Леуметтану пәні бойынша ІІ рейтинг тест сұрақтары
Әлеуметтік шындықтың негізгі көрсеткіші: Қоғамдағы мәдениет
Нормалық жүйенің негізгі элементтері: салт-дәстүрлі
Бюрократияны әлеуметтік өмірді рационализациялауға әкеледі деп есептеген: М.Вебер
Қоғамның еңбек бөлінісінің әлеуметтік мәнін тұжырымдаған: Э.Дюркгейм
Әлеуметтік институттардың түрін атаңыз? Діни, білім беру, отбасы және неке
Білім институтының қоғамдық нормалар мен құқықтарын түсінуге үйрету функциясын қалай атаймыз? тәрбиелеу
Мәдениеттер қақтығысындағы мәдениеттердің іріктелуін зерттеуші: М.Мид
Аз топтардағы тұлға аралық қатынастар құрылымын зерттейді: социометрия
Мәдениет дегеніміз: Салт-дәстүрлердің, әлеуметтік норма, тәртіптердің жиынтығы
Элита дегеніміз: Қоғамдағы ең таңдаулы, сұрыпталған адамдар
Күнделікті оқып – білу әлеуметанудың қай бөлімінің мәселесі:
білім әлеуметтануы феноменологиялық әлеуметтану
Тұлғаны мәдениет (қоғам) арқылы анықтайды: Микроәлеуметтану
Полигамия әлеуметтанудың қай саласының түсінігі: отбасы әлеуметтануы
О.Конттың пікірінше қоғамның негізгі бірлігі неде? Отбасы
Отбасы төменде көрсетілген топтардың қайсысына жатады: алғашқы топтың
Белгілі-бір топтың ішіндегі некелік қатынастың шектелуін қадағалайтын отбасының қандай түріне жатады: экзогамия
Отбасын промискуитет, қандас-туыстық, пуналуальды, синдиасмикалық, моногамды деген түрлерге бөлген: Л.Морган
йелінің күйеуіне, балаларының ата-анасына тәуелділігін көрсететін
отбасы Патриархальды
Бір ер адам мен бір әйелдің некелесуі қалай аталады? Моногамия
Жұбайлардың әлеуметтік жағдайларының критерийлері бойынша анықталатын отбасы түрі: Гомогенді, гетерогенді
Жұбайлардың әр-түрлі әлеуметтік топтардан шығуын көрсететін отбасы түрі: Гетерогенді
Экономикалық әлеуметану нені оқытады? Экономикалық іс-әрекетті әлеуметтік іс-әрекет түрі ретінде
Кәсіпкерлік әлеуметтану ғылымының қай саласына жатады? Экономикалық әлеуметтану
Менеджмент ұғымы қандай ғылымға жатады? Экономика
Экономикалық іс-әрекетті әлеуметтік іс-әрекет түрі ретінде оқытады: Экономикалық әлеуметтану
Маркстік социологиялық теория бойынша әлеуметтік теңсіздіктің негізгі себебі неде? Меншіктік қатынастар
К.Маркс қоғам түрлерін қалайша анықтады? өндірістік тәсілмен
Бюрократияны әлеуметтік өмірді рационализациялауға әкеледі деп есептеген: М.Вебер
Қоғам дамуының қозғаушы күші таптар (класс) болып табылады деген пікірдің иесі: К.Маркс
Әлеуметтік болжау қашан пайда болды? 1920-1930 жж.
Қайтара зерттеудің ерекшелігі неде? Зерттелінетін обьектіні динамикалық, өзгеріс және даму үстінде қарай алады
Қайтара зерттеу қандай бөлімдерден тұрады? Трендті, панельді, логитюдті
Сұрақ-жауап (интервью) әлеуметтік зерттеу әдістерінің қайсысына жатады? сауалнама
Алғашқы социологиялық ақпаратты жинау үшін тексеру құралы болып табылатын барлаушы зерттеу зерттеудің қандай түріне жатады: пилотаждық
Аз топтардағы тұлғаралық қарым-қатынастарды зерттеуге қандай тәсіл бағытталған: социометрия
Анкетаның әлеуметтік және демографиялық сипаттамалар, респондент туралы мәліметтер қай орында болады: паспортичка
Зерттеу бағдарламасының процедуралық бөліміне мыналар жатады: мәліметтерді талдау және өңдеу, жинау әдістерін суреттеу
Әлеуметтік зерттеудің түрлері: барлаушы, сипаттаушы, талдаушы
Анкета және интервью зерттеу әдісінің қай түріне жатқызамыз. сұрақ – сауал
Бір әйелдің бірнеше күйеуінің болуы некенің қандай түріне жатады? полиандрия
Кіріс табу максатында таурларды сату немесе қызмет көрсетуді жүзеге асыратын іс-әрекет, ол? кәсіпкерлік
Рухани мен материалдық игілікті қалыптастыру процесі, ол не? еңбек
Еңбек процесіне әсер ететін ішкі фактор ретінде не есептеледі? еңбектің мазмұны
Индивидтің нарықтағы позиясы? статус
“Кәсіпкерлік өндірістің жаңа жолдарын ашады,”- деп кім айтқан? Й. Шумпетер
Жалпы ортақ мақсатқа жету үшін ұмтылған ірі топ, ол не? Экономикалық ұйым
Еңбек бөлінісі қарапайым түрде және туыстық немесе жерлестік байланыстар арқылы қалаптысатын қандай ұйым? қауымдастық
Формалды мақсат, кәсіби байланыстар – қандай ұйымның белгісі? корпорацияның
Жеке қатынастар, басшысы әке ретінде – қандай басқарудын түріне сәйкес? патернализмге
Қандай басқаруда бастық – координатор ретінде? Партнерлықта
Басшының абыройы жоғары және шешім ортақ келісім арқылы қабылданады: фратернализм
Бизнес-элита, ірі корпорацияның басшылары – қандай таптын өкілдері? Жоғары
Капиталистық қоғамға қай жүйе тән? Таптық
Әлеуметтік мүмкіншілігіне қарай бөлінетін топ, ол? тап
Кіріс, білім, билік, престиж – қандай жүйенің компоненттері: Таптық
Еңбек нарығының екінші сегменттінде қандай жұмысшылар еңбектенеді? Уақытша алынатын
Экономикалық социологияның пәні? экономикалық әрекет
Екі ұрпақтан қалыптасқан жанұя: нуклеарлы
Қоғамда бейімделушілік қызметін атқаратың қандай жүйе? Әлеуметтік
Қоғамның мақсатқа жетушілік қызметін атқаратын жүйе? Саяси
Қоғамға, адамға арналған маңызды мақсат – ол? Құндылық
Қоғам дамуын цикл ретінде қарастырған: П. Сорокин
Қоғамның ережелерін орындайды, бірақ мақсаттарын қабылдамайды: ритуалист
Жұбайлардын арасында теңдік болуы – қандай отбасының сипаты? Эгалитарлық
Жаңа сапалық сипаттағы көпшілікке арналған пікірлердің жиынтығы? Қоғамдық пікір
Тұлғаның қоғамдық өмірге белсенді араласуын насихаттайтын доктрина? Динамикалық
Маклуэн бойынша, рационализм және индивидуализм қай кезеңге тән: «типографиялық және өндірістік адамның заманыңда»
Кімнің тұжырымы бойынаша, қоғамдық пікірдің қалыптасуы еліктеу механизміне байланысты: Г. Тард
Әлеуметтанудың мақсаты- индивидтердің әлеуметтік әрекеттерін зерттеу деген кім? Вебер
Г. Тардтың көзқарасы бойынша, қоғамдық пікірді қалыптастырушылар: Көрермендер
Мемлекеттік әрекеттің бақылануын бейнелейтін қоғамдық пікірдің қызметі: экспрессивті
БАҚ тән емес қызметі анықтаңыз: директивті
Ақпартты жинаудың, таратудың, сақтаудың обьективті формасы: Тіл
Бұқаралық мәдениетті таратушы: БАҚ
М.Вебердің пікірінше, қандай қоғамда индивидтердің іс-әрекетті рационалды принціипке негізделеді: Дәстүрлі
Әлеуметтік әрекеттің айырбас процесі ретінде қарастырылуы: Д.Мид
Қандай тап әлеуметтік тұрақтылықтың көрсеткіші Орта
Тұтынушылық құндылықтарды насихаттайтын доктрина: демагогикалық
Қандай доктринаның мақсаты-ағартушылық: ақпараттық
Публицистикалық хабарламаны анықтаңыз: Жаңалықтар топтамасы
Экономикалық әрекетті бақылайтын, әлеуметтік нормалардың жиынтығы: экономикалық институт
Сандық және жүйелі түрде құжатты зерттеу, ол: контент-анализ
Таныс емес жағдайдағы объект әрекетін зерттейтін әлеуметтанулық зерттеу әдісі:
эксперимент
Әлеуметтік норма және құндылықтарды меңгерген адам: тұлға
Ғылыми танымның белгілі үлгісі (моделі)? Парадигма
Сұрыптау дегеніміз не? Зерттеудің сұрақтарына жауап беретін респондентерді таңдау
Бұқаралық коммуникация – адамға рухани бақылау жүргізу жолы деген ғалымды анықтаңыз: Ортега-де-Гассет
Құбылыстың құрылымдық элементтері жөнінде мағлұмат алу – ол зерттеудің қандай түрі? Сипаттаушы






