Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Syllabus
Пән Құқық негіздері» (2 кредит)
Мамандық факультет аралық
Курс 1,2
Академиялық топ _ _______________
Ақтөбе- 2015-2016 оқу жылы
Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Syllabus
Пән «Құқық негіздері» (2 кредит) ОСӨЖ уақыты
Сабақ өткізілетін орын | ауд. уақыты | Апта күндері | Оқытушы | Байл. тел email |
Филология факультеті | 3,4, 6 паралар | Бейсенбі | Саутбаева С.Б. | 40-64-27 |
Инженерлік-техникалық факультеті | 5,6 паралар | Сәрсенбі | Саутбаева С.Б. | 40-64-27 |
Шет тілі факультеті | 2,3,4 паралар | Жұма | Саутбаева С.Б. | 40-64-27 |
КУРСТЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТЫ:
«Құқық негіздері» курсын оқыту «Құқық негіздері» - оқу пәні бір жағынан белгілі бір құқықтық нормалардың рөлі туралы жалпы түсінік беретін, ал екінші жағынан - әр адамға оның өмірі барысында кездесетін проблемаларды шешуге бағыт – бағдар беретін, қажетті білім беретін негізгі құқық салаларының (конституциялық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, отбасылық және т.б.) сұрақтарын оқытады. Құқық негіздерін оқу өмірлік қажетті жағдайларды сауатты бағалауға, өмірлік жағдайларды шешу үшін қажет орынға дәл баруға мүмкіндік береді.
КУРСТЫҢ МАҚСАТЫ:
Берілген курсты сәтті аяқтағаннан кейін студент келесідей қабілеттерді меңгереді:
· Мемлекет және құқықтың пайда болуы мен қалыптасуының заңдылықтарын студенттерге игерту арқылы басқа құқық салалары үшін білімдердің мықты іргетасын қалайды:
· азаматтардың жас буынында құқықтық мәдениеттің бастапқы негізін қалыптастыруға, студенттерді белгілі бір білімдер саласында ағартуға арналған. құқық бұзудың алдын алу;
· заң және құқық тәртіптерін нығайту;
· халықтың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру және дамыту;
ПӘН ПРЕРЕКВИЗИТТЕРІ: Философия, Саясат-тану.
ПӘННІҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ: Мемлекет және құқық теориясы, Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы,ҚР мемлекет және құқық тарихы, Азаматтық құқық, қылмыстық құқық.
ОҚЫТУ ӘДІСІ: Бұл курс дәстүрлі дәріс сабағын талқылау әдісін пайдалану арқылы беріледі. Студенттерге аудиториядаға талқылауға белсенді қатысып, бір-бірінен үйреніп және топтың пікірінен өзіне пайдалы нәрселерді алу ұсынылады. Аудиториялық сабақ дәріс, материалды талқылау, әр түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындау, есептер шығаруды қамтиды. Студент әр сабаққа негізгі және қосымша әдебиеттер бойынша дайындалуы тиіс. Әр дәрісте негізгі ұғымдар мен анықтамалар ұсынылып, түсіндіріледі. Сабаққа қатысу мен аталған түсініктерді конспект түрінде жазып отыру әр студентке міндетті. Оқытушы материалды әр студентке жеке бермейтіндіктен, материал болмаған жағдайда басқа студенттен көшіріп алу қажет. Семинар (лаборатория) сабақтарында студенттерге өзіндік жұмыс тақырыптары мен тапсырмалары және дәріс материалдарының сұрақтары ұсынылады. Жеке тапсырмалар ОСӨЖ уақытында қабылданады. Егер студентке өткен материалдар бойынша сұрақ туындаса, оқытушыдан көмек сұрауына болады.Сонымен қатар сабақта келесідей сұрақтар қарастырылады.
БІЛІМДІ БАҒАЛАУ: Ағымдық бақылау: курс барысында бағалау стратегиясы ретінде келесідей бағалау әдістері қолданылады: жазбаша бақылау жұмысы, үй тапсырмасы (көрсеткіштерді математикалық есептеулер, талдаулар, салыстырула, жазбаша тапсырмалар т.с.с.), ауызша сұрау, тест тапсырмалары, іздену жұмыстары (жоба, курстық жұмыс, презентация), мәнжазба, эссе т.с.с.
Аралық бақылау (бақылау жұмысы): бақылау жұмысы курста өткен бөлімдер бойынша теориялық және практикалық, лабораториялық (есептеу және шығармашылық) тапсырмаларды қамтып, меңгерген тақырыптар бойынша студенттердің білімін бағалауға мүмкіндік береді.
Жеке өзіндік жұмыс: курс тақырыптары бойынша семинар тапсырмаларын, үй тапсырмаларын, шығармашылық тапсырмаларды орындау, ситуацияларды талдау, күнделікті ақпараттық материалдарды пайдалану ескеріледі.
Үй тапсырмасы:Ү й тапсырмаларын студенттер міндетті түрде дайындайды және ОСӨЖ сабақтарында кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған үй тапсырмаларына баға төмендетіледі.
Коллоквиум: өткен материал бойынша семестрде екі рет студенттен ауызша жауап алу түрінде жүргізіледі. Коллоквиум сұрақтары студенттерге алдын-ала беріледі.
Курстық жұмыс, мәнжазба эссе: оқу бағдарламасына сәйкес және анықталған тақырып бойынша дайындалады, бағалау кезінде тақырыптың мазмұнының ашылуы, ғылыми әдебиеттердің пайдаланылуы, баяндалу стилі, көрнекі құралдардың пайдаланылуы, ҚР Заңдарын, ҚР Үкіметінің Жарлықтарын, нормативтік және әдістемелік материалдарды, негізгі әдебиеттерді меңгеру жағдайы ескеріледі. Зерттеу жұмысы бекітілген мерзімнен кейін қабылданбайды және бағаланбайды.
Аралық бақылау тестері: өткен материалдар бойынша 30 және одан жоғары тапсырмаларды қамтитын тесттер. Тест семестрде екі рет 7 және 15 апталарда өткізіледі.
Қорытынды емтихан: қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн деканаттың емтихан кестесінде көрсетіледі. Емтихан компьютерлік тестілеу нысанында жүргізіледі. Тесттер курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтиды. Емтихан уақытында дәріс көшірмелерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Баға төмен болған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша тапсырмалар берілмейді. Емтиханның өткізілу тәртібін сақтамаған студент, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған ретінде есептелінеді. Қорытынды баға: семестр соңында студенттер барлық пәндер бойынша 100 балл (40 %) көлемінде есептелінетін емтихан тапсырады.
КУРСТЫ БАҒАЛАУ КРИТЕРИІ:
№ | Бақылау түрлері | Қорытынды балл | ||||||||||||||||
Қатысым | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | |||
Үй тапсырмасы | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | |||
Лабораториялық жұмыс, сем/практ. сабақтары | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | |||
Дәріс сабағындағы тест сұрақтары | * | * | ||||||||||||||||
Бақылау жұмысы | * | * | ||||||||||||||||
Тест тапсырмалары | * | * | ||||||||||||||||
Аралық бақылау | * | * | ||||||||||||||||
Мәнжазба, эссе… | * | |||||||||||||||||
Презентация | * | |||||||||||||||||
Емтихан | * |
Ескерту: * - тапсырма саны
БАҒАЛАУ ШКАЛАСЫ:
баға | коэффициент | % |
А | 4,0 | 95-100% |
А- | 3,67 | 90-94% |
В+ | 3,33 | 85-89% |
В | 3,0 | 80-84% |
В- | 2,67 | 75-79% |
С+ | 2,33 | 70-74% |
С | 2,00 | 65-69% |
С- | 1,67 | 60-64% |
Д+ | 1,33 | 55-59% |
Д | 1,0 | 50-54% |
F | 0-49% |
СТУДЕНТТЕРДІҢ АУДИТОРИЯДА ӨЗІН-ӨЗІ ҰСТАУ ЕРЕЖЕСІ:
Студент барлық сабаққа қатысып, аудиторияға уақытында кіруге міндетті. Қатысым семестр бойына тексеріледі. Жіберіп алған материалдарды игеру студенттің міндеті болып табылады.
Студент өзінің жағымсыз қылықтарымен оқытушыға сабақ жүргізуге және басқа студенттерге оқу бағдарламасын игеруге кедергі келтірмеуі тиіс. Мысалы: ылғи келіспей отыру, өзге студенттердің сөзін бөлу, теріс пікір білдіру, сонымен қатар қорқыту, күш көрсету, мезгілсіз телефонды пайдалану, біреудің арына тиісу, тапсырманы орындаудан бас тарту т.б.
· Студенттер сабаққа уақытында келулері тиіс. 10 минуттан артық кешіккен жағдайда, оқытушының ол студентті сабаққа кіргізбеу құқы бар.
· Аудиториямен жұмыс уақытында сабаққа кедергісін келтіретін ұялы телефон мен басқа да электронды құрылғыларды сөндіріп қою қажет.
· Кейбір материалдар дәріс барысында оқуға берілуі мүмкін, сондықтан студенттер кітапхана қорының кітаптарын пайдаланулары тиіс.
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі әдебиеттер
- Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Жеті Жарғы: А, 2001ж.
- Дулатбеков Н.«Мемлекет және құқық негіздері». Астана; 2001ж.
- Сапаргалиев Ғ.С. «Қазақстан мемлекеті және құқығының негіздері.»
- Сасиева Р.С. «Государство и право». А., 1999г.
- Баймаханрв М.Т. «Мемлекет және құқық негіздері». А., 1997ж.
- Баянов Е. «Мемлекет және құқық негіздері» А., 2001ж.
ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР:
- К.Жоламанов «Мемлекет және құқық теориясы». А; 1999ж.
- Сапаргалиев Ғ.С. «Мемлекет және құқық теориясы». А; 1997ж.
- Жоламанов К.Д. «Мемлекет және құқық теориясы». А; 1997ж.
- Суханов Е.А. «Азаматық құқық». А., 1999ж.
- Тулеугалиева Г.И. «Азаматық құқық». А., 1999ж.
- Уваров В.Н. «Трудовое законодательство РК» А.,1998г.
- Ағыбаев «Қылмыстық құқық». А., 1998ж.
- Таранов А.А. «Административное право» А., 2000г.
- Худяков А.И. «Финансовое право», А.,2001г.
- Худяков А.И. «Основы теории финансового права», А., 2001г.
- Порохов Е.В. «Налоговое право», А.,1994г.
- Худяков А.И. «ҚР-ң салық құқығы» А.,1997ж.
- Дулатбеков Н.О «Отбасы құқығы» А., 1995ж.
ПӘННІҢ ОҚУ ЖОСПРАЫ
Апта | Тақырып | Дәріс | Сем/прак | СӨЖ |
1-2 | Мемлекет, құқық және мемлекеттік – құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар | |||
Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының негіздері | ||||
Қазақстан Республикасында құқық қорғау органдарының қызметінің ұйымдастырылуының негіздері | ||||
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару. | ||||
Қазақстан Республикасы әкімшілік құқығының негіздері | ||||
7-8 | Қазақстан Республикасының азаматтық және отбасы құқығының негіздері | |||
Қазақстан Республикасының қаржы құқығы | ||||
10-11 | Қазақстан Республикасының еңбек құқығы және әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы | |||
12-13 | Экологиялық және жер құқығының негіздері | |||
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы | ||||
Қазақстан Республикасының іс жүргізу құқығы | ||||
ҮЙ ЖҰМЫСЫ:
Тақырып № 1-2. Мемлекет, құқық және мемлекеттік – құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар. Мемлекет, құқық және мемлекеттік – құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар
Тапсырма:: Төменде көрсетілген кестелерді толытырыңыз:
1. Заң ғылымдарының жүйесін талдап толтырып беріңіз.
Тапсырма: 2. Әрбір заң ғылымының салаларына қысқаша анықтама беру.
Заң ғылымдарының жүйесі |
Жалпы теориялық заң ғылымы |
Мемлекет пен құқық туралы жалпы тарихи ғылымдар: |
Салалық заң ғылымдары: |
Қолданбалы заң ғылымдары: __________________________________________________________ |
Тақырып № 1-2. Мемлекет, құқық және мемлекеттік – құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар.
Нұсқа 1.
Тапсырма:
1. «Мемлекеттің пайда болу теориялар» атты тақырыпқа Портфолио дайындау. Тапсырма 2. «Мемлекеттің функциялары» деген тақырыпта кестені толтырыңыз.
Мемлекеттің ішкі функциялары | Мемлекеттің сыртқы функциялары |
Тапсырма: Құқық қатынастарының субъектілері
Индивидтер (жеке тұлғалар) | Әлеуметтік қауымдастықтар | Ұйымдар (заңды тұлғалар) | |
Мемлекеттік | Мемлекеттік емес | ||
Нұсқа 2.
Тапсырма: Мемлекеттің пайда бол теориялары ежелден-ақ адамдарды толғандырып, олардың қызығушлығын туғызып келді. Мәселен; Ж.Ж. Руссоның келісім теориясы:
- Мемлекет пайда болуы келісім шарт теориясы негізінде пайда болды.
- Озбырлық теориясы мәжбүрлеу факторларын мемлекеттің пайда болу және даму процестеріндегі бірінші себебі деп санады. (Дюринг, Гумплович, Кауцкий).
– Диалектикалық-материалистік теория мемлекеттің пайда болуын табиғи-тарихи себептермен- өндіріс қаржысына жеке меншіктің пайда болуымен, қоғамның тапқа бөлінуімен, шиеленіскен әлеуметтік келіспеушіліктер мен қарсыласулар тудыратын олардың теңсіздігімен, таптық қарама-қайшылықтың ымырасздығымен түсіндіреді. (Маркс, Энгельс, Ленин).
– Мемлекеттің пайда болуын адам психикасының көріністеріністерімен: бағыну қажеттігімен, еліктеумен, алғышқы қауымдық қоғамның жоғары топтарына тәуелділікті сезінумен, белгілі бір әрекет түрлерінің әділдігін түсіну мен және т.б. байланыстырады. Психологиялық теория өкілдерінің қатарынан Л. Петражицкий мен Г. Тардты атауға болады.
а). Жоғарыда келтірілген Мемлекеттің пайда болу себептері туралы бірқатар теориялар бар, олардың негізгі позициялар қандай еді?
б). Мемлекет пен құқықтың пайда болу негізгі теориялары не себептен көп деп ойлайсыз?
в). Барлық ұлттарда мемлекеттің пайда болуының жалпы алғы шарттары қандай деп санайсыз?
Сұрақтарға жауап қайтару үшін мына әдебиеттерді пайдалануға болады:
Теория государства и права: Курс лекций / Под ред. Н.И. Матузова, А.В. Малько. -М., 2001.
Тапсырма:
«Мемлекеттің пайда болу туралы теорияларының» анықтамаларын толтырыңыз.
Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар:
Теологиялық - |
Патриархалды - |
Шарттық - |
Күштеу теориясы |
Психологиялық - |
Органикалық |
Ирригациялық |
Материалистік |
Тақырып 1-2. Мемлекет, құқық және мемлекеттік –құқықтық құбылыстар туралы
Нұсқа 1.
Тапсырма. Портфолио. Мемлекет пайда болуындағы негізгі
Тапсырма. Кестені толтыру. Мемлекет функциясы.
Мемлекеттің ішкі функциясы | Мемлекеттің сыртқы функциясы |