Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Адам қаңқасының бөлімдері




Адам қаңқасы бірімен-бірі өзара әр түрлі байланысқан жеке сүйектерден тұрады. Ересек адамның қаңқасында 200-ден астам сүйектер бар. Ағзада болатын барлық сүйектер пішіні, мөлшері жағынан ұзын сүйектер, қысқа сүйектер, жалпақ сүйектер деп бөлінеді.

Ұзын сүйектерге қол-аяқты құрайтын жіліктер жатады. Ұзын сүйектердің жілік майы толтырып тұратын ортаңғы бөлігі қуыс болғандықтан, түтікті сүйектер деп те атайды. Жалпақ сүйектердің ұзындығы мен ені әр түрлі. Жауырын, бассүйек,қабырға, төс, жамбас сүйектері - жалпақ сүйектер.

Қаңқа - тұлға, бассүйек, иық белдеулері мен қол сүйектері және жамбас белдеулері мен аяқ сүйектері деп бөлінеді.

Тұлға қаңқасы - омыртқа жотасы мен қабырғалар және төссүйектен тұрады.

Омыртқа жотасы - тұлғаның негізгі тірегі. Адамда омыртқалардың саны 33-34, олар: 7 мойын омыртқа; 12 арқа омыртқа; 5 бел омыртқа; 5 сегізкөз омыртқа; 4-5 құйымшақ омыртқалар.

Омыртқаның құрылысы - әр омыртқаның денесі мен доғасы болады. Омыртқа доғасының көптеген (бір арқа, екі бүйір, екі үстіңгі және екі астыңғы буындық) қанаттары бар. Омыртқа доғасы иіліп, денемен тұтасқан. Омыртқалардың дәл ортасындағы кең қуыста жұлын орналасады. Мойын омыртқалардың пішіні жағынан басқа омыртқалардан біршама айырмашылықтары бар: омыртқа денесі кішілеу, бірінші мойын омыртқаның (ауыз омыртқа) денесі болмайды, ортасындағы қуысы үлкен әрі үшбұрышты. Мойын омыртқаларының біріншісі бассүйекпен байланысып, басты бұруға қатысады. Денеге күш түсуіне байланысты 3-мойын омыртқадан бастап 7-омыртқаға дейін пішіндері сәл өзгереді. Омыртқа денесі ұлғайып, арқа өсіндісінің ұшы (7-омыртқадан басқасы) екіге ажырап ашаланады.

Арқа омыртқалары мойын омыртқаларынан ірілеу, арқа өсіндісі көлбеу орналасқан. Бүйір өсінділерінде және омыртқа денесінде қабырғалар бекінетін шеміршекті буын ойықтары болады. Арқа омыртқалар қабырғалармен байланысады.

Бел омыртқалары басқа бөлімнің омыртқаларымен салыстырғанда денесі жалпақ әрі үлкен. Арқа қанаттары да жуан, бұл бел бөлімінің көбірек қозғалуына әсер етеді. Бел омыртқаларына дене салмағының күші көбірек түседі. Тік жүруіне байланысты адамның омыртқа жотасы иілімдер түзеді, оның екеуінің дөңесі - мойын және бел лордозы алға қарай бағытталған. Иілімдердің болуы адамды басқа омыртқалы жануарлардан ерекшелейді және олар денені тік ұстап, еркін қозғалуды, тепе-теңдікті сақтауды қамтамасыз етеді. Омыртқалар арасында серпімді омыртқааралық дискілер орналасқан. Сегізкөз омыртқалары бірімен-бірі қозғалмастай тұтасып кеткен. Пішіні үшбұрышты, ішке қараған беті сөл иіліңкіреп, ойықтау болып келеді. Ойыс жағынан сегізкөз омыртқаларының тұтасып кеткен іздері 4 көлденең бұдыр сызық болып анық көрініп тұрады. Сегізкөз омыртқаларының 4 жұп тесіктерінен жұлын жүйкелерінің тарамдалған ұштары шығады.

Құйымшақ омыртқалар қалдық ретінде тұтасып кеткен. Тек бірінші омыртқада омыртқаның кейбір белгілері ғана сақталған. Қалғандары біртіндеп кішірейген.

Барлық омыртқалар бірімен-бірі шеміршектер, бұлшықеттер, сіңірлер арқылы байланысып, омыртқа жотасын құрайды. Омыртқа жотасы - тұлғаны алға, артқа, бүйіріне қарай иіп-қозғалту арқылы түрлі қимылға келтіреді.

Омыртқа жотасы төрт жерінен алға және артқа қарай иіледі. Мойын мен бел омыртқалардың тұсында екі иілім алға қарай иілген. Арқа мен сегізкөз омыртқаларының тұсында екі иілім артқа қарай иілген. Жаңа туған нәрестенің омыртқа жотасы түзу, иілімдері болмайды. Нәрестенің мойны қатқанда - мойын, отыра бастағанда арқа иілімі білінеді. Қаз тұрып жүре бастағанда бел мен сегізкөз омыртқаларының тұсындағы иілімдер байқалады. Иілімдер 18-20 жаста толық қалыптасады. Омыртқа жотасының иілімдері кеуде, жамбас қуыстарының мөлшерін кеңейтеді. Иілімдер дененің тепетеңдігін жеңілдетіп, жүгіріп, секіргенде серпімділікті күшейтеді. Бұл омыртқалардың бірімен-бірі жалғасқан жеріндегі шеміршектердің созылғыштық қасиетіне де байланысты. Омыртқа жотасының алға және артқа қарай иілімдері адамның тік жүруіне байланысты қалыптасқан. Бұл - қалыпты құбылыс. Ал омыртқа жотасының бір бүйіріне қарай иілуі бұзылғанда сколиоз (грекше - қисаю, иілу) ауруы пайда болады.

3. Реттелу және тұрақтану(мұғалімнен сұраймыз). Кітаптарда жоқ вроде.

 

 

Билет №12

1. Жер бетіндегі тірі ағзалар: жасушасыз тірлік құрылымдары (анициттер),

ядросыздар(прокариоттар) және ядролылар(эукариоттар) болып үш топқа бөлінеді.

Жасушасыз тірлік құрылымына вирустар жатады. Бұларда жасуша жоқ және тірі ағза жасушасынан тысқары өмір сүре алмайды. Жасушасы болмағандықтан, ядросы да жоқ.

Тірі табиғатта вирустар өз алдында дүние құрайды. Бұларда жасуша жоқ және тірі ағза жасушасынан тысқары өмір сүре алмайды. Мөлшері өте ұсақ болғандықтан, олар жай көзге көрінбейді. Мөлшері бактериядан да кіші, сол себепті вирусты х100 мың есеге дейін үлкейтетін микроскопта ғана көруге болады. Вирус – лат. «у» деген сөз.

Вирус екі түрлі нуклеин қышқылынан, сыртында нәруызды қабығы бар заттардан құралады. Бірақ олар вируста өсімдіктер мен жануарлар жасушасының құрылымына мүлде сәйкес келмейді. Оның пішіні – шар, сопақ, таяқша, жіп тәрізді. Өлшемі 0,0000002 см.Вирус жасуша ішінде ғана әрекет ететін паразит болып табылады. Ол кез келген тірі ағзалар тобын зақымдайды. Демек, вирус – жасуша ішінде өмір сүретін паразит. Вирустар бактерияларға да зақым келтіреді. Бактерияға енетін вирус фаг немесе бактериофаг деп аталады. Ғылыми түрде өсімдікте вирустың 400 түрі, ал жануарларда 500 түрі тіршілік ететіні дәлелденген. Вирустар түрлі аурулардың себепкері. Мысалы: тұмау, сал ауруы, қызылша, сары ауру, шешек ауруы, ұшық, ИТИС (иммунитет тапшылығын иемденген синдром). Вирустар тудырған ауруларды емдеу өте қиын. Олар антибиотиктер әсер етпейді. Тек иммундық жүйе ғана вирустардың көбеюін тежей алады. Сақтану шаралары: профилактика – алдын ала дәрігерге барып текскрілу, жеміс пен көкөністерді жеткілікті түрде қабылдау, иммунитетті нығайту үшін сүт жән ет тағамдарын мейлінше көп тұтыну; көп аурулар аяқты суық ұстаудан не болмаса жұқа киініп жүруден туады. Сол үшін ауа райына сай киініп жүру де ауруларды алдын алуға жәрдемдеседі.

2. Сүйектер тығыз және кеуекті дәнекер ұлпалардан түзіледі. Сүйекиің сырты – тығыз ұлпадан,

ішкі бөлімі кеуекті ұлпадан құралады. Сүйектің сыртында сүйек затымн тұтасып кеткен сүйекқап болады. Сүйекқаптың астыңғы бетінің жасушалары бөлініп, сүйек затын түзеді. Сондықтан сүйекқап арқылы сүйектер жуандап өседі. Сүйек сынғанда біртіндеп бітіп, қайта қалпына келуі де сүйекқапқа тікелей байланысты. Сүйекқапта қантамырлары мен жүйкелер болатындықтан, сүйекке ұдайы қоректік заттар жеткізіледі. Сүйектің екі шетіндегі шеміршекті қабаттағы жасушалардың бөлінуінен сүйек ұзарып өседі. Ересек адамның сүйегінің үштен екі бөлігін – бейағзалық, ал қалған үштен бір бөлігін ағзалық заттар құрайды. Ағзалық заттар – иілгіштік, серпінділік, ал бейағзалық заттар беріктік қасиет береді.

Сүйектердің байланысы. Сүйектердің сыртында бұлшықеттер, сіңірлер бекінетін әр түрлі жүлгелер, төмпешіктер, қантамырлары мен жүйкелер өтетін шұрықтар болады. Қаңқаны құрайтын сүйектер әр түрлі байланыстар түзеді. Олар атқаратын қызметіне қарай байланыстар: қозғалмайтын, шала қозғалатын және қозғалмалы байланыстарға бөлінеді.

Қозғалмайтын байланысқа ми сауыты сүйектері мен сегізкөз жатады. Бұлар бірімен-ьірі тұтасып, қозғалмайтындай болып байланысқан.

Шала қозғалатындарға – омыртқалардың бірімен-бірі шеміршектер арқылы және қабырғалармен байланысуы жатады.

Қозғалмалы (еркін) немесе буындық байланысқа аяқ-қол сүйектерінің байланысы жатады.

3. Көбею – барлық тірі организмдерге тән қасиет. Көбею арқылы ұрпақ жалғасады, түрдің

даралары сақталады. Организмдер жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді.

Жыныссыз жолмен көбейгенде, жаңа организм жеке бір дараның бір жасушасынан немесе бірнеше дене жасушаларынан өсіп жетіледі. Жыныссыз көбеюге бір ғана не аталық, не аналық дара қатысады. Жас организмді түзетін дене жасушалары митоз нәтижесінде түзілгендіктен, ұрпақтарының белгісі аналық дараға ұқсас болады.

Біржасушалы және көпжасушалы және көпжасушалы организмдердің жыныссыз көбеюінің тағы бір түрі – бүршіктену. Мысалы, біржасушалы ашытқы саңырауқұлақтарының жасушаларынан бүршіктені арқылы алдымен кішілеу ядросы бар төмпешік – бүршік өсіп шығады да, біртіндеп ұлғайып, аналық дараның мөлшеріне жеткнде бөлініп кетеді де, өз бетінше тіршілік етеді.

Өсімдіктерде қалемшелері, мұртшалары, түйнектері арқылы вегетативті көбею кең тараған. Тал, жүзім, қарақатты қалемшелері арқылы көбейтуге болады. Құлпынайдың ұзын мұртшалары бүршіктер түзеді, олар топыраққа бекініп, жас өскіндер жетіледі. Картоп топырақасты түрі өзгерген өркендерінің бөлімі – түйнектері арқылы көбейеді. Бұның бәрі табиғи вегетативті көбею жолына жатады.

Қолдан вегетативті жолмен көбейту. Мәдени өсімдіктерді қолдан вегетативті жолмен көбейту – бұрыннан келе жатқан әдіс. Қолдан вегетативті көбейтудің бірнеше түрі бар.

Жынысты көбеюге ата-аналық дараларының екеуі де қатысады. Олар арнайы жынысы жасушаларын – гаметаларды түзеді. Гаметалардың қосылуы нәтижесінде түзілген зигота жаңа организмге бастама береді. Бұл жаңа организмде ата-аналық дараларының хромосомалары бірігіп, жұптар құрап үйлеседі. Мұның нәтижесінде жас организмде белгілердің жаңа үйлесімдері түзіледі.

 

Билет №13

1. Балдырлар туралы жалпы шолу. Балдырлар теңіз, көл, өзендерде және тоқтау суларда,

топырақта тіршілік етеді. Олардың біржасушалы, шоғырлы, көпжасушалы түрлері болады. Көпжасушалы өкілдерінің денесін таллом (қатпаршақ) деп атайды. Денесінде ұлпалары болмайтын және мүшелерге бөлінбейтін өсімді бөлігі таллом деп аталады. Балдырдың жасуша қабықшасы жақсы жетілген. Жасушасы көбіне бір ядролы. Цитоплазмасында органоидтары және вакуолі болады. Жасушасында балдырға түс беріп тұратын хроматофорлары біреу, екеу, кейде одан да көп болады. Балдыр жасушасындағы хлороплстарды – хорматофор дейді. Балдырлар талшықты немесе талшықсыз жеке жасушалар және шоғырлар күйінде де кездеседі. Балдыр жасушасы қабықшасы қабықшасының сыртын сілемейлі қабық қаптайды. Ол суда жеңіл қозғалуына, төсемікке жеңіл бекінуіне көмектеседі. Балдырлар өсімді, жыныссыз, жынысты жолмен көбейеді.

Балдырлар түсіне қарай жасыл, қоңыр, қызыл балдырларға топтастырылады.

Жасыл балдырдың жасушасы – бір ядролы, кейде көп ядролы болады. Хроматофорында фотосинтездің нәтижесінде түзілген крхмал жиналады. Хроматофорларының пішіні тақта, білезік, жұлдыз, астауша, дән, таспа тәрізді болып келеді. Жасыл балдырларды жіктеу кезінде хроматофорларының пішіні ескеріледі.

Маңызы:

Келешекте ғарышкерлерге ғалам кеңістігінде ұшатын кемелердің ішінде ұзақ уақыт жұмыс істеуге тура келеді. Адам тәулігіне көп мөлшерде оттегін қабылдап, көмірқышқыл газын бөліп шығарады. Соған байланысты ғарыш кемелерінде фотосинтез кезінде оттегін бөлетін хлорелла балдырын өсірсе қалай болар еді? Тамақ ретінде де пайдалансақ қайтеді? Деген сұрақтар туды. Осы сұрақтарға жауап іздеу мақсатында тәжірибелер жүргізілді.

Хлорелланы өсіру үшін көп мөлшерде су керек, ол өз кезегінде ғарыш кемесін ауырлатады.Адамға қажетті оттек мөлшерін алу үшін хлорелланы көптеп өсіру керек.

Тағам ретінде қолданғанда бір апта өткен соң, оны жеген адамдардың тырнақтарының асты көгеріп, құсып, өздерін жайсыз сезінген. Оның себебі-хлорелланы адамның асқазаны қорыта алмағаны мәлім болды.

Біржасушалы жасыл балдырларға хлорококк та жатады. Ол топырақта, ағаштың діндерінде өседі. Бөлмедегі гүл құмырасы сыртының, топырақ бетінің жасыл болып тұруы осы хлорококк балдырларына байланысты.

Судағы біржасушалы жасыл балдырлар – су жәндіктерінің қорегі. Фотосинтез кезінде бөлінген оттегімен су өсімдіктері мен жәндіктері тыныс алады. Хлорококк балдырларының қалдықтары шіріп, топырақ түзуге қатысады.

2. Қанның қызметі: 1) адам ағзасына қан әрбір мүшені, дененің әрбір жасушасын бірімен-бірін

өзара байланыстырады; 2) оттегін өкпеден ұлпаларға жеткізіп, көмірқышқыл газынан тазартады;

3) қорек заттарды асқорыту мүшелерінен ұлпаларға жеткізеді; 4) ағзаның соңғы қажетсіз өнімдерін бүйрекке және т.б. мүшелерге тасымалдайды; 5) дене температурасының тұрақтылығын сақтайды; 6) ағзаны зияды микробтардан қорғайды; 7) ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондарды тасымалдайды; 8) жасушаларда қышқылдың, судың деңгейін реттейді; 9)қорғаныштық қызмет атқарады (қанды ұйыта алады).

Қанның құрамы. Қан дәнекер ұлпасының сұйық түрі. Ағзада болатын қанның мөлшері адамның дене салмағына байланысты 4,5-5л. Қан – плазмадан (55 %) және қан жасушаларынан (45 %) тұрады.

3. Тіршіліктің тарихи дамуында жануарлардан сүтқоректілер, ал өсімдіктерден жабық тұқымды

өсімдіктер – ең жғары құрылымды организмдер. Бұлардың жынысты көбеюі жалпы ұқсас болғанымен, әрқайсысының өздеріне тән ерекшеліктері бар. Жабық тұқымды өсімдіктерде қосарлы ұрықтану жүреді. Оны 1898 жылы орыс ғалымы С.Г.Навашин ашқан.

Алғашқы аналық диплоидті жасушадан мейоздық бөлінудің соңында хромосома жиынтығы гаплоидті болатын 4 жасуша түзіледі. Оның 3-і еріп кетеді де, қалған ірі жасушаның қосымша қоректік затына айналады. Осы ірі жасуша гүлдегі аналық жатынының ішінде митоз жолымен үш қайтара бөлініп, нәтижесінде 8 ядролы ұрық қапшығы пайда болады. Олардың аналық жасуша, жатынының орта шенінде орналасқан екі ядроның қосылуынан екі ядролы орталық жасуша түзеді. Қалған ядролар қосалқы жасушалар түзіп, ұрықтануда айтарлықтай рөл атқармайды. Ескеретін жайт – осы аталған барлық жасушалардың ядроларында хромосомалар жиынтығы – гаплоидті. Тозаңдау кезінде тозаң дәні аналықтың аузына барып түседі. Осы үрдістер легі жалғасып жабық тұқымды өсімдіктер қосарлана ұрықтанады.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-07-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1989 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Так просто быть добрым - нужно только представить себя на месте другого человека прежде, чем начать его судить. © Марлен Дитрих
==> читать все изречения...

2442 - | 2196 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.