Электромиография – бұлшықеттің электрлік белсенділігін тіркеу тәсілі.
Жұмыс барысы: Қондырғыны электр тогына қосамыз.Миографпен жұмыс істеу үшін оны 10 минут қыздырамыз.Содан соң сезімталдығын ауыстырып, қосқышын «калибровка» жағдайына келтіреміз.Сүзгіш ұстағышын, күшейткіштің 15 және 0,05 Гц жағдайына келтіреді.
Тіркеу электродының штекерін каналдардың біреуінің кіре берісіне қосамыз.Қоздыру электродының штекерін реттеушінің стимулятор шыға берісіне қосу керек.Реттеу блогының «Селектор» тұтқасын «Ручная» жағдайына келтіреміз.Стимуляцияның шыға беріс деңгейінің ауыстырғышын х10 дқалпына келтіреміз. «Длительность серии» тұтқасын 200 қалпына келтіреміз, ал «Длительность импульса» ауыстырғышын 0,1 немесе 0,2 мсек қалпына келтіреміз.Терідегі электродтар қойылатын нүктелерді спирт немесе эфирмен залалсыздандыру қажет, кейін физиологиялық ерітіндімен ылғалдап алу керек. Содан соң тіркегіш және стимуляциялық электродтарды қоямыз.Олардың арасына жермен тіркелген электрод қойылады.
М-жауапты тіркеу. Шеткі жүйкені электрлік тітіркендіргіш әсер еткенде ортодромдық қозу таралу әсерінен М-жауап туады(дистальді бағытта). Бұл жауапты әдетте жиынтықтық моторлық потенциал деп атайды, себебі осы потенциал қимыл-қозғалыс бірлігінің қосындысын қорытындылайды.
«Ручной пуск» кнопкасын баса отырып, максималды амплитуда стимулын блок стимуляциясына тереді, яғни максималды импульс интенсивтілігінің 30-50% көтереді. Амплитудадағы басым М-жауап туады. М-жауаптың жасырын кезеңін анықтау үшін тітіркендіргіш импульсі 0,1мс ретінде қолданылады. Қалыпты жағдайда екі кезеңдік ауытқуға жақын шамада болатын М-жауаптың амплитудасы мен формасы бағаланады.Тітіркендіргіш табалдырығын анықтау үшін М-жауаптың толық жоғалып кетуіне дейін серпіліс амплитудасын азайтады. Содан соң қайта көбейтеді. Тыныш күйдегі тітіркендіргіштің минимальді күшінде бұлшықет потенциалы пайда болады және ол М-жауаптың табалдырығы болып табылады. Бұлшықет табалдырығының жауабын анықтауда импульс ұзақтығы өте үлкен болуы керек(1-2мс). М-жауап қажетті тітіркендіргіш уақытымен анықталады.Қозғыштығы жоғары қозғалыс бірлігінің потенциалын табу үшін М-жауапты тұрақтандыру кезіндегі сезімталдықты тіркеуде М-жауаптың табалдырығы 20-30 мкВ болу қажет.Тітіркену импульсінің қарқындылығын жоғарылатып максималды М-жауабын аламыз және токтың әрі қарай көбеюі потенциал жиынтығы амплитудасының жоғарылатуына әкеп соқтырмайды.Сосын вольтажды супермаксималдыға (30-50%) дейін көтереміз.
М-жауабының практикада қолданылуы мен диагностикалық маңызы. М-жауапты жүйке бұлшықет аппараты жарақатын (полиневрит, жарақаттық және токсикалық невропатия, миастания) анықтау үшін қолданылады. Бұл жағдайда М-жауаптың амплитудасы мен формасы, сонымен қатар жасырын кезеңі өзгереді.Осы кезде ауруға шалдығу дәрежесі мен деңгейі де анықталуы мүмкін.Бұл мәліметтер операция жасар алдында, сонымен қатар осы мәліметтерге сүйене отырып, оперативтік және консервативтік емдеу тактикасын анықтау үшін керек.
№ 5жұмыс. Схема мен кестені бейнелеу:
.
Бұлшық еттік талшықтардың(1)және миофибрильдердің құрылымы:А-анизотроптық дискілер,I-изотроптық дискілер,H.Z-пластинкалар.
Қанқа, жүрек пен тегіс салалы бұлшықет құрылысының салыстырмалы сипаттамасы:
Көрсеткіштер | Қаңқалық бұлшық ет | Жүрек бұлшық еті | Тегіс бұлшық ет |
Хронаксия,мс Рефрактерлік кезеңнің ұзақтығы,с Қозуды өткізудің жылдамдығы,мс Жеке қозудың ұзақтығы,с | 0,08-0,4 0,005-0,01 6-11 0,05-0,1 | 2-3 0,3-0,4 1-4 0,5-0,8 | 20-40 10-дық секундтарда 0,5-1 10-дық секунд |