Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Байқоңыр ғарыш айлағынан келетін зардап

Кіріспе

Қазіргі кезеңде адам мен оны қоршаған ортаның қарым-қатынасы күрделене түскені мәлім.
Жиырма бірінші ғасырда адамзаттың алдыеда тұрған ғаламдық проблмалардың бірі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемасы екені әртүрлі деңгейдегі мінбелерден жиі мойындала бастады. Адамзат өзі мекен сүруге жарамсыз етуге бейім күшке айналған жағдай қалыптасты.
Көздің қарашығындай қорғауды қажет ететін табиғат байлығына көңіл бөлу әлсіреп кетті. Осы мәселелердің ішінде үлкен мәселелердің бірі – Байқоныр.
Байқоңыр – 1955 жыллы негізі қаланған Қазақстан Республикасының ғарыш айлағы. Қызылорда облысының жерінде орналасқан. Байқоңырдан кезінде «Восток», «Восход», «Союз», «Прогресс» сияқты Кеңес Одағының ғарыштық корабльдері мен «Салют» орбитальды станциялары, сонымен қатар басқа да көптеген ғарыштық аппараттары ұшырылды. Тек осы жерден ғана ұшуы басқарылатын корабльдер ғарышқа шығарылады.

Байқоңыр» ғарышайлағындағы экологиялық мәселелер

Қазіргі кездегі қоғамның дамуы айналадағы қоршаған ортаны пайдаланумен тікелей байланысты, яғни адамзат тіршілігіне қажетінің барлығын табиғаттан алады. Бұл жағынан алғанда табиғат – табиғи қажеттілікті қамтамасыз ететін таңғажайып құбылыс. Ғылым мен техниканың жетілуі, өндірістің қарқынды дамуы, жерасты қазба байлықтарын кеңінен пайдалану, транспорт түрлерінің көбеюі қоршаған ортаны түрлі химиялық қосылыстармен ластауда.
Мұндай химиялық қосылыстардың көбі токсиндік және канцерогендік қасиеттері биосфералық тепе-теңдіктің бұзылуына, климаттың өзгеруіне, айылшаруашылық өнімдер өнімділігінің төмендеуіне және халықтың денсаулығы нашарлауына әсерін тигізеді.
Токсиндік және канцерогендік қосылыстар клетка құрамына еніп, ДНК молекуласына әсер етеді, хромосомаларын бұзып, нәтижесінде ағзалардың тіршілік ету қабілеттілігін төмендетеді.
Адамзат баласы қазіргі кезде шамамен 70 мыңға жуық химиялық қосылыстарды пайдалануда, осы көрсеткішке жылына шамамен 500-1000-ға жуық химиялық қосылыстар қосылып отырады.
Әрине, бұл қосылыстар атмосфералық ауа, топырақ, су, өсімдік арқылы адам ағзасына қайта жинақталып, белгілі бір мөлшерде әсер ететіні белгілі.
Осындай табиғи ортаны зиянды заттармен ластайтын орындардың бірі – ғарышқа зымырандар ұшыратын әскери-өндіріс кешендерінің жұмысы.
Қорғаныс Министрлігінің негізі экологиялық мәселелер жөніндегі тізімі бойынша табиғаттың ғарыш зымырандарынан ластануы әскери техникалар мен қару-жарақтарды жою және радиоактивті ластанудан кейін үшінші орын алады.
Ғарыштық аппараттарды ұшыратын ғарышайлағының бірі – «Байқоңыр».
«Байқоңыр» ғарышайлағы Қазақстан Республикасының оңтүстік-батыс бөлігінде, Қызылорда облысының территориясында орналасқан, жалпы көлемі 6,7 мың км2 жерді алып жатыр. Аймақтың рельефі – тұзды топырақт, жылжымалы құмды төмпешіктерден тұрады. Өсімдік түрлері көп, бірақ сирек орналасқан, негізінен эфермелерден тұрады, шілде айының ортасына дейін сақталып, сонан соң күйіп кетеді. Бір жылдың үш жүз күнінде жел соғып, оның 17-38 күнінде шаңды борандар тұрады.
Көптеген ғылыми зерттеулер ауа ылғалдылығының төмендеуі, жылдың әр мезгілінде температураның күрт өзгертуі, ғарыш ұшу аппараттарының жұмысымен байланыстырады.
Алғашқы эксперименттік бақылаулар қуатты ғарыштық ұшу аппаратының «Спейс-Шаттл» немесе зымыран жеткізгіш «Сатурн-5» аппаратының ғарышқа ұшыру кезінде Канаверал-Европа жағалауымен Солтүстік Атлантаға дейнгі аралықтың ауа ағынының өзгертуі, ал жылдың жылы уақытында «Плесецк» ғарыш айлағынан ұшырылатын қуатты ұшу аппаратының әсері бұрынғы Одақ территориясының Орталық Еуропалық бөлігіне және солтүстік-батыс облыстардың атомосфералық ауа ағынының активтілігінің жоғарылауына әсерін тигізетінін дәлелдейді.

Байқоңыр ғарыш айлағынан келетін зардап

Қуатты ғарыш ұшу аппараттары ұшырылатын «Байқоңыр» ғарыш айлағына жақын орналасқан аймақтарда ауа райы құрт бұзылып, 3-5 туәлікке дейін боранды құм суырып, жел болып, температураның төмеңдеу процесі жиі байқалатыны белгілі.
Бұл процесс суы тартылып, табаны кеуіп, тұзға айналған Арал аймағы үшін қаншалықты кері әсері барып айтпасқа болмайды.
«Байқоңыр» ғарыш айлағы орналасқан аймақтың басты экологиялық мәселесі – Арал теңізі деңгейінің төмеңдеуі және жердің тұзданып құрғақшылыққа ортаға қосымша кері әсерін тигізуде.
Ғарыш ұшу аппараттарының қоршаған ортаға басты зиянды әсері ауа ағынын күшейтумен шектеліп қоймайды, түріне қарай салмағы 3,2 тоннадан-16,2 тоннаға дейін болатын зымырандардың жағар және жаңармай қалдықтары құрамында химиялық токсинді қосылыстардың болуында.
Соңғы 30 жылдың көлемінде осы салаға қатысты мамандар химиялық жанармаймен жұмыс істейтін зымыран двигательдері қалдықтарының қоршаған ортаға ттигізетін зиянды әсерлерін зерттеуде. Осы ғылыми зерттеулердің нәтижесі, зымыран двигателінен бөлінетін қалдықтардың атмосфераның төменгі қабатына ауқымды масштабта зиянды әсерінің жоқтылығын дәлелдесе 40-жылдан бері жинақталған мәліметтерге қарағанда олардың зиянды әсерлерін анық көруге болады.

Ғарыш айлағынан ұшырылатын зымыран жеткізгіштерінің двигателіне пайдаланылатын жанармайына нақтырақ тоқталсақ:

  1. Азоттетраоксиді және азот қышқылы тотықтырғыштарымен симметриясыз диметилгидрозин.
  2. Сутегі асқын тотығы мен сұйық оттегі тотықтырғыштарымен көміртеті жанармай, бұл қосылыс жұмысын аяқтаған бөлшектіңм жерге құлауы кезінде буланып оттегі және сутегіне айналып кетеді. РТ-1 және осы тектес басқа әсер етеді, ал симметриясыз диметилгидрозин қауіптілігі жағынан бірінші класқа жататын химиялық токсинді қосылыс.

Толығырақ тоқталар болсақ, зымыранның сұйық жанармай композитіне кіретін «гептил» азотты органикалық қоысылыс, гидрозин туындыларына жатады. Химиялық құрамына сәйкес симметриясыз диметилгидрозин активті тотықсызданғыш, әр түрлі тотықтырғыштарда оңай тотығып, тетраметилтеразен, нитрозодиметилаламин, диметилметиленгидрозин, диметиеналин, формальдегид, су, азот, аммиак және басқа өнімдерге айнала алады.
Симметриясыз диметилгидрозин және оның алклгомологтарының тез тотығуы тотықтырғыштардың түріне және концентрациясына байланысты. Мұндай тотықтырғыштардың қатарына активті металдар Cu, Fe, Cr, Mn және олардың оксидтері, пассивті металдар Al, Ni, Mg және олардың оксидтері жатады.
Бұл металдарға аймақтың топырағы бай екендігін ескеруіміз қажет.
Ғарыш айлағының жұмысы қоршаған ортаға мынадай кері әсерлерін тигізуде:

— үшу процесінен кейін, атомосфераның табиғи режимі бұзылады;

— атмосфераны және жер беті қабаттарын токсинді зымыран жанармайының қалдықтарымен ластайды;

— атмосфераның озон қабатын бұзады;

— территорияларды ұшу аппараттарының қалдықтары мен сынықтарымен зақымдайды;

— қышқылды жаңбырдың жаууына себепші болады;

— ауқымды масштабта температураның жоғарылауына әсерін тигізеді.

Қауіптілігі жағынан бірінші класқа жататын симметриясыз диметилгидрозиннің биологиялық объектілерге әсері жөніндегі қазіргі түсініктер толық мәліметтер бере алмайды.
Зымыран жанармай компоненттеріне кіретін токсинді қосылыстардың табиғи жағдайды микробтар мен өсімдіктерге әсері туралы түсініктер мүлдем жоқ. Сондықтан осы бағытты зерттеулер қазіргі кезде аса өзекті мәселелерге жатады.
Лабораториялық жағдайда жүргізілген зерттеулердің нәтижесі өсімдіктердің бойының қысқа болып, кейбір морфологиялық өзгерістер байқалып, ауылшаруашылық өнімдерінің сапасы нашарлап және өнімділігінің төмендейтінін көрсетеді.
Мысалы, сандық мәліметтерге тоқталсақ, 50 км биіктіге зымыран «Спейс-Шаттл» 150 тоннадан астам хлор және хлорлы сутегі, 7 тонна азот оксидін, 380 тонна көміроксидін, 500 тонна су және сутегін бөледі, осындай биіктіктегі «Энергия» ұшу аппараты 740 тонна көміртегі оксидін, 750 тонна су және сутегін бөледі. Қысқа қашықтықта мұндай қалдықтар жасанды бұлт түзіп, қышқылды жаңбырға айналады және ұшыру аймағынан 200 кв.км қашықтыққа дейінгі аймақтың ауа райын өзгертеді «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 180 тонна гептил құйылады. Ғарыш айлағы жұмыс жүргізгеннен бастап мұндай «Протон» зымыран жеткізгішінің 260-тан астамы ұшырылған. Көп сатылы «Протон» зымыран жеткізгішінің алғашқы блогы (алты бакты блок болады) жұмысын аяқтап, жерге құлағанда 1,5 тоннадан 3,5 тоннаға дейін гептил қалдығы жерге төгіледі. Сонда бір рет ұшырылғанда орта есеппен екі тонна гептил жерге төгілгенде, 44 жылда 520000 тонна гептил төгіледі. Экологиялық қауіпсіздікті сақтадық дегеннің өзінде, Қазақстан Республикасының ұлттық аэрокосмостық агенттігінің мәлімдеуінше, қазіргі кезде зымыран жеткізгішінің жерді зақымдайтын гептил мөлшері 150-200 литр шамасын құрайтыны анықталған.

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | 
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-04-03; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1397 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

В моем словаре нет слова «невозможно». © Наполеон Бонапарт
==> читать все изречения...

2173 - | 2117 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.