ІСКЕРЛІГІН және ДАҒДЫЛАРДЫ БІЛУІН ҚОРЫТЫНДАП БАҒАЛАУ ҮШІН ҚОЛДАНАТЫН БАҚЫЛАП ӨЛШЕЙТІН ҚҰРАЛДАР:
ПӘНІ: *ФТИЗИАТРИЯ* (051101)
МАМАНДЫҒЫ: 051301 -*ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА*
Қрастырғандар: м.ғ.д., профессор Ракишева А.С.
м.ғ.к., доцент Сыздыкова Н.С.
м.ғ.к., доцент Кумисбаева Б.Т.
Курс төртінші
Алматы қ. 2014 ж.
1.7. ПӘН БОЙЫНША ІСКЕРЛІГІН және ДАҒДЫЛАРДЫ БІЛУІН ҚОРЫТЫНДАП БАҒАЛАУ ҮШІН ҚОЛДАНАТЫН БАҚЫЛАП ӨЛШЕЙТІН ҚҰРАЛДАР:
ФТИЗИАТРИЯ БОЙЫНША ТЕСТТЕР:
ЖАЛПЫ МЕДИЦИНАНЫҢ 4 КУРСІНЕ АРНАЛҒАН ТЕСТТІК ТАПСЫРМАЛАР:
1. Ересектерде туберкулез деген диагнозды қоюда ең маңыздысы не болып табылады?
а)+ қақырықты туберкулез микобактериясына тексеру
б) кеуде торының рентгенологиялық зерттеу.
в) Манту сынамасы
г) жалпы қан және зәр анализі
д) кеуде торшасының перкуссиясы мен аускультациясы
2.Өкпе туберкулезімен ауыратын науқаста қақырықтың сипаты жиі қандай болады?
а) көп мөлшерде "аузы толы"
б) аз мөлшерде, шырышты-іріңді, үш қабатты
в) аз мөлшерде, жабысқақ, тот бас,андай
г) көп мөлшерде, іріңді, шіріген иісті
д) + аз мөлшерде, шырышты-іріңді, кейде қан жолағымен
3. Вакцинаны сақтау шарты:
а) + тоңазытқышта +8 о С температурада
б) тоңазытқышта +4 о С температурада
в) тоңазытқышта +6 о С температурада
г) тоңазытқышта +10 о С температурада
д) тоңазытқышта -5 о С температурада
4. Сау жетіліп туылған нәрістеге біріншілік вакциницияны қашан жүргізеді:
а) туылғаннан кейін 1-2 күн аралығында
б)+ туылғаннан кейін 2-4 күн аралығында
в) туылғаннан кейін 1-6 күн аралығында
г) 1 айдан кейін
д) 2 айдан кейін
5.Науқасқа диагноз қою үшін 1 күнде қақырықтың 3 үлгісін ТМБ жинаған. Ол талапқа сәйкес пе?
а) талапқа сәйкес
б) 3 үлгіні 3 күн таңертең жинау керек
в) +3 үлгіні 2 күнде жинау керек
г) 2 үлгі керек
д) бакпосевтің 1 үлгісі
6.Сау инфицирленбеген балаға қашан ревакцинация жасауға болады:
а) 4-5 жастағы балаға
б) 5-6 жастағы балаға
в)+ 6-7 жастағы балаға
г) 11-12 жастағы балаға
д) 13-14 жастағы балаға
7.Оң жағындысы бар туберкулезбен ауыратын науқасты анықтау үшін шамамен қанша жағынды болу керек?
а) 1 жағынды оң, бірақ рентгенологиялық белгілері жоқ
б) 1 жағынды оң, бірақ клиникалық рентгенологиялық белгісі ба р
в) + 3 жағындыдан 2 жағынды оң болса
г) 3 жағындыдан 3 жағындысы оң болса
д) өкпенің қалыпты жалпы шолу рентгенограммасында 1 оң жағынды болса
8.Патологиялық материалдан жасалған жағындыдан туберкулез микобактериясын анықтау үшін қандай бояу әдісі қолданылады?
а) Грам бойынша бояу
б) Романовский-Гимза бойынша бояу
в) + Циль-Нильссен бойынша бояу
г) Пфейффер бойынша бояу
д) Ван-Гизон бойынша бояу
9.Жалпы емдеу жүйесінде жұмыс істейтін дәрігер науқастың қақырығының 2 үлгісін жіберді. Бірінші үлгісі теріс, ал екінші үлгісі оң. Не істеу керек?
а) + 3 үлгісін тапсыру керек
б) қақырық жинауды қайталау және екі үлгісін тапсыру
в) 7-10күнге арнайы емес антибактериальды емді тағайындап, қақырықты тексеруді қайталау
г) оң жағындысы бар туберкулезбен ауыратын науқас деп санау
д) рентгенографияға жіберу.
10.Туберкулез микобактериясын дәріге төзімділікке әкелетін осы себептердің қайсысы жатпайды?
а) қысқа курсті ем
б) монотерапия
в) химиопрепараттардың төменгі дозалары
г) + уақытылы емнің басталмауы
д) дәрілердің комбинациясы дұрыс емес
11. БЦЖ вакцинасы қалай егіледі:
а)+ тері ішіне
б) тері астына
в) бұлшық етке
г) көк тамырға
д) пластырь түрінде тері үстіне
12.Өкпенің ошақты туберкулезіне тән клиникасын көрсетіңіз:
а) жоғары температурамен бірге жүретін жедел ағым
б) жеделдеу ағымда
в) крупозды пневмонияға ұқсас ағымда
г) ұзақ субфебрильды температурамен бірге жүретін
д)+ инаперцепті ағымда
13. Ошақты туберкулездің диагностикасына қолданатын ең маңызды зерттеу қайсы:
а) анамнез
б) объективті тексеру мәліметтері
в) лабораториялық мәліметтер
г)+ рентгендік зерттеулер
д) Кохтың туберкулин сынамасы
14. Қақырыққа бактериоскопиялық әдіспен анализ жүргізу үшін лабораторияға жолдама беруде қандай есеп формасы толтырылады:
а) ТБ 07
б) + ТБ 05
в) ТБ 06
г) ТБ 15
д) ТБ 11
15. Бірінші рет анықталған өкпе туберкулезін қайсы диспансерлік бақылау тобына алады:
а) + 1 диспансерлік бақылау тобына
б) 2 диспансерлік бақылау тобына
в) 3 диспансерлік бақылау тобына
г) 4 диспансерлік бақылау тобына
д) бақыламайды
16. Туберкулемада туберкулин реакциясы жиі қандай болады:
а) нормергиялық
б) теріс
в)+ гиперергиялық
г) гипоергиялық
д) күмәнді
17. Туберкулеманың рентгенограммадағы көрінісін көрсетіңіз:
а) 1 см-ге дейінгі көлеңке
б) ошақты- фокусты күнгіртену
в) + 12 мм-ден астам дөңгелек көлеңке
г) сақинатәріздес көлеңке
д) инфильтратты көлеңке
18. Өкпе уберкулемасына жиі әкелетін қайсы ауру:
а) кеуде ішілік лимфа бездерінің туберкулезі
б) фиброзды- кавернозды туберкулез
в) диссеминирлі туберкулез
г) + инфильтратты туберкулез
д) ошақты туберкулез
19. Туберкуломаға тән лабораториялық мәліметтерді көрсетіңіз:
а) + қан анализі өзгерсіз, ТМБ (-)
б) әлсіз лейкоцитоз және ЭШ-ның жоғарлауы, ТМБ (+)
в) қан анализі қалыпты, ТМБ (+)
г) лейкопения, эозинофилия, ТМБ (-)
д) солға ығысу, лимфоцитоз, ЭШЖ жоғарылаған
20.Туберкулездің спецификалық алдын алуға қайсысы жатады:
а) + БЦЖ вакцинациясы
б) туберкулин сынамасы
в) Кох сынамасы
г) әлеуметтік алдын алу
д) санитарлық алдын алу
21. Өкпенің инфильтратты туберкулезіне тән морфологиялық ерекшеліктерді көрсетіңіз:
а) өкпенің тініндегі экссудат
б) әр бояу қанықтағы ошақтар
в)+ орталықта орналасқан ошақтың айналасындағы перифокальды қабыну
г) продуктивті қабыну
д) фиброз, склероз
22. Инфильтратты туберкулездің патогенезінде ең маңызды роль атқаратын қайсы белгілер:
а) экссудация реакциясы
б) пролиферация реакциясы
в) гранулематозды реакциясы
г) + аллергиялық қабыну реакциясы және өкпе тінінің гиперсенсибилизациясы
д) стресс
23. Ең қолайсыз емдік нәтижесінде инфильтратты туберкулез қайсы түріне ауысады:
а) ошақты туберкулезге
б) кавернозды туберкулезге
в) + фиброзды-кавернозды туберкулезге
г) циррозды туберкулезге
д) туберкуломаға
24. Инфильтратты туберкулезді (жаңадан анықталған) қай категорияда емдейді:
а) + 1 категория бойынша
б) 2 категория бойынша
в) 3 категория бойынша
г) 4 категория бойынша
д) резерв тобындағы препараттармен
25. Инфильтратты туберкулездің қарқынды фазасы қанша ай жүргізіледі:
а)+ 2-4 ай
б) 1 ай
в) 4 ай
г) 5 ай
д) 6 ай
26. Инфильтратты туберкулездің жалғыстыру фазасы қанша ай жүргізіледі:
а)+ 4-5 ай
б) 5-6 ай
в) 3-4 ай
г) 2-3 ай
д) 6-7 ай
27. Өкпенің инфильтраты туберкулезімен ауырған науқасты қайсы диспансерлік тобында бақылайды:
а) + 1 А
б) 1 Б
в) 1 В
г) 1Г
д) 2
28. Науқасқа өкпенің инфильтратты туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ+ деген диагноз қойылған. Оған емнің категориясын таңдаңыз:
а) + негізгі препараттармен 1 категория бойынша
б) негізгі препараттармен 2 категория бойынша
в) негізгі препараттармен 3 категория бойынша
г) негізгі препараттармен 4 категория бойынша
д) резерв тобындағы дәрілермен
29. Туберкулезде болатын өкпе тінінің ыдырау синдромына НЕ жатпайды:
а) қақырықты жөтел
б) қан түкіру
в) ылғалды сырылдар
г) + ӨТС (ЖЕЛ) төмендеуі
д) бактерия бөлу
30. Инфильтратты туберкулездің патогенезінде осылардың қайсысы орын алмайды:
а) ТМБ вируленттілігі
б)+ ТМБ резистенттілігі
в) организмнің реактивтілігінің төмендеуі
г) өкпе тінінің гиперсенсибилизациясы
д) экзогенді суперинфекция
31. «0» диспансерлік есеп тобында кімдер бақылауда болады:
а) гиперергиялық реакциясы бар кісілер
б) туберкулездің активті түрімен ауыратын науқастармен қарым қатынаста болған кісілер
в) + кісілерде туберкулездің активтілігі күмәнді болса
г) туберкулезі активті емес кісілер
д) туберкулезбен ауыру қауіпі жоғары кісілер
32. «0» тобында қай мерзімге дейін диспансерлік есеп тобында бақылауда болады:
а) + 4 айға дейін
б) 6 айға дейін
в) 8 айға дейін
г) 1 жыл
д) бақыланбайды
33. Казеозды пневмонияны инфильтратты туберкулездің вариантарынан ажырататын негізгі морфологиялық ерекшеліктерді көрсетіңіз:
а) бронхогенді диссеминация
б) ірі бронхтардың зақымдануы
в)+ казозды некроздың басымдылығы
г) көлемді зақымдану
д) қабынудың продуктивті типі
34. Милиарлы туберкулезде деструкциялық өзгерістер бола ма:
а) сирек кездеседі
б) + кездеспейді
в) жиі кездеседі
г) «штапмты» каверна
д) ригидты каверна
35. Өкпенің жедел диссеминирлі туберкулезіне тән рентгенологиялық өзгерістер қай кезде анықталады:
а) аурудың алғашқы 1-3 күндерінде
б) 1-ші айдың аяғында
в) 2-ші айдың аяғында
г) + ауру басталғаннан кейін 7-10 күндерінде
д) ауру басталысымен
36. Химиотерапияның әсерінен қалыптасқан кавернозды туберкулезге не тән емес:
а) улану белгілерінің болмауы
б) физикалық мәліметтің болмауы
в) жұқа қабырғалы кавернаның айналасында себілген ошақтардың болуы
г) + көп мөлшерде бактерияның бөлінуі
д) қалыпты гемограмма
37. Кавернаның көлемінің ұлғаюына әкелетін негізгі себепті көрсетіңіз:
а) + бронхтың дренажды қызметінің бұзылуы
б) бронхоплевральды жыланкөздің түзілуі
в) қан айналымның бұзылуы
г) кавернаның гангренасы (шіруі)
д) спонтанды пневмоторкас
38. Туберкулездің өршуіне кавернадан таралған инфекция қандай негізгі жолмен таралады:
а) лимфогенді
б) гематогенді
в) қарым-қатынас
г) + бронхогенді
д) аралас
39. Ыдырау фазасы дегеніміз, ол:
а) + ошақ еріп бронхқа шығуы
б) ошақ еріп кавернаға шығуы
в) ошақ еріп плевраға шығуы
г) ошақ еріп кеуде аралық ағзаға шығуы
д) тіннің казеозды еруі
40. Бронхогенді себілген ошақ орналасауына байланысты қалай сипатталады:
а) + өкпенің ыдырау қуысынан төменгі бөлігінде орналасуы
б) өкпенің ыдырау қуысынан жоғарғы бөлігінде орналасуы
в) ыдырау қуысынан латеральды орналасуы
г) ыдырау қуысынан медиальды орналасуы
д) ыдырау қуысынан орталық орналасуы
41. Туберкулездің деструкциялы түрімен ауыратын науқастың емінің негізгі нәтижелік/тиімділік белгілерін көрсетіңіз:
а) ыдыраулы қуыстың бітелуі
б) +бактерия бөлуді тоқтату
в) улану белгілерінің жоғалуы
г) еңбекке жарамдылығының қалыптасуы
д) СТҚ /ФВД қалыптасуы
42. Кавернозды туберкулездің дамуына жиі әкелетін қайсы ауру:
а) ошақты туберкулез
б) + инфильтратты туберкулез
в) диссеминирлі туберкулез
г) циррозды туберкулез
д) туберкулезді бронхоаденит
43. Бірінші рет анықталған кавернозды туберкулездің ағымын көрсетіңіз:
а) жедел
б)+ жеделдеу
в) симптомсыз
г) созылмалы
д) кезеңдік өршуімен
44. Өкпе туберкулезінде болатын каверналардың тікелей рентгендік белгісін көрсетіңіз:
а) дренажды бронх
б) бронхогенді себілген ошақтар
в) кеуде аралық ағзаның ығысуы
г) + сақинатәріздес көлеңке
д) көлденең деңгейдегі сұйықтық
45. Өкпенің кавернозды туберкулезінде болатын қуыс қандай болады?
а) қалың қабырғалы дұрыс дөңгелек пішіндіқуыс
б) өзгермеген өкпе тұсындағы жұқа қабырғалы қуыс
в) деформацияланған, қалың қабырғалы қуыс сәулелі жиегімен
г) пішіні дұрыс емес, қабырғасы бірікпеген қуыс
д) + жұқа қабырғалы айналасында ошақты көлеңкелер бар
46. Жаңадан анықталған кавернозды туберкулезге не тән:
а) екі қабатты қабырғасы бар каверна
б) кавернадан төмен орналасқан көптеген полиморфты ошақтар
в) кавернада секвестрдің бар болуы
г) дөрекі перикавитарлы фиброз
д) + айқын перикавитарлы инфильтратты өзгерістердің болмауы
47. Кавернозды туберкулезге тән бактерия бөлу қандай болады, көрсетіңіз?
а)+ аз және тұрақты емес
б) көп мөлшерде және тұрақты
в) бөлмейді
г) формальды бөледі
д) көлемді және тұрақты емес
48. Бронх туберкулезінің емдік нәтижесі жиі қалай жазылады, көрсетіңіз:
а) толық сорылады
б) + тыртық және деформация
в) стеноздың І дәрежесі
г) стеноздың ІІ дәрежесі
д) стеноздың ІІІ дәрежесі
49. Кеуде торша ағзаларының флюорграфиясында науқастың оң жақ өкпесінің жоғарғы бөлігінде S2 қуысты түзілім анықталды. Науқасқа зерттеу әдістері тағайындалды. Бұл кезде АЗ МӘЛІМЕТ беретін қайсы әдіс:
а) қақырықтың цитологиясы
б) бронхоскопия
в) лейкограмма
г) компьютерлі томография
д)+ сыртқы тыныс алу қызметін анықтау
50. Фиброзды-кавернозды туберкулездің дамуына жиі әкелетін қайсы клиникалық форма:
а) ошақты туберкулез
б) диссеминирлі туберкулез
в) + казеозды пневмония
г) циррозды туберкулез
д) туберкулезді бронхоаденит
51. Фиброзды-кавернозды туберкулезіне тән қақырықты және бациллярлықты көрсетіңіз:
а) шырышты, ТМБ+
б) іріңді, ТМБ+
в) шырышты, ТМБ-
г) іріңді-шырышты, ТМБ-
д) + іріңді-шырышты, ТМБ+
52. Фиброзды кавернада жиі не естіледі:
а) целлофан сықыры
б) + бронхиальды тыныс алу
в) бірен саран құрғақ сырылдар
г) күшейген везыкулярлы тыныс алу
д) әлсіз везыкулярлы тыныс алу
53. Бірінші рет анықталған туберкулездің арасында кеш анықталған клиникалық формаға қайсысы жатады:
а) көз туберкулез
б) инфильтратты
в) туберкулома
г) + фиброзды-кавернозды
д) туберкулезді плеврит
54. Төмендегі белгілердің қайсысы фиброзды-кавернозды туберкулезге ТӘН ЕМЕС:
а) айқын улану
б) әртүлі сырыл
в) + жалғыз жұқа қабырғалы каверна перифокальды өзгеріссіз
г) бронхогенді диссеминация
д) көп мөлшерде бактерия бөледі.
55. Өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезінде жиі кездесетін қауіпті асқынуды көрсетініз:
а)+ өкпеден қан кету
б) ателектаз
в) тыныс жетіспеушілігі
г) созылмалы өкпелік жүрек
д) спонтанды пневмоторакс
56.Өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезімен ауыратын науқастардың өлімінің негізгі себебі қайсы көрсетініз:
а) туберкулезді улану
б) + тыныс жетіспеушілігі және созылмалы өкпелік жүрек
в) өкпеден қан кету мен түкіру
г) амилоидоз
д) бронхтың дренажды қызметінің бұзылуы
57. Өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезі қай категорияда емделеді:
а) 1 категорияда
б) 2 категорияда
в) 3 категорияда
г) 4 категорияда
д) + 4 категорияда ДСТ/ТЛЧ ескере
58. Фиброзды-кавернозды туберкулезді қайсы диспансерлік есеп тобына бақылауға алынады?
а) 1 топ
б) 1А топ
в) 1Б топ
г) + 1В топ
д) 3 топ
59. Егерде алғаш рет анықталғандардың ішінде фиброзды-кавернозды туберкулезбен ауыратын науқастардың саны көп болса, онда ерте анықталу сапасы қалай сипатталады:
а) қанағаттанарлық
б) жаман
в) + қанағаттанарлықсыз
г) сапасы төмен
д) кеш уақытылы емес
60. Спонтанды пневмоторакстың бар екенін қай зерттеу көрсетеді?
а) туберкулиннің Манту сынамасы
б) бронхоскопия
в) физикальды көрсеткіштер
г) + өкпенің шолу рентгенографиясы
д) түбір арқылы жасалатын томография
61. Вакцинациядан кейін дамиған тыртық нені дәлелдейді:
а) емнің нәтижелігін дәлелдейді
б) + иммунитеттің қалыптасқанын дәлелдейді
в) баланың жазылғанын дәлелдейді
г) туберкулездің жұққанын дәлелдейді
д) БЦЖ вакцинациясынан кейін дамиған асқынуларды дәлелдейді
62. Біріншілік дәріге төзімділік деген ұғымға түсініктеме беру:
а) + бұрын емделмеген науқаста дамиды
б) созылмалы туберкулезбен ауырған науқаста дамиды
в) ем ережесін бұзғандарда дамиды
г) көп емделген науқаста дамиды
д) қаталап емделген науқаста дамиды
63. БЦЖ ревакцинация қай жерде жүргізіледі:
а) перзентханада жүргізіледі
б) СЭС жүргізіледі
в)+ жалпы емдеу жүйесінде жүргізіледі
г) ЖИТИС орталығында жүргізіледі
д) диспансерде жүргізіледі
64. БЦЖ вакцинациясын еккеннен кейін 3-4 айдың ішінде дамитын тыртық неше пайызға дейін нәрістеде дамиды:
а) 60-65 пайызға дейін дамиды
б) 65-70 пайызға дейін дамиды
в) 70-75 пайызға дейін дамиды
г) 75-85 пайызға дейін дамиды
д) + 90-95 пайызға дейін дамиды
65. Активті туберкулезбен ауырған науқас бір жыл ішінде қанша адамға жұқтырады:
а) + 10-15 адам
б) 15-20 адам
в) 5-10 адам
г) 20-25 адам
д) 25-30 адам
66. Активті туберкулезбен ауырған науқастың емі неше этаптан тұрады?
а) 3 этаптан
б) + 2 этаптан
в) 4 этаптан
г) 5 этаптан
д) 6 этаптан
67. БМСКК/ПМСК жүйесінде жұмыс істейтін медицина қызметкерлеріне не жүктеледі, көрсетіңіз:
а) + жалғастыру фазасында туберкулезбен ауыратын науқасқа қадағаланатын емді өткізу
б) қарқынды фазасында туберкулезбен ауыратын науқасқа қадағаланатын емді өткізу
в) туберкулезбен ауыратын науқасқа МСЭК өткізу
г) диспансерлік есептен шығару
д) бациллярлық есептен шығару
68. Туберкулезге күдікті науқастарды тіркеуге БМСКК/ПСМК жүйесінде қолданатын журналды көрсетіңіз:
а) ТБ 11
б) ТБ 14
в) + ТБ 15
г) ТБ 8
д) ТБ 16
69. 3 категорияға жататын науқастар қай категорияда емделеді:
а) 1 категория бойынша
б) 2 категория бойынша
в) + 3 категория бойынша
г) 4 категория бойынша
д) резервті дәрілермен
70.Өкпенің фиброзды кавернозды туберкулезін емдегенде химиотерапиямен бірге қай емдеу әдісін қоса қолданғанда ем тиімді болады:
а)+ хирургиялық емді бірге қолданғанда
б) физиотерапияны бірге қолданғанда
в) климатотерапияны бірге қолданғанда
г) коллапсотерапияны бірге қолданғанда
д) патогендік терапияны бірге қолданғанда
71. Өкпе туберкулезінде болатын кеуде торындағы ауру сезімі неге негізделген:
а) бронхтардың зақымдануы
б) кавернаның түзілуі
в)+ плевраның тітіркенуі
г) бактерия бөлінуімен
д) диссеминация
72. Туберкулезбен ауырған науқасқа қанша айға уақытша еңбекке жарамсыз қағазын береді:
а) + 8-10 ай
б) 6-8 ай
в) 10-12 ай
г) 1-2 ай
д) 2-4 ай
73. Бактерия бөлетіндігі анықталғаннан кейін жедел хабарлау/экстреннее извещение (форма 058у) беру мерзімін анықтаңыз:
а) бір күн ішінде
б)+ бір таулық ішінде
в) 48 сағаттан кейін
г) 72 сағаттан кейін
д) аптадан кейін
74. Плевраның биопсиясында және оны цитологиялық зерттеу арқылы туберкулезбен зақымданға-нын дәлелдейтін нақты белгі қайсы:
а) Пирогов-Лангханс алып клеткалары
б) эпителоидты клеткалар
в) лимфоциттер
г)+ казеозды некроз
д) макрофагальды-лимфоцитарлық элементтер
75.Туберкулезді этиологиядағы экссудатты плевритке тән рентгендік белгісін көрсетініз:
а) плевра қуысында ауа мен сұйықтықтың болуы
б)+ плевра қуысындағы сұйықтық және өкпенің жоғарғы бөлігіндегі жұмсақ ошақтар
в) плевра қуысындағы сұйықтықтың көлденең деңгейі
г) өкпе түбірінің бір жақты немесе екі жақты ұлғаюы
д) зақымдалған жақта диафрагманың жоғары түруі
76.Туберкулезді плеврит- клиникалық түрлері, ол қалай сипатталады:
а) + плевраның қабынуы және плевра қуысына экссудаттың жиналуы
б) плевраның ісік клеткаларымен зақымдануы
в) плевраның нейтрофильдерімен зақымдануы
г) плевраның стафилококктармен зақымдануы
д) плевраның қабынуы және ауа бар
77.Өкпе туберкулезімен ауыратын науқас ұзақ уақыт қан түкіргенде қандай қауіпті жағдайға әкеледі?
а) бронхтардың туберкулезіне
б) плевра эмпиемасына
в) гематогенді диссеминацияға
г) + аспирациялық пневмонияға
д) амилоидозға
78. Науқаста клапанды пневмоторакс дамығанда, науқастың жағдайын уақытша қалай жақсартуға болады:
а) науқасты жантая отырғызу
б) + плевра қуысына жуан инені енгізу
в) кеуде торына таңғыш салу
г) жансыздандыру заттарын енгізу
д) жөтелге қарсы заттарды тағайындау
79. Өкпеден қан кеткен науқасқа дәрігер үйде көмек көрсетті. Көрсетілген шаралардың ішінде қайсы біреуі ДҰРЫС ЕМЕС:
а) науқастың жантая отырғызуы
б) аяқтарға венозды жгут салу
в) витамин С
г)+ кордиамин
д) кальций глюканаты
80. Босанған әйел өкпе туберкулезінің активті түрімен сырқаттанған. Нәрестені әрі қарай жүргізу тактикасы:
а) емізген кезде маска кию
б) + БЦЖ нәрестеге егу және оңашалау
в) нәрестеге химиопрофилактиканы жүргізу
г) емізуге болмайды
д) сауылған сүтпен тамақтандыру
81. Виражға химиопрофилактиканы өткізуге қайсы дәрі қолайлы, көрсетіңіз:
а) стрептомицин
б)+ изониазид
в) рифампицин
г) изониазид+рифампицин
д) этамбутол
82.Туберкулездің иммунопрофилактикасына не кіреді?
а) химиопрофилактика
б) Манту реакциясы
в) + БЦЖ вакцинасы
г) санитарлық алдын-алу
д) дезинфекция
83.Туберкулезге изониазидпен химиопрофилактика қанша уақыт жүргізеді:
а) 1ай
б) 2ай
в) + 3 ай
г) 6 ай
д) 1 жыл
84. Жаңа туған нәрестенің әкесі фиброзды кавернозды туберкулезбен ауырады. Ауырған әкесімен баланың қарым-қатынасы болмау керек, бірақ болуы да мүмкін қандай жағдайда:
а) егер нәресте БЦЖ алса перезентханадан шыға салысымен
б) + БЦЖ еккен соң 6-8 аптадан кейін
в) БЦЖ еккен соң 6-8 айдан кейін
г) науқас әкесі емделдеп жазылған соң
д) омырау сүтін емгендіктен контакт қауіпті емес
85. БЦЖ вакцинасын егу орнын көрсетіңіз:
а) + сол иықтың жоғары үштен бір бөлігі
б) жауырын үсті аумағы
в) іштің аймағы
г) білекке
д) иықтың төменгі үштен бірі
86. Бірінші туберкулезге қарсы қолданатын препаратты- стрептомицинді- кім ашты:
а) А. И. Абрикосов
б) + С. Л. Ваксман
в) Кальмет
г) Л. А. Тарасевич
д) А. Е. Рабухин
87. ДДҰ/ВОЗ стратегиясына сәйкес ересектердің тәулігіне бір рет қабылдайтын изониозидтің дозасы:
а) 1,2 г
б) 0,6 г
в) 0,9г
г) + 0,3г
д) 1,5 г
88. Науқас Б., 2 ай бұрын туберкулезге қарсы емді бастады. Оған жағындысы теріс нәтижелі туберкулез деген диагноз қойылды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық болды. Қазір 2 айлық емнен кейін, науқастың қақырығында микроскопиялық әдіспен ТМБ+ анықталады. Науқастың типін анықтаңыз:
а) бірінші рет анықталған
б) рецидив
в) ауысқан
г) + сәтсіз/қолайсыз ем аяқталды
д) режимді бұзу
89. 3 категорияға жататын туберкулезбен ауыратын науқастар үшін қай емдеу кестесі жалғастыру фазасында қолданылады?
а) 5 Н3R3E3
б) 4HRZ
в) 4HRЕ
г) + 4 HR
д) 2 HRZ
90. 2 категорияға жататын туберкулезбен ауыратын науқастар үшін қай емдеу кестесі жалғастыру фазасында қолданылады?
а) 5HRZ
б) 4(7) H3R3Z3
в) 4 H3R3
г) + 5 HRE
д) 2 HRZ
91.1 категорияға жататын туберкулезбен ауыратын науқастар үшін қай емдеу кестесі жалғастыру фазасында қолданылады?
а) 5H3R3E3
б) +4 HR
в) 4(8) H3R3
г) 5HRE
д) 2 HRZ
92. Жүктілік кезінде туберкулезге қарсы қолданатын дәрілердің қайсысын қолданбайды?
а)+ стрептомицинді
б) рифампицинді
в) пиразинамидті
г) этамбутолді
д) изониазидті
93. Науқас емнің қарқынды фазасында барлық дозаларын қабылдамаған жағдайда, не болады?
а) бұл емнің нәтижесіне әсер етпейді
б)+ жағындының конверсиясы болмайды да, емнің нәтижесі сәтсіз(қолайсыз) аяқталады
в) қолданылатын дәрілерге төзімділік пайда болады
г) келешекте туберкулездің рецидиві болады
д) науқасқа операция жасау керектігі туады
94. Егер де науқас емді үзсе, онда келешекте емдеу режимі неге байланысты (тәуелді) болады:
а) науқастың типіне
б) емді үзгенге дейінгі ұзақтығына
в)+ жағындының соңғы нәтижесіне
г) аурудың ауырлығына
д) аурудың түріне
95. Созылмалы туберкулезбен ауырғандарға қандай емдеу тактикасын қолдану керек:
а) басқа науқастарды емдегендей қарқынды еммен емдеу
б) осы категориядағы науқастарға мүлдем көңіл бөлмеу керек
в) күштемелі емдеу керек хирургиялық емге дейін және толық жазылмағанға дейін ауруханадан шығармау керек
г) патогенетикалық ем қолданып қарқынды емдеу керек
д)+ арнайы туберкулезді емдейтін ауруханаларға оңашалауға тырысу
96.Туберкулезге қарсы қолданатын дәрілердің бактериостатикалық әсері неге негізделген:
а) мембраналық құрылымның лизисіне (еруіне)
б) клеткалардың бұзылуына
в) + тыныс алу ферменттердің блокадасына
г) РНК-ға әсер тигізуімен
д) ДНК-ға әсер тигізуімен
97. Қай дәріні қолданғанда туберкулезбен сырқаттанудың қауіпі жоғарлайды:
а) гипотензивті
б) бронхолитиктерді
в) + глюкокортикоидтарды
г) антидепресанттарды
д) қантты төмендететін препараттарды
98.Туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілердің қайсысы есту және вестибулярлы бұзылыстарды шақырады:
а) тубазид
б) рифампицин
в) пиразинамид
г)+ канамицин
д) этамбутол
99. 2-ші жұп бас- ми нервіне қайсы препарат токсикалық әсер тигізеді?
а) тубазид
б) рифампицин
в) стрептомицин
г) + этамбутол
д) пиразинамид
100. ДДҰ/ВОЗ стратегиясының ережесіне аталғандардың қайсысы сәйкес келмейді:
а) туберкулезбен ауырғандардың көбін емдеп шығарады
б) туберкулездің таралып өріс алуынан қорғайды
в) дәріге төзімділігін тудырудан сақтайды
г) дәрілерді үнемдеу
д)+ дәрілерді қабылдауын қадағалайтын қосымша медициналық қызметкерлерді талап етеді
101. ДДҰ/ВОЗ жүйесіне қай элемент кірмейді?
а) диагноз жағындының нәтижесіне негізделген
б) + туберкулезбен ауыратын науқасқа жеке (индивидуальды) терапия жүргізу
в) дәрілерді қабылдаудын қадағалау
г) әр анықталған туберкулездің емінің нәтижесіне баға беру
д) үкіметтің саясы қолдауы
102. Егер де бактерия бөлуші (ашық түріндегі) науқас ұқыпты емделсе, туберкулезге қарсы қолданылатын барлық қажетті дәрілерді қабылдаса, онда ол қашаннан бастап жұқтыруын азайтады?
а) ем басталысымен
б) 10 күннен кейін
в) +2-3 аптадан кейін
г) 2-3 айдан кейін
д) емнің аяғында
103.Туберкулостатикалық дәрілердің қайсысы клеткадан тыс өсетін ТМБ-ның популяцияларына таңдамалы әсерін тигізеді?
а) тубазид
б) рифампицин
в) +стрептомицин
г) этамбутол
д) пиразинамид
104. Активті туберкулезбен ауыратын науқас жарты жыл бұрын вирусты гепатитпен ауырып шыққан. Туберкулезге қарсы қолданылатын қайсы дәріні қолдануынан тартынасыз?
а) тубазидтен
б)+ рифампициннен
в) этамбутолдан
г) канамициннен
д) тибоннан
105. Изониазидпен уланғанда антидонт ретінде қай витаминді көк тамырға енгізеді?
а) В1
б) В2
в) + В6
г) В12
д) С
106.Қай клиникалық формаларда көмей, ауыз қуысының туберкулезі байқалады:
а)+ өкпе туберкулезінің созылмалы фиброзды кавернозды формаларында
б) өкпе туберкулемасында
в) өкпенің циррозды туберкулезінде
г) өкпенің ошақты туберкулезінде
д) кеуде ішілік лимфа бездер туберкулезінде
107. Туберкулез микобактериясын қай жылы ашты?
а) 1852 ж.
б) 1862 ж.
в) 1872 ж.
г)+ 1882 ж.
д) 1892 ж.
108. Туберкулез микобактериясын кім ашты?
а) + Р.Кох
б) А.Е.Рабухин
в) Абрикосов
г) Гон
д) Симон
109. Туберкулез микобактериясының негізгі түрлық/тұқым белгісі қайсы:
а)+ патогендігі
б) вируленттігі
в) дәріге резистенттілігі
г) қышқылға төзімділігі
д) көбею тәсілі
110. Туберкулезді қабынудың ең нақты белгісіне не тән, көрсетіңіз:
а) Пирогов-Лангганс алып клеткалары
б) эпителиоидты клеткалар
в) лимфоциттер
г)+ казеозды-некроз
д) макрофагальды-гистиоцитарлы элементтер
111. Бірінші рет туберкулезге қарсы қолданылатын вакцинаны кім ашты?
а) Р. Кох
б) Абрикосов
в)+ Кальмет, Герен
г) Гон
д) Симон
112. Альвеоланың беткей созылуына қандай зат әсер тигізеді?
а) мукоцилиарлы аппарат
б) бронх бөліндісі
в) протеаза
г) + сурфактант
д) эндотелий
113. Туберкулезді дәлелдейтін нақты диагностикалық белгіні көрсетіңіз:
а) Манту сынамасының оң болуы
б) тест-терапиясының оң әсері
в) гемограммада лимфоциттердің төмендеуі
г) +биопсиялық материалда казеозды некрозды анықтау
д) ТМБ анықталған, бірақ патогномогенді клиникалық рентгендік белгілердің болмауы
114. Өкпелік туберкулез ауруының басында болатын жөтелдің сипаты:
а)+ әлсіз жөтел, шыршты қақырықпен бір рет қақырыну
б) күшті азапты жөтел
в) үстамалы “иттің үрісі тәріздес” жөтел
г) жөтеліп ауыз толтырып қақырықты тастау
д) азапты/надсадный жөтел
115. Туберкулезбен ауыратын науқастың қан түкіруі нені дәлелдейді,көрсетіңіз?
а) +өкпе тінінің ыдырауын
б) үрдістің шашырауын
в) үрдістің басылуын
г) үрдістің кері қайтуын
д) плевра бұтындігінің бұзылуын
116. БЦЖ вакцинасынан кейін айқын иммунитет қай уақытта қалыптасады:
а) 7-10 күнде
б) 2-3 аптада
в) + 6-8 аптада
г) 6 айда
д) 1 жыл
117. Табиғи туберкулезге қарсы иммунитет неден кейін дамиды?
а) БЦЖ вакцинациясынан кейін
б)+ ТМБ организмді жұқтырғаннан кейін
в) туберкулинді енгізгеннен кейін
г) химиопрофилактикадан кейін
д) БЦЖ ревакцинациясынан кейін
118. Иммунитеттің қай феноменіне антидене түзілу жатады:
а)+ гуморальды
б) клеткалық
в) толеранттылық
г) иммунды есте сақтау
д) аллергиялық
119. Туберкулезде қандай иммунитет болады?
а) + бейстерильды клеткалық иммунитет
б) стерильды клеткалық иммунитет
в) гуморальды иммунитет
г) вакцинациялық иммунитет
д) аллергиялық иммунитет
120. Латентті микробизм деген не?
а)+ морфологиялық та, биологиялық та реакцияны шақырмайды
б) морфологиялық реакцияны тінде шақырады
в) биологиялық реакцияны тінде шақырады
г) морфологиялық реакция шақырмайды, биологиялық шақырады
д) морфологиялық реакция шақырады, ал биологиялық шақырмайды
121. Қандай малдардар туберкулезді жұқтырады?
а)+ ірі қара мал
б) балық
в) шошкалар
г) иттер
д) жылқылар
122. Туберкулезге жаппай тексеру кезінде Манту сынамасын жүргізу үшін қандай туберкулин қолданады?
а) альт-туберкулин
б) құрғақ тазартылған туберкулин
в)+стандартты ертіндісі тазартылған белок дериваты
г) халықаралық стандартты туберкулин
д) туберкулездік антигендік эритроцитарлы диагностикумы
123. Туберкулин дегеніміз – ол:
а) туберкулез микобактериясының патогенді дақылы
б) өлі туберкулез микобактериясы
в)+ туберкулез микобактериясының өмір тіршілігі өнімдері
г) туберкулез микобактериясының әлсіз тірі дақылы
д) туберкулез микобактериясының әртүрлі штамдарының қоспасы
124. Туберкулиннің Манту сынамасының виражы нені дәлелдейді:
а) ревакцинация керек екенін
б) туберкулезі бар екенін
в) вакцинадан кейінгі аллергияны
г) +біріншілік жұққандықты/инфицирлену
д) қайтадан жұққандықты/инфицирлену
125. Тері астылық Кох сынамасы не үшін жүргізіледі?
а) туберкулезді ерте анықтау үшін
б) емдеу үшін
в) туберкулезді алдын алу үшін
г)+ ажырату диагностикасын жүргізу үшін
д) БЦЖ ревакцинациясына іріктеу үшін
126. Манту сынамасының қайсы нәтижесіне байланысты фтизиатр кеңесіне жібермейді:
а) вираж
б)+ теріс сынама
в) гиперергиялық сынама
г) сынаманың жоғарлауы
д) везикуло-некротикалық өзгеріс
127. Қай мақсатта Манту сынамасын қолданады?
а) туберкулезге қарсы иммунитет жасау үшін
б) + туберкулездің организмге жұққандығын анықтау үшін
в) туберкулезді емдеу үшін
г) БЦЖ реакциясын қадағалау үшін
д) диспансерлік қадағалау үшін
128. БЦЖ вакцинасы- бұл:
а) + туберкулез микобактериясының тірі әлсізденген культурасы
б) туберкулез микобактериясының өмір тіршілігінің өнімі
в) өлтірілген туберкулез микобактериясы
г) туберкулез микобактериясының сорпалы культурасының фильтраты
д) патогенді туберкулез микобактериясының культурасы
129. Тері ішілік БЦЖ вакцинациясының нәтижелігін не дәлелдейді:
а) із қалуы
б) папула
в)+ тыртық
г) везикула
д) келоидты тыртық
130. БЦЖ вакцинасын қолдану мақсаты?
а)+ туберкулезге қарсы иммунитет тудыру үшін
б) әр түрлі инфекциялық аурулардан организмді қорғау үшін
в) туберкулездің диагностикасы үшін
г) бактерия бөлушімен қатынаста болған жағдайда туберкулездің жұқтыруын алдын алу үшін
д) ажырату диагностикасы үшін
131. Вакцинациядан кейінгі жасанды иммунитет қанша уақытқа дейін сақталады:
а) + 4-6-7 жыл аралығында сақталады
б) 2-3-4 жыл аралығында сақталады
в) 1-2-3 жыл аралығында сақталады
г) 0-1 жыл аралығында сақталады
д) сақталмайды
132. Туберкулезді инфекцияға дамиған спецификалық аллергияны қай әдіспен анықтайды:
а) Кох сынамасымен
б) БЦЖ вакцинациямен
в) + Манту сынамасымен
г) Пирке сынамасымен
д) лимфоциттердің блансттрансформациялық реакциясымен
133. 2 ТБ жасалатын Манту сынамасына жергілікті реакция неше сағаттан кейін дамиды:
а) жылдам (анафилаксия тәріздес)
б) +72 сағаттан кейін
в) 50 сағаттан кейін
г) 24 сағаттан кейін
д) 2-3 аптадан кейін
134. Манту сынамасын қою барысында туберкулин қалай енгізіледі:
а) интратрахеальды
б)+ тері ішіне
в) тері астына
г) көк тамыр ішіне
д) теріге
135. Біріншілік туберкулез дегеніміз не?
а)+ бірінші рет ТМБ жұққаннан кейін дамитын ауру
б) екінші рет жұққаннан кейін дамитын туберкулезді үрдіс
в) туберкулезді бронхоадениттен кейін дамитын үрдіс
г) ошақты туберкулезден кейін дамитын үрдіс
д) суперинфекциядан кейін дамитын сырқат
136. Өкпе туберкулемасының ағымы қалай сипатталады:
а) жіті басталуымен
б) + аз симптомды ағымымен симптомсыз ағымымен
в) персистелген ағымымен
г) созылмалы ағымымен
д) созылыңқы ағымымен
137. Өкпе туберкулемасындағы қабыну қалай сипатталады:
а) экссудатты қабынуымен
б) + продуктивті қабынуымен
в) экссудатты-некрозды қабынуымен
г) лимфогематогенді қабынуымен
д) лимфоидты қабынуымен
138. Милиарлы туберкулезде қандай қабыну реакциясы басымырақ болады:
а) экссудатты
б)+ продуктивті
в) альтеративті
г) тығыздану
д) кальцинация/әктену
139. Өкпелік түрінде өтетін милиарлы туберкулезге қайсы белгі тән емес:
а) дене қызуының жоғарлауы
б) ентігу
в) қатан тыныс алу
г) өкпе суретінің кедейленуі
д) +”тотық түсті” қақырық
140. Милиарлы туберкулездің рентген белгілерін көрсетіңіз:
а)+ бірікпеген біртекті майда ошақтар, өкпе суреті кедейленген
б) көптеген ошақты көлеңке, біріккен, өкпе суреті күшейген
в) майда ошақтар және фокусты күңгірттену/затемнение
г) майда ошақтар және ыдырау қуысы
д) полиморфты ошақтар, фиброзды өзгерістер
141. Жедел (милиарлы) диссеминирлі туберкулезбен ауыратын науқастың туберкулинге сезімталдығы қандай болады көрсетіңіз?
а)+ теріс анергия
б) оң анергия
в) гипоергия
г) нормергия
д) гиперергия
142. Науқасты тамағының ауырғаны, дауысының қарлыққаны мазалайды. Рентгенограммада- 2-жақты полиморфты ошақтардың диссеминациясы өкпеде анықталған. Екі өкпенің жоғарғы бөлігінде жұқа қабырғалы, дұрыс пішінді перифокальды қабынуы жоқ қуыс (2,0 х 2,0 см) көрінеді. Дұрыс диагнозды таңдаңыз:
а) фиброзды-кавернозды туберкулез, шашырау фазасы
б) кавернозды туберкулез, шашырау фазасы
в) жедел диссеминирлі туберкулез
г)+ жеделдеу диссеминирлі туберкулез
д) өкпе туберкулемасы
143. Диссеминирлі туберкулезде болатын спецификалық өзгерістер жиі қай жерде өкпеден тыс орналасады көрсетіңіз:
а) + көмейде
б) буында
в) бүйректе
г) көзде
д) жыныс ағзаларында
144. Туберкулезді менингиттің базиллярлы түріне тән белгіні көрсетіңіз?
а) кахексия
б) перифериялық гемипарездер
в)+ ми нервтерінің зақымдануы
г) интелектің бұзылуы
д) гидроцефалия
145. Туберкулезді менинигитке қандай цитоз тән?
а) + 100-200 клеткалар 1 мл-де, лимфоцитарлы
б) 400-600 клеткалар 1 мл-де, нейтрофильді
в) 1-10 клетка 1 мл-де, лимфоцитарлы
г) 700-800 клеткалар1 мл-де, нейтрофильды-лимфоцитарлы
д) санауға келмейді
146. Қайсы ауруға жұлын сұйықтығының анализі тән екенін көрсетіңіз: мөлдір, түссіз, цитоз – 7 клетка (100% лимфоцит, қант 2,4 ммоль/л; хлоридтер – 120 ммоль/л)
а) серозды менингитке
б) ірінді менингитке
в) туберкулезді менингитке
г) мидың ісігіне
д) + құрамы қалыпты
147. Туберкулезді менингитке диагноз қоюға қайсы әдіс мәлімет бермейді:
а) кеуде торша ағзаларының рентгенографиясы
б) ликворды зерттеу
в) көз түбін қарау
г) + туберкулиннің Манту сынамасы
д) неврологиялық статус
148. Туберкулезді менингитпен ауырған науқастың ликворінде болатын қанттың құрамын көрсетіңіз:
а) өзгермейді
б) басында жоғарлайды, содан кейін төмендейді
в) жоғарлайды
г) +төмендейді
д) диагностикалық маңызы жоқ
149. 23 жастағы А. деген науқасқа туберкулезді менингит деген диагноз қойылды. Аурудың бірінші аптасында диагноз қойылды. Базилярлы менингитдеп болжаған.
Туберкулезді менингиттің базиллярлы түрін сипаттайтын белгі қайсы, көрсетіңіз?
а) кахексия
б) перифериялық гемипарез
в)+ ми нервтерінің зақымдануы
г) интелектің бұзылуы
д) гидроцефалия
150. Туберкулезді менингитпен ауырған науқастың ликворінде болатын белоктың құрамын көрсетіңіз:
а) өзгермейді
б) төмендейді
в) бастапқыда төмендейді, сосын жоғарлайды
г)+ 3-6 г/л дейін жоғарлайды
д) 60-100 г/л дейін жоғарлайды
151. Сұрау және физикальды зерттеу әдістері арқылы нені күдіктенуге болады:
а) + туберкулезді
б) туберкулезді жоққа шығаруды
в) туберкулез диагнозын верифицилеуге
г) көп бөлінетін бактерияларды анықтау
д) туберкулезбен жаңасқан АИТВ- инфекциясын жоққа шығаруды
152. Өкпенің кавернозды туберкулезінде болатын қуыс қалай сипатталады:
а) қабырғасы қалың дұрыс дөңгелек пішінді
б) диаметрі 4-6 см дұрыс дөңгелек пішінді
в) деформацияланған, қалын қабырғалы, майда, сәулелі қабырғасымен
г) қалың қабырғалы, пішіні дұрыс емес
д) +диаметрі 2-4 см жіңішке қабырғалы айналасында ошақты көлеңкелер болады
153. Қандай негізгі жолмен кавернадан таралатын инфекция туберкулездің өршуіне әкеледі, көрсетіңіз:
а) лимфогенді
б) гематогенді
в) қарым-қатынас
г)+ бронхогенді
д) аралас
154. Туберкулездің деструкциялы формасының емінің негізгі нәтижесі немен аяқталады:
а) ыдыраулы қуыстың жабылуы
б)+ бактерия бөлінудің тоқтаулы
в) улану белгілерінің жоғалуы
г) еңбекке жарамдылығының қалыптасуы
д) ФВД қалыптасуы
156. Виражға неше ай химиопрофилактиканы жүргізеді:
а) 1ай
б) 2ай
в) +3 ай
г) 6 ай
д) 1 жыл
157. Туберкулезге қарсы қолданатын препараттардың қайсысын жүктілік кезінде белгілеуге болмайды?
а)+ канамицинді
б) рифампицинді
в) пиразинамидті
г) этамбутолды
д) изониазидті
158. Гепатотоксикалық әсер тигізетін препараттарды белгілеңіз?
а) + изониазид, рифампицин, пиразинамид
б) изониазид, канамицин, стрептомицин
в) пиразинамид, канамицин, циклосерин
г) стрептомицин, ампицилин, ПАСК
д) этамбутол, канамицин, амоксиклав
159. Өкпе туберкулезімен ауыратын науқасты қарап зерттегенде не көруге болады:
а) терінің дистрофиялық өзгерістерін
б) қабырға аралық кеңестіктің кеңейгенін
в) қанаттәрізді жауырын
г)+көзге көрінетін патологиялық өзгерістер жоқ
д) дене салмағының дефициты
160. Аурудың ыдыстарын немен залалсыздандырады:
а) 1-2% - хлорамин ерітіндісімен
б) 10% - хлорлы әктін ерітіндісімен
в) 20% - хлорлы әктін ерітіндісімен
г) 5% - хлорамин ерітіндісімен
д)+ 2% -сода ерітіндісімен қайнату
161.Туберкулез ошақтарының эпидемиологиялық қауіптілігі неге байланысты ЕМЕС:
а) массивті/орасан бактерия бөлуге
б) ауырпалы факторлардың бар болуына
в) пәтер үй жағдайларының тұрмысына
г) балалар мен жасөспірімдердің бар болуына
д) + көлігінің бар болуына
162. Негізгі эпидемиологиялық көрсеткіштерді атаңыз:
а) қарым қатынастық
б) аллергиялық
в) иммундық
г) контигиоздық
д) + аурулық (заболеваемость)
163. Оң өкпенің S1 инфильтратты туберкулезі, ТМБ (+) бірінші рет 25 жастағы К. деген науқаста анықталған, ол науқас ауруханада 2 ай бойы емделді, қарқынды фазасы 4 АБП-мен және 4 ай жалғастыру фазасында ем жүргізілген. Бактерия бөлуі тоқталды.
Рентгенограммада –оң өкпенің S1 шеті анық, d = 3 см дейінгі гомогенді көлеңке көрінеді. Сіздің болжама диагнозыңыз:
а) дөңгелек инфильтрат
б) толған киста
в) шеткі/перифериялық рагі
г) эхинококк
д)+ туберкулома
164. 25 жастағы А деген науқасқа оң өкпенің жоғарғы бөлігінің туберкулемасы, ТМБ (-) диагнозы қойылды. І категория бойынша 6 ай емделді. ТМБ –анықталмады. Туберкуломаның өлшемі 6 см диаметрінде болды. Наркоманиямен ауырады. Келесі емдеу тактикасын таңдаңыз.
а) антибактериальды терапияны жалғастыру
б) + үнемді резекция
в) эндотрахеальды дәрі құю
г) жасанды пневмоторакс
д) пневмоперитонеум
165. Өкпеге перкуссияны нені анықтау үшін өткізеді:
а) тыныстың ритмін анықтау үшін
б) қосымша тыныс шуларын анықтау үшін
в) + өкпенің төмеңгі шеттерінің қозғалымын анықтау үшін
г) тыныстың сипатын анықтау үшін
д) дауыс дырылын анықтау үшін
166. Өкпеге аускультацияны нені анықтау үшін өткізеді:
а) тыныстың тереңділігін анықтау үшін
б) өкпенің төмеңгі шеттерінің қозғалымын анықтау үшін
в) + тыныстың сипатын анықтау үшін
г) дауыс дырылын анықтау үшін
д) тыныстың патологиялық ритмін анықтау үшін
167. Инфильтратты туберкулездің ең қолайсыз емдік нәтижесі қайсы:
а) ошақты туберкулезге
б) кавернозды туберкулезге
в)+ фиброзды-кавернозды туберкулезге
г) циррозды туберкулезге
д) туберкуломаға
168.Өкпенің инфильтратты туберкулезді қай категорияда емделеді:
а)+ 1 категорияда
б) 2 категорияда
в) 3 категорияда
г) 4 категорияда
д) резерв тобындағы препараттармен
169. Қанша ай инфильтратты туберкулездің қарқынды фазасында емделеді:
а) +2-4 ай
б) 1 ай
в) 7 ай
г) 5 ай
д) 6 ай
170. Қанша ай инфильтратты туберкулездің жалғыстырушы фазасында емделеді:
а) + 4-7 ай
б) 5-6 ай
в) 1-3 ай
г) 2-3 ай
д) 6-7 ай
171. Қайсы диспансерлік тобында өкпенің инфильтраты туберкулезімен ауырған науқасты бақылайды:
а)+ 1А
б) 1 Б
в) 1 В
г) 2
д) 3
172. С. деген науқаста кешке қарай дене қызуы 37,7оС дейін көтеріледі. Қақырықты жөтелге, оң жақ кеуде қуысының ауыруына, әлсіздікке, дімкәстікке, арықтауына шағымданады. Осы шағымдар бойынша терапевтке қаралады. Дұрыс тексеру әдісін таңдаңыз:
а) бронхография
б) электрокардиография
в) + ТМБ-на қақырықты зерттеу
г) спирография
д) торакоскопия
173. 55 жастағы О. деген науқас азапты жөтелге, қан түкіруге, әлсіздіктің күшеюіне шағымданады. Соңғы айларда 6-7 кг арықтағанын айтады. Диагноз қою үшін қажетті зерттеу әдісін таңдау керек:
а) спирография
б) бронхография
в)+ рентгенография
г) электрокардиография
д) УДЗ/УЗИ
174. Инфильтратты туберкулезден клиникалық жазылған және мамандығы бойынша диспансерлік бақылаудан шығарылған науқасты жұмысқа қайтаруын шешу. Дәрігер-терапевт болып жұмыс жасайды:
а) МСЭК-ке жіберу
б) мамандығын өзгерту
в)+ жұмысқа кірісу
г) СЭС-тен рұқсат алу
д) мүгедектік тобын рәсімдеу
175. 2 ТБ жасалған Манту сынамасына өлшемі 18 мм папула жасөспірім берді, оны қалай сипаттаймыз:
а) вираж
б) инфильтрат
в) постинфекциялы аллергия
г) поствакцинальды аллергия
д) + гиперергиялық реакция
176. Өкпенің инфильтратты туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ+деген диагнозбен 1 категория бойынша 2 ай ем қабылданған. Туберкулезді интоксикация симптомы жойылған. Бактерия бөлуі тоқтамаған. Сіздің әрі қарай емдік тактикаңыз:
а) хирургиялық ем көрсетілген
б) операция көрсетілмеген
в) жасанды пневмоторакс көрсетілген
г) туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілерді қабылдамау
д)+ қарқынды фазасын 1 айға жалғыстыру
177. Туберкулин құрамында не кіреді:
а) туберкулездің L-формасы
б) ТМБ барлық антигендік компоненттері
в) + туберкулез қоздырғышының бөлек антигенді компоненттері
г) өлтірілген bovis
д) ТМБ антидене
178. Оқуға немесе жұмысқа қашан жіберуге болады туберкулезден жазылып шыққан кісілерді, көрсетіңіз:
а) + 1,2,3 категория режимінде емдеу курсін сәтті/қолайлы бітіріп нәтижесі «жазылған/вылечен» немесе «емін бітірген/лечение завершено»
б) емнің қарқынды фазасын бітірген
в) ем нәтижесі: «басқа мекемеден ауысқан»
г) ем нәтижесі: «4категорияға ауыстырылған»
д) ем нәтижесі: «ем сәтсіз/қолайсыз ем»
179. Қайсы эпидемиологиялық көрсеткіш туберкулез инфекциясының резервуарын көрсетеді:
а) өлім-жітім
б) потенциальды ошақ
в) аурулық/заболеваемость
г) + жұққандық
д) аурушандық/болезненность
180. Туберкулезбен ауыратын малдармен қарым-қатынаста болғандарды қайсы диспансерлік есеп тобында бақылайды:
а) 1А тобында
б) 1Б тобында
в) 1В тобында
г) 2 топта
д)+ 3 А тобында
181. Гиперергиялық реакциямен және виражы бар балаларды қайсы диспансерлік есеп тобында бақылайды:
а) 1 топта
б) 2 топта
в) 3А тобында
г) +3 Б тобында
д) бақыламайды
182. 3 тобындағы контингенттер қай мерзімге дейін диспансерлік есеп тобында бақылауда болады:
а) + 1 жыл
б) 2 жыл
в) 6 ай
г) динамикаға дейін
д) 3 ай
183. Жайылмалы туберкулезді үрдісі және ауыртпалы факторлары бар науқастарды қайсы диспансерлік есеп тобында бақылау қажет:
а) 1А топ
б) +1Б топ
в) 1В топ
г) 2 топ
д) 4 топ
184. Қай мерзімге дейін диспансерлік есеп тобында «О» тобындағы кісілер бақылауда болады:
а) 6 ай
б) бақыланбайды
в) + 4 ай
г) 3 ай
д) 1 жыл
185. Балаларға екі препаратпен химиопрофилактиканы қай жағдайда жүргізеді:
а) 12 мм инфильтратқа
б) жергілікті некрозға
в) перифериялық лимфоаденитке
г)+ 15-17 мм инфильтратқа
д) ошақты туберкулезге
186. Емнің қайталанған курсінен кейін (1У категория) дәріге төзімділік дамиған және бактерия бөлуі тоқтамаған науқас қайсы диспансерлік есеп тобында бақылайды:
а) 1 А тобында
б) 1 Б тобында
в) 1 В тобында
г) +1 Г тобында
д) 3 топта
187. «Активті туберкулез» деген диагноз қойылғаннан кейін қандай хабарлау/извещение формасы толтырылады:
а) 058у
б)+ 089у
в) 030у
г) 093у
д) 06у
188. Бактерия бөлетін туберкулезбен ауыратын науқасқа қандай хабарлау/извещение формасы толтырылады:
а) 030у
б) 089у
в)+ 058у
г) 033