Американдық Парламенттік Формат
Американдық парламенттік формат проблеманың ұсақ-түйек аспектілерін зерттеп факт жинаудан гөрі табанасты ойлап, мәселеге сыни көзқараспен қарауға, логикалық дәйектемеге және сараптамалық талдауға негізделген. Сондықтан кез келген жазылған дәлелдерді бүкіл пікірсайыс барысында пайдалануға тиым салынады. Бұл оқу құралы АПФ-тың негізгі кіріспесі ғана. Кейін жазылған материалдар соңғы инстанциядағы шындық болып табылмайды, ол әр жеке пікірсайысшы немесе ол пайдаланатын пікірсайыстырудың бірегей әдісі үшін қабылдап алынатын пікірсайыстың жалпы философиясы мен негізгі ережелерін көрсетеді.
Премьер – министрдің (ПМ) конструктивті сөзі
ПМ міндеті – конструктивті сөзінде қарар терминдеріне анықтама беру және пікірсайыстың барысын анықтайтын кейс (дәйектер мен дәлелдердің жиынтығы) ұсыну. ПМ пікірсайыстың бағытын және негізін айқындайды. ПМ өзінің кейсі мен Қарар арасындағы байланысты көрсетіп, Үкімет ұсынатын кейсті (бағытты) нақты бекіту керек және кейсті 3 тәуелсіз дәйек (аргумент) арқылы қолдауы тиіс.
Арар
Кез-келген тұжырым Қарар бола алады. Мысалы, философиялық немесе саяси пайымдау, өлең жолы, адамның пікірі және т.б. Қарарлардың ерекшеліктеріне байланысты түрлі-түрлі кейстер ұсынылады («АҚШБоснияға әскер енгізуі керек»). Білім беруді жақсарту («Аз білім – қауіпті») немесе сөз бостандығы («Сіздің көзқарасыңыз маған жат, бірақ Сіздің оны білдіру құқығыңыз үшін өмірімді қиюға әзірмін») сияқты жалпы тақырыпта болуы мүмкін.
Тікелей байланыс
Егер Сіз қарармен тікелей байланысты таңдайтын болсаңыз, онда сіз қарарда айтылған мағына бойынша ғана пікірсайыстыра аласыз. Ал түсініксіз болған немесе жалпылама мәселелерді ПМ түсіндіріп кетуі мүмкін. Бірақ қарардың ерекше жағдайлары мен жалпы принциптерін ұстану керек. Мысалы ұсынылған қарар мынандай болсын: «Парламенттің бейбіт мақсатта күш қолдануға құқығы бар». Бұл жағдайда Үкіметтің Қарарды қолдану аясы кеңдеу болады (нақтылау үшін «күшті» «әскери күш» деп алуы мүмкін). Көрсетілген өзгеше қарар бойынша пікір сайыстыруды да таңдай алады. Шындыққа жанаспайтын немесе нақтыланбаған кілтті (негізгі) сөздерге тиым салынады: көрсетілген мысалда Үкімет «күш қолдануды» «кедейшілікпен күрес» деп анықтай алмайды және қаланы қамтамасыз етуге үкіметтік шығындарды көбейтуді ұсына алмайды. Кей жағдайда қарар анықталмаған тараппен ұсынылуы мүмкін: «АҚШ үкіметі суицидті ресмилендіру қажет/қажет емес». Бұл жағдайда үкімет тобының өз позициясын таңдап алуға құқы бар. Таңдауды ПМК сөзіне дейін жарияламаса да болады.
Тығыз байланыс
Тығыз байланыс кезінде Үкімет тікелей Қарар бойынша пікір сайыстыруға міндетті емес. Қарар жобалайтын тақырып пен қақтығыс көрсетуші кейсті ұсынуға болады. Кейбір еркіндікке жол беріледі, бірақ өзгеше жағдай болмаса қарардың жалпы тақырыбын сақтау қажет. Мысалы: «Қарарда «сізді жеңе алмайтын істерге араласпасаңыз ешкім жеңе алмайды» делінген. Саддам Хусейн бұл сабақты қабылдамады. Бірақ бұл мәлімдемеде АҚШ-қа сабақ боларлықтай мәселелер бар еді. «Шөлдегі дауыл» операциясы барысында АҚШ-тың Ирак әскерін талқандап, басып алатындығы белгілі болатын. Жерүсті операциясы небәрі 3 күнге созылды, ал Ирактың бүкіл оңтүстік бөлігі АҚШ бақылауына өтті. Біз Үкімет ретінде қарардың жобасында АҚШ-тың осы артықшылығын пайдалана отырып, жеңіс іс жүзінді қамтамасыз етілген іске араласу керектігіне сенеміз. Сондықтан біздің бүгінгі кейсіміз АҚШ-тың «Шөлдегі дауыл» операциясын – Иракты алғанға дейін жалғастыру керектігінде болып тұр.
«Бүгінгі біздің қарастыратын қарарымыз: «Ойламай айтылған сөз жүздеген өмірді қиюы мүмкін». Үкіметтің ойынша, бұл қарар жауапкершіліксіз сөздің қауіптілігін ескертіп, осы сөздер әкелетін зардаптарды жоя алатындар соны істеуге міндетті екенімен келіседі. Үкімет бүгінгі пікірсайыста «жауапкершіліксіз сөздің» нақты түрін қарастырғысы келеді – бұл «жек көру сөзі». Біздің ойымызша, белгілі бір топтардың намысына тиетін, қорлау пікірлері болашақ жауапты реакция және қоғамдағы поляризацияны тудырумен «өркениет кемесінің» өліміне әкеледі. Сонымен, біз ұсынып отырған кейс университеттерде қайсыбір азшылыққа қатысты агрессивті сөздерге тиым салатын шаралар қолдану керектігін айтады.
Тығыз байланысты қолданғанда қарардың сөзбе сөз тұжырымдамасы бойынша пікірсайыстыру міндетті емес. Ол Үкіметтің қарар тезисін іске асыратын және оған қарама-қайшылық туғызбайтын ұсыныс үшін (саяси жоспар немесе философиялық принцип болуы мүмкін) трамплин ретінде қолданылуы қажет. Қарар мен кейс арасындағы байланыс нақты белгіленіп, қабылданғаннан кейін алғашқы қарар екінші планға өтеді. Байланыстың жоқтығы Егер кейс пен қарар арасында байланыс болмайтын болса, онда үкімет өзі қалаған кез келген кейсті ұсынуға ерікті. Қарар тақырыбын айқындайтын кейсті ұсыну үкімет жағының артықшылығы болса да, бұл міндетті болып табылмайды. Тек ұсынылған кейс пен қарардың арасында ашық қарама-қайшылық болған жағдайды қоспағанда өзектілік те міндетті шарт болып табылмайды. Осындай ұтымды, әрі тапқыр байланыс төрешіге ұнамауы мүмкін, бірақ бұл оның шығарар шешіміне әсер етпеуі тиіс. Егер сіз парадигманың осы түрімен таныс болсаңыз, байланысты іздеп әуреленбеңіз. Қарарды ең алдымен кіріспе мен кейс арасындағы байланыс құралы ретінде пайдалану қажет. Кейсті ұсынғаннан кейін раундта қарар мен байланыс мәселесі көтерілмейді. Шын мәнінде, «байланыс жоқтығын» пайдалану – үкіметтің артықшылығы. Бұл – Үкіметтің пікірсайықа ойлап таба алатын кез келген мәселесін ұсыну мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Тек 2 талап орындалуы қажет: кейс шынайы әрі қызықты болуы керек. Кейс түрлері және оларға қатысты шектеулер төменде қарастырылатын болады. Кейсті дайындау Әдетте қарар раунд басталғанға дейін 15 минут қалғанда жарияланады. Осылайша Үкіметтің кейсті жоспарлауға, оны қарармен байланыстыруға, логикаға, мотивке, құндылыққа негізделген салмақты дәйектер табуға және осы дәйектер арқылы төрешіні иландырарлық жүйелі сөзге айналдыруға 10-15 минут уақыты бар. Бірнеше ұсыныстар: 1.Әрқашан екі пікірсайысшы да қолдай алатын кейс құрастырыңыздар. Егер ПМ Үкіметтің айтқан сөзіне сене алмайтын болса, онда бұған төрешінің де сенбейтініне шүбә келтірмеңіз. Тағы бір мәселе, топ өзінің жеңілерін сезетін жағдай. Әзілді кейстерді немесе Үкімет Мүшесі талдауға қиналатын шиыршықталған әрі түсінуге қиын экономикалық кейсті кейінге қалдырған дұрыс. 2.Кейсті жақтау қиыншылықтары. Сөздің бұл бөлігі пікірсайыс мазмұнын анықтайтын болады. Барлық негізгі және даулы болған мәселе мен ұғымдарды барынша нақты етіп түсіндіріңіздер. Бұл осы мәселелерді ұтымды пайдалануға септеседі. 3.Үкіметтің негізгі дәйектерін көрсетіп, анықтап алыңыз, бірақ тым күрделендірмеңіз. Оларды сөзбе-сөз жазып алудың да қажеттілігі шамалы, себебі бұл ПМ-нің парақтан оқуға деген қызығушылығын арттыра түсуі мүмкін. Айқындалып алынған дәйектерге қатысты қысқа ескертулер жасау арқылы ПМ нәтижелі сөзіне қажетті еркіндік алады. 4.Сөзіңізді қалай қорытындылайтыныңызды алдын ала дайындық кезінде ойластырып алыңыз. Сөзіңіздің әсерлі бастамасы туралы ойлап алу да артық болмайды.
Кейс түрлері
Парламенттік пікірсайыста кейстің кейбір негізгі түрлері жиі қолданылады. Әрине, бұл тізім толық бола алмайды, себебі кейбір кейс түрлері төменде көрсетілген 3 топтың ішінде жоқ. Көп жағдайда кейстер бірнеше топтың элементтерін қамтиды. Мысалы, эвтаназияға рұқсат беру жөніндегі кейс әрі саяси, әрі философиялық дәйектерді біріктіреді. Талаптандыратын кейс Талаптандырушы кейс өмірдегі белгілі бір мәселені анықтап, оны шешу үшін жасалған іс-әрекет жоспарын ұсынады және оны қорғайтын топ Парламентте, Мәжілісте, Президент, БҰҰ-ның, ЕҚЫҰ-ның, Құдайдың және басқа да адамның (Үкімет тарапынан болуы шарт емес) бекітудің қажеттілігіне сендіреді. Талаптандыратын кейс түрлі көзқарастардың қақтығысын тудырады, яғни қазіргі жағдайды өзгертуді талап ететіні де маңызды. Жүзеге аспайтын немесе ұсақ өзгерісті қорғайтын кейспен жұмыс істеу қажет емес. Қақтығыс тудырмайтын кейс түрлері: -марихуананы иелену және пайдалану заңдастырылу қажет. -БҰҰ Жапонияға Қауіпсіздік Кеңесінде тұрақты орын беруі керек. -Жалпы табыс салығы жойылу қажет. -Республикалық партия өзінің ұлттық платформасындағы түсік тастауға қарсы әрекет туралы пунктті алып тастауы қажет.
Философиялық (құндылықты) кейс
Осы кейс бойынша Үкімет белгілі бір философиялық (құндылықты) позицияны ұсынып, оны қорғайды. Философиялық кейсте нақты іс-әрекеттен гөрі абстрактілі философиялық принциптерге көп көңіл бөлінеді. Философиялық кейс дискуссиямен тығыз байланысты. Онда Үкіметтің заттардың белгілі бір моральдық және философиялық жағдайына деген көзқарасы дұрыс екендігін дәлелдеу мүмкіндігі бар. Шынайы өмір жағдайы философиялық пайымдау үшін пайдаланылса да, негізгі фокус (мақсат) – философиялық құндылықтардың қақтығысы. -бостандық теңдіктен қымбат -өлім жазасы ақталмайды -тілектес диктатура – мемлекеттік құрылыстың ең жақсы формасы -10 адамның өмірін сақтап қалу мақсатында бір жазықсыз адамның Жанын қию – адамгершілікке жатады. Уақыт пен кеңістікте құрылатын (УК) кейс Уақыт пен Кеңістікте Құрылатын Кейсте спикер шынайы өмірдегі кім екеніне қарамастан өзге бір объект, адамдар тобы, адамның орнына қояды. Үкімет тобы Палата Спикерінің дәл сол уақыттағы емес, басқа уақыттағы кейпін жасауы мүмкін. Палата Спикері өтер пікірсайысты Үкімет атаған адам позициясының тарапынан, сол оқиға немесе құбылыс болған уақыт пен кеңістікке сәйкесінше ойлап, талқылауы қажет. Бірнеше УК түрлері: -Сіз – Құдайсыз. Өмірді әділетті етіңіз. -Сіз – Билл Клинтонсыз. 1996 ж. Сайлауға қатыспаңыз. -Сіз – 1945 ж. Гарри Труменсіз, Хиросимаға атом бомбасын тастамаңыз. -Сіз – Люк Скайуокерсіз. Күштің қара жағына өтіңіз. Пікірсайыс өткізілуі тиіс уақыт шегі анықталғаннан кейін уақыт пен кеңістікті бұзуға тиым салынады. Себебі бекітілген уақыт шегі – пікірсайысты әділ жүргізудің негізі. Бұл пікірсайысшылардың бекітілген уақыт шегінен асатын оқиғаларды бейнелей алмайтындығын, сол уақытта адамзатта болмаған білімді пайдалана алмайтындығын және пікірсайысшы бейнелейтін адамға тән емес көзқарастарды білдіре алмайтындығын айқындайды. Мысалы: ойында 1930 ж. Уақыт шегі белгіленген делік, егер пікірсайысшы Ұлыбритания Премьер-министрі Невилл Чемберлен («Гитлерді тыныштандырушы») ролінде болған болса, онда опозиция II дүниежүзілік соғыс немесе келісімге қол қойылғаннан кейінгі А.Гитлердің жауыздығын т.б. оқиғаларды ескерте алмайды.
Уақыттық-кеңістікті кейс өте көңілді болуы мүмкін, бірақ ұшқыр ойлылықты талап етеді. Кейде ойластырылмаған уақыттық-кеңістікті кейс пікірсайыстың көрсетілген мәселе мен пәндер бойынша емес, жекелеген адамның психологиясы мен мотивация мәселесі бойынша жүріп жатуына әкеледі.
Алдыңыздан шыға келетін тағы бір мәселе болуы мүмкін. Мысалы, төрешіні ойлау жүйесі қалыпты жағдайдан ауытқыған адамның орнына қойдыңыз делік: “Сіз Чарльз Менсонсыз. Х-нәрселерді жасауға тиіссіз”, пікірсайыстыру үшін тиімді кейс болмас, себебі Чарльз Менсон есінен ауысқан маньяк қылмыскер, сондықтан пікірсайыс барысында Х тарап ұсынған логикалық және саналы қадамдарды жасауы екіталай. Кейстің тиым салынатын кездері
Труизм
Егер кейске қарама-қарсы пікір айту үшін дәйек немесе жауап беру мүмкін болмаса, онда бұл жағдай өте қысылтаяң болып саналады. Бұл жағдайды труизм деп атайды және оны пайдалануға болмайды. Кейске қатысты шашыраңқы дәйектерден басқа айтуға болмайтын болған жағдай да труизм болып табылады. Труизмге мысал ретінде келесі бір тұжырымды келтіруге болады.
Дәйектер (Аргументтер)
Премьер-министрдің мазмұнды деген сөзінде кейсті негіздеуді қолдайтын кем дегенде 3-4 дәйектің болғаны дұрыс. Олардың аталуы қарапайым болуы керек. Бұл раунд барысында аталып кеткен дәйектерге сілтеме жасауды жеңілдетеді.
Дәйектерді қарапайым хабарлау аз болуы мүмкін. Сондықтан да Премьер-министр өз дәйектері қабылданбаған немесе қабылданған жағдайда пайда болатын салдардың нәтижелерін сипаттап бере алуы тиіс. Дәйектің әрқайсысы кейсті тікелей қолдап тұруы тиіс және дәйектер таратылып, жақсы түсіндірілуі керек. Дәйектер жалпыға ортақ құндылықтарға негізделуі керек. Нәтижесінде мұндай дәйектерді логикалық жағынан да, сезім тұрғысынан да қолдауға болады.
Негізгі түйіндер
Сөз басында ПМ дәйектерге олардың атауы бойынша шолу жасайды. Барлық дәйектердің негізгі түйіндері аталғаннан соң, оларға қайта шолу жасалады. Сезімге әсер етуді көздеген дәйектерді ең соңынан қарастырған дұрыс. Ал әсері жағынан екінші болатынындарын бірінші қатарға қою керек. Спикер сөзбасын жақсы бастауы тиіс. Дегенмен мықты деген уәждерін артынан айтып, Төрешіге маңызды санайтын ойларға салмақ түсіріп айта алады.
Орытындый
Сөз соңында спикер сөзіне қайта оралып, барлық айтқандарын тағы бір рет шолып өтуі тиіс. Қарарға екінші қайтара сілтеме жасау сөз басы мен сөз соңын байланыстырады. Премьер-министр өз ұсыныстары мен пікірлерін қабылданған жағдайда қол жеткізуге болатын нәтижелерді немесе кейстің негізіне назар аудартуы керек. Бұл әдіс Үкімет мүшесіне сөз бастағанда септеседі. Ол осы Премьер-министрдің осы қорытындысына негізделе отырып сөзін бастайды.