Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Кәсіпорынның өндірісітік және ұйымдастыру сипаттамалары




Мазмұны

 

Кіріспе

1 Кәсіпорынның өндірісітік және ұйымдастыру сипаттамалары 4

2 Жолдардың, машиналардың ағымдық жөндеуі және ұйымдастыру мен қызмет көрсету технологиясы 9

3 Жұмыс орындарындағы технологиялық операциялардың, өндірістік операцияларды орындаған кездегі қолданылатын құрал-жабдықтар сипаты 15

4 Ор мен шұңқырларды жөндеу 19

4.1 Шұңқырларды жабу құрылғысының жұмыста қолданылуы 19

4.2 Шұңқырды сорғылап құю машинасымен жабу жұмысы 23

Қорытынды 33

Қолданылған әдебиеттер тізімі 34

 

 
 

 


Кіріспе

 

Жол және аэродромдық құрылысы тәжірибесінде қысқы мерзімдегі грунттар өңдеу мен жол төсемін орнату анықталған қиындықтармен байланыста болады. Соның нәтижесінде құрылыстың сапасы түседі, яғни қатқан грунттың жоғары беріктігі мен денеге оның бөлшектер үйіндісінің енуі осыған себеп. Қыс уақытындағы грунтты өңдеу мен «қысқы» жер төсемінің кемшіліктерін айқын азайтуды елеулі жеңілдету жолдарының бірі ретінде грунттың қатуынан оның толық немесе жартылай алдын ала сақтауды қарастыратын өңдеудің индустриалды технологиясы, грунтты төсеу мен нығыздау бола алады.

Жылы оқшаулаудың айтарлықтай маңызы аз емес. Мысалы, төсемнің тым қатты суытылу және қыздыруына қарсыласатын суық және ыстық жыл мерзімдерінде қатаятын және беріктейтін цементобетон төсемді тәуліктік температура өзгерістері оның бетінде тегістейді.

Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын күтіп ұстау - бұл жолды, жол құрылыстары мен бөлу жолақтарын оларды тиісті жарамды, таза күйінде сақтау және жолдардағы қозғалыстың бүкіл жыл бойы толассыз, қауіпсіз және ыңғайлы болуын қамтамасыз ету мақсатында жүйелі түрде күту.

 

 
 

 


Кәсіпорынның өндірісітік және ұйымдастыру сипаттамалары

ЖШС «Қарағанды жолдары» өзінің қалыптасу тарихын 1934 жылы қазан айынан автокөліктің қара-тас жолдарының басқармасы атымен бастады. Ол 1935 жылы аймақтық исполком жүйесінен НКВД-ға берілді. Қарағанды Облыстық атқару комитетінің 1939 жылғы 20 маусым айынан болған №430 қаулыға сәйкес Қарағанды қаласында Облыстық жол бөлімі құрылды. 1955 жылы құрылған басқарма «Автокөлік және тас жолдар басқармасы» деп аталды (Облушосдор).

Тың жерлерді игеруге байланысты негізгі автокөлік жолдары ғана емес, сонымен қатар жаңа колхоздар мен совхоздарға жету жолдарының құрылыс қарқыны арта түсті.

1950-1960 жылдары жол-құрылыс жұмыстарының көлемімен, жол-құрылыс техникасының жаппай жеткізілімімен сипатталды.

1959 жылы Облущосдор балансында әр түрлі маркалы 64 дана автокөлік және 12 дана жол-құрылыс техникасы болды.

1959 жылы Қарағанды облысы ұзындығы 1700 км болатын табиғи топырақ автокөлік жолдарының жүйесіне ие болды. Жол саласының даму деңгейін автокөлік жолдарының көркейту қарқының өсуі айқындайды.

5 жыл ішінде 1961 жылдан 1965 жылға дейін облыста 120 км енгізілді, 1966 жылдан 1970 жылға дейін 1021 км, 1970 – 1975 жылдары 1089 км, 1975 – 1980 жылдары 716 км жол.

Облавтодордың үлкен жетістігі ретінде 1976 жылы құрылған асфальтобетон зауыты және 1980 жылы шыққан жергілікті тұтқыр материал шығаратын мұнай тотықтандыратын қондырғы бола алады.

1977 жылы Қарағанды Облавтодор республикада алғашқы болып облыстағы барлық совхоздар орталық мекеніне қатты төсемді автокөлік жолдарының құрылысының аяқталуы туралы мәлімдеді.

1933 жылғы акционерлеуге қатысты «Облавтодор» ААҚ «Қарағанды жолдары» болып қайта құрылды.

Ашық акционерлік қоғам ретінде «Қарағанды жолдары» 1993 жылдан бастап шықты. Акционерлік қоғамға 3 бөлімше кірді: ДЭУ-49 Осакаровка, ДЭУ-52 Ботакара, РСУ Қарағанды.

ЖШС «Қарағанды жолдары» негізгі іс-әрекетіне республикалық және жергілікті маңыздағы автокөлік жолдарының құрылысы, жөндеу, эксплуатация және күтім жасау жатады.

Еңбек қызметі жылдары ішінде ЖШС «Қарағанды жолдары» 4000 км астам автокөлік жолдарын, 100-ден аса үлкен және кіші көпірлер мен жол өтпелерін салды. ЖШС қуатты өндіріс базасына, Қарағанды облысындағы автокөлік жолдарын жөндеу және күту, салу жұмыстарын максималды және тиімді орындауға мүмкіндік беретін ДЭУ, РСУ, ДЭП тармақталған инфрақұрылымына ие. «Қарағанды жолдары» сонымен қатар Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстарын жол-құрылыс жұмыстарын іске асырған болатын.

Басқару күштерінің көмегімен барлық райондық орталықтарға, бұрыңғы совхоздар, бөлімшелерге жолдар салынды, Қарағандының серік-қалалары қосылды. Одан арғы уақытта барлық райондық орталықтарда асфальтобетонды, қара ұсақтас төсеме салынды.

ЖШС «Қарағанды жолдары» мекемесінде жол-құрылыс жұмыстарын орындау үшін 5 асфальтобетон зауыттары, 4 ұсатқыш орнатпалар, жабдықтар, машиналар мен механизмдерге ие.

ЖШС басшылығы атқарылатын жұмыстардың сапасына үлкен көңіл бөледі, шығарылатын асфальтобетон, ұсақтасқа қойылатын барлық МЕСТ-тар мен техникалық нормалар орындалады. Бұл мақсат үшін жұмыста қолданылатын жол-құрылыс материалдардың сынаулары өтетін жақсы жабдықталған, аттестатталған жол лабораториясы жұмыс істейді, барлық АБЗ-да шығарылатын қоспаға лабораториялық бақылау жүргізіледі. Барлық сертификатталатын өнім үлкен сұранысқа ие.

Өндірістік қызметке талдау жүргізіледі және компьютерлік өңдеуге ұшырайды.

Жұмыстарды атқарған кезінде қоршаған ортаны қорғау және сақтау бойынша барлық іс-шаралар орындалады: жер бетінің, су қоймаларының, атмосфераның қалдықтар мен технологиялық әсерлерден ластануына жол берілмейді; жол техникасының уақытша тұрағы ретінде қолданған жерлер мен материалдарды қоймалаудың трасса маңы орындары қайта жаңғыртылады.

ЖШС «Қарағанды жолдары» мамандары шетелдік техника мен технологиямен таныс. 2000-2002 жылдары ЖШС ирандық «IRDO» және итальяндық «TODINI» фирмаларымен «Алматы-Ақмола» республикалық автокөлік жолының ұзындығы 215 км. болатын «Ақшатау-Қарағанды» бөлігінде қайта құру жұмыстарын жүргізді.

2003 жылы ЖШС «Қарағанды жолдары» СТ РК ИСО 9001-2001 сәйкестік сапа жүйесі сертификатын алды.

ЖШС «Қарағанды жолдары» ұжымы білікті мамандармен, облыс жолдарында көпжылдық жұмыс тәжірибесі бар инженерлі-техникалық қызметкерлермен жасақталған. Бұл облыстың коммуникациялары мен жалпы өндірістік инфрақұрылымын өте жақсы білу тек шаруашылық басшылығы тарапынан ғана емес, сонымен қатар әр жұмыскерден де қамтамасыз етіледі.

Соңғы жылдардағы республикалық маңызы бар құрылыстар тізімі:

- 1998 жыл, Қарағынды орталығында Гудермесская көшесінен Советская Конституция көшесіне дейін I категориялы автокөлік жолының капиталды құрылысы – 0,9 км;

- «Екатеринбург-Алматы» автокөлік жолының капиталды жөндеуі жүргізілді. 1998 және 2000 жылы осы жолдың «Обход г. Темиртау» бөлігінде железобетонды трубаларды салу арқылы жолдың төсемі қайта құрылды;

- 1997 жылдан 2000 жылға дейін Ақмола облысында «Обход г. Астаны» құрылды, оған жер төсемінің құрылысы, көлік жүйелері, железобетонды трубалар салынуы мен қара төсемнің орнатылуы кірді;

- 1999 жылы Павлодар облысында «Калкаман-Майкаин-Баянаул» жолында қара төсемге 10 км көшірілді;

- «Кызылорда-Павлодар» автокөлік жолында ШПО қондырғысымен 180 км қара төсеме жол жөнделді, оның ішінде Павлодар облысында 15 км;

- 2001 жылы республикалық маңызы бар автокөлік жолдарында «Қарағанды-Аягөз» (35,5 км), Қызылорда-Павлодар» (27 км) және жергілікті маңыздағы жолдарда «Акбел-Умуткер» (10 км), «Екатеринбург-Буркутты» (10 км), «Осакаровка-Молодежное» (13 км), «Қарағанды-Павлодар-Дальнее» (32 км.) орташа жөндеу жүргізілді;

- Сонымен қатар «Қызылорда-Павлодар» автокөлік жолында (2 км) күрделі жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілді;

- 2000 жылы «Алматы-Астана» жолында қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді, «Ақшатау-Қарағанды» бөлігі, км 788-1003;

- 2002 жылы «Осакаровка-Молодежное» жолында күрделі жөндеу – 7 км;

- 2002 жылы Қарағанды облысында 56 км ШПО орнатылды;

- 2003 жылы 50 км жергілікті және 25 км республикалық маңыздағы жолдарды ШПО орнатылды;

- 2003 жылы «Осакаровка-Молодежное» жолында күрделі жөндеу жүргізілді – 8 км, және Есіл өзенінен өтетін көпір осы жолда құрылды;

- Көп жылдар бойы ЖШС «Қарағанды жолдары» Қарағанды облысының облыстық маңыздағы жолдарына ағымдық жөндеу бойынша жұмыстар атқарып келеді. ЖШС «Қарағанды жолдары» тиесілі жолдар ұзыңдығы 2002 жылы 1947 км, 2003 жылы – 2059 км, 2004 жылы – 1772 км, 2005 жылы – 1771 км; 2006 жылы – 1977,2 км; 2007 жылы 1771,2 км құрады;

- 2004 жылы "Алматы-Астана" жолының "Проезд через г. Қарағанды" бөлігінде қайта құру жұмыстары аяқталды – 15,6 км;

- 2004 жылы «Қараганды-Шахтинск-Есенгельды» жолында толық жөндеу жүргізілді – 7 км;

- 2004 жылы жергілікті маңыздағы жолдарда 51 км және республикалық маңыздағы жолдарда 34 км ШПО орнатылды;

- 2005 жылы күрделі жөндеу – а/ж «Қызылорда-Павлодар-Успенка-гр. РФ» км 905+750;

- 2005 жылы «Қарағанды-Шахтинск-Есенгельды-Щербаковское-Киевка» жолында күрделі жөндеу – 8 км;

- 2005 жылы жергілікті маңыздағы жолдарда 72 км және республикалық маңыздағы жолдарда 40 км ШПО орнатылды;

- 2006 жылы «Қызылорда-Павлодар-Успенка-гр.РФ» жолындағы көпірдің күрделі жөндеуі, км 990+400;

- 2006 жылы «Омск-Павлодар-Майқапшағай» жолында қайта құру – 15 км;

- 2006 жылы жергілікті маңыздағы жолдарда 24 км және республикалық маңыздағы жолдарда 15 км ШПО орнатылды;

- 2007 жылы «Жезқазған-Есіл-Петропавловск» жолында 30 км қашықтыққа жөндеу жүргізілді;

- 2007 жылы жергілікті маңыздағы жолдарда 5 км және республикалық маңыздағы жолдарда 27 км ШПО орнатылды;

- 2007-2010 ж.ж. «Қызылорда-Павлодар» жолында күрделі жөндеу жұмыстары, км 1115-1135, 20 км;

- 2008-2010 ж.ж. «Шахтерское-Прежевальский» облыстық маңыздағы жолда күрделі жөндеу жұмыстары – 0-25, 25 км;

- 2008 жылы Шерубай-Нұра«Жартас-Көксу-Зеленые Ключи» жолындағы Шерубай-Нұра өзенінен өтетін көпірдің күрделі жөндеуі;

- 2009-2014 жылдары «Қарқаралы-Нұркен-Жамбыл» жолында күрделі жөндеу жұмыстары, км 38-66;

- 2010-2013 жылдары республикалық маңызы бар Павлодар облысындағы «Ульяновский-Керней-Баянаул-Майкаин-Калкаман» жолында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Құру мерзімі – 3 жыл.

Жолда жүру қауіпсіздігін арттыру, жолдарды жайнату, кажетті жол қызмет көрсетуін жасау, демалу алаңдарын, автопавильондарды, кемпингтерді құру бойынша іс-шараларды орындауға үлкен көңіл бөлінеді.

Серіктестікте структуралық бөлімшерлердің (филиалдардың) техникалық қайта орнатуы бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. ЖШС шаруашылықтың жөндеу базасы толығымен өзіндік жөндеу мен барлық техникаға, машиналар мен жабдықтарға қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. ЖШС «Қарағанды жолдары» мекемесінде бүгінгі заманғы жол-құрылыс механизмдері: GR 216 ауыр классты автогрейдерлер, SD 16 бульдозерлері, ТY 320В, экскаваторлар, 2L 50G тиегіштері, YL 16, BOMAG моторлы аунақтары, асфальтөсегіштер TITAN, BITELLI, фреза WIRTGEN.
ЖШС «Қарағанды жолдары» қаладағы ең ірі және сенімді жол мекемесі болып табылады. Өз міндеттерін жасасқан шарттар бойынша орындау үшін оның уақыт талаптарына сәйкес дамитын, модернизацияға ұшырап отыратын өте жақсы материалды-техникалық базасы бар. Жоғары білікті тәжірибелі мамандар жаңа технологияларды енгізеді, жылдам әрі сапалы түрде жаңа өндірістік процестерді игереді. Сапасыз жасалған жұмыстарға ұжымда ескертулер жоқ.

ЖШС «Қарағанды жолдары» - автокөлік жолдарының құрылысы, жөндеу және қайта құру бойынша тек Қарағанды облысында ғана емес, сонымен қатар басқа да аймақтарда болатын барлық конкурстар мен тендерлердің белсенді қатысушысы.

Қолда бар факторлар мен ұжымның потенциалды мүмкіндіктерің біріктірілуі ЖШС «Қарағанды жолдары» мекемесінде тұрақты, өзіне сенімді әрі тіректі болашағы болады деп болжауға болады.

 


 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-07-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 639 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Начинать всегда стоит с того, что сеет сомнения. © Борис Стругацкий
==> читать все изречения...

2298 - | 2049 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.