№ | Ереже | Мысал |
Көмекші етістікпен тіркесіп келген еліктеу сөз заттанып, бастауыш болады. | Тарс -тұрс еткендер жақандағандай болды. | |
Еліктеу сөздер көмекші етістікпен тіркескенде, күрделі баяндауышқызметін атқарады. | Аспанда самсаған жұлдыздар дір-дір етеді. Кенет артына жалт қарады. | |
Еліктеу сөз көмекші етістікпен тіркесіп келіп, сондай-ақ заттанып, толықтауышболады. | Жарқ-жұрқтан көзің талып, даң-дұңнан құлақ тұнады. | |
Еліктеу сөз етістікпен тіркесіп, пысықтауыш болады. | Тарс-тұрс еткен дыбысқа барлығы елеңдей қалды .. Жүгірген бойы өзенге күмп беріп қойып кетті. | |
Еліктеу сөз көмекші етістікпен тіркесіп, зат есім алдынды тұрып, ол анықтауышболады. | Сол кезде алдынан бұрқ еткен шаң шықты |
Одағай толық мағынасы болмайтын, адамның түрлі көңіл күйін білдіретінжәне жан-жануарларғақаратылып айтылатын сөздер. | ||
Мағынасына қарай | ||
Көңіл күйодағайлары | Жекіруодағайлары | Шақыруодағайлары. |
Адамның түрлі көңіл-күйін білдіреді | тыйым салу, жекіру мәнінде айтылады | хайуанаттарды, жан-жануарларды шақыруға не қууға байланысты айтылатын сөздер |
пәлі, алақай, пай-пай, уһ, әттеген-ай, қап. | тәйт, тек, жә. | құрау-құрау, моһ-моһ шөре-шөре; |
Одағайға тән негізгі белгілер:
№ | Ереже | Мысал |
Лексикалық мағынасы болмайды | Әттең, япыр-ай | |
Сөйлемдегі басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді | Қап, алып тастау керек еді | |
Сөйлем мүшесінің қызметін атқара алмайды | Әттең,қазір жанымда әкем болғанда ғой |
Шылау толық лексикалық мағынасы жоқ, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын, сөзге қосымша мән үстейтін көмекші сөздер. | ||
Мағынасына қарай | ||
Септеулік шылау | Жалғаулық шылау | Демеулік шылау |
Септеулік шылаулар белгілі бір септік тұлғадағы толық мағыналы сөздермен тіркесіп келіп, оған мезгілдік, мекендік, амалдық, себептік, мақсаттық сияқты үстеме мән береді. | Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді салыстыра байланыстырады. | Сөзге немесе сөйлемге күшейту, тежеу, шектеу, сұрау, болжалдық, күмән, нақтылау мәнін үстейді. |
№ | Ереже |
Толық лексикалық мағынасы болмайды | |
Сөйлем мүшесі бола алмайды | |
Түрленбейді (жалғаулар жалғанбайды) | |
Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады және басқа сөздің жетегінде келіп, оған қосымша мән үстейді |
Септеулік шылаулар екі түрлі қызмет атқарады:
1.Өзі шылауында жұмсалған сөзге қосымша мән үстеп, оны екінші сөзбен байланыстырып, сөз тіркесін құрайды. Мысалы: ел үшін тер төгу; үйге қарай аяңдау; туған жер жайлы толғану, Бауыржан сынды батыр, жүз қаралы жылқы, сабақтан соң келу, т. б.
Екі сөйлемді сабақтастыра байланыстырады. Мысалы: Күн бұлттанған с айын, Тілек жас төлдерін ойлай бастады.
2.
Септеулік шылау
№ | Ереже | Септеулік | Мысал |
Атау септігіне қатысты септеулер | Туралы, жайлы, сияқты, тәрізді,сияқты, сынды, жөнінде, жайлы, шамалы, қаралы, үшін,сайын | Хат арқылы хабарлау, осы үшін келу, оқу жайында сөйлеу | |
Барыс септігіне қатысты септеуліктер | Шейін, таман, тарта, салым, жуық, тақау, таяу, дейін | Орманға дейін жүгіру, түске қарай келді, жүзге жуық жылқы | |
Шығыс септігіне қатысты | Соң, гөрі, бері, әрі, бұрын | Сабақтан кейін дайындалу, таудан әрі асу | |
Көмектес септігіне қатысты | Бірге, қатар, қабат | Сонымен бірге |
Жалғаулық шылау
№ | Ереже | Септеулік | Мысал |
Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар | мен, бен, пен, менен, бенен, пенен, да, де, та, те, және, әрі. | Әсет пен Мұса келді | |
Қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтар | бірақ, алайда, дегенмен, әйткенмен, сонда да, әйтпесе, сөйтсе де, сөйткенмен | Көктем келді, бірақкүн жылынбады. | |
Талғаулықты немесе кезектестік мәнді білдіретін жалғаулықтар | әлде, біресе, кейде, яки, бірде, я, не, немесе, болмаса, не болмаса, я болмаса | Мақсат үлкен,сондықтан әрекет ету керек. | |
Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтар | себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті. | Оны немен, не сен істейсің. |
Демеулік шылау
№ | Ереже | Септеулік | Мысал |
Сұраулық демеуліктер | ма, ме, ба, бе, па, пе (мы, мі, бы, бі, пы, пі) | барасыңба? – барамысың? келесің бе? – келемісің? | |
Күшейткіш демеуліктер | -ақ, -ау, -ай, әсіресе, -да, -де, -та, -те | Осы-ақ, досым-ай, қарағым-ау, Тілек те келді | |
Болжалдық демеуліктер | -мыс, -міс, -ау, екйде | болыпты-мыс, өмір сүріпті-міс. | |
Болымсыздық немесе қарсы мәнді салыстыру демеуліктері | түгіл, тұрсын, тұрмақ. | Ол түгіл, сен тұрмақ. | |
Шектік (тежеу) демеуліктері | ғана, қана, тек, -ақ | тек қана, сен ғана. | |
Нақтылау мәнді демеуліктер | қой (ғой), -ды, -ді, -ты, -ті | сол ғой, айтқан-ды, көрген-ді. |
-ақ, -ау, -ай, -мыс, -міс, -ді, -ды демеуліктері дефис арқылы жазылады.
Кейде бұл шылау – мы, -мі, -бы, -бі, -пы, -пі түрінде өзгеріп, сөзге қосылып бірге жазылады.
Синтаксис (грекше «syntaxis») сөз тіркесі, сөйлем, олардың құрылымы мен түрлері, сөйлем мүшелері туралы қарастырады. Яғни синтаксис – сөз тіркесін, сөйлемнің грамматикалық сыр-сипатын зерттейтін ілім.
Толық мағыналы кемінде екі сөздің тұлғалық және мағыналық жағынан байланысқан тобы сөз тіркесі деп аталады. Сөз тіркесінің негізгі белгілері:
● сөздердің байланысуы сөйлем ішінде анықталатындықтан, сөз тіркесі сөйлем ішінде танылады;
● толық мағыналы кем дегенде екі сөзден тұрады;
● сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бір-бірімен белгілі бір грамматикалық тәсілдер арқылы байланысады;
● сөз тіркесі қандай да бір синтаксистік қатынасты білдіреді.
№ | Ереже |
Ең кемі толық мағыналы екі сөзден тұрады және екеуі екі түрлі сұраққа жауап береді | |
Өзара граматикалық тәсілдер арқылы бірі екіншісіне бағына (сабақтаса) байланысады. | |
Зат, құбылыс жайында кеңірек, нақтылы түсінік береді. |
Сөз тіркесінің құрлысы | |
Бағыныңқы сөз | Басыңқы сөз |
Тірек сөздің мағынасын нақтылап, даралап сипат беретін Бірінші сөз | Сөз тіркесін жасауға тірек болатын екінші сөз |
Жаңа киім ,айтуға құмар, оның екеуі | Жаңа киім, айтуға құмар, оның екеуі |
Сөз тіркесінің түрлері | |
Есімді сөз тіркесі | Етістікті сөз тіркесі |
Басыңқы сыңары есім сөзден болған сөз тіркесі | Басыңқы сыңары етістіктен болған сөз тіркесі |
Жаңа киім, айтуға құмар, оның екеуі, менің бұным Тұрғын үй, орындалған арман, балаға мейірімді, көп қабатты үй, жүгіріп келген бала, өнегелі өмір. | Жел соқты, соғыс аяқталды Үйге келу, жиналысқа қатысу, телефон арқылы сөйлесу, ерінбей еңбектену, ауланы тазалау, т.б. |
Тұрақтысөз тіркесі – екінемесе одан да көп сөздің бастапқы мағынасы ескерілмей, бір ұғым ретінде қолданылып, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаруы.