Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Рмалас сөйлем түрлерін ажырату принциптері




С.Аманжоловтың тиянақтауында құрмалас сөйлемдер салалас, сабақтас, аралас болып болып алғаш рет үш түрге жіктеледі. «Бірнеше сөйлем күрделі ойды білдіру үшін бір-бірімен ұласады, кейде біріне-бірі бағынып барып ұласады. Кейде әрі бағынып, әрі тең боп ұласады»,- дейді автор. Мұндай топтау 1940 жылы 5-7 сыныптар үшін жасалған бағдарламада да көрсетілген. Ғалымның құрмалас сөйлем синтаксисін ғылыми тұрғыда зерттелген 1940 жылғы шыққан еңбегінде құрмалас сөйлемге мынадай анықтама берген: «Құрмалас сөйлем дегеніміз – екі я бірнеше сөйлемнің, яғни бірнеше субъектінің көрінісі болған сөздің я сөздер тобының жиынтығы». С.Аманжолов салалас құрмаласты, жалғаулықты, жалғаулықсыз деп бөлген еді. С.Аманжоловқа дейін А.Байтұрсынов салалас құрмалас сөйлемдерді бес топқа топтастырған. Профессор С.Аманжоловтың 1939 жылы орталау және орта мектепке арналған «Қазақ тілі грамматикасының» синтаксис бөлімі жарық көрді. Бұл оқулықта автор салалас сөйлемдердің жалғаулық арқылы да, жалғаулықсыз да жасалатынын айта келіп, оның жеті түрін саралап талдап көрсетеді. Салалас сөйлем түрлерін ажыратуда жалғаулықтардың ыңғайымен талдап отырған, мысалы: тіркесті салалас (да, де) жалғауымен келген сөйлемдер, қарсылықты салалас (бірақ, сонда да, т.б) жалғауларымен, үдетпелі салалас (әрі жалғаулығымен), талғаулы салалас (я, яки, жалғаулығымен), себепті салалас (себепті, сондықтан жалғаулықтарымен), кезектес салалас (біресе, кейде жалғаулықтармен), бейтарап салалас (құй, мейлі жалғаулықтарымен) келген сөйлемдер. С.Аманжолов салалас құрмаластың ерекшеліктерін былай көрсеткен: «Салаласқа енген сөйлемдер форма жағынан бөлек болғанымен, мағына жағынан бір-бірімен байланысып жатуы керек. Күрделі ұғымды беру үшін, екі сөйлем бірігіп барып, кеңірек бір ойды білдіреді. Салаласқа енген жай сөйлем бірыңғай мүшелермен форма жағынан ұқсас келеді, ал мағына жағынан айырмашылығы бар. Салалас құрмалас сөйлемдер біріне-бірі тіркесіп, мағына жағынан бағынады да, сыртқы формасы жағынан бағынбайды. Ондағы жай сөйлемдер бірімен-бірі тіркесіп, ойдың тұтастығына ие болады да, белгілі мағына бірлігін сақтайды». Салалас сөйлемде қиысушылық та бар дегенді айта отырып, былай ескертеді: «Бұл бастауыш пен баяндауыштың қиысушылығы, мұнда кейде мезгілдік жағынан қиысады, кейде қиыспайды,» - дей келіп, мысалдармен дәлелдеген. Профессор Қ.Жұбанов салалас сөйлемдердің компоненттерінің бір-бірімен құрмаласуының он түрлі жолын көрсетсе, профессор С.Аманжолов өз еңбегінде салалас құрмалас сөйлемнің он тоғыз түрлі мағыналық жағынан айыруға болатындығын көрсетеді.

Ғалымның пікірлерін қорыта келгенде, салалас сөйлемнің жетеуі шылаулы (жалғаулық), он екісі шылаусыз байланысқан сөйлемдердің қарым-қатынас арқылы жасалатынын білуге болады:

1) Екі я бірнеше жай сөйлемдердің бірі объектіге я субъектіге байланысты өзді-өзінің мағыналары жақын екенін көрсетеді. Мысалы: Биылғы егін жақсы шықты, біз ерте жиып алдық. Бұл жердегі екі сөйлемнің мағынасы ешбір дәнекерсіз-ақ бір-бірімен тығыз байланысты. Оның әрқайсысы жеке тиянақты сөйлем болып тұр. Логика жағынан да, форма жағынан да мұның әрқайсысы жеке сөйлем бола алады да, бірақ мағына жағынан бір-бірімен өте тығыз байланысты болғандықтан, бөліп тастауға болмайды.

2) Бастауыштың бірнеше ортақтығын көрсетеді. Мысалы: Біз мектепке барып едік, тәрбие сабағын өткізіп қайттық. Мұндағы біз деген бастауыш екі сөйлемге ортақ.

3) Біреуіндегі я бірнешеуіндегі да, де, та, те жалғауларын қайталап көрсетеді. Мысалы: Ол да барды, біз де бардық. Ол да музыкант болды, мен де болдым.

4) Пысықтауыш қызметіндегі біріне-бірі қарсы үстеулер көрсетеді. Мысалы: Бұрын Қазақстанда ауыл шаруашылығы басым еді, қазір өндіріс кәсібі басым болды. (бұрын, қазір)

5) Екі жағында бірдей анықтауыш я толықтауыш қызметіндегі есімдіктер көрсетеді. Мысалы: Ол кімнің есінде болсын, бәрінің есінен шығып кетіпті.

6) Баяндауыштарының бірыңғайлықтарын көрсетеді. Мысалы: Берік біз мектепті көріп едік, Құсымандар бізбен бірге болды. (Бұл сөйлемде шақ жағы ғана бірыңғай болып келген)

7) Басқы сөйлемнің бастауышының екінші сөйлемде есімдікпен қайталануын көрсетеді. Мысалы: Жаздым, өзім оқып шықтым. Қапаш жазып болды, енді өзі оқып шығады.

8) Біріндегі мүшенің мүшесінің екіншіге ауысып түсуі де мағыналық жақындықты көрсетеді. Мысалы: Соның біреуі – Ақжан деген ит, сол ит он екі баланы өрттен алып шығыпты.

9) Алдыңғысын артқы анықтау реті де көрсетеді. Мысалы: Оны айту – менің міндетім, қасқырды алдымен атқан Байбол.

10) Біріне-бірі теңелу ретінде айтылу жолы да көрсетіледі. Мысалы: Елімнің қуанышы бар, менің қуанышым бар (тең). Сен оқыған екенсің, мен оқыдым (қарсы). Біз биыл бірсыпыра жаңалықтар таптық – менің айтайын дегенім сол (сілтеу).

11) Соңғысы сілтей үлестескен түрде айтылып ортақтасуын да көрсетеді. Мысалы: Қарап отырмайық, біріміз шабайық, біріміз жинайық, біріміз оларды қораға таси берейік. (Мұндай сөйлемде леп белгісі қосылмайды.)

12) Ереуілдесу реті көрсетіледі (шылау арқылы). Мысалы: Жамбыл – көпті көрген адам әрі оның шығарудағы тәжірибесі мол.

13) Кезектестік мағыналы салалас беріледі. Мысалы: Егін күзетіне кейде Сақай барады, кейде мен бардым. (кейде, біресе, бірде шылаулары дәнекер болады).

14) Бейтарап жасау реті де көрсетіледі. Мысалы: Сағапты құй ал, құй алма, онда менің жұмысым жоқ.

15) Себептілік жолы да көрсетіледі. Мысалы: Біз мәжіліске ерте келдік, өйткені (себебі) жұрт жиылып қалған шығар деп ойладық.

16) Қарсылық мәнді жалғаулықтары бар салаластар сөйлем мен сөйлем арасында қарсылық жалғаулығы қойылу арқылы жасалады. (бірақ, сонда да, ал, дегенмен,алайда). Мысалы: Таң жақындап қалды, бірақ түн әлі қараңғы.

17) Талғау мәнді шылаулардың қайталануы көрсетіледі. Мысалы: Жаңбыр не таңертең жауады, не бүгін жауады, не бүгін түнде жауады.

18) Ыңғайластық шылауларды көрсетеді. Мысалы: Қар да жауды. Мұз да қатты.

19) Көмекші етістік арқылы тиянақталған шартты райлы етістік дәнекерлігі көрінеді. Мысалы: Қар кетсе болды, колхозшылар егіске шығады.

 

Еліктеуіш сөздер.

Тіліміздегі семантикалық ерекшелігі жағынан да, грамматикалық сипаты жағынан да, фонетикалық, морфологиялық құрылым жағынан да өзге сөз таптарынан оқшауланып тұратын, соған сәйкес өз алдына дербес сөз табы ретінде қарастырылатын сөздердің тобын еліктеуіш сөздер деп атаймыз. Еліктеуіш сөздер семантикалық жағынан алғанда, біріншіден, табиғатта ұшырайтын сан алуан құбылыстар мен заттардың қақтығысуынан, сондай-ақ, жан-жануарлардың дыбыстау мүшелерінен шығатын, әртүрлі қимылдарынан туатын дыбыстарға еліктеуден пайда болған, екіншіден, сол табиғаттағы құбылыстар мен заттардың, жануарлардың қимыл әрекеттерінің көрінісінен туады. Мәселен, дыбысқа еліктеуден, гүрс, дүрс, тырс, тарс, кірт, борт, т.б. ал көруден пайда болған: арбаң-арбаң, бүкшең-бүкшең, т.б. Еліктеуіш сөздер семантикалық жағынан: еліктеуіш сөздер және бейнелеуіш сөздер болып топталады. Еліктеуіш сөздер – өзіне тән лексика-семантикалық мағынасы, морфологиялық тұлға тұрпаты бар, да түрлеріне де, қосарланған түрлеріне де септік, көптік, тәуелдік жалғаулары жалғанбайтын, сөйлемде әрқашан сын-қимыл пысықтауыш болатын және бастапқы түбірлерінен жұрнақтар арқылы туынды есімдер және етістіктер жасалатын сөздер. Мәселен, тарс, тұрс, дар-дар, сырт, бұрқ-бұрқ, т.б.Бейнелеуіш сөздер деп – табиғаттағы құбылыстар мен заттардың немесе алуан жануарлардың сыртқы сыр сипаттары мен әрекет қимылдарын көру қабілеті арқылы қабылдаған бейне-көріністердің атауларын, яғни атаулары ретінде қызмет ететін сөздерді айтамыз. Мәселен, маң-маң, жалп-жалп, жалт-жұлт, т.б.Еліктеуіш сөздер морфологиялық құрылысы жағынан жалаң және күрделі болып бөлінеді: Жалаң еліктеуіш негізгі және туынды. Негізгі жалаң: арс, ырс, лап, морт, т.б. туынды жалаң: арс-аң, жалт-аң, созал-аң, т.б. Күрделі еліктеуіш сөздер қосарлану, қайталану арқылы жасалады: арс-арс, арс-ұрс, арбаң-арбаң, арбаң-ербең, т.б. Сөйлемде ет көмекші етістігімен тіркесіп келіп, пысықтауыш, заттың сынын білдіріп, анықтауыш болады. Шаң-шұң дауыс шықты. Абай селк етіп жалт қарады. Сонымен қатар еліктеуіш сөздерді семантикасына қарай топтастыру да кездеседі. Мәселен, адамның көңіл-күйіне қатысты күлудің он бес түріне Ш.Сарыбаев мына еліктеу сөздерді айтады: ду күлу, жырқ-жырқ күлу, кеңк-кеңк күлу, қарқ-қарқ күлу, мыңқ-мыңқ күлу, мырс етіп күлу, Сол сияқты еліктеуіштердің қатарында түрлі жануарлар, хайуан, аң-құстардың дауыстарына еліктеуден болған түрлі еліктеуіш сөздер де бар. Мысалы: «Бақ-бақ еткен текені, қар жауғанда көрерміз...», «Құлындар шіңгір-шіңгір кісінесіп, ойнақтап тұяғымен көтереді шақ». Адам организмінде болатын алуан түрлі сезім құбылыстары су-су, дүрс-дүрс, зырқ-зырқ, лүп-лүп, лып-лып, дір-дір, зу-зу, зың-зың, даң-дұң деген сияқты еліктеуіш сөздер арқылы беріледі. Еліктеуіштерді беретін мағынасына қарай топ-топқа одан ары қарай жіктей беруге де болады.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-07-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1410 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Так просто быть добрым - нужно только представить себя на месте другого человека прежде, чем начать его судить. © Марлен Дитрих
==> читать все изречения...

2452 - | 2214 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.