Ата-бабамыз “Жер — қазына, су — алтын, мал — байлық” деп тегін айытпаған. Қазақ халқының табиғатқа деген сүйіспеншілігі ерте кездерден-ақ басталады. Көп салалы ұлттық дәстүріміз соның дәлелі. Өсімдіктер мен жануарлардың табиғаттағы, адам өміріндегі қадір-қасиетін, пайда-маңызын жақсы білген. Жас ұрпақтың көкейіне құйып, оларды сақтап, қорғауға бауылып, тәбиелеген. Табиғатқа деген сүйіспеншілігімізді білдіретін мақал-мәтелдер өте кө Бүкіл жер бетіндегі адамзатты қатты ойландыратын және кезек күттірмейтін мәселелердің бірі — табиғи ортаны қорғау, табиғатты тиімді пайдалану керек. Соңғы кезде қоршаған ортаның ластануы барынша көкейкесті мәселелерге айналып отыр, өйіткені техникалық прогрестің және адамның ойланбай жасаған әрекетінің салдарынан өмір сүруге қажетті нәрселердің бәрі ластануда.Экология – ол қоршаған орта, ал қоршаған орта дегеніміз – табиғат. Адам өзіне керектің бәрін табиғаттан алады. Алайда қазіргі кезде дүние жүзінде экологиялық апаттар көбейіп кетті. Соның бірі ауаның көп ластануы.
Ауаны ең көп ластайтын — өнеркәсіп орындары мен завод, фабрикалар, әр түрлі көлік түрлері. Ластау көздері — ауаға түтінмен бірге күкіртті және көмірқышқыл газын шығаратын жылу элктр станциялары, химия өнеркәсібі және цемент зауыттары.
Өнеркәсіп және өндіріс орындарында пайдаланылған сарқынды судың да келіп қосылуына байланысты су көздері ластануда.
Топырақтың ластануы оның құнарлы қабатын жояды, топырақта жүретін табиғи процестерге кедергі келтіріп, онда өмір сүретін микроорганизмдерге зиян шектіреді. Топырақтың бүлінуінің салдарынан адамның денсаулығы нашарлайды. Ол адамға ластанған топырақта өскен өсімдіктер мен онымен қоректенетін жануарлар арқылы тарайды.
Семей полигоны:
Жер жүзіндегі ғалымдардың болжауына қарағанда, адамзаттың экологиялық апатқа ұшырауына әр түрлі себептері бар. Көптеген аймақтар экологиялық апатты аймаққа айналды. Республикамыздың аумағында ядролық қарудың сыналғаны әйгілі. Қазақтың жерінде сыналған 500 -ден астам атом бомбасының зардабы айытпаса да түсінікті. Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпия сақталды. Тек Семей полигоны ғана көпшіліктің назарында болып, қалған сынақ аймақтарынан жұрт беймәлім еді. Полигондардың ішінде Семей өңірі көп зардап шеккен аймақ. Шын мәнінде, қазақ даласының шамамен 19 млн. га жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғыр, Нарын, Тайсорған т. б. Полигондары табиғаты әсем, шұрайлы жайылымдар еді. Ядролық қару-жарақтарды сынау аймақтың табиғи ортасына және халықтың денсаулығына кері әсер етті, ядролық полигон төңірегінде тұратын халық қатерлі ісік, қанның азаюы (анемия), ақ қан (лейкимия) ауруларымен көп ауырды.
Арал теңізі:
Арал теңізінің жасы 8-10 мың жыл шамасы. Теңіз суының көлемі жағынан ТМД-да – 2 орын, Дүниежүзінде – 4 орын алатын көл. 1998 жылы теңіз деңгеі 18 км төмендеді. Өйіткені теңізге құятын басты өзендер – Сырдария, 1974 жылдан және Әмудария 1982 жылдан мүлдем сарқылды. 38 жыл ішінде (1961-1999) теңіз деңгеі 18 метрге төмендеді. Арал теңізі жағалауынан 150-170 км шегінді. Кепкен теңіз түбі сортаңға айналуда. Ашылған теңіз жағалауынан көбін тұз бен құм жауып жатыр. Көл суының тұздылығы 3 есе артып 80 ٪ жетті.
Көлемі 2 млн гектердан астам Аққұм атты жаңа құмды кеңістік табылды. Теңіз деңгеінің төмендеуі ауа райының өзгеруіне, сол өңірінің сусыздануына әкелді. Бұл жерлерде 1950-1990 жылдары арасында шаңды дауыл 60 есе көбейіп, кеуіп кеткен теңіз түбінен жылына 765 млн тонна көтерілген тұзды шаң желмен ауаға тарайды. Мамандардың айтуы бойынша кеуіп кеткен теңіз түбінің бір шаршы километрден Қазақстан мен Орта Азияның жеріне 8000 тоннаға жуық шаң көтеріліп төгеді екен. Өсімдіктерге конған шаң оның биологиялық өнімділігін төмендетеді.
Республикамызда экологиялық қатерлі апат аймағы деп айтылып жүрген Арал теңізі мен Балқаш көлін қорғау мәселесін де, Семей тұрғындарының ауыр халі, жер бетіндегі небір тірі атаулының құрып кетуі, ауаның ластануы, талай жылдар бойы жүргізіліп келген атом, ракета сынақтары ата жұртымызды астан-кестен қылғаны – осының бәрі адам баласының табиғатқа салғылт қарауының нәтижесі.
Қазақстан Республикасының Президенті “Жасыл ел” бағдарламасы біздің мектебімізде іске асырылуда. Мектеп түлекреті мектеп ауласында ағаш отырғызып кетеді, біз де осы бағдарлама бойынша үгіт-насихат жүргізіп келеміз. Көктем келгенде әркім өз ауласына ағаш отырғызып, гүл егіп көгалдандыру керек. Табиғаттың көркін ажарландыратын — гүл.