Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Сіз қандай диагноз қоясыз?




Сіз қандай диагноз қоясыз?

 

 

Гистерография:

1. Жатырдың қатерлі ісігі//

+2. Жатыр эндометриозы//

3. Жатырдың миомасы//

4. қосарланған жатыр//

5. ана без кистасы

***

 

30 жастағы науқас, әйелдер кеңесі дәрігеріне етеккірге жақын күндері жыныс жолдарынан қоңыр- қан аралас шығындылар бөлінуіне, дисменореяға, 5жыл неке уақытында жүктіліктің болмауына шағымданып келді.

Жыныстық жолдарынан қанды, қоңыр, аздаған бөліністер ағады.

Қынаптық тексеру: сыртқы жыныстық мүшелері дұрыс дамыған. Қынап – босанбаған әйелдікі. Жатыр мойны субконикалық формалы, деформацияланбаған. Жатыр шар тәрізді, қалыптыдан ірілеу, пальпация жасағанда ауырсынбайды. Қосалқылар анықталмайды. Олардың аймағы ауырсынусыз.

Гистерография жасалды. Гистеррографияның мәліметтері суретте көрсетілген.

Сіз қандай диагноз қоясыз?

 

Гистерография:

+1. Аденомиоз//

2. Ана без кистасы//

3. Жатырдың қатерлі ісігі//

4. Жатыр ақауы//

5. жатыр миомасы

***

 

 

36 жастағы науқас әйел кеңесі дәрігеріне менструация жақындаған күндері болатын іштің ауру сезіміне, менструацияға жақын күндері және одан кейін жағылып келетін қан аралас шығындыларға шағымданып келді.

Қынаптық тексеру: сыртқы жыныстық мүшелері дұрыс дамыған. Қынап – босанған әйелдікі. Жатыр мойны цилиндр формалы, деформацияланбаған. Жатыр шар тәрізді, қалыптыдан ірілеу, пальпация жасағанда ауырсынбайды. Қосалқылар анықталмайды. Олардың аймағы ауырсынбайды.

Гистерография жасалды. Гистеррографияның мәліметтері суретте көрсетілген.

Сіз қандай диагноз қоясыз?

 

Лапороскопия кезінде:

1. Жайылған перитонит//

2. Жатыр миомасы//

3. Жатырдан тыс жүктілік//

4. Кіші жамбас қуысының жабысқақтық (спаечный) процесі//

+5. Кіші жамбас қуысының эндометроидты гетеротопиясы

***

 

 

Гинекологиялық клиникаға 53 жастағы науқас қынаптан бөлінетін қан аралас шығындылармен түсті.

Соңғы 3 айда қынаптан кезеңді (айына 2-3 рет) орташа көлемді қан аралас шығындылар байқалады.

Тексерілуден кейін науқасқа жоспарлы түрде операция жасалды.

Макропрепарат суретте көрсетілген. Сіз қандай диагноз қоясыз?

 

 

 

 

Макропрепарат:

1. Жатырдың қатерлі ісігі//

2. Толық емес түсік//

3. Жатыр миомасы//

+4. Жатыр полипозы//

5. Барлық аталғандар

***

 

 

53 жастағы науқас, гинекологиялық бөлімшеге қынаптан біршама қан аралас шығындылар бөлінуімен келіп түсті.

Соңғы қалыпты менструация 1 жыл бұрын болған. Соңғы жылдары менструация ретті емес (айына екі реттен, 8-10 күнге дейін жағылу түрінде созылады).

Айнамен қарау: жатыр мойны цилиндр формалы, ісінген, цервикальдық каналдан аздаған іртіктермен қан аралас ағады.

Қынаптық тексеру: сыртқы жыныстық мүшелері дұрыс дамыған. Жатыр мойны цилиндр формалы, қалыпты консистенциялы, аңқа жабық.. Жатыр мойнын қозғағанда ауырсынбайды. Жатыр денесінің өлшемі қалыптыдан үлкен.Тығыз, қозғалмалы, ауырсынбайды. Қосалқылар аймағы бос. Кіші жамбас қуысындағы ісіктік түзілістерді және инфильтратарды анықтау мүмкін емес.

Науқасқа онкодиспансер жағдайында операция жасалды. Макропрепарат суретте көрсетілген. Сіз қандай диагноз қоясыз?

 

Макропрепарат:

1. Жатыр миомасы//

+2. Жатыр карциномасы//

3. Ана без қатерлі ісігі//

4. Пиосальпингс//

5. Дұрыс жауап жоқ

***

 

 

54 жастағы науқас ауруханаға сол жақ мықын аймағындағы ауру сезіміне, жиілеген, ауырсынусыз зәр шығаруға шағымданып түсті, ауырсыну сезімі сол жақ санға, беріледі.

Ультрадыбыстық зерттеудің мәліметтері суретте берілген.

Диагноз қойыңыз?

 

 

Ультасонография:

1. Жатырдың қатерлі ісігі//

2. Жатыр миомасы//

3. Жатыр эндометриозы//

+4. Екі камералы киста//

5. Анэмбриония

***

 

 

Я. деген 28 жастағы науқас, менструацияның сирек, әрбір 2- 4айда болады, 10жыл ағымындағы біріншілікті бедеулікке, өршімелі семіздікке және гирсутизмге шағымданып келді.

Ультрадыбыстық зерттеудің мәліметтері суретте берілген.

Диагноз қойыңыз?

 

 

Ультасонография:

1. көпіршікті кірме//

2. Жатырдың қатерлі ісігі//

3. Ана бездің қатерлі ісігі//

4. Іш қуысындағы сұйықтық//

+5. Поликистоз

***

 

Д. деген 31 жастағы науқас, ауруханаға кенеттен басталған ішінің төменгі жағындағы толғақ тәрізді ауырсыну сезімімен және оның сегізкөзге берілуіне, жыныстық жолдардан аздаған қан аралас шығындылар келуіне шағымданып түсті. Ауырсынудан кейін бірден жүрек айну басталды.

Қынаптық тексеру: сыртқы жыныс мүшелері дұрыс дамыған. Жатыр мойны сәл көгерген, босанудан кейінгі тыртықтардың есебінен деформацияланған, эрозияланбаған, цервикальдық каналдан жабысқақ қан аралас шығындылар ағады. Жатыр мойның пальпация жасағанда консистенция қалыпты, қозғағанда ауырсынбайды. Сыртқы аңқа саусақтың ұшын өткізеді, мойнының ұзындығы 3см. Жатыр денесі қалыпты жағдайда орналасқан, қалыптыдан шамалы ұлғайған. Қосалқылар екі жағынан да жабысқан, оң жақтан ұлғаймаған, шамалы ауырсынады, сол жақтан қосалқылар аймағынан шектеулі қозғалмалы, ауырсынулы, созылғыш консистенциялы, жұмыртқа тәрізді, мөлшері 4*4*5см көлемінде ісіктік түзіліс анықталады.

Қосымша зерттеу әдістерін жүргізгеннен кейін науқасқа шұғыл түрде операция жасалды. Макропрепарат суретте көрсетілген. Сіз қандай диагноз қоясыз?

 

 

 

Макропрепарат:

1. Жатырлық жүктілік//

2. Іш қуысындағы жүктілік//

+3. Түтіктік жүктілік//

4. жолдағы түсік//

5. үзілген жүктілік

***

 

31 жастағы науқас Д., ауруханаға кенеттен басталған ішінің төменгі жағындағы толғақ тәрізді ауру сезімімен және оның сегізкөзге берілуіне, жыныстық жолдардан аздаған қан аралас шығындылар келуіне шағымданып түсті. Ауырсынудан кейін бірден жүрек айну басталды.

Қынаптық тексеру: сыртқы жыныстық мүшелері дұрыс дамыған. Жатыр мойны сәл көгерген, босанудан кейінгі тыртықтардың есебінен деформацияланған, эрозияланбаған, цервикальды каналдан жабысқақ қан аралас шығындылар ағады. Жатыр мойны пальпация жасағанда консистенция қалыпты, қозғағанда ауырсынбайды. Сыртқы аран саусақтың ұшын өткізеді, мойнының ұзындығы 3см. Жатыр денесі қалыпты жағдайда орналасқан, қалыптыдан шамалы ұлғайған. Қосалқылар екі жағынан да жабысқан, оң жақтан ұлғаймаған, шамалы ауырсынады, сол жақтан қосалқылар аймағынан шектеулі қозғалмалы, ауырсынады, созылғыш консистенциялы, жұмыртқа тәрізді, мөлшері 4*4*5см көлемінде ісіктік түзіліс анықталады.

Қосымша зерттеу әдістерін жүргізгеннен кейін науқасқа шұғыл түрде операция жасалды. Макропрепарат суретте көрсетілген. Сіз қандай диагноз қоясыз?

 

 

Макропрепарат:

1. Эндометроидты киста//

2. Үзілген жатырлық жүктілік//

3. Іш қуысындағы жүктілік//

4. Ана бездің қатерлі ісігі//

+5. үзілген жатырдан тыс жүктілік

***

 

54 жастағы науқас ауруханаға сол жақ мықын ауырсыну ауру сезіміне, жиілеген, ауырсынусыз зәр шығаруға шағымданып түсті, ауру сезімі сол жақ санға, беріледі.

Лапороскопиялық зерттеудің мәліметтері суретте берілген.

Диагноз қойыңыз?

 

 

Лапороскопия кезінде:

+1. Ана бездің цистаденомасы

2. Субсерозды миома

3. Жатырдан тыс жүктілік

4. ана бездің қатерлі ісігі

5. Дұрыс жауабы жоқ

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-03-27; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 696 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Человек, которым вам суждено стать – это только тот человек, которым вы сами решите стать. © Ральф Уолдо Эмерсон
==> читать все изречения...

2258 - | 2105 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.