Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Науқасты тексеру әдістері




 

Стоматологиялық науқасты клиникалық тексерудің негізгі мақсаты – дәрігер-стоматологқа келген адамның ауруын дұрыс анықтап, тиімді емдеу әдісін таңдап алу және оны жоғары деңгейде жүргізу. Стоматологиялық науқасты тексеру жалпы медициналық қағидаларға негізделе отырып жүргізіледі және бет-жақ аймақтары ағзаларының жағдайын тексеру науқасты жалпы тексерудің маңызды бір тізбегі болып саналады.

Стоматологиялық науқасты тексеру барысында аурудың диагнозын нақтылау үшін көптеген әдістер қолданылады. Олардың әрқайсысының да үлкен маңызы бар. Дегенмен белгілі бір аурудың диагнозын анықтауда маман-дәрігердің біліктілігі басты рөл атқаратындығы дау тудырмайтын ақиқат. Сондықтан стоматологиялық науқасты тексеру әдістерін шартты түрде екі топқа бөлуге болады:

· негізгі тексеру әдістері;

· қосалқы тексеру немесе арнаулы тексеру әдістері.

Негізгі тексеру әдістеріне сұрап және қарап немесе көріп (объективтік) тексеруді жатқызуға болады, ал қосалқы немесе арнаулы тексеру әдістеріне арнаулы аппараттармен жүргізілетін (электрометриялық, рентгендік) зертханаларда орындалатын зерттеулерді (биохимиялық, микробиологиялық, иммунологиялық, цитологиялық, гистологиялық), арнайы сынамаларды (гистаминдік, термометриялық, аллергиялық және т.б.) жатқызуға болады.

Сұрап тексеру немесе науқастың жайын сұрау (ауру анемнезін жинау). Сұрап тексеру (опрос, расспрос) арқылы науқастың негізгі шағымдарын, ауруының даму себептерін, ағым ерекшеліктерін, бұдан бұрын жүргізілген емдеу әдістері мен шаралары, олардың нәтижелілігі туралы мәлімет алудың негізін қалаған белгілі орыс дәрігері Г.А. Захарьин.

Сұрап тексерудің ең маңызды кезеңі – науқастың шағымын анықтау. Оның жолдары әр түрлі: бірде науқасқа бір сұрақ қойып қана ауруы туралы көптеген дәлелді мәлімет жинауға болады. Аз сөйлейтін адам болса, белгілі бағытта сұрақтар қоя отырып, алынатын жауапты кеңірек өрбітуге болады.

Ауыз іші ағзалары ауруларының ерекшелігіне қарай науқас адам көбіне әр түрлі ауыру сезімінің мазалайтынына шағымданады. Негізгі ауруға байланысты ауыру сезімдері де әр түрлі болып келеді. Дәрігер-стоматолог ауыру сезімдерінің сипаттамасын (характеристика болевых ощущений) жақсы білуі керек.

Тістің қатты тіндерінің тісжегіден басқа жарақаттары кезінде ауыру сезімі аса көп мазаламайды. Мазалаған күнде де ауыру сезімдері көбіне әр түрлі тітіркендіргіштердің ықпалынан туындайды. Тісжегі кезінде де ауыру сезімі әр түрлі әсерлерден (химиялық, температуралық) дамиды және тез басылады, ал ұлпаның, периодонттың қабынулары және басқа қабынбалы аурулар кезінде ауыру сезімі өздігінен де туындайды және ұзаққа созылады немесе толастамайды. Бірінші жағдайда ауыру сезімін себепті (причинная боль), екінші жағдайда себепсіз (безпричинная боль) немесе өздігінен туындайтын ауыру сезімі (самопроизвольная боль) деп атайды. Өздігінен дамитын ауыру сезімдері ұзақтығына қарай толастап барып, үздік-үздік қайталайтын немесе қозбалы (прерывистая или приступообразная боль) және толастамайтын (непрерывная или постоянная боль) болып екіге бөлінеді. Өздігінен дамитын ауыру сезімінің тұлғалық (индивидуальдық) ерекшелігін анықтау аурудың диагнозын нақтылауға (салыстырмалы-диагностикалық мақсатта) үлкен көмегін тигізеді. Ауыру сезімінің тұлғалық түрлері немесе әр түрлі ағзалардың әр түрлі ауруларына тән түрлері: қақсап ауыру (), сыздап ауыру (ноющая боль), солқылдап ауыру (пульсирующая боль), ашып ауыру (обжигающая боль), шаншып ауыру (колющая боль), жұлқылап ауру (дергающая боль), тырнап ауру (щемящая боль), сырқырап ауру (). Ауыру сезімі жайылу ерекшелігіне қарай шектелген (локализованная боль) және нерв тармақтарының бойымен жайылған жағдайда таралмалы ауыру (иррадирующая боль) болып ажыратылады.

Егер ауыру сезімі шектелген болса (ұлпаның жедел жартылай қабынуына, пародонттың жедел шектеле қабынуына, периодонттың жедел қабынуы, уыттану сатысына тән) науқас ауру ағзаны немесе аймақты дұрыс көрсете алады, ал таралған ауыру сезімі кезінде (ұлпаның толық жедел және іріңді қабынулары, созылмалы қабынулардың өршуі, үштік нерв невралгиясы және тармақтарының қабынуы кезінде) ауру ағзаны дұрыс көрсете алмауы мүмкін. Осындай кездерде науқастың шағымын негізге ала отырып, аурудың объективтік белгілеріне үлкен мән берген жөн. Аурудың диагнозын нақтылау үшін өздігінен дамитын ауыру сезімінің қарқындылығы (интенсивность), ұзақтығы (продолжительность) және шектелу-шектелмеуі (шектелген- локализованная) мен қатар тәуліктің қай кезінде көбірек мазалауын анықтаудың да маңызы бар. Мысалы, көптеген аурулар кезінде (ұлпаның жедел қабынулары, пародонттың жедел қабынуы, периодонттың жедел қабынуы, созылмалы қабынулардың өршуі) ауыру сезімі түнде көбірек қозады және күшейеді. Ал үштік нерв невралгиясы кезінде ауыру сезімі тек күндіз ғана туындайды. Науқастың негізгі шағымдарын анықтап алғаннан кейін аурудың даму анамнезін (anamnesis morbi) немесе даму ерекшелігі туралы мәліметтер жинау керек. Бұл мәліметтер де мақсатты бағытта сұрақтар қою арқылы анықталады. Кейде біршама мәліметтерді науқастың өзі сұрақ қойылмай тұрып та бере алады. Бұл мәліметтер аурудың туындау себебін, даму ұзақтығын, сол кездегі жалпы жағдайын, негізгі ауруының бойындағы ілеспелі созылмалы аурулармен байланысын (асқорыту жолдары, ішкі бездер, жүйке жүйесі, жүрек-қантамыр жүйесі, тері, зәр шығару жүйесі), әртүрлі асқынуларын, жүргізілген емдеу шараларын және олардың нәтижелерін қамтуға тиіс.

Науқастың шағымын дұрыс талдау арқылы дәрігердің басында аурудың диагнозы және оның себептері туралы болжам туады. Науқаспен әңгімелесу немесе жай сұрау кезінде оның балалық кезеңі, ер жетуі, кәмелетке келуі, еңбек етуі жайлы (өмір тарихы) немесе өмір анамнезі (anamnesis vitae) туралы мәліметтер де жинаған жөн. Оны анықтау арқылы аурудың тұқым қуалаушылығын (наследственная болезнь), мамандықпен байланысын (профессиональная болезнь), туа дамығанын (врожденная болезнь) немесе жүре дамығанын (приобретенная болезнь), ауыз іші тазалығын сақтаумен байланысын анықтауға мүмкіндік береді. Науқасты сұрап тексеру немесе жайын сұрау – дәрігердің күнбе-күнгі емдеу тәжірибесінде қолданылатын үдеріс. Бұл әдісті белгілі бір-ақ бағытпен немесе шеңбермен шектеуге болмайды. Ол әсіресе дәрігердің біліктілігіне байланысты. Жай сұрау дәрігер мен науқас бір-бірін жақсы түсіну жағдайында орын алса (дәрігерлік этика сақталса), ол өзінің нақтылы жемісін береді деп сенуге болады.

Дегенмен, ауыру сезімін анықтаудың аурудың диагнозын қоюда аса бағалы көрсеткіш екенін түсіне отырып, әрбір адамның оны қабылдау деңгейіне (на степень восприятия боли) жүйке жүйесінің қозғыштығы, психологиялық аффекттер (психологические аффекты), шаршау және т.б. әсерін тигізетінін ескере отырып, қарап тексеру әдісінің де зор маңыздылығына ерекше тоқталуға болады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-03-27; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2963 | Нарушение авторских прав


Лучшие изречения:

Два самых важных дня в твоей жизни: день, когда ты появился на свет, и день, когда понял, зачем. © Марк Твен
==> читать все изречения...

2217 - | 2050 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.019 с.