ясперс те тарихтағы рухани төңкерістерді қоғамның дамуының негізіне жатқызады. Оның ойынша, “адами ақуал - әрқашанда рухани ақуал”. Мұндай көзқарастарды қорыта келе, қоғамды талдаудағы идеалистік жол десек те болғаны.

Сонымен қатар, ХІУ ғ. өмір сүрген араб ойшылы Ибн-Халдун қоғамды талдауға жаңа үлгі еңгізеді. Оның ойынша, әр-түрлі қоғамдардың бір-бірінен айырмашылықтары негізінен алғанда материалдық игіліктерді қалай өндіру, бөлу, тұтынуымен байланысты,- деген қорытындыға келеді. Алайда, ұлы ойшылдың көзқарастары соңынан ұмытылып, тек қана 5 ғасырдан кейін К.Маркстің еңбектерінде жаңадан негізделеді.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-07-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 4590 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студент может не знать в двух случаях: не знал, или забыл. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2754 - | 2314 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.013 с.