ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМИ ПӘНДЕР КафедраСЫ
Силлабус
(Syllabus)
Пән:Медициналық биофизика
Пәннің коды: МВ 1112
Мамандығы: 5В130100 «Жалпы медицина»
Оқу сағатының/кредиттің*көлемі 108 сағат
Курсы және оқу семестрі І курс,1 семестр
Ақтөбе 2013
Силлабусты (студенттің жұмыс бағдарламасын) жаратылыстану ғылыми пәндер кафедрасы медициналық биофизика пәнінің типтік оқу бағдарламасының негізінде құрастырылды.
Автор(лар): Мадихан Ж.Ш
«31» тамыз 2012 жылы кафедра отырысында талқыланды
№__1__Хаттама
Кафедра жетекшісі м.ғ.д., профессор Изтлеуов М.К.
1.Түсініктеме
Кіріспе
Физика, химия және биология – үш ғылымның мәуелі негізде қосылуы нәтижесінде тіршілік процестері негізін түсінуге мүмкіншілік беруші биофизика биологиялық пәндер ішіндегі басшысы болып табылады.
Биофизика заңдарын білу диагностика және емдеудің әдістерін жасау мүмкіншілігін береді.Қәзіргі кезде көптеген биофизикалық әдістер түрлі ауруларды айыра білуде, дәрілік препаратттардың әсері механизмін анықтау үшін, кеңінен қолданылады. Осы әдістердің теориялық негізін білу клиникалық-нақтамалық деректерді объективті түсіндіру және емдеу шараларын дұрыс сезіну үшін қажет. Дәрігердің нақтамалық және емдеу тәсілі көбіне, құралдар көмегімен алынатын деректерге тәуелді. Зертттеуші, құралдың жұмыс жасау физикалық негізін білгенде ғана, медико-билогиялық зерттеулерде түрлі техникалық құралдарды барынша тиімді қолдануы мүмкін. Сонымен бірге бағдарлама қәзіргі медициналық техниканы қолдану мәселелері бойынша, студенттерде ғылыми білімдер мен тәжірибелілік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Пәннің мақсаты:
Медициналық биофизика пәні адам ағзасында өтетін физикалық,химиялық және биологиялық процестерді зерттеп,ауруды емдеуде және нақтамада қолдану жолдарын анықтайтын медицина мен биология ғылымдарының бір саласы.Тірі ағза–биологиялық жүйе,үнемі динамикалық қозғалыста болады. Медицинадағы ғылыми методологияны және ғылыми дүние танымды қалыптастыру, клиникалық- зертханалықлық және функционалды зерттеу әдістерінің теориялық негізі есебінде, молекулярлық нақтама және қәзіргі техникалық құралдарды медициналық зерттеулерде қолдану үшін қажет
Пәннің міндеттері:
- Медициналық- биологиялық зерттеулер есептерін шығару үшін биофизикалық жетістіктердің практикалық маңыздылығын көрсету;
- медико-биологиялық және кәсіптік пәндерді оқытудың теориялық базасын қамтамасыз ету;
- медико-биологиялық зерттеулерде, гигиенада және эпидемологияда қолданылатын биофизикалық әдістер негізі білімдерін беру;
- адам ағзасында өтіп жатқан процестерді түсіндіру үшін кейбір физико-химиялық заңдарды қолдану мен түсінуге студенттерді үйрету;
- студенттердің ой-пікір мен ой тұжырымды құрастыра білуін және логикалық ойлауын қалыптастыру.
Оқытудың соңғы нәтижелері
Студент:
Білуі тиісті:
- мембраналық құрылымдар құрылысының физика-химиялық ерекшеліктерін, олардың функционалдық механизмдерін, электрогенез механизмдерін;
- жарықтың биологиялық құрылымдарымен өзара әсерінің физикалық ерекшеліктерін;
- жүрек – қантамыр жүйесі, бұлшық ет және тыныс алу жүйесі жұмыстарының биофизикалық заңдылықтарын;
- зерттеулердің метрологиялық негіздерін қамтамасыз етілуін;
- биологиялық жүйелерді зерттеуде қолданылатын медициналық құралдар мен аппараттардың негізгі топтарын.
Істей білуге тиісті:
- медициналық есептерді шығару барысында техникалық құралдарды дұрыс жинау;
- медициналық- биологиялық зерттеулердегі биообъектілер мен техникалық заттардың ең ұтымды кездесуі жайындағы есептерді шығару;
- стандартты тіркемелерде ЭЭГ, РГ, ЭКГ тіркеуді жүзеге асыру;
- физикалық параметрлерді тіркеу, өлшеу нәтижесін өңдеу және ол үшін есептеу құралдарын қолдану;
- фотометрлеу құралдары көмегімен заттар концентрациясын өлшеуді.
Пәннің алғы реквизиттері мен кейінгі реквизиттері
Пәннің алғы реквизиттері:: «физика», «биология», «химия» пәндері бойынша мектеп бағдарламалары.
Пәннің кейінгі реквизиттері: медициналық биофизика, профильді пәндер- қалыпты физиология, молекулярлық биология және генетика, биохимия.
Пәннің мазмұны