Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Жүрек-тамыр жүйесін тексеру. Жүректің жиырылу жиілігі минутына72 рет,пульс ырғақты толымдылығы және кернеулігі




Жүректің жиырылу жиілігі минутына72 рет,пульс ырғақты толымдылығы және кернеулігі қанағаттанарлық,симметриялы.Артериальді қан қысымы 110/70 мм с.б.

Жүрек аймағын қарау:
Жүрек аймағында жүрек бүкірі,патологиялық пульсациялар анықталмайды.
Жүрек ұшы түрткісі сол жақ ортаңғы бұғана сызығы бойымен 3см ішке,5 қабырғааралықта анықталады.

Ас қорыту ағзаларын тексеру

Асқазан-ішек жолы

Жалпы қарау:

Ауыз қуысы: Тілінің формасы мен көлеміерекшеліксіз,ақшыл қызғылт түсті,ылғалды,сұр-ақ жабынмен жабылған. Жұмсақ және қатты таңдайдың ішкі шырышты қабаты қызғылт түсті,бөртпелер,ойықтар,жаралар жоқ.

Қызыл иегі әлсіз-қызғылт түсті.

Іші :Іші дұрыс формалы,симметриялы. Алдыңғы құрсақ қуысының бұлшықеттері дем алу актісіне қатысады.Алдыңғы құрсақ қабатының оң жақ мықын-шап аймағында операциядан кейінгі тыртық анықталды

ПЕРКУССИЯ.Перкуссияда әр түрлі деңгейде айқындалатын іштің тимпаниты анықталды.Іш аймағының сұйықтыққа толу белгілері жоқ.

ПАЛЬПАЦИЯ.Беткейлік пальпация кезінде іш жұмсақ.ауырсынусыз.Жарықтар,ісіктік түзілістер анықталмайды

Бауыр:консистенциясы-жұмсақ,беті тегіс,төменгі шеті үшкір,ауырсынусыз.

Өтқабы маңын пальпациялау:пальпацияланбайды.Курвуазье,Мюссе-Георгиевский,Ортнер,Мерфи,Керр симптомдары теріс.

Көкбауыр пальпацияланбайды.

Пальпация:Ұйқы безі пальпацияланбайды.

Зәр шығару жүйесін тексеру

Бел аймағында:

Ісінулер,теріде гиперемиялар жоқ.

Перкуссия: Бел аймағы:соққылау симптомы теріс.

Пальпация:бүйрек пальпацияланбайды..

VI Алдын-ала қойылған клиникалық диагноз

Науқасты сұрастыру және объективті қарау барысында анықталып отырған басты симптомдар:

1.Астеновегетативті синдром(бастың айналуы,жалпы әлсіздік,шаршағыштық)

2.Интоксикациялық:(тершеңдік,қалтырау,дене температурасының 38.1С көтерілуі)

3.Бронх өткізгіштігінің бұзылу синдромы (демікпе,жөтел,қақырық)

4.Плевра тітіркену синдромы(кеуде сарайының сол жақ бөлігінің жөтелгенде күшейе түсетін шаншып ауырсынуы)

5.Өкпе тіні тығыздалу синдромы(кеуде клеткасының симметриялық бөлімдерінде везикулярлық тыныс әлсіреген, тыныс алуы қатты, құрғақ,ысқырықты сырылдар) негізделе отырып,аталған симптомдарды “өкпенің созылмалы обструктивті ауруы”ұғымына топтастырдым.Яғни ӨСОА,орташа ауырлық дәрежесі,бронхитикалық типті диагнозын қойдым.

VII Зерттеу жопары:

1.ЖҚА

2.ЖЗА

3.Қанның биохимиялық анализі

4. Коагулограмма

5. Қақырықтың жалпы анализі

6. Кеуде сарайы ағзаларының рентгенографиясы

7. Спирография

8. ЭКГ

 

1. ЖҚА:

Гемоглобин 136 г/л  
Эритроцит 4,4х10(12) л  
Түсті көрсеткіш 0,95  
Лейкоцит 5,9х10(9) л  
Нейтрофил:    
т/я    
С/я    
     
Лимфоцит    
Моноцит    
ЭТЖ Тромбоциттер 17 мм/сағ 210х10(9)л  
     
     

Қорытынды: ЖҚА көрсеткіштері өзгеріссіз.

2. Қанның биохимиялық анализі:

Жалпы белок – 65,9г/л

Альбумин – 40.4 г/л

Мочевина – 4.3ммол/л

Креатинин – 63 мкмоль/л

Глюкоза – 5,6 ммоль/л

АлаТ – 15 бірлік/л

АсаТ – 10 б/л

Жалпы билирубин – 9.6 мкмоль/л

 

     

Қорытынды:ЖҚА көрсеткіштері өзгеріссіз.

 

VII Дифференциальді диагнозы

Алдын-ала қойылған диагноздың дұрыстығын анықтау мақсатында ӨСОА-ын”бронхиальді астмамен ” диффренциациялауды жөн көрдім.

 

Белгілері ӨСОА Бронхиальді демікпе
Анамнез Темекі тарту, жасы> 35жас,респираторлы сиптомдардың жәй дамуы. Балалық кезден тұқым қуалаушылық
Жөтел Барлық уақытта Ұстама түрінде,жиі түнде немесе таңда
Қақырық Тұтқыр,ауыз толтырып,мөлшері көп,жасыл немесе сары түстес Мөлшері аз
Ентікпе Барлық уақытта,минимальді физ.жүктемеден соң Ұстама түрінде,бронхолитиктерді қабылдағаннан кейін ғана басылады,жи» спонтанды түрде
Физикалық жүктеме Төмендеген Асқынғанда тқмендейді,ремиссия сатысында жоғарылайды
Өккпеден тыс өзгерістер Цианоз,арықтау,оө жақ қарыншалық жеткіліксіздік Атипиялық формасында-риниттер,тағамдық аллергия
Эритроциоз Созылмалы гипоксия кезінде Тән емес
Ig E жоғарылауы Болуы мүмкін,бірақ аурудың патогенезіне байланысты емес Атипиялық формасында жиі
ОФВ1 и ОФВ1/ФЖЕЛ Күшейетін,айқын төмен байқалады Ауырлық дәрежесіне байлаысты төмендеп,қайта көтеріледі.
     

 

ӨСОА-ның асқынуы кезінде бұл ауруды сол жақ қарыншаның жеткіліксіздігімен(өкпе ісінуі,ӨАТЭ),пневмоторакспен,пневмониямен,диффуздф панбронхиолитпен дифференциациялаған жөн.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-03-25; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1081 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Своим успехом я обязана тому, что никогда не оправдывалась и не принимала оправданий от других. © Флоренс Найтингейл
==> читать все изречения...

2351 - | 2153 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.