Кесте
Зерттеу түрлері | Зерттеу кезеңділігі | Өлшеу немесе сынама алу орны |
1. Микроклиматты зерттеу | ||
Температура, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, ауа қозғалысының жылдамдығы | Ағымдағы қадағалау тәртібімен пайдалануға берген кезде | Қабылдау бөлмелері, киім ауыстыратын бөлмелер, топтық, жатын, спорт және музыка залдары, медициналық кабинеттер, демалуға және ұйықтауға арналған үй-жайлар |
2. Ауа ортасын зерттеу | ||
Сынап буларының болуы | Ағымдағы қадағалау тәртібімен | Медициналық үй-жайлар, қабылдау бөлмелері, киім ауыстыратын бөлмелер, изолятор |
Көміртегі тотығының болуы | Ағымдағы қадағалау тәртібімен | Пешпен немесе автономды, электрсіз жылытылатын объектілердегі спорт залдары, ойын бөлмелері, демалуға және ұйықтауға арналған үй-жайлар |
Желдетудің тиімділігін зерттеу | Көрсеткіштер бойынша | Объектілердің үй-жайлары |
3. Өнімдерді, дайын тағамдарды және тамақтану рациондарын зерттеу | ||
Жеке компоненттерді қосу толықтығын анықтау | Ағымдағы қадағалау тәртібімен | Объектілердің ас блоктары - қазандықтардан немесе тарату желісінен сынамалар алу |
«С» витаминінің болуы | Ағымдағы қадағалау тәртібімен | Объектілердің ас блоктары |
Тамақ өнімдерін, жартылай фабрикаттардың, дайын тағамды зерттеу | Ағымдағы қадағалау тәртібімен | Ас блогы, тарату желісі, тамақтану үстелі, қоймалар |
4. Суды зерттеу | ||
Су құбырлары жүйесінің суы (бактериологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулер) | Алдын ала санитариялық (құрылыс аяқталғаннан, қайта жаңартудан, жөндеу жұмыстарынан кейін, жүйедегі апатты жағдайлар жойылғанда, обьектіні пайдалануға беру кезінде), ағымдағы санитариялық қадағалау тәртібімен. Маусым басталу алдында сауықтыру (маусымдық) ұйымдарында | Су тарату крандары – ғимаратқа судың кіру және шығу орындары, Ас блогында (бөлек блокта орналасқан кезде) Таңдау нүктесі сумен жабдықтау көзіне байланысты анықталады. |
Ыдыстарға құйылған ауыз су (шөлмектердегі суды қоспағанда) | Ағымдағы қадағалау тәртібімен | Ыдыстарға құйылған суды пайдаланатын объектілер |
Құдықтардан, ұңғымалардан, каптаждардан, қоғамдық пайдалану бұлақтарынан алынған су (бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық, радиологиялық зерттеулер) | Пайдалануға беру кезінде, оқу жылының басталар алдында, ағымдағы санитариялық қадағалау тәртібімен Көрсеткіштер бойынша | Құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату крандары |
Жабық жүзу бассейндерінен және ванналардан алынған су (бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық, радиологиялық зерттеулер) | Пайдалануға беру кезінде және ағымдағы санитариялық қадағалау тәртібімен | Балалар мен жасөспірімдерге арналған шомылатын орындар |
Жабық жүзу бассейндерінен және ванналардан алынған су (бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеулер) | Пайдалануға беру кезінде және ағымдағы санитариялық қадағалау тәртібімен | Екі нүктеде – бассейн ваннасының тайыз және терең бөліктерінен судың бетінен 25-30 см тереңдікте, сүзгіден кейінгі суда |
5. Топырақты зерттеу | ||
Гельминттердің болуына санитариялық-микробиологиялық және паразитологиялық зерттеулер | Көрсеткіштер бойынша мамыр айынан қыркүйек айына дейін ағымдағы қадағалау тәртібімен | Объектілердегі құмды алаңқай |
Топырақты радиологиялық зерттеу | Құрылыстағы жер учаскесін бұру кезінде | Объектілердің жер учаскесі |
6. Жиһаздарды және жабдықтарды зерттеу | ||
Жиһаздардың өлшемі балалардың жасы мен бойына сәйкестігі | Ағымдағы санитариялық қадағалау тәртібімен | Ойын, жатын бөлмелері, оқу кабинеттері |
7. Балалар ассортимені тауарларын сараптау | ||
Балалар ассортименті тауарлары (киім, аяқ киім, ойыншықтар, косметикалық құралдар және т.б.) | Ескертпелі қадағалау тәртібімен үлгілерді олардың массалық шығарылымына дейін және ағымдағы қадағалауға (әрбір тексеру кезінде) шейін сараптау | Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілері |
8. Құрылыс және әрлеу материалдары | ||
Құрылыс және әрлеу материалдары | Ескертпелі санитариялық қадағалау тәртібімен, құрылыс, жаңарту, жөндеу жұмыстарын жүргізу, пайдалануға бөлу кезінде және көрсеткіш бойынша | Салынып, қайта жаңартылып жатқан обьектілерде, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде |
9. Объектілердің санитариялық жағдайын бағалау кезіндегі санитариялық-бактериологиялық көрсеткіштер | ||
Сыртқы ортадан алынған шайындыларды бактериологиялық зерттеу | Ағымдағы санитариялық қадағалау тәртібімен | Ас блоктарындағы және топтардағы бөтелкелер, емізіктер, ойыншықтар, жабдық, бөлшектеу үстелдері, мүкәммал, тамақтану үстелдері, персоналдың қолы мен киімдері және т.б. |
Шайындыларды паразитологиялық зерттеуге тексеру | Ағымдағы санитариялық қадағалау тәртібімен | Ойыншықтар, үстелдер, орындықтар, көрнекі құралдар, төсек әбзелдері, сүлгілер |
10. Персоналды бактериологиялық тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау | ||
Персоналды бактериологиялық тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау | Ағымдағы санитариялық қадағалау тәртібімен және эпидкөрсеткіштер бойынша | Объектілердегі персонал |
11. Оқыту жағдайларын зерттеу | ||
Электромагниттік және электростатикалық өрістердің кернеулігі | Пайдалануға беру кезінде, ағымдағы санитариялық қадағалау тәртібімен | ДК-мен және БТ-мен сабақ өткізу кабинеттері |
Жасанды жарықтандыру деңгейі | Пайдалануға беру кезінде, ағымдағы санитариялық қадағалау тәртібімен | Объектілердің үй-жайлары |
Шу, діріл | Пайдалануға беру кезінде және ағымдағы санитариялық қадағалау тәртібімен | Ас блогы, шу көзімен іргелес тұрған үй-жайлар, дербес компьютерді және бейне терминалды пайдаланатын үй-жай |
12. Радиологиялық зерттеулер | ||
Топырақты радиологиялық зерттеу | Жер телімін бөлу кезінде және көрсеткіш бойынша | Жер учаскесі |
Обьектіні радиологиялық зерттеу | Пайдалануға берудің алдында, құрылыс, қайта жаңарту, жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін және көрсеткіштер бойынша | Зерттеп-қарау обьектісі |
«Балаларды мектепке дейінгі
тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне
қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларына
2-қосымша