526. Жүктілік пен босану кезінде нәресте жағдайын бақылау мақсаты:
1) нәрестенің антенаталды өлімінің алдын алу;
2) нәрестенің интранаталды өлімінің алдын алу;
3) нәрестенің ерте неонаталды өлімінің алдын алу;
4) +нәрестенің анте- және интранаталды өлімі мен босанғаннан кейінгі зардабының алдын алу;
5) босанғаннан кейінгі зардабының алдын алу.
527. Жатыр түбі биіктігін динамикалық өлшеу мен гравидограмманы толтыруды бастайды:
1) +жүктіліктің 20 аптасынан;
2) жүктіліктің 22 аптасынан;
3) жүктіліктің 24 аптасынан;
4) жүктіліктің 26 аптасынан;
5) жүктіліктің 28 аптасынан.
528. Нәрестенің шүйдемен жату кезінде жүрек жиырылуы базалды жиілігінің 180 соққы минутына және одан тұрақты жоғарылауы:
1)+ нәрестенің жағдайына қауіпті белгі болып есептеледі;
2) диагностикалық мағынаға ие емес;
3) нәрестенің жағдайына қауіп төнумен байланысты емес;
4) нәрестеде даму ақауының болуын көрсетеді;
5) толғаққа нәрестенің реакциясы деп есептеледі.
529. Жүктіліктің екінші триместрінде УДЗ мақсатына жатпайды:
1) даму ақауларын анықтау
2) нәрестенің құрсақ ішілік дамуы кідіруінің ерте формасын анықтау
3) плацентаның орналасуы мен қалыңдығын бағалау
4) қағанақ суының мөлшерін анықтау
5) + гендік және хромосомдық ауытқуларды анықтау
530. Жүктіліктің бірінші триместрінде УДЗ мақсатына кірмейді:
1) жатырлық жүктілікті дәлелдеу
2) жатырдан тыс жүктілікті жоққа шығару
3) көпнәрестелі жүктілікті анықтау
4) нәрестенің тіршілік әрекетін бағалау
5) + НДКС анықтау
531. Антенаталды кардиотокография жүктіліктің қай мерзімінде жүргізіледі:
1) 22 аптадан жоғары
2) 28 аптадан жоғары
3) 30 аптадан жоғары
4) +32 аптадан жоғары
5жүктіліктің кез келген мерзімінде
532. КТГ, стрессті емес тест жүргізуге көрсеткіш болып табылмайды:
1) +орташа анемия
2) нәрестенің қозғалыс санының азаюы
3) НДКС-на күдіктену
4) мерзімінен асқан жүктілік
5) преэклампсия
533.Жүктіліктің физиологиялық ағымында амниотикалық сұйықтық индексі қалыпты жағдайда болады:
1) 5 см-ден аз
2) 20 см-ден көп
3)+ 5 см-ден көп, бірақ 20 см-ден аз
4) 25 см-ден көр
5) 2 см-ден аз
534.Амниотикалық сұйықтық санын өлшеу кезінде вертикалды қалтаның максималды тереңдігін анықтайды, ол жүктіліктің физиологиялық ағымында мынадай деңгейде ауытқиды:
1) +2 - 8 см
2) 2 см-ден аз
3) 8 см-ден к-п
4) 1-2 см
5) 1 см-ден аз
535. КТГ жүргізгенде келесі параметрлерді бағалайды:
1) +базалды ритм, вариабелділік, децелерациялар, акцелерациялар
2) базалды ритм, вариабелділік, децелерациялар
3) базалды ритм, вариабелділік, акцелерациялар
4) вариабелділік, децелерациялар, акцелерациялар
5) акцелерациялар, децелерациялар, базалды ритм
536. Атипиялы немесе ареактивті КТГ – бұл:
1) барлық параметрлер атипиялық КТГ-ге сәйкес келеді
2) + кем дегенде бір көрсеткіш атипиялық КТГ-ге сәйкес келеді
3) екі көрсеткіші қалыптыға сәйкес келмейді
4) кем дегенде бір көрсеткіш патологиялық КТГ-ге сәйкес келеді
5) үш көрсеткіш қалыптыға сәйкес келмейді
537. Перинаталды өлім көрсеткіші есептеледі:
1)+өлі туылғандар саны + алғашқы 7 тәулікте өлгендер саны/тірі және өлі туылғандар саны х 1000
2) алғашқы 7 тәулікте өлгендер саны /жаңа туылғандар х 1000
3) өлі туылғандар саны +туылғаннан кейін алғашқы 168 сағатта өлгендер саны /жаңа туылғандар х 1000
4) интранатальды өлгендер саны/ жаңа туылғандар х 1000
5) өлі туылғандар саны +туылғаннан кейін алғашқы 7 тәулікте өлгендер саны х 1000
538. Нәрестенің антенаталды өлімі - бұл:
1) +жүктіліктің 22-ші аптасынан бастап босану әрекеті басталғанға дейін нәрестенің өлімі;
2) жүктілік және босану кезінде нәрестенің өлімі;
3) босану кезінде нәрестенің өлімі;
4) жүктіліктің 28-ші аптасынан бастап босану әрекеті басталғанға дейін нәрестенің өлімі;
5) босану кезінде және босанғаннан кейін 7 күннің ішінде нәрестенің өлімі.
539. Жүктіліктер арасындағы минималды интервалды сақтамаған жағдайда ана және перинаталды өлім көрсеткіштері 2 есе жоғарылайды, ол құрайды:
1) 5 жылды
2) 4 жылды
3) 3 жылды
4)+ 2 жылды
5) 1 жылды
540. Перинаталды өлім түсінігі білдіреді:
1) босану кезіндегі нәрестенің өлімі;
2)+ «босану айналасында» - антенаталды, интранаталды және ерте неонаталды кезеңдерде нәресте өлімі;
3) өлі туылу;
4) нәрестенің антенаталды өлімі
5) нәрестенің интранаталды өлімі
541. Тірі туылудың негізгі критериі болып табылады:
1) нәресте салмағы 1000 г және одан жоғары
2) нәрестенің бойы 35 см және одан жоғары
3)+жүрек соғысының болуы
4) өзіндік тыныс алуыдың болуы
5) рефлекстердің болуы
542. Ана организмі мен нәресте арасындағы байланыс не арқылы жүзеге асырылады:
1)+плацента арқылы
2) жатыр қабырғасы барорецепторлары арқылы
3) нәрестенің сулы қабығы арқылы
4) жатырдың децидуалды қабаты арқылы
5) жатырлық-плацентарлық қан айналымы арқылы
543. Фетоплацентарлы жүйенің құрылуы аяқталады:
1)+ жүктіліктің 16-шы аптасына қарай
2) жүктіліктің 20- шы аптасына қарай
3) жүктіліктің 24- ші аптасына қарай
4) жүктіліктің 28- ші аптасына қарай
5) жүктіліктің 32- ші аптасына қарай
544. Цитотрофобастың ерте қызметі негізінде құралады:
1)+ұрықтың гистиотрофты қоректенуінен
2) хорионды гонадотропиннің өндірілуінен
3) эстрогендердің өндірілуінен
4) плацентарлы лактогеннің өндірілуінен
5) прогестерон өндірілуінен
545. Хорионның біріншілік бүрлері көбінесе түзіледі:
1) жүктіліктің 1-ші аптасында
2)+ жүктіліктің 2- ші аптасында
3) жүктіліктің 3- ші аптасында
4) жүктіліктің 4- ші аптасында
5) жүктіліктің 5- ші аптасында
546. Ана мен нәресте арасындағы газ алмасу (О2және СО2) мына жол арқылы іске асырылады:
1)+жай диффузия
2) фагоцитоз
3) таңдамалы абсорбция
4) пиноцитоз
5) күрделі диффузия
547. Ананың артериалды қанының көп бөлігі бүрлер аралық кеңістікке не арқылы өтеді:
1) плацентарлы аралық
2)+спиралды артериялар
3) жатырдың магистралды тамырлары
4) нәресте-плацентарлық қан айналым
5) жатырлық-плацентарлық қан айналым
548. Гестациялық жастың 28-ші аптасында нәрестенің ұзындығы:
1)+35 см
2) 30 см
3) 24 см
4) 28 см
5) 32 см
549. Жүктіліктің 40 аптасында нәрестенің ұзындығы шамамен болады:
1) 55 см
2) 53 см
3)+50 см
4) 45 см
5) 40 см
550. Салмақ-бой коэффициенті 36% тең болғанда, жүктілік кезіндегі дене салмағын қалыпты қосу әйелдің бастапқы салмағынан құрайды:
1) 8-10%
2) 11-15%
3)+16-17%
4) 18-20%
5) 21-22%
551. Плацента қалыңдығының өсуі жүктілік мерзімінде тоқтайды:
1) 27-28 апта
2) 30-31 апта
3) 33-34 апта
4)+35-36 апта
5) 37-40 апта
552. Мерзіміне жеткен нәресте басының бипариеталды өлшемі:
1) 7-8 см
2)+9-10 см
3) 11-12 см
4) 13-14 см
5) 15-16 см
553. Перинаталды кезең болып мына уақыттан басталатын уақыт аралығы есептеледі:
1) ұрықтану кезеңінен басталып және нәрестенің туылуымен аяқталатын кезең
2)+нәрестенің өмірге бейім кезеңінен басталып және туылғаннан кейін 7-ші тәулікте аяқталатын кезең
3) жүктіліктің 28-ші аптасынан басталып туылғаннан кейін 7-ші тәулікте аяқталатын кезең
4) жүктіліктің 22 аптасынан басталып туылғаннан кейін 14-ші тәулікте аяқталатын кезең
5) ұрықтанғаннан бастап туылғаннан кейін 7-ші тәулікте аяқталатын кезең
554. α-фетопротеин концентрациясы жоғарылайды:
1) нәрестенің қалыпты дамуы кезінде
2)+нәрестенің жүйке түтіктерінің даму ақаулары кезінде
3) нәресте бүйрегінің даму ақаулары кезінде
4) жатырдың даму ақаулары кезінде
5) нәрестенің құрсақ ішілік дамуының кідіруі кезінде
555. Қазақстан Республикасында жүктіліктің қай мерзімінде нәрестенің (жаңа туылған нәресте) өмірге бейімділігі бар деп саналады:
1) 20 апта
2)+22 апта
3) 26 апта
4) 28 апта
5) 40 апта
556. Өмірге бейімді нәресте бойының ең аз ұзындығы:
1) +28 см
2) 30см
3) 32 см
4) 35 см
5) 48 см
557. Өмірге бейімді нәрестенің ең аз дене салмағы құрайды:
1)+500 г
2) 600 г
3) 800 г
4) 1000 г
5) 2500 г
558. Мерзіміне жеткен жүктілік кезінде нәрестенің бой ұзындығы сәйкес келеді:
1) 46 см
2) 47 см
3) 44 см
4) 45 см
5) +48см және одан жоғары
559. Мерзіміне жеткен жүктілік кезінде жаңа туылған нәрестенің салмағы кем болмауы керек:
1) 500г
2) 1000г
3) 1500г
4) 2000г
5) +2500г
560. Нәрестенің баспен жатуындағы босану кезінде жүрек жиырылуы базалды жиілігінің қайсысы қалыпты болып есептеледі:
1)+120-160 рет минутына
2) 100-110 рет минутына
3) 110-180 рет минутына
4) 160-180 рет минутына
5) 110-120 рет минутына
561. Доплерометрияның мәліметтеріне сәйкес жатыр-плацентарлық және нәресте-плацентарлық қан айналым бұзылысы жіктелуіне кірмейді:
1) 1А дәреже
2) 1Б дәреже
3) + 1V дәреже
4) II дәреже
5) III дәреже
562. Доплерометрияға көрсеткіш болып табылмайды:
1) артериалды гипертензия
2) бүйрек аурулары
3) + жамбаспен жату
4) нәрестенің құрсақ ішілік дамуының кідіруі
5) мерзімінен асқан жүктілік
563. Кардиотокографияның мақсаты болып табылады:
1) + нәрестенің функционалды жағдай бұзылысын анықтау
2) қағанақ суы санын анықтау
3) нәрестенің даму ақауларын анықтау
4) плацентаның орналасуын анықтау
5) нәресте салмағын анықтау
564. Жүктілік кезінде КТГ жүргізуге көрсеткіш болып табылмайды:
1) көп нәрестелі жүктілік
2) мерзімінен асқан жүктілік
3) нәрестенің құрсақ ішілік дамуының кідіруі
4) нәрестенің қозғалыс белсенділігінің төмендеуі
5) +нәрестенің жамбаспен жатуы
565. КТГ нәтижесін талдаудың құрамына кірмейді:
1) жүрек жиырылуының базалды ритмі
2) вариабелділік
3) акцелерациялар
4) децелерациялар
5) + жатыр артериясындағы қан айналым жылдамдығы
566. Қалыпты антенаталды КТГ белгілеріне жатпайды:
1) базалды ритм 120-160 рет минутына
2) вариабелділік 6-25 соққы/мин
3) децелерацияның болмауы
4) спонтанды акцелерацияның болуы
5) + кеш децелерациялар
567. КТГ қалыпты көрсеткіштерін анықтаңыз:
1) базалды ритм 100 рет минутына немесе 180 соққы мин жоғары.
2) базалды ритмнің вариабелділік амплитудасы 5 соққы/ мин аз
3) айқын вариабелді децелерациялар
4) + базалды ритм 120-160 рет минутына
5) кеш децелерациялар
568. Плацента неден құралады:
1) амнион қабынан
2) + децидуалды қабықтың базалды бөлігі мен бүрлі хорионнан
3) децидуалды қабықтың капсулярлы бөлігінен
4) децидуалды қабықтың париеталды бөлігінен
5) бүрсіз хорионнан
569. Плацента келесі қызметтерге ие, біреуінен басқа:
1) тыныстық
2) қоректік
3) бөліп шығару
4) гормоналды
5) + қозғалыстық
570. Плацентада төменде аталған гормондардың біреуінен басқасы түзіледі:
1) хорионды гонадотропин
2) плацентарлы лактоген
3) эстрогендер
4) + фолликулостимулдеуші гормон
5) прогестерон
571. Мерзіміне жеткен жүктілік кезінде қағанақ суының қандай саны қалыпты болып табылады:
1) 300-400 мл
2) 500-600 мл
3) 100-500 мл
4) + 500-1500мл
5) 1600-2000 мл
572. Нәрестенің құрсақ ішілік дамуының қай сатысы бірінші қауіпті кезеңге жатады:
1) + предимплантациялық, имплантация
2) органогенез
3) плацентация
4) предимплантациялық
5) имплантация
573. Қағанақ суының қызметіне жатпайды:
1) нәресте қоғалғалуы үшін кеңістік түзу
2) механикалық жарақаттан қорғау
3) температуралық балансты түзу
4) тасымалдық қызмет және заттар алмасуға қатысу
5) + босану әрекетін шешу
574. Жүктіліктің физиологиялық даму кезеңінде гемостаз жүйесінде келесі өзгерістер болады:
1)+гиперкоагуляция
2) гипокоагуляция
3) тұтыну коагулопатиясы
4) тек қана тамырлық-тромбоцитарлық буыныныңбелсенденуі
5) тек қана плазмалық буынның белсенденуі
575. Жүктіліктің 28 аптасында нәрестенің дене салмағы:
1) 500 г
2) 800 г
3)+1000 г
4) 1400 г
5) 1800 г
576. 25 жасар алғаш жүкті әйел: Жүктіліктің 37 аптасы, жеңіл дәрежелі преэклампсия диагнозымен босану үйіне түсті. Қарап тексергенде: ІА– 89 см, ЖТБ – 34см, допплерометрияда – жатыр-плацентарлы қан айналымының бұзылысы I дәрежелі. Сіздің әрекетіңіз:
1) 1 апта бойы ауруханада бақылау
2) + босандыру
3) спонтанды босану әрекеті басталғанға дейін ауруханада бақылау
4) доплерометрияны, УДЗ қайталау
5) кесар тілігі операциясы жолымен босандыру
577. 25 жасар алғаш жүкті әйел Жүктіліктің 37 аптасы, жеңіл дәрежелі преэклампсия диагнозымен босану үйіне түсті. Қарап тексергенде: ІА– 89 см, ЖТБ – 34см, допплерометрияда – жатыр-плацентарлы қан айналымының бұзылысы I дәрежелі. Мерзімінен бұрын босандыру туралы шешім қабылданды. Сіздің әрекетіңіз:
1) кесар тілігі операциясы жолымен босандыру
2) босануға организмді дайындауды бастау
3) амниотомиядан кейін босануды ынталандыру
4) дистресс-синдромның алдын алу
5) + босану жолдарының дайындығын анықтау
578. Дексаметазонмен нәрестенің дистресс синдромының алдын алу босануға дейін неше күн бұрын жүргізіледі:
1) + 1-2 күн бұрын;
2) 3-4 күн бұрын
3) 5-6 күн бұрын
4) 7-8 күн бұрын
5) 9-10 күн бұрын
579. Дексаметазонмен нәрестенің дистресс синдромының алдын алу келесі схема бойынша жүргізіледі:
1) +6 мг-нан күніне 2 рет 2 күннің ішінде немесе 12 мг-нан күніне 2 рет бұлшық етке
2) 6 мг-нан күніне 2 рет немесе 12 мг-нан күніне 1 рет бұлшықетке
3) 12 мг-нан күніне 2 рет бұлшықетке 2 күннің ішінде
4) 6 мг-нан күніне 2 рет бұлшықетке
5) 12 мг-нан күніне 1 рет бұлшықетке
580. Дексаметазонмен нәрестенің дистресс синдромының алдын алу жүргізіледі:
1) +жүктіліктің 34 аптасына дейін
2) жүктіліктің 32 аптасына дейін
3) жүктіліктің 30 аптасына дейін
4) жүктіліктің 28 аптасына дейін
5) жүктіліктің 38 аптасынан дейін
581.КТГ – стрессті емес тест жүргізіледі:
1) жүктіліктің 28 аптасынан
2) жүктіліктің 22 аптасынан
3) жүктіліктің 30 аптасынан
4) жүктіліктің 34 аптасынан
5) + жүктіліктің 32 аптасынан
582.Жүктілік кезінде амниондық сұйықтықтың көзі болып табылмайды:
1) нәрестенің өкпесі (өкпелік сұйықтық-транссудат)
2) нәрестенің зәрі
3) ана плазмасының хориалды қабық арқылы транссудациясы
4) ана плазмасының амниондық қабық арқылы транссудациясы
5) + ананың айналымдағы қан көлемі
583. Жүктілік және босану мерзімін анықтау үшін, УДЗ жүктіліктің қай мерзімінде жүргізілуі маңызды:
1) +14 аптаға дейн
2) 16 аптаға дейн
3) 18 аптаға дейн
4) 20 аптаға дейн
5) 22 аптаға дейн
584. Жүктіліктің бірінші триместріндегі УДЗ-де ескерілмейді:
1) жатырлық жүктілікті анықтау
2) жатырдан тыс жүктілікті жоққа шығару
3) көпнәрестелі жүктілікті анықтау
4) нәрестенің өмірге бейімділігін бағалау
5) + НДКС анықтау
585. Жүктілер гипертензиясының лабораторлық белгісі:
1) гематокриттің төмендеуі
2) гемоглобинемия
3) лейкопения
4) +тромбоцитопения
5) лимфоцитопения
586. Мерзімінен асқан жүктілік кезінде жаңа туған нәрестеде байқалады:
1) кіші жыныс еріндері үлкен жыныс еріндерімен жабылмайды
2) ұлдарда аталық бездері ұмаға түспеген
3)+ еңбектері мен жіктері тар
4) табандарында сызықтар байқалады
5) еңбектері мен жіктері кең
587. Қызылшаның ауыр формасымен ауруына байланысты жұқпалы ауруханадан 1 апта бұрын шыққан жүкті әйел акушер-гинекологқа қаралды. Жүктілік мерзімі 9-10 апта. Ауру эмбрионның дамуына қалай әсер етуі мүмкін?
1) эмбрионға қолайсыз әсер көрсетпейді
2) даму ақаулары пайда болуының мүмкіндіктері жоғары
3) ақаулардың даму мүмкіндігі екіталай
4)+нәрестенің өлу мүмкіндігі жоғары, даму ақаулары пайда болуының мүмкіндіктері жоғары
5) нәрестенің өлімі екіталай, даму ақауларының пайда болу мүмкіндігі жоғары
588. Қызылшаның ауыр формасымен ауруына байланысты жұқпалы ауруханадан 1 апта бұрын шыққан жүкті әйел акушер-гинекологқа қаралды. Жүктілік мерзімі 9-10 апта. Дәрігердің әрекетін таңдаңыз:
1) жүктілікті жалғастыруға болады
2) гормонды терапия тағайындап диспансерлік бақылауды жалғастыру
3) витаминотерапияны жүргізу
4)+ жүктілікті үзу
5) ары қарай бақылау үшін емханаға жатқызу
589. Мерзімінен асқан деп жүктілік қай мерзімнен асқанда айтуға болады:
1) 280 күн
2) 283 күн
3) 285 күн
4)+287-290 күн
5) 294-ші күннен
590. Ұзаққа созылған мен мерзімінен асқан жүктіліктің салыстырмалы диагностикасының критериі:
1) жүктілік мерзімі
2) қағанақ суының мөлшері
3) босану жолдарының жағдайы
4)+нәресте жағдайы
5) жатыр жағдайы
591. Мерзімінен асқан жүктілік және нәрестенің дамуының кідіруіне күманданғанда қайсы тексеру әдісі жүргізілмейді:
1) клинико-лабораторлы
2) кардиотокография
3) ультрадыбыстық фетометрия, плацентография, қағанақ суының мөлшерін бағалау
4) ана-плацента-нәресте жүйесіндегі қан айналысын допплерометриялық тексеру
5)+кордоцентез
592. Босану жолдары арқылы мерзімінен кеш босануды жүргізу қарастырады:
1)+нәресте жағдайын кардиомониторда бақылау
2) нәрестенің жүрек соғысын тыңдау
3) окситоцинмен босануды ынталандыру
4) амниотомиядан кейін босануды ынталандыру
5) босанудың екінші кезеңінің соңында эпизиотомия жасау
593. Жүктілік мерзімінен асқан деп есептеледі, егер оның ұзақтығы құраса:
1)+ гестациялық мерзім 42 және одан да көп аптаны құраса
2) гестациялық мерзімнің 41-42 аптасы
3) гестациялық мерзімнің 40-41 аптасы
4) гестациялық мерзімнің 41 аптасы
5) гестациялық мерзімнің 42 аптасы
594. Мерзімінен кеш босану кезінде нәрестеде жиі дамитын асқынудың бірі болып табылады:
1)+қағанақ суымен аспирация
2) бұғананың сынуы
3) кефалогематома
4) бет нервінің салдануы
5) Эрба салдануы
595. Көп нәрестелі жүктілік диагнозының негізі болып табылады:
1) сыртқы акушерлік тексеру
2)+УДЗ
3) жүрек тондарының аускультациясы
4) ішкі акушерлік тексеру
5) ІА және ЖТБ өлшеу
596. Жүктілік кезінде плацентаның жатуын анықтау үшін информативті болып табылады:
1) анамнез
2) сыртқы акушерлік тексеру
3) айнамен қарау
4) қынаптық тексеру
5) +УДЗ
597. Нәрестеге қауіпті жағдайды келесі патология келтіреді:
1) мерзімінен асқан жүктілік
2) +ҚОПМБ
3) анасының жүрек ақауы
4) көп нәрестелі жүктілік
5) қағанақ суының мезгілінен бұрын кетуі
598. Алғаш босанушы күніне бір қорап темекі шегетіні туралы айтты. Келесі көрсеткіштердің бірін бағалау үшін УДЗ жүктіліктің 32-ші аптасына тағайындалған:
1) қағанақ суының көлемі
2)+нәрестенің өлшемдері
3) нәресте дамуының аномалиялары
4) қозғалыс белсенділігі
5) плацентаның қалыңдығы
599. Жүктіліктің 32-ші аптасының аяғында жатыр түбі қай деңгейде анықталады:
1)+ 30-32 см
2) 35-36 см
3) 25-26 см
4) 29-30 см
5) 28-29 см
600. Көп нәрестелі жүктілікті анықтау үшін көбінесе қолданады:
1)+ ультрадыбыстық тексеру
2) рентгенологиялық тексеру
3) допплерометрия
4) компьютерлі томография
5) кардиотокография
601. Физиологиялық жүктілік кезінде Денсаулық сақтау министрлігінің хаттамасы бойынша (2010ж) УДЗ қанша рет жүргізіледі:
1) + 3 рет
2) 2 рет
3) 4 рет
4) 5 рет
5) әйелдің сұрауы бойынша
602. ІІІ санымен белгіленген плацента жетілуінің ультрадыбыстық көрінісі жүктілік мерзіміне сәйкес келеді:
1) 30 аптаға дейін
2) 31-34 апта
3) 30-32 апта
4)+ 38-40 апта
5) 41-42 апта
603. Жаңа туған нәрестенің жетілмеуіне тән белгі:
1) кіндік сақинасы іштің ақ сызығы бойымен орналасады
2) ұлдың аталық безі ұмаға түскен